№165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан...

16
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Трағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабар- лады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– №165 (29894) 1 ҚЫРКҮЙЕК, СЕЙСЕНБІ 2020 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мəжіліс депутаттарының бесінші сессиядағы жұмыс нəтижелері мен аймақтарға сапарлары, сондай-ақ алдағы парламенттік сессия жұмысының негізгі бағыт- тары туралы ақпарат берілді. Мəжіліс Төрағасының ай- туынша, депутаттар дəріхана- ларға, ауруханаларға арнайы барып, дəрі-дəрмектердің қорын тексеріп, оның бағасын бақы- лады. Сондай-ақ депутаттар ерік- тілер орталықтарының жұмы- сына да белсенді атсалысуда. Қазіргі уақытта Палатаның заңнамалық қоржынында 75 заң жобасы бар, оның 22-сіне депутаттар бастамашы бол- ған. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, олардың қатарында 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді одан əрі қалпына келтіруге, азаматтардың жекелеген санаттарын əлеуметтік қорғауға жəне т.б. салаларға ба- ғытталған заң жобалары бар. Мемлекет басшысы депу- таттық корпус өз жұмысында Президент Жолдауы мен басқа да бастамаларды іске асыруды заң- намалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға басымдық беруі керек екенін айтты. Мәжіліс Спикерін қабылдады EUR/KZT 499.47 USD/KZT 420.11 RUB/KZT 5.64 CNY/KZT 61.2 ТЕАТР Мирас АСАН, «Egemen Qazaqstan» Ақсүйек өнерге айрықша қолдау қажет Бірақ бұл көрсеткіш тым төмен деңгейде дей алмас едік. Оны елордалық ұжым «Астана Балет» театрының тамаша жетістіктерінен де байқауға болады. Осы ретте біз сізге «Балетке барып жүрсіз бе?» деп сұрақ қойғымыз келеді. Осы сауал арқылы аталған өнер кеңістігіне сізбен бірге үңіліп көрмекпіз. Əлбетте, жетістіктермен қоса толғақты мəселелер де қозғалуы керек. Осы жылдың басында Мəдениет жəне спорт министрлігі көп жыл- дан бері отандық балетке қатысты түйіні шешілмей келе жатқан бірқатар мəселеге оң қабақ танытқанын естіп, аталған өнер өкілдерімен бірге біз де қуанып қалдық. Министрдің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев Халық əртісі Болат Аюхановтың сұхбатынан «45 жасым- да соңғы рет Гамлетті алқынып, əрең билеп шыққанмын. Ал 45 жастағы əйел қандай кəсіби биші болсын, жас кезіндегідей билей ала ма, өнерсүйер қауымға эстетикалық лəззат сыйлай ала ма? Осыны ойламайтын Үкіметте ұят бар дегенге сенбеймін», деген сөзін айта келе: «Министрлік Мəдениет ту- ралы заңын жаңа баппен толықтыру туралы ұсыныс енгізді. Бұл бастама қолдау тауып, Президент қол қойды», деп мəлімдеді. (Соңы 14-бетте) Балетке барып жүрсіз бе? –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Балетті бекзат нер дейтініміз де сол шығар, оның крермендері кп емес. Алайда бұл ақсүйек мамандықтың бәсі басқалардан тмен дегенді білдірмейді. Мәдениеті мыңжылдықтармен тамырлас батыс елдерінде балетке бару үлкен рухани демалысқа баланады. Нарықтық экономикадан рухани жаңғыруға жаңа бет алған бізде балет театрына билет алу енді-енді қалыптасып келе жатыр. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Келер жылдан бастап елде жекешелендірудің үшінші толқыны басталады. 2016–2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 96,8%- ға орындалды. «Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, бұл жұмыстардың мақсаты – экономикадағы мемлекеттің үлесін 15%-ға дейін қысқарту. Осыған байланысты мемлекеттің және квазисектордың иелігіндегі 863 ком- панияны бәсекелестік ортаға жіберу қарастырылған еді. Бағдарлама жұмыс істей бастаған 4 жылда 503 нысан сатылды. Нәтижесінде, мемлекеттің экономикадағы үлесі 16,2%-ға дейін тмендеді. 503 нысанды ткізуден мемлекетке 534,1 млрд теңге табыс түсті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– САРАПТАМА Жекешелендірудің үшінші толқыны ұлттық инвесторларды қалыптастыра ма? Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ, «Еgemen Qazaqstan» Акцияға алданғандар Соңғы төрт жылдың қортындысын жариялаған соң іле-шала шілде айын- да Ұлттық экономика министрлігі 2021-2025 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесін жариялады. Мем- лекеттік деңгейде заңдастырып берген Қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бас- тап күшіне енбек. Қаулыға сəйкес, Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын екі рет – жартыжылдық жəне бір жыл қорытындысы бойынша 10 шілдеде жəне 10 қаңтарда мемлекеттің қандай активі қаншаға сатылғаны, қай кəсіпорын инвесторлардың қызығу- шылығын тудырғаны немесе жойыл- ғаны, қайсысының МЖƏ жобасына айналғаны туралы есеп ұсынады. Əрбір жекешелендіру толқыны басталған сайын көпшілік көңілінде «Бұл жолы не сатылады?» деген қызы- ғушылық болады. Бұл жолы назар – «үшінші толқынның нəтижесі орта тап арасынан ұлттық инвесторлардың шығуына қалай əсер етеді?» деген сауалдың жауабына бағытталып тұр. Себебі үшінші толқынның орны бөлек жəне жеңіл болмайтынын TAV Airports Holding түрік холдингінің Алматы халықаралық əуежайы ак- цияларының жүз пайызын сатып ал- ғанынан байқадық. Демек, алдағы науқан ЕАЭО елдері ғана емес, халықаралық деңгейде өтеді. Тек ұлттық компаниялар емес, əлеу- меттік маңызы бар нысандар да жеке секторға 5 жылға əріптестік негізде басқаруға беріліп, содан кейін жаңа қо- жайынның меншігіне өтеді. Əлемдік тəжірибеде халқының 20 пайызы қор биржасына қатысып, акция сатып алуға шамасы жетсе ғана ұлт- тық инвесторлардың əлеуетінен үміт- тене алады екен. Ал біздегі бұл көр- сеткіш əлі 1,4 пайыздың шамасында. Ендеше алдағы науқан кезінде халық белсенділігі қандай болмақ? (Соңы 3-бетте) «Аттың сыны» 8-бет 7-бет 5-бет 1 қыркүйек – Білім күні Жарық та, су да жоқ Ұлы ойшыл әлемін Тәкенше пайымдау –––––––––––––––––––– 1 қыркүйек – Білім күні. Биылғы қыркүйек бұрын- ғыдан згерек болып тұр. Себебі еліміздің тарихында алғаш рет жаңа оқу жы- лы жаңа бағытта, яғни қашықтан оқыту форма- тында басталды. Бұл – эпидемияның алдын алу мақсатында қабылданған мәжбүрлі шешім. Дегенмен мектепте оқуға мүмкіндік алып отырған балалар да бар. Бастауыш сыныптар- дағы 530 мың бала ата- аналарының тінішімен мектепте ашылған кезекші сыныптарда оқиды. Сонымен қатар бала саны 180-нен аспайтын шағын жинақты мектептердің 202 мың оқушысы дәстүрлі фор- матта білім алады. –––––––––––––––––––– Жаңа форматтағы жаңа оқу жылы Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ, «Egemen Qazaqstan» Əлбетте, бұл оқу орын- дарының бəрі санитарлық талап- тарды сақтауға тиіс. Бірақ талап- тарды сақтап, белгіленген тəртіп- пен жүрудің айтуға ғана оңай екеніне осы уақытқа дейінгі ка- рантин кезінде көзіміз анық жетті. Сондықтан оқу барысы қалай қа- дағаланады? Кімдер қадағалай- ды? Оқушылар сабақ арасында үзілістерге шығуы керек. Ол жағы қалай реттеледі? Вирус жұқтыру дерегі анықтала қалған жағдайдағы іс-қимыл қалай бола- ды? Осыған дейін қашықтан оқыту үшін балалардың бəрі қажетті техникалармен, сапалы интернет байланысымен қамтылатыны ай- тылды. Оқушыларға компьютер- лер, гаджеттер таратылды. Бұл іске қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, меценаттар да жұмыл- ғанын білеміз. Дегенмен барлық оқушы тиісті техникамен толық қамтылды деп нық сеніммен айта аламыз ба? Көкейде жүрген са- уал көп. Сонымен, І тоқсанда оқушы- ларды қашықтан оқыту жоспар- ланып отыр. Одан кейінгі тоқсан- ның қалай болатыны елдегі эпи- демиялық ахуалға байланысты. Бұл формат ата-аналарға да, пе- дагог қауымға да, оқушыларға да, жалпы білім беруге жауапты барлық мамандарға үлкен жауап- кершілік жүктеп отыр. Кез келген өзгерістің қайыры бар десек, қа- шықтан оқытудың да жақсы жақ- тары болары анық. Жаңа формат оқушылар мен ұстаздарды жаңа машықтарды игеруге мəжбүрлеп қана қоймай, тұтастай білім беру жүйесін цифрландыру ісіне де мəжбүрлі түрде серпін берді. (Соңы 2-бетте) Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ» Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ» Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды

Transcript of №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан...

Page 1: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Трағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабар-лады Президенттің баспасз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

№165 (29894) 1 ҚЫРКҮЙЕК, СЕЙСЕНБІ 2020 ЖЫЛ

E-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мəжіліс депутаттарының бесінші сессиядағы жұмыс нəтижелері мен аймақтарға са парлары, сондай-ақ алдағы парла мент тік сессия жұмысының негізгі бағыт-тары туралы ақпарат берілді.

Мəжіліс Төрағасының ай -туынша, депутаттар дəрі ха на-ларға, ауруханаларға арнайы барып, дəрі-дəрмектердің қорын

тексеріп, оның бағасын бақы-лады. Сон дай-ақ депутаттар ерік-тілер орта лық тарының жұмы-сына да белсенді атса лы суда.

Қазіргі уақытта Палатаның заңна малық қоржынында 75 заң жобасы бар, оның 22-сіне де путаттар бастамашы бол-ған. Нұрлан Нығматулиннің ай туын ша, олардың қатарында 2021-2023 жылдарға арналған

республикалық бюджет жобасы, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді одан əрі қалпына кел тіруге, азаматтардың жекелеген санат тарын əлеуметтік қорғауға жəне т.б. салаларға ба-ғытталған заң жобала ры бар.

Мемлекет басшысы де пу-таттық корпус өз жұмысында Президент Жолдауы мен басқа да бастамаларды іске асыруды заң-намалық тұрғыдан қамта масыз етуге, оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи мылға басымдық беруі керек екенін айтты.

Мәжіліс Спикерін қабылдады

EUR/KZT 499.47 USD/KZT 420.11 RUB/KZT 5.64 CNY/KZT 61.2

ТЕАТР

Мирас АСАН,«Egemen Qazaqstan»

Ақсүйек өнерге айрықша қолдау қажет

Бірақ бұл көрсеткіш тым төмен деңгейде дей алмас едік. Оны елордалық ұжым «Астана Балет» театрының тамаша жетістіктерінен де байқауға болады. Осы ретте біз сізге «Балетке барып жүрсіз

бе?» деп сұрақ қойғымыз келеді. Осы сауал арқылы аталған өнер кеңістігіне сізбен бірге үңіліп көрмекпіз. Əлбетте, жетістіктермен қоса толғақты мəселелер де қозғалуы керек.

Осы жылдың басында Мəдениет жəне спорт министрлігі көп жыл-дан бері отандық балетке қатысты түйіні шешілмей келе жатқан бірқатар мəселеге оң қабақ танытқанын естіп,

аталған өнер өкілдерімен бірге біз де қуанып қалдық. Министрдің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев Халық əртісі Болат Аюхановтың сұхбатынан «45 жасым-да соңғы рет Гамлетті алқынып, əрең билеп шыққанмын. Ал 45 жастағы əйел қандай кəсіби биші болсын, жас кезіндегідей билей ала ма, өнерсүйер қауымға эстетикалық лəззат сыйлай ала ма? Осыны ойламайтын Үкіметте ұят бар дегенге сенбеймін», деген сөзін айта келе: «Министрлік Мəдениет ту-ралы заңын жаңа баппен толықтыру туралы ұсыныс енгізді. Бұл бастама қолдау тауып, Президент қол қойды», деп мəлімдеді.

(Соңы 14-бетте)

Балетке барып жүрсіз бе?––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Балетті бекзат нер дейтініміз де сол шығар, оның крермендері кп емес. Алайда бұл ақсүйек мамандықтың бәсі басқалардан тмен дегенді білдірмейді. Мәдениеті мыңжылдықтармен тамырлас батыс елдерінде балетке бару үлкен рухани демалысқа баланады. Нарықтық экономикадан рухани жаңғыруға жаңа бет алған бізде балет театрына билет алу енді-енді қалыптасып келе жатыр. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Келер жылдан бастап елде жекешелендірудің үшінші толқыны басталады. 2016–2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 96,8%-ға орындалды. «Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, бұл жұмыстардың мақсаты – экономикадағы мемлекеттің үлесін 15%-ға дейін қысқарту. Осыған байланысты мемлекеттің және квазисектордың иелігіндегі 863 ком-панияны бәсекелестік ортаға жіберу қарастырылған еді. Бағдарлама жұмыс істей бастаған 4 жылда 503 нысан сатылды. Нәтижесінде, мемлекеттің экономикадағы үлесі 16,2%-ға дейін тмендеді. 503 нысанды ткізуден мемлекетке 534,1 млрд теңге табыс түсті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

САРАПТАМА

Жекешелендірудің үшінші толқыныұлттық инвесторларды қалыптастыра ма?

Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ,«Еgemen Qazaqstan»

Акцияға алданғандарСоңғы төрт жылдың қортындысын

жариялаған соң іле-шала шілде айын-да Ұлттық экономика министрлігі 2021-2025 жылдары жекешелендіруге жата тын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесін жариялады. Мем-лекеттік деңгейде заңдастырып берген Қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бас-тап күшіне енбек. Қаулыға сəйкес, Ұлт тық экономика министрлігі жыл сайын екі рет – жартыжылдық жəне бір жыл қорытындысы бойынша 10 шілде де жəне 10 қаңтарда мемлекеттің қан дай активі қаншаға сатылғаны, қай кəсіпорын инвесторлардың қызы ғу-шылығын тудырғаны немесе жойыл-ғаны, қайсысының МЖƏ жобасына айналғаны туралы есеп ұсынады.

Əрбір жекешелендіру толқыны бас талған сайын көпшілік көңілінде «Бұл жолы не сатылады?» деген қызы-ғушылық болады. Бұл жолы назар

– «үшінші толқынның нəтижесі орта тап арасынан ұлттық инвесторлардың шығуына қалай əсер етеді?» деген сауалдың жауабына бағытталып тұр. Себебі үшінші толқынның орны бөлек жəне жеңіл болмайтынын TAV Airports Holding түрік холдингінің Алматы ха лықаралық əуежайы ак-ция ларының жүз пайызын сатып ал-ға нынан байқадық.

Демек, алдағы науқан ЕАЭО елдері ғана емес, халықаралық деңгейде өтеді. Тек ұлттық компаниялар емес, əлеу-меттік маңызы бар нысандар да жеке сек торға 5 жылға əріптестік негізде бас қаруға беріліп, содан кейін жаңа қо-жайы н ның меншігіне өтеді.

Əлемдік тəжірибеде халқының 20 пайызы қор биржасына қатысып, акция сатып алуға шамасы жетсе ғана ұлт-тық инвесторлардың əлеуетінен үміт -тене алады екен. Ал біздегі бұл көр-сеткіш əлі 1,4 пайыздың шамасында. Ендеше алдағы науқан кезінде халық белсенділігі қандай болмақ?

(Соңы 3-бетте)

«Аттың сыны»

8-бет7-бет5-бет

1 қыркүйек – Білім күніЖарық та, су да жоқ

Ұлы ойшыл әлемін Тәкенше пайымдау

––––––––––––––––––––1 қыркүйек – Білім күні. Биылғы қыркүйек бұрын-ғыдан згерек болып тұр. Себебі еліміздің тарихында алғаш рет жаңа оқу жы-лы жаңа бағытта, яғни қа шық тан оқыту форма-тында басталды. Бұл – эпи демияның алдын алу мақсатында қабылданған мәжбүрлі шешім. Дегенмен мектепте оқуға мүмкіндік алып отырған балалар да бар. Бастауыш сынып тар-дағы 530 мың бала ата-аналарының тінішімен мектепте ашылған кезекші с ы н ы п т а р д а о қ и д ы . Сонымен қатар бала саны 180-нен аспайтын шағын жинақты мектептердің 202 мың оқушысы дәстүрлі фор-матта білім алады. ––––––––––––––––––––

Жаңа форматтағы жаңа оқу жылы

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,«Egemen Qazaqstan»

Əлбетте, бұл оқу орын-дарының бəрі санитарлық талап-тарды сақтауға тиіс. Бірақ талап-тарды сақтап, белгіленген тəртіп-пен жүрудің айтуға ғана оңай еке ніне осы уақытқа дейінгі ка-ран тин кезінде көзіміз анық жетті. Сондықтан оқу барысы қа лай қа-дағаланады? Кімдер қада ғалай-ды? Оқушылар сабақ арасында үзі лістерге шығуы керек. Ол жағы қалай реттеледі? Вирус жұқ ты ру дерегі анықтала қалған

жағдайдағы іс-қимыл қалай бола-ды? Осыған дейін қашықтан оқыту үшін балалардың бəрі қажетті техника лармен, сапалы интернет бай ланысымен қамтылатыны ай-тылды. Оқушыларға компьютер-лер, гаджеттер таратылды. Бұл іске қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, меценаттар да жұмыл-ғанын білеміз. Дегенмен барлық оқушы тиісті техникамен толық қам тыл ды деп нық сеніммен айта аламыз ба? Көкейде жүрген са-уал көп.

Сонымен, І тоқ сан да оқушы-лар ды қашықтан оқыту жоспар-ланып отыр. Одан кейінгі тоқ сан -

ның қалай болатыны елдегі эпи-демиялық ахуалға байланыс ты. Бұл формат ата-аналарға да, пе-дагог қауымға да, оқушыларға да, жалпы білім беруге жауапты бар лық мамандарға үлкен жауап-кер шілік жүктеп отыр. Кез келген өзгерістің қайыры бар десек, қа-шықтан оқытудың да жақ сы жақ-тары болары анық. Жаңа формат оқушылар мен ұстаз дарды жаңа машықтарды игеруге мəжбүрлеп қана қоймай, тұ тас тай білім беру жүйесін цифрландыру ісіне де мəжбүрлі түрде серпін берді.

(Соңы 2-бетте)С

урет

ті т

үсір

ген

Ерл

ан О

МА

Р, «

ЕQ

»С

урет

ті т

үсір

ген

Ерл

ан О

МА

Р, «

ЕQ

»

Сур

ет П

рези

дент

тің

бас

пас�

з қы

змет

інен

алы

нды

Page 2: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

2 1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛСАЯСАТ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Еліміздегі жетекші партия – Nur Otan-ның партияішілік іріктеуіне – праймеризіне үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталып, оның қорытындылары белгілі болды.Nur Otan партиясы Т�рағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Facebook желісіндегі парақшасы арқылы таратқан деректерге қарағанда, 17-28 тамыз аралығында 10 990 адам тіркелген.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жолдыбай БАЗАР,«Egemen Qazaqstan»

Олардың 36,9%-ы – əйелдер, 29,6%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш пар-тия ұйымдарынан 3090 азамат ұсынылса, ал өзін өзі ұсынушылар – 7900 адам. Қаты сушылардың орташа жасы – 43 жас.

Белгілі болғандай, бір орынға үміт-кер лердің ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында болған (18). Алматы мен Шымкент қалаларында – 9-дан, Жамбыл жəне Түркістан облыстарында – 6 үміткерден

келеді. Шығыс Қазақстан облысында əйелдер жəне Түркістан облысында жас-тар ерекше белсенділік танытқан.

Енді, 7 қыркүйектен бастап прайме-риз дің келесі кезеңі – үгіт-насихат жұ-мыс тары басталады. 14-30 қыркүйек ара-лығында онлайн-режімде жария пікір -сайыстар өтеді деп күтілуде.

Бауыржан Байбек əлеуметтік желідегі ха барламасында «Елбасы, партия Лидері Н.Ə.Назарбаевтың тапсырмасы бо-йынша партияішілік сайлау тұңғыш рет рес публикалық ауқымда өтіп жатыр.

Ол – партияны «қайта жандандыру» мен жаңғыртудың қорытынды кезеңі болып отыр. Еліміздің Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында қыркүйектің басында біздің өңірлік 216 сайлауалды бағдарламамыздың жобала-ры жарияланады. Олар халықпен бірге талқыланғаннан кейін жетілдірілетін болады», деп жазды.

Б.Байбектің айтуынша, өз өзіне жəне партияға сенім артып, праймеризге өз кандидатурасын ұсынған əрбір жанға тең мүмкіндік беріліп, олардың бақ сынауларына барлық жағдай жасала-ды. Сондай-ақ партияішілік іріктеудің жеңімпаздары Мəжіліс пен барлық дең-гей дегі мəслихаттарға арналған партия-лық тізімдерімізге енгізілетін болады. Бұл – 5,5 мыңнан астам адам. Ал ірік-теуден өтпеген, бірақ елеулі қолдауға ие болған азаматтар партияның жаңа кадрлық резервіне енеді.

Сенат депутаты Н.Т�реғалиев Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік ны-сандарын аралады.

(Соңы. Басы 1-бетте)

Нарықтық заманда бəсе ке лестіктің ма-ңызы өте зор. Отандық білім беру жүйесі қашықтан оқыту форматына көшкен сəттен бастап онлайн білім беру платфор-малары арасында бəсеке пайда болды. Ал бəсеке əрдайым дамуға бастайды.

Кеше Білім жəне ғылыми министрі Асхат Аймағамбетов дəстүрлі формат-та оқытуға мүмкіндік алған оқу ошақ-тарындағы санитария талаптары қатаң сақталуы тиіс екенін айтты. Егер мек-тепте бір адамнан, яғни мұғалім неме-се оқушыдан коронавирус анықталған жағдайда мектеп карантинге жабыла-ды. Бас санитар дəрігер бекіткен талап-тар бойынша кезекші сыныптардағы сабақтың басталу уақыты мен қоңырау кестесі əртүрлі болуы тиіс. Əр сынып бір бөлмеде ғана оқытылуы керек. Содан соң бөлме жиі желдетіліп, уақы тында кварц-талып, тиісті зарарсыздандыру құралдары қолданылып, əлеуметтік арақашықтық сақталуы қажет. Сондай-ақ əр кезекші сыныпқа бір мұғалім ғана бекітіледі.

«Осы талап тар орындалуда. Кеше Ақмола облысындағы ауыл мектебі мен елордада орналасқан оқу ошағындағы жаңа оқу жылына дайындық барысын бақыладым. Əріп тестерім де, жергілікті атқарушы органдар да осы жұмыстарды өз деңгейінде ұйым дастырып жатыр. Бұдан бөлек біз арнайы мектеп-интер-наттарына да мүмкіндік бердік. Ондағы ерекше білімді қажет ететін оқушылар да ата-аналарының өтініші бойынша штаттық режімде оқи алады. Бұл ретте балалар интернатта тұрады жəне мектеп

жабық режімде жұмыс істейді. Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеуді ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады», деді А.Аймағамбетов.

Енді студенттер жайына келсек, министр ліктің жақында жариялаған ақпа ратына сүйенсек, еліміздегі барлық сту денттер үшін биылғы жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталды.

Мұндағы бір ерекшелік, 2-4 курста оқитын бакалавриаттарға қатысты болып отыр. Олардың ішінде педагогикалық, гуманитарлық, əлеуметтік жəне IT-ба-ғыт тардағы студенттер күзгі семестрді толық қашықтан оқиды. Ал жаратылыс-тану ғылымдары, техникалық, ауыл ша-руашылығы, денсаулық сақтау жəне өнер сияқты бағыттар бойынша оқытудың ара лас форматы көзделген. Дəрістер мен семинарлар онлайн-форматта өтеді.

Зертханалық, практикалық жəне сту дия-лық сабақтар кампус аумағында қазан айынан кейін басталады.

Екіншіден, магистранттар магис-тра тураға қабылдау емтихандары кеш аяқ тал ғандықтан жаңа оқу жылын 14 қыр күйекте қашықтан оқып бастай-ды. 2-курс магистранттары үшін зерт теу жұмыстары да қашықтан ұйым дас ты-рылады. Қажет болған жағдайда ғылы-ми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру ма-гистранттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады.

Үшінші, докторанттар оқуды қашық-тан оқыту форматында бастады. 1-курс док торанттары толығымен қашықтан оқи ды. Ал 2-3 курс докторанттары қажет болған жағдайда арнайы өтініш жазып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын штаттық режімде зертханаларда жүргізе алады.

Праймериз:

Тіркеу қорытындысы жарияланды

Жаңа форматтағы жаңа оқу жылы

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік пәтерлер кілті тапсырылды. Жаңа тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар. Олар Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшылары мен кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік осал топтары) арасында б�лінеді.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Рауан ҚАЙДАР,«Egemen Qazaqstan»

«Құрылыс саласында қолжетімді тұрғын үй салу өте маңызды. Елбасы қа былдаған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ дарламасына сəйкес жыл сайын мың-даған отбасы көптен күткен баспана-ларын алады. Мемлекет басшысының тап сырмасы бойынша биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе өсті, бұл 8 мыңнан астам пəтер: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын

үй жəне тұрғын үй кезегінде тұрған Тұр-ғын үйқұрылысжинақбанкінің салым-шылары. Пəтерлерді кезекке сəйкес үлестіреміз. Əлеуметтік тұрғын үй əлеу-меттік осал санатқа арналған, бұл ерек ше қажеттіліктері бар балаларды тəрбиелеп отырған аналар, жетім балалар, толық емес отбасылар, зейнеткер лер, ҰОС ардагерлері, көпбалалы отба сылар жəне т.б. Келесі аптаның соңын да тағы мың əлеуметтік пəтерді тап сырамыз», деді қала əкімі Алтай Көл гінов.

Сонымен қатар ол «Қазақстандық

ипотекалық компаниясымен» бірге қолжетімді баспана алушылар санаты кеңейтілгенін атап өтті.

«Осы бағдарлама бойынша əлеу-меттік қызметкерлер, медицина қыз-мет кер лері, мұғалімдер, полицейлер, мəде ниет жəне спорт қызметкерлері пəтер алуға өтініш бере алады. Аптап ыстыққа, жаңбыр мен аязға қарамай жұмыс істейтін құрылысшыларымызға ерекше алғыс айтамыз. Əрқайсыңызға амандық, денсаулық жəне табыс тілей-мін. Қоныс тойларыңыз құтты болсын!» деді елорда əкімі.

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасы Лəззат Ибра ги мова биыл соңғы 8 айда 5 мың банк салымшы-сы өз үйлерін алғанын жеткізді.

Әлеуметтік пәтер кілттері тапсырылды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Ауыл» партиясы ауылдық фельдшерлерге COVID-19-бен ауыратын науқастарды диагностикалау, алдын алу және емдеу бойынша онлайн-оқыту семинарларын бастады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Рауан ҚАЙДАР,«Egemen Qazaqstan»

Жақында партияның Орталық аппа-ратының еріктілері мен белсенділері жүр гізген ауылдық аймақтардағы меди -циналық қызметтердің сапасына жүр-гізілген мониторингтің қорытын ды сын шығарды. Талдау ауыл тұр ғын дарының көптеген мəселелерін көрсет ті. Соның ішінде меди циналық персо налдың, фельдшерлік пункт тердің, дəріха на-лардың, жедел жəрдем маши наларының жетіспеушілігі байқалды. Ауыл дəрі-герлері корона ви рустық инфекция-ны емдеуде ақпараттың жоқтығына шағым данды. Осы мониторингтен кейін «Ауыл» партиясы ауылдық фельдшер-лерге арналған онлайн-оқыту курста-рын ұйым дастыруға шешім қабылда-ды.

