Volume 1, Issue 1 Miras International School Newsletter

13
Miras International School Newsletter Volume 1, Issue 1 September 30, 2014 Құрметті ата-аналар! Үстіміздегі жылы «Мирас» мектебі өзінің 15 жылдығын тойлайды. Бүгінгі таңда мектебімізде 24 елден келген 642 оқушы білім алып жатыр, мұғалімдердің халықаралық ұжымы жұмыс істейді. Мектеп халықаралық мектептердің Кеңесі (CIS) жəне Жаңа Англия, АҚШ колледждері (NEASC) арқылы аккредиттелген; Халықаралық Бакалавриат мектебі мəртебесіне ие, IB-дің барлық бағдарламасы бойынша авторизацияланған. Біздің түлектеріміз білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты, халықаралық мойындалған IB MYP сертификатын жəне IB дипломын алып шығады. Мектеп таяуда CIS/ NEASC реаккредитациясынан өтеді. Мектебімізде 8-16 қараша аралығында құрамындағы 11 адам əлемнің əртүрлі мектептерінен келген əкімшілік қызметкерлері жəне халықаралық мектептер кеңесі мен NEASC қауымдастығы өкілдері болып табылатын команда жұмыс істейтін болады. Бəрімізге сəттілік тілейміз. Орта мектепте көптілді модельді дамыту ісі жалғастырылуда. Бастауыш жəне орта мектепте оқушылардың ағылшын тілін шет тілі ретінде оқып үйренуіне қосымша көмек көрсетіледі. Сондай-ақ мен өздеріңізбен жақсы жаңалықтармен бөліскім келеді: оқу жылының басында математика пəні бойынша іріктеу туры болып өтті жəне осы турда 6-сынып студенті Дюсүпова Айша жеңіске жетті. Енді ол студенттер тобымен бірге олимпиаданың келесі турына Қазақстан Республикасының атынан Балиға барады. Айша, саған табыстар тілейміз! Біздің балаларымыз қыркүйек айында өткен халықаралық ЮНЕСКО конференциясында жемісті өнер көрсетті. 1- семестр барысында əртүрлі пəндер бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысу жоспарланып отыр. Мектептің РТА мен Студенттер Кеңесінің жаңа құрамын құттықтаймыз, жаңа оқу жылында жемісті түрде ынтымақтастықпен жұмыс істеулеріне тілектеспіз. Барлық ата- аналарға, мектептің беделіне қолдау көрсеткендері үшін зор алғыс білдіргім келеді. Ізгі тілектермен, Ирина Рамильевна Власянц, мектеп директоры [email protected] Welcome Back Орта мектеп директоры 2 Бастауыш мектеп директоры 3 PYP жəне MYP жаңалықтары 4 DP жаңалықтары 5 Сиқырлы Елдегі Мирас 6 «Apple Action» акциясы 7 Футбол жаңалықтары 8-9 Күнтізбе 10 Үйірмелердің жаңалықтары 11 Кеңесшінің мақаласы 12 Inside this issue:

Transcript of Volume 1, Issue 1 Miras International School Newsletter

Miras International School

Newsletter

Volume 1, Issue 1

September 30, 2014

Құрметті ата-аналар!

Үстіміздегі жылы «Мирас» мектебі өзінің 15 жылдығын тойлайды. Бүгінгі таңда мектебімізде 24 елден келген 642 оқушы білім алып жатыр, мұғалімдердің халықаралық ұжымы жұмыс істейді. Мектеп халықаралық мектептердің Кеңесі (CIS) жəне Жаңа Англия, АҚШ колледждері (NEASC) арқылы аккредиттелген; Халықаралық Бакалавриат мектебі мəртебесіне ие, IB-дің барлық бағдарламасы бойынша авторизацияланған. Біздің түлектеріміз білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты, халықаралық мойындалған IB MYP сертификатын жəне IB дипломын алып шығады.

Мектеп таяуда CIS/NEASC реаккредитациясынан өтеді. Мектебімізде 8-16

қараша аралығында құрамындағы 11 адам əлемнің əртүрлі мектептерінен келген əкімшілік қызметкерлері жəне халықаралық мектептер кеңесі мен NEASC қауымдастығы өкілдері болып табылатын команда жұмыс істейтін болады. Бəрімізге сəттілік тілейміз.

Орта мектепте көптілді модельді дамыту ісі жалғастырылуда. Бастауыш жəне орта мектепте оқушылардың ағылшын тілін шет тілі ретінде оқып үйренуіне қосымша көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ мен өздеріңізбен жақсы жаңалықтармен бөліскім келеді: оқу жылының басында математика пəні бойынша іріктеу туры болып өтті жəне осы турда 6-сынып студенті Дюсүпова Айша жеңіске жетті. Енді ол студенттер тобымен бірге олимпиаданың

келесі турына Қазақстан Республикасының атынан Балиға барады. Айша, саған табыстар тілейміз! Біздің балаларымыз қыркүйек айында өткен халықаралық ЮНЕСКО конференциясында жемісті өнер көрсетті. 1-семестр барысында əртүрлі пəндер бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысу жоспарланып отыр.