Онлайн-курстардың алғашқы эфирін

Нұр-Сұлтан қаласының дəрігерлері, жоғары санатты невролог-эпилептолог дəрігер, «Астана медицина университеті» КеАҚ, Психиатрия жəне наркология кур-сы бар неврология кафедрасының доценті Алтынай Мұқашқызы мен жоғары са-натты невролог дəрігер Гүлнəзия Сəдуа-қас қызы өткізді. Спикерлер осы жаз да провизорлық орталықтарда жұмыс істеп, індет жұқтырған науқастарды емдеуде мол тəжірибе жинаған.

Бейнеконференцияға еліміздің барлық аймақтарының ауылдық елді мекен-дер дəрігерлері қосылды. Спикерлер COVID-19 симптомдарын суық тиюдің белгі лерінен қалай ажыратуға болатыны туралы практикалық кеңестер берді. Ем-деу хаттамалары туралы айтып, ін дет тен кейінгі кезеңде пациенттерді оңал туға тоқталды. Олардың айтуынша, ем деудің толық курсынан кейін пациент терді 3-6 ай бақылауда ұстау керек.

«Бұл пациенттердің көпшілігінде асқынулардың болуына байланысты. Ковидтің жүрекке əсері күшті. Сондықтан қазір біз инсульт пен инфарктпен ауы-ратындарды көптеп кездестіреміз», деді Г.Сəдуақасқызы.

«Астана медицина университеті» КеАҚ, Психиатрия жəне наркология кур-сы бар неврология кафедрасының доценті Алтынай Мұқашқызы аталған індетпен екінші рет ауырған жағдайлар барын алға тартты.

«COVID-19-бен ауырған пациентте антиденелер пайда болған соң қайталап ауырмайды деп қателесуге болмайды. Қазірдің өзінде науқастар екінші рет ауырған жағдайлар бар. Жаңа туған неме релерінен жұқтырған егде жастағы науқастарды кездестіреміз, оларда ауру симп томсыз өтеді», деп ескертті А.Елу-баева əріптестеріне.

Бейнеконференция соңында спикер-лер дəрігерлерді пациенттерін спортпен шұғылдануға ынталандыруға, тыныс алу жаттығуларын жасауға, жақсы көңіл күйде жүруді ұмытпауға жəне дұрыс та-мақ тануға көп көңіл бөлуге шақырды.

Ауыл дәрігерлеріне арналған семинар

Шешімін күткен мәселелер бар

«Қазсушар» кəсіпорнының аймақтық филиалының басшылығымен кездесуде депутатқа Жайық өзеніндегі су дең гейі-нің төмендегені айтылды. Депутат «Жа-йық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі Шаған өзені ағысындағы су көлемінің азаюына алып келеді. Ал Шаған өзенін бұру облыстың оңтүстік бөлігін су-мен қамтамасыз ететін Жайық-Көшім ирри гациялық жүйесінің негізгі көзі

ретінде үлкен шаруашылық маңызға ие. Сондықтан Жайық өзеніндегі жағдайды өңірлік деңгейде емес, мемлекетаралық дең гейде шешу қажет», деді.

Сенатор Жайық-Көшім ирри га ция-лық жүйесінің құрамына кіре тін Киров суқоймасын жаңғырту қажет тігіне назар аударды. Н.Төреғалиев ал да ғы уақытта республикалық бюджет тен қаражат бөлу туралы мəселені көтеретініне сендірді.

* * *Мәжіліс депутаты Н.Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында халықпен кездесті.

Кездесуде ол əлеуметтік-экономи ка-лық мəселелер, соның ішінде автомо биль жолдарын жөндеу, тұрғын үй салу жəне тұрғындарды жоғарғы жылдам дық ты ин-тернетпен қамтамасыз ету, ауыз су сияқ-ты бірқатар мəселелерге назар аударды.

Сапар барысында ол Абай ауданының Қарауыл ауылында жергілікті тұрғын-дармен кездесіп, таза ауыз сумен қам-тамасыз ету жұмыстарын, жаңадан са-лынып жатқан мектеп құрылы сы мен тұрғын үйлерге барып, құрылыс шы-лар мен жүздесті. Ал Аягөз қаласында дəрігерлермен жүздескен Н.Са-бильянов ауданаралық ауруханада жа -ңадан ашылған, заман талабына сай медициналық құралдармен жабдық тал-

ған ангиографиялық бөлімнің жұмысы-мен танысты. Іссапар барысында депутат Алғабас, Қайнар, Абыралы ауыл дарында халықпен кездесті. Н.Саби льяновтың сөзіне қарағанда, Семей ядролық по-лигонынан зардап шек кен азаматтарға əлеуметтік, медици налық көмек көрсетуді арттыру, мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету, таза ауыз су-мен қамтамасыз ету (Алға бас, Абыралы), электр жарығының қуаттылығын арт-тыру, көмірдің бағасын реттеу, тұрғын үй салу, жол жөндеу, пошта қыз метін жақсарту мəселелері үнемі назарда болуы тиіс. Сондай-ақ депутат Семей – Қайнар автожолын жөндеу, жаңа көпір салу жұмыстарын көрді.

* * *Сенатор Д.Мусин Шығыс Қазақстан облысында �ңір басшылығымен, ветеринарлық қызмет мамандарымен және кәсіпкерлермен кездесуде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту проблемалары мен перспективаларына назар аударды.

Депутат алдағы сессияда Сенат «Қазақ стан Республикасының кейбір заңна малық актілеріне асыл тұқымды мал шаруа шылығы мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту-ралы» заң жобасын қарайтынын айтты. Сон дай-ақ кездесуде өңірдің экспорттық əлеуеті, асыл тұқымды мал өсіру мен селек ция жүргізуге субсидиялар беру мəсе лелері жəне асыл тұқымды мал шаруа шы лығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары талқыланды.

Депутат Ұлан ауданындағы 3500-ден астам ірі қара мен 1500-ге жуық марал өсіретін ірі шаруа шылықтардың бірінің жұмысымен танысты. Шаруа қожалығы округ тұрғын дарын жоғары сапалы өнім-дермен – ет жəне сүтпен ғана емес, ең бас-тысы – жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Се натор «Қазақтың ақбас тұқымының Рес пуб ликалық палатасы» төрағасымен мал шы лардың мəртебесін көтеру жəне олардың əлеуметтік жағдайын, ветерина-рия саласындағы мəселелерді талқылады.

* * *Мәжіліс депутаты К.Мұсырман Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар әлеуметтік нысандарына барды.

Депутат Мамлют ауданының Бостан-дық ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдады. Бар-жоғы 236 адам тұратын ауыл хал-қы туған жерлерінің болашағына алаң-даушылықтарын жеткізді. Қазіргі таңда ауылда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектеп жабылып қалудың алдын-да тұр. Себебі білім мекемесінде тек 60 бала ғана оқиды, бұл белгіленген норма-дан аз. Ауыл тұрғындары қашықтан оқы-тылатын жаңа оқу жылының бас талуы-на орай, қашықтан оқыту мүмкін дігінің төмен екендігін айтты.

Сапар барысында депутат Бостандық

ауылында басқа аймақтардан келген аза маттарды қоныстандыру бағдар-лама сының орындалуын қадағалады. Жер гілікті атқарушы орган өкілдері атап өткендей, мұнда көшіп келгендер жұ мысқа орналастырылып, балалары мек теп жəне балабақшамен қамтамасыз етілген. Былтыр Жамбыл облысының Қор дай ауданынан жергілікті кəсіпкердің қол дауымен салынған үйлерге үш отбасы көшіп келген. К.Мұсырманның айтуын-ша, тірек ауылдарға жатқызудың қол да-ныстағы өлшемдері елдің солтүстік өңір-леріндегі демографиялық жағдайды ес-кере отырып, қайта қарауды талап етеді.

* * *Сенат депутаттары Н.Бекназаров пен А.Қапбарова Шымкент қаласы К�кбұлақ кенті тұрғындарының сапасыз байланыс пен интернеттің жоқтығына қатысты шағымдарын тыңдады.

Олар жергілікті билік пен байланыс операторына жүгініп, мəселені тез ара-да шешуді сұрады. Белгілі болғандай, ауданда қажетті құрылғы орнатылған, тек сигнал қажет болып тұр. Əкімдік мəсе-ленің жуық арада шешілетінін айтты. Себебі жаңа оқу жылы басталғалы тұр жəне Көкбұлақ мектебінде білім ала тын

452 оқушының қашықтан оқуы үшін ин-тернет қолжетімді болуы тиіс.

Бұған дейін мектеп екі 4G-модем құ-рыл ғысымен жұмыс істеп келген, бірақ олар дың жылдамдығы төмен. Қазір де байланыс операторы интернет са па сын арттыру мақсатында WI-MAX опти калық желісін қосу жұмыстарын атқаруда.

* * *Сенат депутаты А.Лукин пандемия жағдайындағы құқық қорғау органдарының жұмысын Нұр-Сұлтан қалалық криминалдық полиция, жол-патрульдік қызмет полкі, жергілікті полиция қызметі және к�ші-қон полициясы қызметкерлерімен талқылады.

Депутат жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту, карантиндік шектеулер мен құқық бұзушылықтардың алдын алу кезіндегі көңіл көтеру орындарының жұмысы туралы айтты. Сонымен қатар ол жолдардағы жол-көлік оқиғаларын азайту, автокөліктер санының үнемі өсуі жағдайында жол оқиғаларынан бола-тын əлеуметтік жəне экономикалық за-лалды азайту, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін мамандар даярлау, халықты ақпарат-

тандыру деңгейін арттыру жəне шектеу ка рантиндік шаралары кезінде ойын-сауық орындарының жұмысын бақы-лауды күшейту бойынша жұмысты жақ-сарту қажет екенін атап өтті.

Əкімдік қызметкерлерімен əңгі-ме барысында депутат елорда тұрғын-дарына мемлекеттік қолдаудың қолда-ныс тағы құралдары, мемлекеттік бағдар-ламалардың мүмкіндіктері жəне оларға қатысу ережелері туралы мүмкіндігінше көбірек айту керектігін жеткізді.

* * *Сенатор В.Волков Қостанай облысының тұрғындарымен және басшылығымен кездесті.

Сенатор өңірдегі жедел басқару орталығында болды. ЖБО бастығының айтуынша, жыл басынан бері «102» пультіне 100 мыңнан астам дабыл қоңырауы түскен. Басты міндеттердің бірі қылмыстарға дер кезінде ден қою жəне ашу болып қала береді. Осы жылдың басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 66 қылмыс ашылып, 17 мыңға жуық əкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сенатор карантин жəне енгізілген шектеулер кезеңінде азаматтардың құ-қық тарын қорғау, құқық қорғау жүйе-сін жаңғырту, сондай-ақ əкімшілік жəне

қылмыстық заңнаманы реформалау мəселелерін қозғады. Ол заң шы ғару саласында жүргізіліп жатқан жұмыс-тарға назар аударды. Облыстық Поли-ция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы төтенше жағдай режімі кезінде шетелдіктердің елде болу тəртібін заңнамалық деңгейде реттеу ту-ралы ұсыныс жасады.

Өз кезегінде сенатор бұл ұсынысты Сенаттың профилді комитетінің алдағы отырыстарының шеңберінде талқылауға уəде берді.

«Егемен-ақпарат»

Page 3: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛ 3ЭКОНОМИКА

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Т�рткүл дүниені жаман тұмаудың екпіні мен тепкісі тәлтіректетіп жібергелі елді азық-түлікпен қапысыз қамтамасыз ету жайы айрықша маңызға ие болып отыр. Соңғы уақытта әлемнің әр қиырындағы кейбір мемлекеттер азық-түліктің тапшылығын тартуда. Жоқшылықтың лебі шарпымаса да қазірден бастап қамданған абзал. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету белдеуіндегі бүгінгі ахуалды сараптап к�релік. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Байқал БАЙ­ДІЛ,«Egemen Qazaqstan»

Облыстың жалпы аумағы 300 шақырымды құрайтын 17 ауданы азық-түлік белдеуіне енгізілген. Жері кең, шөбі шүйгін өлкеде жалғыз Нұр-Сұлтан қаласын емес, тұтас еліміздің аузынан ақ май ағызатын мол мүмкіндік бар.

Биыл ресми түрде миллионнан астам тұрғыны бар Нұр-Сұлтан қала-сын қамтамасыз ету үшін 88,2 мың тонна ет жəне ет өнімдері қажет болса, Ақмола облысының үлесі-не бір жылдық көрсеткіш аясын-дағы сыбағасы 29 мың тонна екен. Алғашқы жартыжылдықта бұл жоспардың 33 пайызы орындалған. Ішкі мүмкіндік əлі де жетерлік. Бұл үшін біздіңше, «Казбиф» компания-лар тобы тəрізді ірі мал бордақылау алаң дарын көбірек ашу керек. Себеп, ауыл тұрғындары қарекеттеніп мал бақ қанымен, бағымындағы қара мал дың тірідей салмағын 18 айдың ішін де 4 центнерге жеткізе алмайды. Өйт кені шаруаның шарбағындағы мал азығы жұтаң. Бар болғаны шөп пен сабан ғана. Өзге жем табыла бермейді. Сол себепті де қорасындағы малдың игілігін көре алмай отыр. Есеп ке жүгінсек, бір бас қара малды қыс та тып шығару үшін екі тіркеме шөп керек. Биыл құрғақшылық бо-луы себепті шөп бағасы да өсіп кетті. Қазір бір тіркемесі 40-45 мың тең ге-ге сатылуда. Екі тіркемеңіз 90 мың. Бағымындағы қара малды қыс тан шығару үшін жем де керек. Со н да тапқан пайдасы шығынын жаба ма? Оның үстіне шаруаның өз ең бегін ақшаға шағып есептесе, қып-қызыл шығын болып шығар еді. Жеке ша-руаның көсегесін көгертпей тұр ғаны да осы. Ал бордақылау алаң дарының мүмкіндігі зор. Демек, малшы қауым төлін көтеріңкі бағамен бордақылау алаңына тапсырса ғана азын-аулақ пайда таппақ. Оның үстіне мал тұқымы азып кеткен. Пайдаға шығу үшін асыл тұқымды мал баққан лəзім.