Мектептің РТА мен Студенттер Кеңесінің жаңа құрамын құттықтаймыз, жаңа оқу жылында жемісті түрде ынтымақтастықпен жұмыс істеулеріне тілектеспіз. Барлық ата-аналарға, мектептің беделіне қолдау көрсеткендері үшін зор алғыс білдіргім келеді.

Ізгі тілектермен,

Ирина Рамильевна Власянц,

мектеп директоры

[email protected]

Welcome Back

Орта мектеп директоры

2

Бастауыш мектеп директоры

3

PYP жəне MYP жаңалықтары

4

DP жаңалықтары

5

Сиқырлы Елдегі Мирас

6

«Apple Action» акциясы

7

Футбол жаңалықтары

8-9

Күнтізбе 10

Үйірмелердің жаңалықтары

11

Кеңесшінің мақаласы

12

Inside this issue:

Сəлеметсiздер ме! Сіздерді 2014-2015 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Мен үшiн Халықаралық «Мирас» мектебінде директордың орынбасары қызметімен айналысу үлкен абырой. Мен АҚШ-тың Мичиган штатынан келдім, сол жерде мұғалім сертификатын жəне білім беру саласында магистр дəрежесін алғанмын. IB бағдарламасы бойынша (мұғалiм ретiнде жəне жетекшi), оның ішінде Индонезия, Эфиопия (екi мəрте) елдеріндегі тəжiрибемді қоса алғанда 23 жылдан астам қызмет істеп келемін, енді міне Алматыға келіп жұмысқа кірісіп жатырмын. Мектеп қауымдастығына менiмен бiрге ұлым, қызым жəне жұбайым (бастауыш сыныптарда ESD/EAL бойынша сабақ бередi), сонымен бiрге басқа қызметкерлер қосылды, атап айтқанда:

Филипп Дрэй, ағылшын тілі пəні мұғалімі, ағылшын тілі А кафедрасының меңгерушісі

Дэйвид Уолш, тарих, гуманитарлық ғылымдар, таным теориясы (TOK) жəне ағылшын тілі пəнінің мұғалімі.

Садвакасова Гулбайра, қазақ тілінің мұғалімі

Аленова Құндыз, математика пəнінің мұғалімі

Айдаралиева Шахиризада, математика пəнінің мұғалімі

Долгих Станислав, жаратылыстану ғылымдары мен биология пəндерінің мұғалімі

Кеңесбек Жадыра, жаратылыстану ғылымдары пəнінің мұғалімі

Хакак Альмира, ағылшын тілі В пəні мұғалімі

Кеневич Наталья, орыс тілі А пəні мұғалімі

«Мирас» мектебіне қош келдіңіздер!

Аралық есеп студенттерге 17 қазан күні, атап айтқанда 8 сабақта беріледі. Барлық студенттер 20 қазаннан (дүйсенбі) бастап 27 қазанға

дейін болатын каникул күндері басталғанша барлық сабақтарға түгелдей қатысуға міндетті (дүйсенбі, 27 қазан – оқу күні). Ата-аналардан академиялық күнтізбеге сəйкес балалардың мектептегі сабақтарға күнделікті қатысуын қамтамасыз етуді өтінеміз.

6-7-сыныптарда қазақ жəне орыс сыныптарында оқитын студенттер кейбір пəндер бойынша сабақтарды басқа, яғни орыс/ағылшын тілінде оқитын бөліммен бірге (информатика, драма /музыка жəне жаратылыстану ғылымдары) оқып үйренеді, бұл əдіс басқа тілді бөлімге ауысқанда ауадай қажет болатын тілдік қабілеттерін нығайту мақсатын көздейді. ҰБТ-ны жақсы тапсыруға керек дағдыларын жақсарту үшін кейбір студенттер 9 жəне 11 сыныптарда бір бөлімнен екінші бөлімге ауысып жатады.

Қазірдің өзінде студенттеріміз мектепішілік жəне одан тыс жерлерде өткізілетін əрекеттерге белсенді түрде қатысуда. Көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды, атап айтқанда «The Apple Action CAS» жəне қоғамға қызмет ету жобасы, студенттер кеңесі қызметі, футбол турнирі (ұлдар/қыздар арасында), білім беру жəрмеңкесі, IB «Сиқырлы елдегі Алиса» жобасы, бадминтон, БҰҰ Моделі, компьютер үйірмесі, Гонконгқа баруды жоспарлау жəне тағы да басқа шаралар!