Облыс шаруашылықтарында 502 052 бас қара мал бар. Оның 143 875-і ауыл шаруашылығы құры-лым дары на тиесілі. 91 140-ын шаруа қо жа лықтары бағып отыр. Ал ауыл -дағы ағайынның қолында 267 037 бас бар. Биыл төл төгіні жаман емес. Өткен жылмен салыстырғанда бір -шама өсім бар. Тек мал тұқымын асыл -дандыру мəселесі олқы соғып тұр. Бағымдағы малдың тек 16,3 пайы зы ғана асыл тұқымды. Ет жəне ет өнім-дерінің молшылығын жасау үшін мал тұқымын жаппай асылдандыру керек. Бірнеше жылдан бері шетелден та-бындап тасып, өз төлі есебінен көбей-тіп жатсақ та, асыл тұқымды малдың қара сы көбеймей-ақ тұр.

Облыста төрт түлік мал өсіруге мүмкіндік көп. Жер көлемі 13 млн 199 мың гектар жерді құраса, оның 38 пайызы егін алқаптары, қалғаны мал жайылымына əбден жарамды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын-дарына 340,7 мың тонна сүт жəне сүт өнімдері қажет. Ақмола облысы күні бұрын белгіленген жоспар бо-йынша 114,1 мың тонна өнім жеткізуі керек. Алғашқы жарты жылдықта бұл жоспар 34 пайызға орындалған. Облыста қазір осы орайда, үміт отын тұтататын бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ. 2020 жылдың соңына дейін төрт бірдей ірі тауарлы сүт фер-масын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл фермаларда 4900 сауын сиыр бағылмақ. Сүт молшылығын жасайтын бір жоба осы. Екіншісі, халықтың қолындағы мал сүтін са-тып алуды дұрыс ұйымдастыру. Мұ-ның екі түрлі тиімділігі бар. Бірін-шісі, астана жұртшылығын сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп, сау да сөрелерінен жасанды сүтті ығыс тырса, екінші жағынан елдегі мал сү месімен күн көріп отырған мал-сақ қауым көп-көрім пайда табар еді.

Облыста өткен жылы 383 мың тонна сүт өндіріліпті. Сүт өнімдерін өңдеумен небары 15 кəсіпорын ғана айналысады. Осы кəсіпорындар жыл ішінде 146 мың тонна сүт өнімдерін да йындауға қауқарлы.

Тұтыну шы лар дың ішінде Нұр-Сұлтан қала сының тұрғындары да бар. Ірі шаруа шылықтардың көпші-лігі Нұр-Сұлтан қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету бағдар лама-сына қатысады. Мəселен, тəулігіне 40 тонна сүт өнімдерін дайындайтын Це ли но град ауданындағы «Родина» шаруашылығы барлық өнім дерін Нұр-Сұлтан қаласының сау да сөре-леріне жеткізеді. Сондай-ақ об-лыс тың өндірген өнімі елорданың «Евразия», «Əлем», «Шапағат» тəріз-ді баз ар ларымен қатар 14 сауда орын-дарында сатылады.

Қазір облыста тауарлы сүт өндірі-сі м ен айналысып отырған ірі 45 шаруа шылық бар. Мəселен, «Родина», «Есіл-агро», «Камышенко», «Бела-ғаш» серіктестіктері. Жеке шаруа-шы лықтар үшін тым ауыр соғатын бұл іске белсене кірісетіндер саны аз. Сондықтан табыс көзінің бір сала сы сүт өндірісі екенін сыналай ай тып кеткеніміз де артық болмас. Мəселен, Бурабай ауданындағы «Əбдірах-манов» жеке кəсіпкерлігі осыдан бір-неше жыл бұрын жұмысын небары он сиырдан бастаса, қазіргі күні са-уын сиырдың басын 200-ге жеткізіп отыр. Бұл салада серпіліс жасауға де-ген ұмтылыс бар. Бұл орайда Ақкөл ауданындағы «Еңбек», Астрахан ауданындағы «Камышенко», Бұланды ауданындағы «Никольское», Зеренді ауданындағы «Аққайың Ж» жəне «Жақсылық-агро» серіктестіктері асыл тұқымды сауын сиырлардың басын көбейтпек. Бір жаңсақтық, əр басына орта есеппен 3,5 мың еуродан қаражат жұмсалып, Еуропа елдерінен əкелінетін асыл тұқымды малдың дені етті бағыттағы мал екенін айта кетуге тиіспіз. Шеттен əкелінетін ма л дың дені сүтті тұқым болғанда ға на сүт өнімдерінің молшылығын жа сай аламыз. Оған қоса жергілікті жер де мал сүмесімен күн көріп отыр-ған шаруалардың қолындағы сауын сиырдың сүтін сатып алуды дұрыс ұйымдастыру қажет.

Биыл облыста сүт өнімдерін мо-лайту мақсатында бағымында 50-ден 100 басқа дейінгі сауын сиыры бар 18 тауарлы сүт фермасын ұйымдастыру жоспарланған болатын. Қазір алта-уы жұмыс істеуде. Қалғаны қаржы мəселесін қарастыруда. Бұл орай-да мемлекет тарапынан қыруар қамқорлық жасалып отырғанын екпін түсіріп айта кетуге болады. Мəселен, шағын шаруа қожалықтары өткен жылы өндірген əрбір литр сүт үшін 10 теңге субсидия алып келсе, биыл тамыз айынан бастап 20 теңге ала тын болды. Ал 400 бастан жоғары мал бағатын ауыл шаруашылығы құ ры лымдарына өндірілген сүттің əр литрі үшін 45 теңгеден субсидия төле неді. Айта қаларлықтай жəр дем емес пе? Жалпы, өңірде сүт өнім-дерін субсидиялауға 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінгенін айтатын бол сақ, қамқорлықтың қаншалықты дең гейде екені белгілі болар еді. Осы арада субсидияның қайтарымы қан-шалықты нəтижелі болып отыр деген сұрақ та тууы мүмкін. Алаған қолдың береген болуы да керек емес пе?

Салыстыру үшін айта кететін бол-сақ, 2019 жылы еліміз 63 мың тонна етті шетелге шығарған. Жер аума ғы біздің бір облысымыздай ғана Бела-русь бір жыл ішінде 105,7 мың тон-на ет өнімдерін сыртқа экспорттап, 1 млрд доллардай табыс тауыпты. Ауыл шаруашылығы миинстрлігінің ақ па ратына қарағанда, əзірге біраз ба ғыт та импортқа тəуелділік бар. Тəуел сіздік жылдары елімізді азық-түлік пен 80 пайызға дейін қамтуға қол жет кіздік. Солай бола тұра, алты түрлі азық-түлікпен елді қамтамасыз ету үшін сыртқа қол жаяды екенбіз. Бұл не дейсіз ғой, алма, балық, шұ-жық пен колбаса өнімдері, ірімшік пен қант, құс еті.

Басқасын былай қойғанда, асыл тұқымды мал басын көбейту арқылы ет жəне ет өнімдерімен, құс етін, ірім шікті өзіміз-ақ молынан өндіріп, дас тарқанымызды толтырып қоюға болады ғой.

Ақмола облысы

(Соңы. Басы 1-бетте)

Халық көңіліндегі алаңға себеп те бар. Себебі 1990 жылдардың екінші жарты-сын да, жекешелендірудің алғашқы тол-қыны жүрген кезде мемлекеттік мүлік тің бір бөлігі халыққа беріледі деп айтылды. Жекешелендірудің алғашқы жыл дарын да Қазақстанның əр азаматы ірі кəсіп орын-дардың акцияларына ие болып, өздеріне тиесілі үлестерін алады деген түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұнымен 168 жекешелендіру қоры айналысты.

Экономист Тоқтар Есіркеповтің ай-туын ша, үлкен зауыттар жекешелен-дірілген кезде 10 пайызға дейінгі акциясы халыққа тегін беріледі деген уəде болған. Қазір сол акциялардың қайда кеткенін ешкім білмейді. Көрші ел – Ресейде ку-пондар арқылы жекешелендіруді бізден ана ғұрлым сауатты жүргізгені туралы айтылады. Ресейліктер купондарын бір-ден ақшаға айналдырған немесе өз қалау-лары мен белгілі бір тұлғаға сыйлап жі-беру құқықтарын толық пайдаланған.

– 1990 жылдардың екінші жартысында өткен жекешелендіруден халық ештеңе алған жоқ. Қолындағысы жай қағаз болып шығып, алданып қалды.. Үкімет əрбір толқынның қортындысын жариялаған кезде оның халықтың тұрмысына əсер еткенін қоса жариялау керек еді. Бізде керісінше болды. 1990 жылдардың екінші жартысынан бастап бүгінге дейін елде өте бай жəне өте кедей адамдардың қатары көбейді. Ал орта тап жоқ. Əуел бастағы Үкіметтің ұстанымы орта тапты қалыптастыру, оларға жекелешендіру науқанына қатысуға мүмкіндік беру бо-латын, – дейді Т.Есіркепов.

Әлеуметтік саясатқа басымдық

2016 жылға дейінгі екінші толқында жеке шелендірілген нысандардың 90 па-й ы зы – коммуналдық қызмет көрсе тетін мекемелер. Бірінші кезеңдегі 1991-1992 жыл дардағы «Кіші жекеше лендіру» бағ -дарламасы аясында сатылған мем ле кет -тік сауда жəне қызмет нысан дары ның үлесі – 50 пайыз, 1993-1996 жылдар ара-лығындағы екінші кезеңде 5 ірі өнеркəсіп саудаға түсіп, 1700 зауыт пен фабри-ка инвестициялық купондарға өтті, 44 кəсіпорын сенімді басқаруға тапсырылды.

Альпари инвестициялық компания-сының талдаушысы Анна Бодрова мемле-кеттің қарауында болған кəсіпорындарға алға жылжу үшін қозғалыс керек екенін жеткізді.

– Бизнестің дамуы – нарық талабы. Мемлекеттің бизнес секторындағы үлесі-нің төмендеуі елде жаңа капиталдың дамуы на жол ашады. Бұл сапалық тұрғы-дан алғанда өзгеше оқиға. Мемлекет иелі-гіндегі нысанды жекеге өткізгенде жаңа сапалық дамуға көтеріледі деп күтеді , – дейді А.Бодрова.

Экономист Мағбат Спановтың сөзі-мен айтсақ, алғашқы толқында тиын-тебенге сатылған кейбір нысандар, мы-салы, балабақша ғимараттары кейін нен мемлекет тарапынан бюджет қара жаты есебінен сатып алынды. Мұ ны ел ара-сында жекешелендіру науқанын дағы солшылдықтың балалық ауруына теңей-тіндер көп. Алайда сарапшылар қорқы-ныш қа қарамастан, жекешелендіру

өрке ниетті жолмен ашық түрде өтсе эконо микаға пайдалы болуы тиіс еді де-ген пікірді қолдайды.

Қаржыгер Дəулет Сембаев 1990 жыл -дар дың алғашқы жартысында кіріс бөлі-гі нің кенеттен қысқаруына байланысты бюджеттік саясатты қолайсыз эко но-микалық жағдайларға жедел бейім деу қажет болғандықтан аман қалу стра те-гия сы іске асырылғанын айтады. Эконо-микалық реформалардың бірінші кезе-ңінде Қазақстан рубльдік аймақта бол-ды. Сондықтан Қазақстан Ресей Федера-циясындағы əлеуметтік, экономи калық жəне саяси жағдайлардың өзгеруіне тəуел ді болды. 1992 жылы қаңтарда баға ли бе р алданды. Бұл кезде, еліміз рубльдік аймақтан шықпағандықтан, ішкі фактор Ресейдегі əлеуметтік, экономикалық жəне саяси жағдайлардың өзгеруіне тəуелді еді. Сол себепті жекешелендірудің алғашқы толқынының экономикалық емес, əлеу-меттік-саяси сипаты басымырақ.

– Жекешелендіру саласындағы кемші-ліктерге қарамай, белгілі бір нəтижеге қол жетті. Бастысы – экономиканы бас-қару да мемлекет рөлінің азаюы, на-рықтық экономикаға бейімді жаңа шаруа-шылық субьектілерін құру болды, – дейді Д.Сембаев.

Жекешелендірудің үшінші толқыны ғаламдық экономикалық дағдарыс кезіне тура келді. Халықаралық тəжірибе мұндай жағдайда жекешелендіру науқанын жүр-гізуді құп көрмейді. Биыл маусым айын-да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016-2020 жылдары жекешелендірілуі тиіс нысандар тізімін қайта қарауды ұсынып, нəти жесінде кейбір нысандарды жеке ше-лендіру кейінге қалдырылды.

2021-2025 жылдары 137 республикалық меншік жекешелендіріледі. Бұл тізім алдағы уақытта жаңарауы əбден мүмкін. Осы жолы тізімге кірмей қалған ірі ұлт-тық компаниялар ірі инвесторлар мен əріп тестікте не ІРО-ға шығу жолымен жекешелендірілмек. Қаржы министр лігі-нің мəліметінше, жекешелендірудің ІІ толқынын толық аяқтау үшін жыл соңына дейін мемлекеттік жəне квазимемлекеттік сектор меншігіндегі 62 нысан жекенің қолына беріледі. Шілде айына дейінгі мəлімет бойынша олардың 31-і саудаға шығарылды.