Балаларға білім жəне тəрбие беру ісінде Сіздердің тараптарыңыздан болған қолдау үшін зор алғысымды білдіремін. Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, менімен хабарласуларыңызды өтінемін.

Джеймс Лотсчутс

директордың орта мектеп бойынша орынбасары

[email protected]

Директордың орта мектеп бойынша орынбасарының жолдауы

Volume 1, Issue 1 Page 2

«Мен үшiн Халықаралық «Мирас» мектебінде

директордың орынбасары қызметімен айналысу үлкен

абырой».

Сіздерді Халықаралық «Мирас» мектебінде басталған жаңа 2014-2015 оқу жылымен құттықтаймын. Оқушыларымыз жазғы демалысты отбасымен бірге тамаша өткізді жəне кезекті оқу жылына жақсы дайындықпен келді деп сенемін. Биыл бастауыш мектебінде кейбір өзгерістер болды. Біз ағылшын тілінде оқитын «BE» сыныптарының атауын «D» сыныбы деп өзгертіп, сынып атауындағы əріптік таңбалауды орта мектептің сыныптарымен бірдей, яғни сəйкестікке келтірдік. Одан өзге «F» жаңа бірінші сыныбын қалыптастырдық, енді бізде орыс тілінде оқитын үш сынып жұмыс істейді, олар: 1A, 1B, 1F сыныптары, қазақ тілінде оқитын бір сынып - 1С сыныбы жəне ағылшын тілінде оқитын бір сынып - 1/2D сыныбы.

Халықаралық «Мирас» мектебінің жаңа мұғалімдерімен таныс болыңыздар:

Адам Хаггинс –3D сынып жетекшісі,

Бонни Майнор –1/2D сынып жетекшісі,

Джерри Лотшульц 5-сыныптарда ағылшын тілін жүргізеді жəне ағылшын тілін қолдау кафедрасында жұмыс істейді,

Линда Мэй 4-сыныптарда ағылшын тілін жүргізеді,

Елена Анисимова –1F сыныбының жетекшісі,

Əсел Алмишева - 4B сыныбының жетекшісі.

Қуатбек Базарбеков – балабақша, мектепалды жəне 5-сыныптың қазақ тілі пəнінің мұғалімі

Мубарак Розиева – балабақша мен мектепалдының дене тəрбиесі жəне би мұғалімі.

Қыркүйек айында параллель сыныптар бойынша өткізілген ата-аналар жиналысында өздеріңізбен кездескеніме қуаныштымын.

Мұғалімдер параллельдер бойынша оқитын оқушылардың үлгерім көрсеткіштері оқу тіліне қарамастан күтілетін оқу нəтижелеріне сəйкес болатынын көрсетті. Ал ата-аналар өз кезегінде сынып жетекшісіне əртүрлі мəселелерді талқылай отырып, берілген мүмкіндіктерді пайдалана білді Əр айдың соңғы бейсенбі күні сағ. 08.10-да мектептің Атриумының жанында орналасқан шағын кафетерийде «Кофе Монинг» (бастауыш мектеп директорымен кофе-сұхбат) өткізу дəстүрін жалғастырамын. Бəріңізді асыға күтеміз. Сұрақтарыңыз, сондай-ақ алдағы уақытта бастауыш мектепте өткізілетін ата-аналар семинарын өткізу туралы идеяларыңыз, ұсыныстарыңыз болса, бірлесе отырып, қарастырып көрейік. Алғашқы «Кофе Монинг» бейсенбі, 25-қыркүйек күні өткізілді. Бұл шараға балабақша жəне мектепалды, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Бұл кездесу өте жақсы қарым-қатынас ахуалында өткізілді. Сіздерді 27 қазан, бейсенбі күні болатын келесі «Кофе Монингке» шақырамын. Мектепалдыдағы жəне 1-5 сыныптардағы Ашық есік күндері сəрсенбі, 8-қазан күні, ал балабақшада сəрсенбі, 15 қазан күні өткізіледі. Бұл шаралар туралы хабарламада көрсетілген күнге таяу уақыттарда жіберіледі. Сіздер барынша толық ақпаратпен www.miras.kz сайты арқылы таныс бола аласыздар. Ізгі тілекпен

Trish Scott

Primary School Principal

Phone: +7 (727) 227 69 42 (ext 121)Email: [email protected]

Директордың бастауыш мектеп бойынша орынбасарының жолдауы

Volume 1, Issue 1 Page 3

«Биыл бастауыш мектебінде кейбір өзгерістер болды «

Бастауыш мектептің ATL (оқыту қадамдары) дағдыларын əзірлеуі

Бастауыш мектеп бағдарламасы ( P Y P ) х а л ы қ а р а л ы қ ұстанымдарды мақұлдайтын, өмір бойы білім алуға ұмтылатын тұлғаны дамыту үшін əзірленген. Осы курс шеңберінде студенттер өздері, басқа адам жəне қоршаған орта туралы қызықты жəне алуан түрлі біл імді меңгереді. PYP Бағдарламасын құрастырған кезде оның білім, тұжырым, дағды, қатынас жəне əрекет деп аталатын бес

маңызды элементін тең көлемде қамтып ұсынуға тырысады.

Соңғы екі жыл барысында бастауыш мектеп мұғалімдері ATL дағдылары кешенінің мазмұнын жас мөлшеріне қарай, барынша əмбебап жəне ұтымды ете отырып жетілдіру үстінде. Олар осылайша əлеуметтік, зерттеу, ойлау, қатысым, өзіндік ұйымдастыру да ғдыларын біртіндеп жəне үздіксіз дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы əрекет сонымен бірге тиімді қадағалауға , бағалау жəне жоспарлауға мүмкіндік береді, оқушылар нақты дағдыларға сəйкес өздерінің жұмыстарын талдайды, бағалайды жəне өздерінің алдына қысқа жəне ұзақ мерзімді мақсаттарды қояды. Ағымдағы оқу жылының бірінші тоқсанында мұғалімдер ATL

д а ғ д ы л а р ы н д а м ы т у д ы ң стратегиялары мен құралдарын іріктеу жəне талқылау əрекетін жүзеге асырды. Стратегиялар мен қ ұр а л д а р ды ң т і з і м і жинақталып, екінші тоқсан б о й ы н ш а м е к т е п қауымдастығына ұсынылатын болады.

PYP үйлестірушісі Надежда Ким

Бағдарламасымен, жəне жоғары мектептің DP бағдарламасымен барынша өзара əрекет жасауға алып келеді, өз кезегінде, жоғарыда аталған курстарды сатылы, сабақтасты түрде оқу үйренуге өтуді жеңілдетеді.

Өзгерістер келесі мазмұн бойынша жасалды:

алдыңғы он қасиетті сақтай отырып IB Студенті Келбетін кеңейту;

барлық пəн саласы бойынша б а с ш ы л ы қ т а р д ы қ а й т а қарастыру;

пəн тапсырмаларын жəне бағалау ұ с т а нымбе л г і л е р і н қ ай т а қарастыру жəне жаңарту;

жаһандық мəнмəтіндегі өзара əрекеттесу салаларын алмастыру;

тік (вертикалды) жоспарлау жəне оқу процесін қайта қарастыру.

MYP мұғалімдері биыл «NEXT CHAPTER MYP» талаптарына с ə й к е с б а р л ы қ қ аж е т т і құжаттарды өңдеуге атсалысатын болады.

Құрметпен

Анна Машура жəне Санджив Кумар

MYP-дің келесі даму кезеңі Құрметті ата-аналар!

Т а я у д а Х а л ы қ а р а л ы қ Бакалавриаттың негізгі мектеп Бағдарламасы (IB MYP) бойынша кейбір өзгерістер болғаны белгілі. Осы жаңалықтардың мақсаты – MYP-дің мазмұны тиімді , біркелкі, түсінуге жеңіл болуын қамтамасыз ету.

Бұған қоса кезекті түрлену бастауыш мектепт ің PYP

Page 4 Miras

PYP Бағдарламасын құрастырған кезде оның білім, тұжырым,

дағды, қатынас жəне əрекет деп аталатын бес маңызды

элементін тең көлемде қамтып ұсынуға тырысады.

колготки киюге рұқсат етіледі. * аталған киімдерді тігумен ателье айналысады Ұлдар үшін Сұр классикалық шалбар* Қою көк пиджак* Қою көк трикотаж кеудеше (жеңсіз)* Қою көк трикотаж жемпір* Бұл киімдермен классикалық үлгідегі біркелкі қара немесе қою қоңыр түсті туфли жəне ақ жейде (ешқандай сызықсыз, белгі түспеген, жағасы түрлі-түсті емес, манжет салынбаған) кию керек. Ауа райы салқын кезде оқушылар сабақ алдында ауыстырып киетін басқа (ауыстыратын) аяқ киім əкелуі тиіс. * аталған киімдерді тігумен ателье айналысады Дене тəрбиесі, жүзу, би сабақтары үшін келесі киім үлгісі қарастырылған: Дене тəрбиесі сабақтарына - спорттық аяқ киім, шорты/шалбар, футболка; Жүзу сабақтарына - Жүзу киімі немесе плавкілер, резіңке бас киім; Би сабақтарына - шорты/юбка/гимнастикамен айналысатын костюм, чешкілер.