Үміттен гөрі күдік басымСарапшылар жекешеленген неме-

се алда жекешелендірілетін нысандар туралы ақпарат ашық емес екендігіне алаңдайды. Ел ішінде «ұлттық капитал-ды алыпсатарлықпен алмастырып алдық. Жекешелендірілген нысандарды ішкі нарықтың субъектісіне айналдырған дар экономиканы дамытуға үлес қоспады. 1990 жылдары жекеменшікке өтіп кет-кен балалар бақшасы мен кітапханаларды мемлекет бірнеше есе бағасына сатып алды. Стратегиялық маңызы бар ірі кəсіп-орындар бəсекелестік қабілеті төмен фир-маларға сатылып кету қаупі де жоққа шығарылмайды.

Медиамагнат Арманжан Байтасов елде ірі кəсіпорындарды сатып ала алатын адамдардың аз екенін, жекешелендіру науқанына тек Forbes тізіміндегілердің ғана мүмкіндігі бар екенін ашық айтқан болатын. Əсіресе тұрғындар əлеуметтік маңызы бар мекемелерді жекеменшікке

беру одан біржола қол үзгенмен тең деген ойда. «Енді сол науқанды қайта жүргізуге не себеп болды?» деген сауалға Үкіметтің айтар уəжі дайын: «Жекеменшікті бəсеке-ге тарту үшін жекенің қолына өтті».

Жалпы, сарапшылар əлемдік тəжіри-беге сүйене отырып, нысандар мен ұйым-дарды басқаруда жеке сектор мемлекет-пен салыстырғанда табысты болатынын айтады. Қазақшалап айтқанда, мұны «өзім дегенде өгіз қара күшім бар» деуге бола-ды. Оның үстіне, жеке бизнестің жаңа жағдайға тезірек бейімделіп, жаңа техно-логияларды да уақтылы енгізуге қабілетті болатынын алға тартады.

Т.Есіркепов жекешелендіруді заңдас-ты ра тын келісімдердің жұртқа ашық жария лаудың кезі келгенін жеткізді. Себебі сатып алушы тараптың жауапкершілігі келісімде көрсетіле ме, жоқ па, ол жағы құпия. Мамандар қазіргі жекешелендіру мүлдем бөлек сипатта екенін аңғарды. Бұл жолы əлеуметтік жағы басымдау. Мемлекет бизнеске «активтерді сатып алыңдар жəне еңбекақы, медицина, білім беру, зейнетақы жəне салық мəселелерін шешіңдер» деп олардың əлеумет алдын-дағы жауапкершілігін тағы да еске салып отыр. Бұл еліміздің əлеуметтік бағыт емес, нарықтық бағытқа қарай ойыса бас-тағанын байқатады. Т.Есіркепов осыған байланысты елде шешімін таппаған мəселе əлі көп екенін айтады. Сақтандыру ком-паниялары халықты əлеуметтік жағы нан сақтандыруға дайын емес, себебі халық-тың төлем қабілеті сын көтермейді. Ауру-ханалар науқастарға МƏМС арқылы қыз-м ет көрсетуге дайын емес, тағы да халық-тың қорға төлеп отырған жарнасы сын кө термейді. Бұл тұста да мемлекеттің жа-уап кер шілігі мен қолдауы ауадай қажет.

– Біз халыққа медициналық қызмет көрсететін нысандар, ЖОО-ны 100 пайыз жекенің қолына өткізуге дайын емеспіз. Бұл халықтың əлеуметтік жағдайын көтеру арқылы кезең-кезеңімен жүруі ке-рек. Нарықтың жəне халықаралық талап-тар дың ығына жығыла берсек, халықты шаршатып аламыз, – дейді Т.Есіркепов.

Экономист Мағбат Спановтың пікірін-ше, біз көп мүмкіндікті уыстан шыға рып алдық. Бізге ел ішінен шыққан инвес-тор керек. Экономикаға қажетті инвес-тицияның 80 пайызын осы орта тап құ-йып отыруы керек, тек 20 пайызын ғана шетел діктердің үлесіне қалдыру қажет. Халықта ақша жоқ. Орта тап деп атауға болатын топтың үлесі тым төмен.

– Сондықтан алдын ала ойласты-рып, жеті рет өлшеген абзал. Ең дұрысы, əлеуметтік-стратегиялық нысандарды жеке меншікке сатқан кезде біраз жайт-ты қайта қараған дұрыс. Қазір ұлттық капиталистерді қалыптастыруға мүмкіндік туып тұр. Бизнес-элита мұны сəтті пайда-ланады деп ойлаймын. Бизнестің əлеу-мет алдындағы жауапкершілігін сезінетін кез келді. Мемлекет квазимемлекеттік компаниялардың бəрін бірдей жекеше-лендіруге шығарған күнде, оны өз бақылауында ұстауы тиіс. Себебі, страте-гиялық маңызы бар индустриялы нысан-дарды сатудан мемлекеттің қауіпсіздігіне залал келуі мүмкін. Тек кімге, қайда сатылса да халықтың сенімін ақтаса болғаны, – дейді экономист.

АЛМАТЫ

ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫСАРАПТАМА

Мал өнімін молайтуға мейлінше көңіл бөлсек

Жекешелендірудің үшінші толқыны ұлттық инвесторларды қалыптастыра ма?

Page 4: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

4 1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛ

Биыл жүргізілген зерттеуге сəй кес Қазақстан мектеп білі мі бо йын ша əлемде 62-орынды ие-ле ніп ті. Қытайдан жоғары тұр сақ та, Қыр ғызстаннан біршама ке-йін қа лып пыз. Ал енді, қашықтан оқитын болсақ, оқушы лар дың бі-лім сапасы айтарлықтай тө мен де-йін деп тұр. Осы ретте өзге ел дер-дің азаматтары бұл тұрғыда қан -дай ойда екенін зерделеген едік.

Жақында New York Times

га зе тінде Ханс Тапария «бұрыннан «хобби» деп санайтын ғалам-тор лық білім пандемияға қарсы коро навирустың қаржылық күй-зе лістерінен құтқаратын күміс оқ болуы мүмкін» деп жазды. Соны мен қоса Microsoft Corpo-ration ком паниясының негізін қа лау шысы Билл Гейтс жəне гу-бер натор Эндрю Куомо «Бізде тех но ло гиялар болған кезде неге бұл ғимараттар қажет? Сы нып тың

«ескі моделі» аяқ тал ды. Ком-пьютермен жəне ноутбуктармен білім беруді алдыңғы кезекте қайта ойластыратын кез келді», деп баяндады.

Бұл – мүмкін бір жағынан тиім-ді де шығар, бірақ студенттер мен оқушылардың көбісінің көңілінен шыға бермейтін бағыт. Иə, бұл ба ғытты ұдайы ұстанбаспыз. Де-ге н мен, уақытша білімге бей-жай қарауға болмайды. Қазақстан қашықтан оқыту сабақтарына материал дық тұрғыдан да, мораль-дық тұрғыдан да дайын ба? Əр от-басы əртүрлі. Кейбірі бала ларын қашықтан оқыту үшін қа жетті техни каны алып бере алмайды. Сол се бепті, министрлік 500 мың-ға жуық компьютерді аса мұқ-таж отбасы ларға беруді көз деді. Əзірге тек 1 тоқсан ғана қашықтан режім де оқылатыны расталды. Ата-ана ларға да, оқушыларға да оңай лыққа түспейді. Дегенмен бі лім алу үшін бəріне дайын бо-луы керек.

Аружан �ЛИЕВА, Алатау ауданы №152

мектеп-гимназиясының 11 «�» сынып оқушысы

АЛМАТЫ

Форсайт сессиялары үш тақырып бойынша өтті: «Бо-лашақтағы қазақ стан дық-тың бейнесін қалыптас ты ру», «Инклюзивті көзқарас пен инклюзивті қоғамды құру» жəне «Халықаралық арена-дағы Қазақстан». Зерттеу жұ-мыстарына отандық жəне шет-елдік сарапшылар тартылды.

Пандемияға байланысты форсайт онлайн форматта өтті. Алайда «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» орталығының же-текшісі Жанар Буканованың айтуынша, мұның да өз ерек-шеліктері бар.

– Бұл форсайттың қызығы да, дербестігі де қоғам санасын жаңғыртуға арналғандығында, – деді Жанар Буканова. – Өйткені, бұл жылдам өзгеріп тұратын сала. Форсайт тех-нологиялары болашақтың келбетін нақты анықтауға көмектесіп, тиімді нəтижелерге жету жолдарын жеңілдете-ді. Өкінішке қарай, бұл құ-рал өзінің тиімділігін дəлел-деп қойғанына қарамастан

ғалым дар мұндай зерттеулерге көп жүгіне бермейді. Бүгінде біз дің зерттеулермен қатар форсайт «Жаңа мамандықтар атласы» жобасының аясында жүзеге асып, жақсы нəтижесін беруде. Жалпы, форсайт зият-керлік технология ретінде зерт теушілерге жаңа формат-тарды қолдану арқылы жарқын болашаққа қол жеткізуге жол ашады. Алдағы уақытта бұл фор сайттың қорытындысы жаңа ғылыми зерттеулерге не-гіз болады.

Зерттеу барысында сарап-шылар қоғамның даму сц ена-риін үш кезеңге бөліп қарас-тырды. Жақын кезең 2025 жылға дейін, орта кезең 2030 жылға дейін жəне алыс қашық – 2050 жыл. Сарапшылар бола шақтың қоғамын түзу ба ры сында бүгінгінің түрлі трендтерін тізіп өтіп, пессимис-тік, реалистік жəне оптимистік сценарийлерін жасады.

Жалпы, сарапшылар дың айтуынша, бүгінгі қоғам спорт-қа құштар, заманауи техноло-гияны жетік меңгерген жəне

өзгерістерге бейім жас тардан құралған. Мəселен, «Global Futures Kazakhstan» ЖШС-нің ұйымдық даму жөніндегі са-рапшысы Олег Мециктің ай-туынша, бүгінгі қалыптасқан трендтердің пайдалысы да көп, қауіптісі де бар.

– Бүгінгі трендтердің бір-қатары патриотизммен бай-ланысты. Отансүйгіш қазақ-стандықтар қалыптасып келе-ді. Қай жерде жүрсе де əлем-ге танымал отандастарымен мақ танатын, ұлтын сүйіп, рəміз дерін қадірлейтін жастар көп. Сондай-ақ білім беру жү-йесінде де жаңа өзгерістер бар. Стандартты білім беру жү йесі ескіріп, бүгінде жеке бағ дар-лама бойынша ілім ізде ген қазақстандықтар саны артып келеді. Бұл жақсы үрдіс, – деді Олег Мецик.

Айта кетейік, форсайт «Рухани жаңғыру» қазақ стан -дық қоғамдық даму инс ти ту-ты ның» қолға алуымен ұйым -дастырылды. Зерттеу қоры -тындысы бойынша қазақ стан-дық қоғамның дамуының 2030 жыл ға дейінгі «жол картасы» жасалып, нақты қадамдар қол-ға алынады.

«Егемен-ақпарат»

–––––––––––––––––––––––––––––К�пшілік қосымша білім беруді баға қойылмайтындықтан маңызы жо қ, баланың жай уақытын �т-кізуге арналған үйірмелер деп қа-был дайды. Ал мұның маңызды еке -ніне елімізде және әлемде дәл осы қосымша білімнің негізінде �з жо-лын тауып, қоғамға қызмет етіп, ай-наласына есепсіз пайда алып келген азаматтар дәлел бола алады.–––––––––––––––––––––––––––––

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,«Egemen Qazaqstan»

Фин оқушылары жылына 20 кітап оқуға міндеттіБілім берудегі көшбасшы мемлекет-

тер дің бірі Финляндия қосымша білім беруге ерекше мəн береді. Бұл туралы фин еліндегі «Finno-Ugric point oy» оқу ор та лығының директоры Эдуард Ха-кимов: «Финляндияда қосымша білім балалар түгілі ересектер арасында да үлкен сұранысқа ие. Бұл елде барлық бала белгілі бір үйірмелер мен секцияларға қатысады, ал ересектердің үштен бір бөлігі «Қоғамдық университет» білім беру курс-тарынан өтеді. Мек теп бағдарламасына қосымша білім беру дің аз бөлігі енгізілген. Оқушылар мек теп мұғалімдері ұсынатын бірнеше бағыт тағы (спорт, өнер, му-зыка, əдебиет) курс тардың үшеуін бір жыл ішінде оқуға таң дайды. Бір қызығы, балалардың қызығу шылығын ескеріп, өзенге барып балық аулауды үйрету секілді хоб би-курстарын да ұйымдастырады. Сол таңдаған курсының бəрін бала бір жыл ішінде бітіруі керек. Негізінен Финлян-дияда қосымша білім берудің басым бөлігі мектеп бағдарламасынан тыс. Мек-тептен тыс үйірмелерге ата-аналар ақша төлейді. Бірақ талантты, дарынды ба ла-ларға спорттық клубтар мен арнайы қор-лар төлеп береді», дейді.

Халықаралық сарапшының айтуын-ша, фин мектептерінде міндетті бағдар-ла мадан бөлек оқушыларға өз бетін ше кі тап оқуды да міндеттейді екен. Əр оқу шы да мек теп кітапханасынан немесе ор та лық кі тап ханадан өз деңгейіне сай кітап алып, оқығанынан түйгенін жазып оты ра тын «Жетістіктер күнделігі» бо ла -ды. Фин оқушылары жарты жылда 10 кі -тап оқуы тиіс. Жауапты мұғалімдер «Же-тіс тік тер күнделігін» айына бір рет тек се-реді, жарты жылда 10 немесе одан да көп кітап оқыған оқушы жартыжылдық оқу қо ры тындысында марапатталады. Елі мі з-де мектеп оқушылары əдетте бағ дар ла ма-дағы пəндерді жақсы оқып бітір гені үшін грамота алып жатады, ал фин мек теп тері оқушыларын өз бетінше ізден гені үшін ын та ландырады. Бəлкім оқуд а ғы тəр бие деген осы жерден басталатын шығар...