Студенттер мектеп киімін кимейтін күндері Сыртқы келбет Ережесін сақтауы тиіс. Егер дəрігер балаға арнаулы аяқ киім киюді ұсынса (мəселен, жұмсағырақ материалдан жасалған), онда оның түсі қара түсті болуы тиіс. Электронды кіріп-шығу карточкасы Мектептегі электронды кіру жəне шығу жүйесі мектеп аумағында оқушылардың жəне қызметкерлердің қауіпсіздігін жəне лаңкестіктен қорғалуын қамтамасыз ету мақсатымен əзірленген. Мектептің əр студентінде, мұғалімінде, қызметкерінде өздерінің мектеп аумағында екендігін тіркеу үшін электронды кіріп-шығу карточкасы болуы тиіс. Оқушыларға тегін электронды кіріп-шығу карточкасы бір мəрте беріледі. Электронды кіріп-шығу карточкасын жоғалтқан жағдайда мектеп бухгалтериясы арқылы ақылы негізде (орнықтырылған құнын төлей отырып) оны қалпына келтіру керек. Басқа адамға аталған құжатты беруге ҚАТАҢ тыйым салынады. Оқуға немесе жұмысқа кешігіп қалғандар мектеп ғимаратының орталық кіре берісін ғана қолдануы тиіс. Тəрбие жұмыстары бойынша мектеп директорының орынбасары Курбанова Алла Владимировна

Студенттер ішкі тəртіп ережесі бойынша төменде көрсетілген Сыртқы келбет ережесі, электрондық кіріп-шығу жүйесі, дене тəрбиесі сабақтарына арналған киім үлгісі талаптарын сақтауға міндетті: Сыртқы келбет ережесі Халықаралық «Мирас» мектебінің Мүддесі мен философиясы оқушылардың үйлесімді дамуын, атап айтқанда жауапкершілік, құрметтеу, айналасымен өзара қарым-қатынас жасай білу сияқты қасиеттерді дамытуды көздейді. Халықаралық «Мирас» мектебінің Сыртқы келбет ережесі қауіпсіздік жəне денсаулық сақтау нормаларына сəйкес болуы жəне оқу процесін жақсартуға ықпал етуі тиіс. Қыздар үшін Юбка-шотландка (торсызық (клетка) юбка)* Қою көк пиджак* Қою көк трикотаж кеудеше (жеңсіз)* Қою көк трикотаж жемпір* Бұл киімдермен классикалық үлгідегі біркелкі қара немесе қою қоңыр түсті туфли, сондай-ақ ақ жейде немесе блузка (ешқандай сызықсыз, белгі түспеген, жағасы түрлі-түсті емес, манжет салынбаған) кию керек. Ауа райы салқын кезде қыздардарға ақ, қара, қою көк жəне адам терісімен түстес реңкті

Халықаралық «Мирас» мектебінің Дипломдық бағдарламасы студенттері үшін оқу жылының басы көптеген қуанышты оқиғаларға толы болды. Биыл DP сыныптарында (11-12 сыныптары) оқитын оқушылардың саны артты. Сондай-ақ студенттер қатарына Алматы Халықаралық мектебінен жаңадан келген екі оқушы қосылды. Олардың бəрі бірлесе отырып IB дипломын алуға үміткерлердің мықты негізін құрайды. Қыркүйек айында Дипломдық бағдарлама студенттері бірқатар тартымды шараларға

қатысты (шаралар бөлімін қараңыздар).

Сондай-ақ Дипломдық бағдарлама бойынша сабақ жүргізетін жаңа мұғалімдермен таныс болыңыздар:

Филипп Дрэй (ағылшын тілі А пəнінің мұғалімі)

Дэйвид Уолш (тарих, таным теориясы (TOK) пəндерінің мұғалімі)

Татьяна Шадрина (орыс тілі В пəні мұғалімі)

Йен Риддел (кəсіби бағдар беру кеңесшісі, 12 сынып жетекшісі)Студенттер тамыз айының өзінде DP-дің дайындық курстарынан өте бастады. Осы курстар барысында оқушылар логистика

бағдарламасының негіздері туралы білім жинақтады, сондай-ақ DP-де жемісті оқуға қажетті дағдыларын дамытты.

Биылғы оқу жылында DP-дің жаңа бағдарламасы аясында келесі пəндер жүргізіледі: биология, химия, физика, экономика жəне өнер. Аталған пəндерді сəйкес семинарларға қатысқан (немесе таяу арада қатысатын) мұғалімдер жүргізеді. Оқу жылдарыңыз жақсы басталсын, студенттерімізге үстіміздегі оқу жылында сəттіліктер тілейміз!

Игорь Гуральник

Алматы қ. «Мирас» мектебінің DP бағдарламасының үйлестірушісі

DP жаңалықтары

Сыртқы келбет ережесі, электрондық кіріп-шығу жүйесі, дене тəрбиесі сабақтарына арналған киім үлгісі

Volume 1, Issue 1 Page 5

Сиқырлы Елдегі Мирас DP-дің 11-сынып оқушыларының қызықты пəнаралық жобасы Дипломдық Бағдарлама студенттері қыркүйек айында «Мирас Еліндегі Алиса» атты жаңа пəнаралық жобасын мектеп қабырғасында ұйымдастырды жəне оны жүзеге асырды. Жобаның негізіне Льюис Кэрролдың «Алиса Ғажайыптар елінде» жəне «Алиса айна артындағы əлемде» атты мəңгілік өшпес шығармаларының сюжеттері алынды. Оқушылар бірнеше мақсатқа қол жеткізуге талпынды, олар баршаға ертегі сыйлап қана қоймай, сондай-ақ ATL дағдыларын, атап айтқанда зерттеу, қатысымдық, презентация жəне командалық жұмысты дамытуды көздеді. Апта бойы мектеп ішінде Алиса туралы шығармалардың ахуалы орнап тұрды. Жоба аясында əр түрлі шаралар өткізілді: 6-12 сыныптар арасында мəтінді жақсы білуге қатысты викториналар, ең жақсы салынған сурет немесе костюм байқауы. Мектептің іші үш тілде жазылған Кэррол шығармаларының атақты дəйексөздерімен безендірілді. Жоба өзінің шарықтау шегіне жұма күні жетті: таңертеңнен кешке дейін атриумда үлкен экран арқылы Алиса туралы Дисней мультфильмі көрсетіліп жатты, бұл мульфильм өткен ғасырдың 70-жылдары əйгілі болған кеңес радиоқойылымынан алынған музыкамен сүйемелденді. Көптеген студенттер кітап кейіпкерлерінің киімдерін киіп келді, олардың арасында Ақымақ Қалпақшы (Mad Hatter), Ақ Үй

қояны, Қызыл Патшайым жəне де бірнеше Алиса болды. Мирас таңқаларлық жағдайда ғажайып Елге айналып кеткендей!

Жобаның басты оқиғасы DP-дің 11-сынып студенттерінің презентациялары болды. Олардың қарастырған тақырыптары симметрия, логика, сөздер ойыны жəне физикаға байланысты «басқатырғыштарды» қамтыды.

Жобаны əзірлеу жəне жетекшілік жасау процесіне түрлі пəн мұғалімдері тартылды: Елена Георгиевна (орыс əдебиеті), Игорь Романович (математика), Анна Валерьевна (физика), Дана Төребекқызы (химия), Болсын (ИЗО). Ольга Евгеньевна мен Айгүл Розахқызы музыкалық сүйемелдеу жəне көркемдік безендіру жағын қамтамасыз етті. Мектеп қауымдастығы ертегі сиқырына елітіп, мектепте орнаған ертегі ахуалын сезіне алды жəне студенттердің алғашқы зерттеу жұмысына, Дипломдық Бағдарлама бойынша кіріктірілген жобасына қолдау көрсету мүмкіндіктеріне ие болды. Келесі жобалар бұл жобаға

қарағанда басқаша, яғни көбінесе академиялық болатыны жəне дəл осындай ауқымда «ертегілік» мазмұнда болмасы да анық, сондықтан барлық қатысушылардың осындай жұмыстардан, оның ішінде жоба барысында жинақтай алған білімдерінен қанағат сезімге бөленуі аса маңызды. Біз DP-дің студенттеріне ары қарай ізденістерінде үлкен жетістіктер мен жаңа оқу жылында ең жақсы тілектерді тілегіміз келеді! MYP үйлестірушісі жəне физика пəнінің мұғалімі Анна Машура, Директордың орта мектеп бойынша оқу-əдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары жəне орыс тілі мен əдебиеті пəндерінің мұғалімі Елена Владимирова, DP үйлестірушісі, физика жəне математика пəндерінің мұғалімі Игорь Гуральник.

Page 6 Miras

CAS - Apple Action

Жуырда Дипломдық бағдарлама студенттері «Apple Action» акциясына қатысты, оның нəтижесінде жерге түскен алмалардан дəмді алма бəліші пісірілді. Алдымен қоспа əзірленді, содан кейін алмалар қабығынан аршылып, ұсақтап туралды; аздан соң əзірленген қоспа пешке салынды да, көп ұзамай бəліш дайын болды. Дайын өнім біздің сатып алушыларымыздың (студенттер мен мектеп қызметкерлері) сұранысына ие болды, бəліштерді сатудан 28 000 теңге жиналды. Бұл қаржыға балалар үйіне беру үшін арнайы спорттық жабдық сатып алынатын болады.

Осындай айтулы да жемісті жобаға атсалысқан студенттеріміз бен қызметкерлеріміздің БƏРІНЕ рахмет айтамыз. Санджив Кумар CAS үйлестірушісі

Page 7 Miras

Apple

Action

«Дайын өнім біздің сатып алушыларымыздың

(студенттер мен мектеп қызметкерлері) сұранысына ие болды, бəліштерді сатудан

28 000 теңге жиналды, бұл қаржыны балалар үйіне беру

үшін …»

Алматы қ. Жекеменшік мектептері арасында өткізілетін 2014-2015 оқу жылындағы футбол турнирі

Page 8 Miras

Төменде турнир нəтижесі берілген:

Қазіргі кезде турнирдің ең жақсы ойыншысының есімі белгілі болып отыр, ол - Эмал Камаллудин. Ол қарсыластардың қақпасына 5 мəрте доп соқты. «Мирастың» құрама командасына алдағы ойындарда сəттілік тілейміз!