Негізгі білім мен қосымша білімде

байланыс болуы керекИə, сонымен финдік оқыту жүйе-

сіндегі қосымша білімнің өзінде бағалау

бар. Ал біз баға қоюды, бағалауды аса қажет етпейтін жүйеге бет алып келе-міз. Бірақ қосымша білім беруді да-мыту тек бағалауға келіп тіреле ме? Шал ғайдағы оқу ошағында театр сту-диясын ашып, 8 жылдан бері жұ мы-сын жүйелі жүргізіп келе жатқан Қос-танай облысындағы мұғалім Ольга Запорожану мектептердегі үйірме сабақ тарының нəтижелі болуы сынып жетек шілеріне жəне олармен қосымша білім беретін маманның бірлесе жұмыс істеуіне байланысты екенін айтады.

«Бүгінде қоғам əрі біздің дамушы мемлекет педагогтерден əлеуметтік жағынан белсенді, шығармашыл, өз бетінше əрекет ете алатын, қазіргі за-ман талап тарына икемделген тұлға тəр-биелеуді талап етеді. Негізі мектеп тегі үйірмелерде сабақ бере тін педагог тер оқушыларының сынып жетек шісімен тығыз байланыс та болуы керек. Мəселен, қазақ тілін білудің қоғамда маңызы артқанын ескеріп, орыс этносының өкілдері көп тұратын Федоров ауданының Кеңарал ауылын дағы орта мектептің қазақ сыныбы мен театр студиясы ара-сында əріптестік орнаттық. Бастауыш сынып мұғалімі Азия Кемелбековамен бірлескен жұмыстың нəтижесінде ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған ви-деороликтер дайындадық. Балалардың өнерін көпшілікке тараттық, яғни театр студиясының оқушылары оқыған өлең-дерді мектептің сайтына, əлеуметтік желідегі ресми парақшаларына салдық. Осыдан соң қазақ сыныбының балала-ры театрымызға көптеп тартыла бас-тады. Біз енді қазақша да, орысша, ағылшынша да қойылымдар қоя ала-мыз», дейді ауылда болса да бірнеше дүркін облыстық, республикалық, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық «Таңғы

шұғыла» байқауында Гран-при жүлдесін иеленген театр студиясының жетекшісі.

Құлағалы тұрған«Тәрбие орталығы»

Расымен, мектептегі бала тəрбиесінде сынып жетекшісінің рөлі зор. Ол – оқу-шы ның мектептегі ата-анасындай тұлға. Бірақ мардымсыз үстемеақыны қолай көрмей, сынып жетекшілігінің жауап ты жұмысынан қашатындар немесе жауап-кершілікке немқұрайлы қарай тындар жетерлік. Сондықтан қосымша білім берумен айналысатын қоғамдық меке-мелердің, нақтырақ айтқанда Оқушы-лар сарайының жұмысын жетілдірген жөн секілді. Бұл ойды алдағы жаңа оқу жылынан бастап қосымша сынып сағаты ретінде оқытылатын экологияның жай-жапсырын талқылауда экономика ғылы-мының кандидаты, профессор Жақ-сыбек Құлекеев айтқан еді. Ол еліміз-дегі қосымша білім беру деңгейінің төмен екенін сынай келе: «Батыстағы қосымша білім берумен айналыса-тын оқушылар сарайына барсаңыз, та-бал дырықтан бастап танымыңыз ке-ңейе ді. Сізді жасыл желек, аквариум, таби ғат тың түрлі байлықтары, өнерлі балалардың жұмыстары қарсы алады. Ал еліміздегі оқушылар сарайларына кіре қалсаңыз, қаңырап бос тұрады. Неге сондай мекемелер мен орындардың қабыр ғаларына дейін тəлім-тəрбие бере-тін дүниелермен, балалардың қолы нан шыққан еңбектерімен, өз өнім дерімен əрлемеске?» деді.

Ғалымның сөзінде жан бар, өйткені қосымша білім берумен айналысатын Оқушылар сарайының тиімсіз қызметіне ата-аналар жиі шағымданады. Оқушылар сарайы əдетте облыс орталықтарында болады. Ал аудандарда бұл жоқ. Бірақ Қызылорда облысының Жаңақорған

ауданында қосымша білім беруді нəтижелі іске асырып отырған Тəрбие орталығы бар.

Аталған Тəрбие орталығының ди-ректоры Əлімжан Ержанов: «Бүгінгінің балалары техникаға, құрастыруға құмар. Осы сұраныстың негізінде Nur Otan партиясының аудандық филиалы бізге роботтехника кабинетін жасақтап берді. Оған оқушылар тегін келеді. Көпбалалы отбасылардың балалары да біздің курстарымызға ақысыз қатыса алады. Бұдан бөлек мектепке қатынап оқи алмай-тын ерекше қажеттілігі бар 3-4 баланы орталығымызда қызығушылықтарына қарай тегін оқытып жүрміз. Ал қалған балалар əр курсқа айына небəрі 100 теңге төлейді. Орталығымыздағы бас-аяғы 21 үйірмеге жылына 700-ге жуық бала қатысады. Солардың жартысынан көбі төлейтін болар-болмас қаражатқа ғимараты нашар орталығымыздың кем-кетігін түзейміз. Қолөнер үйірмелеріне қажетті құрал-жабдықтарды бірдеңе қы-лып тауып жүрміз. Ағаш жонуға арнал-ған станоктарды, тігін машиналарын алғымыз келеді. Оған мүмкіндік бол май жатыр, қолдау жоқ. Шынында біз дікі – жоқтан бар жасау ғана. Əйтпесе орта лы-ғымыздың ғимараты санитарлық талапқа мүлде сай емес. Балаларды тартатын, көз -дің жауын алатын жұмыстарын жар қы-ра т ып іліп қоюға да болады, бірақ құ ла-йын деп тұрған қабырғаны сылау дың, иə əрлеудің мəні бар ма?», деп қынжылды.

Маманның сөзіне қарағанда, аудан əкімдігі де, білім бөлімі де бұл жағдай-дан хабардар. Бірақ 2-3 жылдан бері үздіксіз көтеріліп келе жатқан мəселе əлі күнге дейін шешімін таппай келеді.

Əлде жақында өткен Тамыз конферен-циясындағы Премьер-Министрдің орын-басары Ералы Тоғжановтың сөзінен үміт күтеміз бе? Онда ол «Балалардың

тек 30,7 пайызы ғана қосымша біліммен қамтылған. Бұған қоса балалардың жағ-дайына қатысты ЮНИСЕФ-тің сарап-тамасында өңірлер арасындағы тең-сіздік деңгейіне байланысты табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасыдан шық қан балалардың қосымша білім-ге қолы жетпейтіндігі айтылған. Бұл мəсе лені Қазақстанның Бала құқық тары жөніндегі уəкіл де көтеріп жүр. Қосым-ша білім беруде жан басына қаржы лан-дырудың заңнамалық тұрғыда бекітілуін қамтамасыз етуді жəне нақты тетіктер əзірлеуді тапсырамын», деген еді.

Қосымша білімнің күшіБиыл студент атанған Азамат Дүйсем-

байдың мектеп қабырғасында алған қосымша білімі кейін «Автомат тандыру жəне басқару» мамандығын таңдауына жəне грант ұтып алуына септігін тигізді. Ол оқушы кезінде үйінің айналасындағы қоқыс контейнерінің толып, тіпті қоқыс қалдықтарының айна ласында шашылып жататынын көретін. Сонда «осындай жəшіктердің толғаны туралы арнайы қызметке белгі беріп тұратын мүмкіндігі болса ғой» деп ойлады. Осы ойын мек-тептегі роботтехника үйірмесінде іске асырып, нəтижесінде қоқыстарды өзі жи нап, өздігінен жəшікке салатын авто-матты қоқыс контейнерін ойлап тапты. Ақтау қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінде оқыған Азамат осы жобасын əлемнің əр қиырынан жас ғалымдар мен жасөспірім өнертапқыштар үздік жұмыстарын жол-дайтын АҚШ-тағы «Google science fair» байқауына ұсынған.

«Автоматты қоқыс контейнері тура-лы идеямды іске асырып, жоба ретінде дамытуға сыныптас досым Мейірлан Сүйірханов көмектесті. Екеуміз «Green ecology-Smart system» деп атаған жо-бамызды байқауға өз бетімізше əзірлеп жібергенімізбен, жүлде алмадық. Бірақ біз бұған мойымаймыз. Өйткені бұл бізге ең бастысы əлемді жақсы жағына өзгерте алуға, айналамызға ізгілік сыйлауға мүм-кіндігіміздің бар екенін көрсетті. Біз жо-баны толығымен ағылшын тілінде жазып шықтық. Осының нəтижесінде əлемдегі кез келген ғалыммен ғылым тілінде, тең д ə р е жеде тілдесетіндей, ағылшын тілі міз ді жетілдіріп алдық. Бəрінен де ма ңыз дысы, мен өз бетімше іздеп алған ілі мім мен қосымша білімім арқылы оқуға түс тім. Енді осы жолда маман болып, жо бам ды аяғына дейін жеткізуге жұмыс істей мін», деп ке йіпкеріміз белді бекем буып отыр.

Қосымша білімнің күші балаға тіпті өмірде өзін табуға көмектесуі мүмкін. Азаматтікіндей арнаулы оқу ошақ-тарында болмаса, қарапайым мектеп-тердегі бағдарламалық білімнің көлең-кесінде қалған қосымша білімнің көңіл көншітпейтіні рас. Ал кадр тапшы-лығы ның кесірінен «Биология пəнінің мұғалімі» мамандығын бітірген педагог физикадан сабақ беріп жүргенде ауыл оқушыларының қосымша білімі туралы сөз қозғаудың өзі қиын...

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

Көлеңкеде қалған қосымша білім

ІЗДЕНІС ІЗДЕРІ АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...

Онжылдықтың басты трендтері Онлайн vs офлайн оқу жүйелерінің қайсысы озық?–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қазақстанда форсайт сессиялары аяқталды. Сарапшылар қазақстандықтардың қазіргі басты трендтерін зерттеп, үш бағыт бойынша 2030 жылға дейінгі сценариін ұсынды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Пандемияға байланысты еліміздегі оқушылар сабақты қашықтан оқуға мәжбүр. Мұғаліммен тікелей байланыста бол маған нан кейін білімді айтарлықтай жетілдіру оңайға соқпасы анық. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

БІЛІМ

Page 5: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛ 5

Жаңа оқу жылы қарсаңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар мен ата-аналарға арналған əдістемелік ұсыныстар дайындалғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орта-лы ғының ресми сайтында ерек-ше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқулықтардың электронды нұсқалары мен бейне сабақтар орналастырылған.

Жалпы еліміз бойынша 420 ар-найы білім беру ұйымы бар, оның ішінде 195 психологиялық-педа-гогикалық түзету кабинеті, 98 ар-найы мектеп, 14 оңалту орта лығы жəне 38 арнайы мектепке дейінгі ұйым, 75 психологиялық-меди-циналық-педагогикалық консуль-тация (ПМПК) жұмыс істейді. Пси-хологиялық-педагогикалық түзе ту кабинеттері мен оңалту орталық-тарында 24 503 бала қолдау алады, оның ішінде мектеп ұйымдарына бармайтын 2415 бала бар.

Жаңа 2020-2021 оқу жылында тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дəрігерлерінің келісімі бойынша арнайы біл ім беру

ұйым дарына қашықтан, штаттық, сондай-ақ жабық режімде жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.

Интеллектісі сақталған жəне ақыл-ойы бұзылған балаларға арнал-ған арнайы мектептерге каран-тин кезеңінде штаттық режім мен қашықтан оқыту фор матынан басқа, жабық режімдегі оқыт у нысаны ұсынылады. Яғни оқу шылар мен қызметкерлер мектеп-интернатта тұру үшін оқу орнына бір мезгілде келеді. Арнайы бала бақ шалар жал-пы үлгідегі бала бақшалар режімінде жұмыс істейтін болады.

ПМПК, психологиялық-педаго-ги калық түзету кабинеті жəне оңалту орталықтары қатаң санитар-лық-эпидемиялық талаптарды сақтай оты рып, штаттық режімде өз жұ мыс тарын жалғастырмақ. Сонымен қа тар оқыту арнайы тех-но логиялар ды қолдана отырып, қашық тан оқыту форматында да жүр гізілетін болады.

Арнайы білім беру ұйымдары оқыту форматын ата-аналармен келісе отырып, өздері таңдайды.

«Егемен-ақпарат»

Хамит ЕСАМАН,«Egemen Qazaqstan»

Жам был облысында жаңа оқу жылы на дайындық жұ мыс тары өте əлсіз болып шықты. Əуелгіде дайын дық шараларына бай ланыс-ты тиісті басшыларға бір қатар тап сыр ма бе ріл генімен, оның дені орындалмаған.

Облыстық білім басқармасы ның басшысы Гүлнəр Ходжабергенова-ның айтуынша, бүгінгі таңда өңірде 22 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Ал оның ішінде 9 білім нысаны биыл салынып бітуі керек екен. Құрылыс жұмыстарына 10,1 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ 7,7 млрд теңгеге 42 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Білім басқармасы басшысының келтірген мəліметіне қарағанда, облыстағы 32 мектептің жөндеу жұмыстары биыл 30 тамызға дейін, ал қалған 6 білім ошағындағы күрделі жөндеу жұмыстары тек 30 қыркүйекте ғана аяқталмақ. Яғни жаңа оқу жылының басталғанына аз ғана уақыт қалғанына қарамастан, жұмыстар кешіктірілуде. Бұл ретте облыс басшылығы тарапынан аудан əкімдеріне сын да айтылған болатын. Аудан əкімдері өз аудандарындағы мектеп құрылысының жайын жіті бақылап отырған жоқ. Сонымен қатар мердігерлердің де сылбыр жұ-мысы жаңа оқу жылына дайындыққа қолбайлау болды. Сондықтан да мектептері əлі пайдалануға беріл-меген балалар қаланың шалға йын-да орналасқан мектептерге барып оқуға мəжбүр. Алайда облыс тық білім басқармасының басшысы Гүлнəр Ходжабергенова нысан-дар дың құрылысы мен жөндеу жұ мыс тарының созылып кетуін жұмыс шы лардың жетіспеушілігімен түсін дірді. Ал облыс əкімі Бердібек Сапар баев аталған мəселе бойынша өт кен жиында мектеп құрылысына жəне күрделі жөндеуге байланысты жағ дайлар əуелден-ақ облыстық құ-ры лыс басқармасы мен аудандық құ ры лыс бөлімдерінің бақылауында болуы керек екенін айтқан болатын. «Егер жұмыс барысын қадағаламаса, тех ни калық қадағалау не үшін қажет? Жал пы тапсырмалар не үшін беріл еді? Егер құрылыс басқармасы өз жұ мыс ын жүргізе алмаса», деген еді əкім.