Дене тəрбиесі кафедрасы

ұлдар арасында (15 жасқа дейін):

Мирас 3 МША 1

ұлдар арасында (15 жасқа дейін):

Мирас 5 МКНО 1

ұлдар арасында (15 жастан үлкен):

Мирас 5 Марьям 1

Қыздар арасындағы «Мирастың» құрама командасы мен былтырғы чемпион - «МША» командасы арасындағы тартысты кездесуде есеп ашылған жоқ (0-0). Алда болатын ойындарға келіп, командаларымызға жанкүйер

«Мирас» 2014ж. футбол матчтарының кестесі

Page 9 Miras International School

Қыздар:

Күні Қарсыластар Уақыт Өткізілетін орны

Сəр. 30 қырк. МША (ISA) 3.30-5.00 «Мирас» мектебі

Бей. 2 қазан Тянь-Шань-2 4.30-5.00 «Мирас» мектебі

Жұма 3 қазан Тянь-Шань-1 4.30-6.00 «Мирас» мектебі

Дүйс. 6 қазан АИС (AIS) 4.30-6.00 «Мирас» мектебі

Ұлдар

Күні Қарсыластар Уақыт Өткізілетін орны

Бейс. 23 қырк. Тянь-Шань-1(15 жастан үлкен) 5.00-6.30 «Мирас» мектебі

Сейс. 30 қырк. Тамос (15 жасқа дейін) 3.30-5.00 «Мирас» мектебі

Сейс. 30 қырк. КАУ (15 жастан үлкен) 5.00-6.30 «Мирас» мектебі

Бейс. 2 қазан Архимед (15 жасқа дейін) 5.30-7.00 «Мирас» мектебі

Бейс. 2 қазан Архимед (15 жастан үлкен) 5.00-6.30 «Мирас» мектебі

____________________________________________________________________________________________

Шаралар кестесі

4 қазан – Құрбан Айт

17 қазан – бірінші тоқсанның соңы

(студенттерге 1 тоқсанның есебі (репорты) беріледі)

20-24 қазан – күзгі каникул күндері

27 қазан – екінші тоқсанның басталуы

31 қазан – Хэллоуин

Page 10 Miras International School

Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun

1 2 3 4 5

6 7 8 9 10 11 12

13 14 15 16 17 18 19

20 21 22 23 24 25 26

27 28 29 30 31

Қазан 2014ж

Мұғалімдер қыркүйек айында ағымдағы жылда жұмыс істейтін алғашқы мектеп үйірмелерін қалыптастырды.

Олардың ішінде:

компьютерлік клуб (тереңдетілген деңгей)

өнер клубы

би клубы

француз тілі клубы

драма мен музыка клубы

БҰҰ Моделі клубы (MUN)

Пи клубы

жүзу клубы

жəне басқа да көптеген клубтар бар

Оқушылар клуб жетекшілеріне барып жазылуы тиіс. Сынып жетекшілерінің қолдарында клубтардың атаулары жазылған анықтамалық бар.

Мектеп үйірмелері

Халықаралық «Мирас» мектебінде Бірінші қыркүйек күні Алғашқы қоңырау салтанаты өткізілді. Ауа райы тамылжып тұрды. Оқу-білімге, қуаныштар мен үміттерге, тартымды оқиғаларға толы алдағы жаңа 2014-2015 оқу жылын ашу салтанатына жазғы каникулдан білім ұясына сағына оралған оқушыларымыз бен мектебіміздің табалдырығын енді аттаған жаңа оқушыларымыз, ата-аналар, мектептің қызметкерлері, сондай-ақ мектептің қонақтары жиналды!

БҰҰ Моделі-2014 конференциясы кеше ғана аяқталған сияқты еді, қарап отырсаңыз, міне, алдағы MIS-MUN 2015 конференциясына дайындық жұмыстары басталып та кетті. MISMUN 2014 конференциясына еліміздің үш қаласынан, 16 мектеп пен жоғары орындарынан келген 140-қа жуық делегат қатысты. Бұл қатысушыларының саны көп болған MISMUN конференциясы еді.

Биылғы MISMUN 2015 конференциясын Қазақстанның əр аймағынан көптеп келетін делегаттардың қатысушылармен одан да ауқымды етіп өткізу жоспарланып отыр.

«Мирас» мектебі БҰҰ Моделі бойынша келесі конференцияға (MISMUN) делагаттарды даярлау мəселесі бойынша БҰҰ-мен ынтымақтастықты ары қарай жалғастырады.

Дэйвид Лиу

MISMUN үйлестірушісі

БҰҰ Моделі (MISMUN)

Алғашқы қоңырау

Volume 1, Issue 1 Page 11

Кəсіби бағдар беру кеңесшісінің мақаласы

Менің міндетімнің аясына жоғары оқу орындарына түсуге байланысты сұрақтар, тəрбие жұмысы, ата-аналармен, мұғалімдермен өзара əрекеттесу жəне тағы басқалар жұмыстар кіреді. Менің кабинетім (134) DP үйлестірушісі офисінің жанында бірінші қабатта орналасқан.

Ұлы Британияда, АҚШ-та, Жаңа Зеландия мен Австралияда оқу үшін ағылшын тілін (В талаптары) жоғары деңгейде меңгеру қажет екендігін баса көрсеткім келеді.

Ана тілі - ағылшын тілі емес студенттер өздерінің ағылшын тілі білу деңгейін растауға міндетті; жоғары оқу орындары талапкерлердің білімін тестілеуді өз құқығына қалдырады. Ең дұрысы, бұл тестілерді 11 сыныпты аяқтағанға дейін тапсыру қажет, себебі олардың нəтижелері екі жыл барысында өз күшінде болады.

Ұлы Британия мен АҚШ-та оқуға түсу кезінде шетелдік студенттердің көпшілігіне қойылатын басты талаптары - IELTS, TOEFL немесе басқа да мойындалған халықаралық тестілерді сəтті тапсыру.

Кейбір жағдайда, егер студенттің ағылшын тілі А (HL – жоғары деңгей) пəні бойынша бағасы - 5 (7-нің ішінде) болса жəне ағылшын тілі А (SL – cтандартты деңгей) пəні бойынша бағасы - 6

(7-нің ішінде) болса аталған талаптар қолданылмайды.

АҚШ-тың жоғары оқу орындарына оқуға түсу

Америка Құрама Штаты университеттері мен колледждерінің талаптарына сəйкес оқуға түсушілер бір жəне одан артық стандартты тест тапсыруға тиіс. Əдетте осындай тест жұмыстарына TOEFL (ағылшын тілін шет тілі ретінде білу тесті), SAT (Академиялық бағалау тесті) немесе ACT тесті жатады. PSAT түсу тесті міндетті тапсыратын тест жұмысына жатпаса да, оны 10 сынып студенттеріне SAT тестіне (11 сыныпта тапсыратын) дайындық жасау үшін тапсырғаны дұрыс болады деп ұсынылады.

IELTS деген не?

IELTS (International English Lan-guage Testing System) — ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекетке оқуға немесе жұмыс істеуге барғысы келетін үміткерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін əзірленген ағылшын тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі. IELTS тестін үш беделді халықаралық ұйым қабылдайды: Cambridge ESOL Examinations, Британ Кеңесі жəне IDP: IELTS Австралия. IELTS тілді меңгеру деңгейін бағалау саласындағы ең жоғары халықаралық стандарттарға сəйкес келеді. IELTS тестін əлемнің оқу орындары мен жұмыс берушілері, оның ішінде

Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, Ұлы Британия мен АҚШ мойындайды. Сондай-ақ оның нəтижелерін кəсіби ұйымдар, иммиграциялық үкіметтер мен басқа да мемлекеттік агенттіктер мойындайды.

Егер сіздерге қосымша ақпарат қажет болса, менімен e-mail бойынша хабарласуларыңызды немесе кездесу тағайындауларыңызды өтінемін.

Йен Риддел

Кəсіби бағдар беру кеңесшісі [email protected] Ішкі тел.: 321

Page 12 Miras

Халықаралық «Мирас» мектебінің мүддесі

Халықаралық «Мирас» мектебі студенттерге IB жəне ҚР Білім беру Стандарттары мен тəжірибесін интеграциялау негізінде жоғары сапалы білім беруді қазақ, ағылшын, орыс тілдерінің бірінде қамтамасыз етеді, оның ішінде ағылшын тілі мектептің барлық бағытында қарым-қатынас тілі ретінде қолданылады. «Мирас» студенттердің өмір бойы білім алуға қажетті дағдыларын дамытуды міндетіне алады, ол өз кезегінде оқушыларды алуан түрлі мəдениеттерді дұрыс қабылдауға жəне құрметтеуге, сондай-ақ заманауи əлемде болатын өзгерістерге өз үлесін оңтайлы əрі белсенді түрде қосуға баулиды.

190 Al Farabi st., 050043, Almaty Kazakhstan

Miras International School

Telephone:

+7 (727) 242 16 65; +7 (727) 242 16 76;

[email protected]

Fax: +7 (727) 242 16 66

Мектептің жаңа веб-сайты: http://www.miras.kz