Білім беру саласындағы тағы бір

маңызды мəселе – сырттағы мектеп дəретханаларына қатысты. Былтыр Тараз қаласында орын алған оқушы қызды зорлау əрекетінен кейін осын-дай шешім қабылданған болатын. Облыс əкімінің тапсырмасы бой-ынша, оның бəрі биыл 1 қыркүйек-ке дейін мектеп ғимараттарына ен-гізілуі керек болған. Бұл мақсатқа 1,1 млрд теңге бөлінген. Бірақ осы уақытқа дейін облыс мектептеріне қатысты 285 дəретхананың тең жар-тысы ғана көшірілген болып шықты. Бұл орайда Байзақ, Қордай, Меркі жəне Шу аудандары айтарлықтай артта қалып отыр. Аталған аудандар-ға ақшаның жеткілікті деңгей де бөлінгеніне қарамастан, жұмыс сылбыр жүргізілуде. Сондай-ақ дəрет ханалардың талапқа сай са-лынбауы да қатаң сынға ұшырауда. «Мен аудан əкімдерінің қалай ты-ныш ұйықтайтынын түсінбеймін. Олар дың орнында болсам, желтоқ-сан айында балалардың күн са йын көше дəретханаларына қалай бара-тын дарын ойланатын едім. Бұл балалардың алдында ұят», деген болатын Б.Сапарбаев. Сонымен қа-тар облыстағы барлық мектептерге бей некамералар орнату да күн тəр-тібіндегі мəселенің бірі болып отыр. Бүгінгі таңда өңірдегі білім беру ошақтарындағы бейнекамералардың 80 пайызы ескірген. Енді оны сандық камераларға ауыстыру мəселесі тұр.

Ал биыл жаңа оқу жылының басында қашықтан оқыту тəртібі болғандықтан, оқушыларды ком-пьютермен қамтамасыз ету де маңызды мəселенің бірі. Облыстағы 234 мың 715 оқушының тек 57,4 пайызында ғана дербес компью-тер мен ноутбук бар. Ал 99 мың 852 оқушының, яғни олардың 42,5 пайызының ком пью терлік техни-касы жоқ болып отыр. Жыл басы-нан бері облыс мек тептері үшін 2 658 компьютер сатып алын-ған. Енді жыл соңына дейін 30 мыңнан астам компьютер сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар облыстың 130 елді мекені интернет-пен қамтылмаған. Ал интернетсіз елді мекендерде 123 мектеп бар. Онда 18 мың 937 оқушы оқиды. Бұл да өңірдегі тиісті аудан əкімдері мен білім саласы басшыларының жұмысының жүйесіздігін көрсетеді.

Жамбыл облысы

Болжам бойынша, 2050 жыл ға таман күнгей жақ-тарда халық саны 5 млн-нан асып, жұмыссыздық мəсе лесі күрделене түспек. Керісін-ше, теріскей облыстарда тұр-ғындар саны 1 млн-ға дейін кеміп, оның ақыры əлеу меттік шиеленіске əкеліп соқ тыруы мүмкін. Республика жұрт шы-лығының 50 пайыздан астамы оңтүстік өңірдегі бес об лыс-қа тиесілі екенін ескерсек, атал ған бағдарламаның ішкі көші-қон саясатын реттеудегі, тұрақты еңбек ресурстарымен толықтырудағы мəн-маңызы айрықша. Бүгінде Қызылжар өңірінде 1031 бос жұмыс ор-ны бар. Мағжан еліне көшіп келуді ниет еткен отбасылар-ды экономикалық əлеуеті жо-ғары 224 елді мекенге орналас-тыру жоспарланған. Еліміз бойынша алғашқы қанатқақты жоба қолға алынып, коттедж үлгісіндегі жаңа үйлер салы-на бастады. Баспананың жалға алу бағасы қолжетімді. Бірінші кезекте сұранысқа ие мамандар мен жас отбасыларға беріліп, кейін сатып алу құқығына ие болады. 2018-2019 жылдары 1 мыңнан астам адам тұрақты түрде қоныстанып, үй-жаймен, жұмыспен, жер учаскелерімен қамтамасыз етілген.

«Соңғы екі жылда Шал ақын ауданына 35 отбасы ат басын тіресе, 10 отбасын Сту-пинка ауылының тұрғын дары құшақ жая қарсы алды. Үй де, жұмыс та тез табылды. Өзім жаз да мал бағамын. Қыста мек тепте жұмыс істеймін. Əйе лім мұғалім. Төрт бала-мыз бар. Несиеге бірнеше сиыр сатып алып, шаруамыз-ды дөңгелетіп отырмыз», дей -ді Болат есімді азамат. Мұн дай мысалды көптеп кез дес тіруге болады. Өңір бас шысы Құмар Ақсақалов М.Жұ мабаев ау-данына барған жұ мыс сапа-рында осында кө шіп келіп, ірі қара малын өсіру мен айна-лысып отырған Бəти мə Шар-манованың өнегелі ісін өз-гелерге үлгі етті. «Bere ke» ЖШС-ның жетекшісі мем-ле кеттік бағдарлама аясын-да Словакиядан 100 бас сим-менталь сиырларын əкелген. Ендігі ойы – сүт фермасын ашу. Құмар Іргебайұлы кəсіп-кер əйелге сүт өндірумен ғана шек телмей, ірімшік əзірлейтін цех құруды ұсынды. Бір сөз-бен айтқанда, мемлекет та-рапынан көшіп келушілерді ынталандырудың, əлеуметтік,

тұрмыстық жағдай жасаудың мүмкіндіктері аз емес. Жұмыс беруші жұмысқа кем дегенде бес адамды қабылдаған жағ-дайда 450 айлық есептік көр-сеткіш мөлшерінде қосымша жəрдемақы бөлінетіні де құптарлық.

Десек те, халық тығыз орналасқан, саны көп күнгей-ден теріскейге қарай көш түзегендердің бəріне қолайлы жағдай жасалып жатыр деп айту асылық болар еді. Осыдан екі жылдай бұрын Еңбек жəне халықты əлеуметтік қор ғау министрлігі өткізген алқалы жиынға қатысқанымызда жұ-мыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының сол кездегі басшысының атына біраз сын айтылған. Сонда келтірілген деректерге сүйенсек, еңбекке жарамды 89 адамның 26-ы ғана жұмысқа орналастырылған. Ведомство өкілдері солтүстік жаққа қоныс аударғандардың 47 пайызы ғана екі қолға бір күрек табатынын мойындаған. Мамлют ауданына қарасты Краснознаменное елді мекенін аттай қалап алған оңтүс тік-қазақстандық Айдынбек Қы-дырбаев не жұмыс, не бас пана таппай, сенделіп көп жүр гені сөз болған. Ауылдық əкім-дік тегілер не жарығы, не газы жоқ бір бос үйді босатып бер-ген екен. Амалсыздан далаға от жағып, тамақ пісіруге тура келген. Көпбалалы отбасыға 25-30 мың теңгенің жұмысын ұсынумен ғана шектелген. Қыстың көзі қырауда көмір, отын, тіпті күнделікті азық-түлік сатып алуға қаражат тап-пай, қатты қиналған.

Қызылжар ауданы Архан-гельск ауылында түтін түтетіп отырған Бақытжан Толыбаев от басының жағдайы да осы-ған ұқсас. Шаңыраққа арна-йы келіп, мəселемен жіті та -ныс қаннан кейін жергілікті тұр ғындар тарапынан түскен ш а ғым ның растығына көз жет кіздік. Бақытжан – Түркі-с тан облысы, Отырар ауданы Шə уіл дір ауылының тумасы. Ар найы білімі болмаса да, жас тайынан еңбекпен шыны-ғып өскен. Мал бағудың, басқа кəсіп тердің де қыр-сырына төселген.

– Өздеріңіз жақсы білесіз-дер, оңтүстікте табиғи туу көр-сеткіші жоғары. Жұмыс кү ші жетіп артылады. Қазақстан – бəрі міздің Отаны мыз. Жер-лес теріміздің Сол түст ік

Қазақ станның құнар лы жерін мекендеп, мал шаруа шылы-ғын, диқандықты кəсіп етке-нін естіп, бағымызды сынап көруді ұйғардық. Таныс-біліс-тердің жөн сілтеуімен алды-мен Ғ.Мүсірепов ауданы Пес-ки ауылына тұрақтадық. Ана тілінде білім беретін мектептің жоқтығынан балаларымыз аудан орталығындағы қазақ мектебіндегі интернатта жа-тып оқыды. Интернат үйі суық болғандықтан, ауырып қалатынды шығарды. Өзім жұмыссызбын. Содан Петро-павл қаласында тұратын Назым деген танысыма хабар-ла сып едім, күрежолдың бо-йын да орналасқан Чапаев ел -ді м екеніне (Қызылжар ауда-ны) көшіп келуге кеңес бер ді. Мұн да үй бергенімен, қа быр -ғ алары ылғалданып, сал қын тарт т ы. Ұл-қыздары мыз орыс мектебі ішіндегі бі рік кен қазақ сыныбында оқы ды. Мал ұс-тайын десең, жа йы лым жоқ. Ауызсуды қыс бойы мек теп-тен тасып іштік. Со дан жай лы орын іздестіре келіп, осын да қоныстануды ұй ғар дық. Ең бастысы, төрт тү лік өсіруге мүмкіндік мол. Кез кел ген жұмысты ат қару ға кү шім де, қабілетім де же теді, ар лан-баймын, – дейді қыл шыл-даған қырық жасты еңсер ген Бақытжан бауырымыз.

«Оңтүстіктен – Солтүс-тікке» бағдарламасы шең-берінде үш баспана был-тыр ауыл дың шетінде бой көтеріпті. Орналасқан жері өте ың ғайсыз: желдің өті, қара-суық үздіксіз соғып тұрады. Күздің жауын-шашынында, қыстың ақтүтек боранын-да оқушылардың алыстағы мектепке қатынауы қиын. Орталық көшелерде бос жат-қан жер телімдері бар екені қанша ескертілгенімен, тың-дар құлақ табылмады. Осы жерге тұрғызды. Əрқайсысын салуға 7 млн теңгенің қара-жаты жұмсалғанымен, сапасы сын көтермейді. Əрлі-берлі өткенде сыртынан жұтынып тұрғанына қарап «ə, бəрекелді» деп сүйсінуші едім. Атақты сазгер Шəмшінің ауылынан ат басын тіреген отбасыға құтты болсын айта келіп, қарадай түңілдім. Төрт қабырғаға қарап қалған 9 жанның күйкі тір лігі жанымды қатты жабырқат ты, – деген ауыл ақсақалы Əлім Төлебаев орын алған олқы-лықты тізбелеп берді. Əлі күн-ге дейін электр жарығы тар-тыл мағанын жарыса айтқан үйелменді-сүйелменді шиет-тей балалар көздері боза-рып, теледидар көруге зар. Үйдің сырты қоршалмаған. Отын-суға арналған сарай, мал ұстайтын қора-қопсы салынбаған. «Қоянды көріп, қалжасынан түңіл» демекші, үйдің ішіне кіргенімізде небір келеңсіздікке тап болдық.

Қа бырғалар тілім-тілім болып жа рылып кеткен. Былтыр іс-тен шыққан жылу батареясы-нан су тамшылап ағып тұр. Бөлмелер қазандық арқылы жылытылады. Пеш салудың мүлдем ойластырылмағаны таң дандырады. 7 баланың анасы Мөлдірдің күйеуі са-тып əкелген газ плитасына қа рап қалған. Барлық ас-су осын да дайындалады. Пештің жоқ тығынан үй шаруасы-на епсекті, небір нан-тоқаш, бəліш терді пісірудің хас шебері Мөлдірдің қолы жіпсіз бай ланған. Оның айтуынша, ауылда көпбалалы отбасы лар үшін пештің бірінші қажет-тілік екені ескерілмегені өкі-нішті. Тамақ пісірсең де, шай қайнатсаң да, балалардың киімін кептірсең де, даладан тоңып келгенде жылынсаң да – өте ыңғайлы əрі үнемді. Бəрінен де жанға жылылық сыйлайтын шуағын, қасиетін айтсаңшы. Қазір күн сайын бөлке-бөлке нан сатып алуға мəжбүр. Су алыстан тасымал-данады. Электр есептегішті де өздерінің қаражатына ор-натыпты. Иесіз тұрған екі ақшаңқан үйдің қабырғалары жарылып, еден тақтайлары қақ айырылып кеткен көрінеді.

Отбасының осында қоныс тепкеніне бір айдан асса да, бірде-бір шенеуніктің хал-жағ дай сұрап, есік ашпауы, отағасы мен отанасының жұ-мыс сыз жүргендеріне сал-ғырт, жүрдім-бардым қарау-лары нақты істен гөрі қағазбас-тылыққа бейім бюрократтық тоң мінезді көз алдымызға елес -тетті. Қоштасар сəтте Мө л дір үй өздерінің атына əлі рəсім-делмегендіктен, кіші ба ла сына жəрдемақы ала алмай отыр-ғанын елеусіз айтып қалды.

Үйдің қабырғасына көзі-міз түсті. «Репейная 2 «а» деген жазу бадырайып тұр. Көше нің аты екен. Бұл елді мекенде «Береговая», «Цент-ральная», «Школьная» секілді мəнсіз орысша атаулардан көз сүрінеді. «Береговая» тұ йық көшесі бақандай төртеу бо-лып шықты. Соған қараған-да аудан əкімі Жанат Сəдуа-қасов, Архангельск ауылдық округінің əкімі Ирина Ры-бакова туған жер үшін маңдай терін шүмектеп төккен Социа-листік Еңбек Ерлері Мол-дай Байтөсев пен Еслəм Бə у-кенов тің осы ауылдан түлеп ұшқанын білмейтін сықыл ды. Ауылдан ұзап шығып, арты-мызға қарадық. Үш ақшаңқан үй жұ тынып тұр. Сыртқы кел -беті сүй сіндіреді. Ал іші «ай-да ла да ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау» кейпінен еш айны-майды

�мір ЕСҚАЛИ,журналист

Солтүстік Қазақстан облысы

АЛАҢДАТАРЛЫҚ АХУАЛ

Жарық та, су да жоқӘкімдіктің салғырттығы адамдарды тығырыққа тіреп отыр

Арнайы білім беру ұйымдары қалай жұмыс істейді?

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, жаңа оқу жылында арнайы білім беру ұйымдарының жұмысын 9700-ден астам педагог интернет-платформаларды пайдалана отырып қашықтан оқыту фор-матында, сондай-ақ штаттық режімде жеке және топтарда санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып қамтамасыз ететін болады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Оқу жылы басталды, бірақ...

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елімізде бүгінде бірінші кезекте білім саласына тиісті к�ңіл б�лінуде. Мемлекеттің аталған салаға деген қамқорлығын еліміздегі әрбір �ңір жақсы сезінуде. Білім саласы күрделі сала болғандықтан, мұнда сол саланың басы-қасында жүрген басшылар мен қосшыларға да артылар жауапкершілік жоғары. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Оңтүстіктен – Солтүстікке» к�шу мемлекеттік бағдар-ламасының ұтымды тұстары к�п екені жергілікті тәжі рибеде дәлелденген. Жобаның түпкі мақсаты – «Қазақ станның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында атап �тілгендей, еңбек нары-ғын жаңғыртуды басты бағдар ете отырып, халықты жиі шоғырланған �ңірлерден жұмыс күші тапшы солтүстік аймақтарға ұйыстыру, с�йтіп, экономикалық және демографиялық тұрғыдан теңестіру. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ƏЛЕУМЕТ

Кол

лаж

ды ж

асағ

ан Қ

оны

сбай

ШЕ

ЖІМ

БА

Й, «

ЕQ

»

Page 6: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

6 1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛ

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

БІЛІМ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабы-на сай бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. �йткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен даму-ына жол ашамыз», деп атап �тті. Осы пайымдардың қазіргі жағдайда �зектілігі айрықша екені айқын. Ұлттық сананы сақтау мен жаңғырту қазақстандық патриотизм ұстанымын шынайы қалыптастыру мен оны нығайту мәселелерімен ұштасып жатқаны анық.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қостанай облысында орта білім беретін мекемелер арасында �ткен байқау қорытындысы жарияланды. Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Айтмағамбетовтің айтуынша, биыл �улиек�л ауданындағы С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназия аймақтағы ең үздік мәртебесіне ие болып отыр. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Тəуелсіздік – еліміздің ең басты құн дылықтарының бірегейі. Сон-дықтан тəуелсіздігімізді күннен-күнге ны ғайту, ұлттық мүддені күн де лік ті қорғау, ана тілімізді тиесілі тұғы рына қондыру, жетілген ұлт тық ой-сананы қалыптастыру – аза маттары мыздың асыл парызы. Осы мақ саттағы кезек күттірмес іс-шара лардың бастысы – Отанымызда шы найы патриотизмді қалыптастыру жəне оны жетілдіру. Аталған мақ сат тарды жүзеге асырудың негізгі де түйінді қағидаттары Қа зақ-стан Респуб ликасының Конститу ция-сында толық қамтылған. Тек оларға жіті мəн беріп, басшылыққа алып, талаптарын орындау керек.

Қазақстан Республикасының Конс-ти туциясы тəуелсіз еліміздің құқық-тық актілерінің ішінде ең жоғар ғы са наттағы Негізгі Заңы болып та бы-лады жəне Республика аума ғында

оның пəрменді күші тікелей қолда -нылады. Қоғамдағы құқықтық тəртіп пен заңдылықтың орнығуы – еліміз дің азаматтары мен мемлекеттік орган-дарының Ата Заңымыздың норма-ларын, талаптарын қалтқысыз орын-дауы – еліміздің одан əрі баян ды да өрлеп жетілуінің басты шар ты. Қазақстан қоға мы ның даму процесі Негізі Заңның қуатты жасампаздық əлеуетінен бастау алып жүзеге асады. Бірақ айта кетер жайт, Ата Заң нор ма-ларының қағи дат тары мен талаптары əлі де болса то лығымен жүзеге асы-рылмайды. Өйткені қоғам мүшелерінің бірқатары оларды əлі жіті зерделеп, терең ұғынып, басшылыққа алмаған. Оған дəлел ретінде өмір мы салдары біршама кезігетіні аян.

Тəуелсіздік, патриотизм мен құ-қық тық ұстаным егемен Қазақстанның дамуы мен нығаюының маңызды

негіздері. Сондықтан қоғамымыздың əр мүшесінің бойында патриотизм сезімдерін қалыптастырып, оның деңгейін көтеру қазіргі жағ дайда өте өзекті мəселе болып келе ді. Елі-міздің идеологиясының бас ты тұт-қасы – тəуелсіз даму жолы нан таймай алға басу болып санала ды. Сон дық-тан Негізгі Заңның қағи дат тары-ның маңызын насихаттау аза мат тар-дың отаншылдық, патриотизм ұста -нымдарын қалыптастыруда өте маңыз-ды. Ата Заңымыздың құқық тық нор -маларын терең білу, жете түсі ну қо ғам мүшелерінің Отанға деген сүйіс пен -шіліктерін, оны қорғауға бағыт талған азаматтық борыштарын арттырады.

Бізге патриотизм ұғымының мəнін айқындау маңызды. Патриотизм – грек тің «patris» сөзінен шыққан түсінік. Əуелгі мағынасы «отан, туған жер», қазір гісі – отанға деген сүйіспеншілік, туаған жерге, халқыңа деген адалдық. Шы найы патриот əрдайым елге шынайы сүйіспеншілік танытып, оның өткенін, бүгінгісін, келешегін зор мақ таныш тұтып, жан-жақты көркейіп, гүлденіп дамуына қажымас адал еңбегін арнайды. Патриоттық талпы ныстың басты мақсаты – елдің тыныштығын, халықтың ынтымағын нығайту, қоғамдық татулық пен саяси

тұрақтылықты орнықтыру, ұлттық мүддені қорғау.

Патриоттық іс-əрекеттердің қол-даныстағы заңдарда қамтылған елеулі сипаттарын атап өтсек, Ата Заңы-мыздың 36-бабында: «1. Қазақстан Республикасын қорғау – оның əрбір азаматының қасиетті парызы жəне міндеті. 2. Республика азаматтары заңда белгіленген тəртіп пен түрлер бойынша əскери қызмет атқарады», делінген. Сондықтан Отанды қорғау Қазақстан азаматтарының бірден-бір қасиетті борышы болып саналады.

Қазақстанның Негізгі Заңы ның 37-бабында «Қазақстан Респуб ли-касының азаматтары тарихи жəне мə дени мұралардың сақталуына қам-қор лық жасауға, тарих пен мəдениет ескерт кіштерін қорғауға міндетті», деп атап көрсетілген. Осыған орай қазақ-стандықтар үшін тарихи ескерткіш-терді қорғап, сақтау жəне болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру азаматтық парыз болып саналады.

Ата Заңның 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары таби ғат-ты сақтауға жəне табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті», делінген. Табиғатты қорғап, аялап, оны келешек ұрпаққа қалдыру – отансүйгіш патриот жанның тағы бір қыры.

Негізгі Заңымыздың 34-бабында азаматтардың бірден-бір патриоттық іс-əрекеттерінің жағымды сипаты ретінде, орындауға міндет мынадай маңызды талаптар қамтылған: «1. Əркім Қазақстан Республикасының Конституциясын жəне заңдарын сақ-тауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. 2. Əр кім Республиканың мемлекеттік рəміздерін құрметтеуге міндетті».

Қазақстан Республикасының мем-лекеттiк рəміздері ретінде танылатын Туы, Елтаңбасы жəне Гимнi Консти-туциялық заңмен айқындалған. Қазақ-стан Республикасының мемлекеттік рə міздерін құрметтеуге ұрпақты тия-нақты түрде тəрбиелеу, сондай-ақ олар-дың мəні мен маңызын терең түсіндіру отансүйгіштікті, қазақстандық пат рио-тизмді қалыптастыратыны сөзсіз.

Нақыпбек САДУАҚАСТЕГІ,заңгер-публицист

Думан АНАШ,«Egemen Qazaqstan»

Ескерткіш – ел талғамы

Он шақты жыл бұрын Семейде Алаш зиялыларына қойылмақ ескерткіштің эскизі қолымызға түсті. Қолында балғасы мен орағы жоқ демесеңіз, шом-бал жұмысшы бейнесіндегі əсіреұраншыл пролетариаттың бейнесі болып шыққанын көріп қарадай қарнымыз ашқан. Сонан соң қалалық мəдениет бөліміне хабарла-сып, мəн-жайды біліп мақала жазған едік. Алаш арыстарына тəн зиялы келбеттің кескініне сұрау салғанбыз.

Тағы бірде белгісіз бастамашыл топ Өскеменде І Петр патшаға ескерткіш қоймақ болғанда да брифинг барысында облыстың мəдениет басқармасының басшысын баспасөз өкілдері жан-жақтан сұрақтың астына алып, бөгде ниетті қусыра қуғандай болғаны есте...

Əрине қаламгерлер, əсіресе журналистер қауымы жаманды ғана емес, жақсыны да көре біледі. Əйтпесе сол кезде Өскеменнің қақ ортасына қойылған хакім Абайдың еңселі ескерткішін əспеттеп талай жыр жазылмас еді, шешім əлдеқайда бұрын қабылданса да бітер істің басына келген өңір басшысына «Өскеменге Абай келді» деген мадақ айтыл-мас еді.

Міне, сол Абайдай алыпты жерге қаратқан тағы бір ұнамсыз уақиға сол Өскеменде болғанда өре түрегелген тағы да БАҚ өкілдері болды. Тəуелсіздіктің алғашқы жылда-рынан бастап бітім-болмысы достықтың шаһары ретінде бəдізделіп келе жатқан облыс орталығының Абай мен Михаэлис көшелерінің қиылысында орын теппек болған екі ойшылдың достық рəуішті көздеген ескерткіші езуге күлкі үйірді, «селфи» жасап тұрған іспетті сұрықсыз мешел мүсіндердің ғұмыры бір-ақ түн болды. Одан кейін жабулы қазан жабулы күйінде тағы қала берді.

Енді бірде белгілі бір батыр бабасының бес қаруы бойында, жараған атқа мінген мүсінін гаражда ұстап отырған бір кəсіпкер ағамызбен əңгімелескенімізде ескерткішті қоярға жер таппай отырғанын, сатып алушы-лар болса саудаға шығаруға да бейілділігін танытты. Міне, бұл – біздегі ескерткіштер дүниесіне деген көзқарасымыздың жеткен жері. Яғни, тапсырыс берушінің көңілінен шықпаса басқа бір қолы жеткен рудың баяғы замандағы бір батырының бейнесіне қолма-қол айналып кете бармақ.

Соңғы жылдары қалыптасқан, шын мəнінде көз жұма қарайтын тағы бір келеңсіз үрдіс ірі қалалардан шалғай жатқан аудандар-да орын алып жатыр. Яғни, алыс ауылдарда қазір жергілікті жердің құрметті тұлғаларына арналған ескерткішті темірден де, қоладан да емес, цементтен құйып қоя салатын болды. Бір қарағанда бəрі дұрыс сияқты. Ескерткіш тұғырында тұр. Тұғыртасына есім-сойы əдіптеліп жазылған. Жан-жағы шарбақпен қоршалған, гүлдер егіліп абаттандырылған. Бірақ бар гəп – құрылыстың орындалу сапа-сында. Арматураға бекітілген цемент сылақ бір-екі жыл өтпей жауын-шашынға төтеп бере алмай сылынып түсіп қалады. Иə, аста-надан арнайы меймандар шақырып ашқан мүсініңіздің келер жылы бір құлағы жоқ, мұрнының ұшы кертілген, аузы кемиектеніп қалған немесе кеудесінен қара темір шығып тұрған пұшайман бейнесінен қарадан қарап қысыласыз.

Тіпті аңдап қараған адамға мұндай орашолақ орындалған мəдени нысандарды облыс орталықтарынан да тауып алуға бола-ды. Оның сыртын бояп-сылап қойғанымен қоладан құйған, мəрмəрдан соққан мүсінге жете ме?! Ал жергілікті басшылықтың есебі түгел – елге де, жоғарыдағы басшылыққа да жақты, елдіктің нышаны іспеттес ескерткіштің кейінгі ахуалы ойландырмайды.

Жалпы, тастан балбал қашаған бағзыдағы бабалардың мүсіншілігі бізге қонбаған ба, ескерткіштерге келгенде еңсемізді көтере алмай, жер шұқып қала беретініміз неліктен екен? Қаржы қолбайлау ма, жауапкершілік жоқ па, əлде талғамға таласпаудың кері ме? Қаржы дейін десек, кейбір елдердегі бюджеті əлденеше есе кем ескерткіштері еңселі, ерек-ше мазмұнды-ақ. Əсілі, бұл да жауапкершілік пен талғамның жоқтығынан болса керек. Бұл екеуі жоқ болған соң бөлінген қаржы да «ұшты-күйлі жоғалады».

Жуырда Семейдегі Абай мұражайында хакімнің екі ұлы – Ақылбай мен Турағұлмен түскен белгілі фотосуретінің негізінде ескерткіш қойылды. Егер ескерткіш порт-реттік нұсқадан дəлме-дəл көшірме болса, онда оның өнер туындысы ретіндегі баға сы қаншалықты болмақ? Хакімнің хақ ескерткіші – Алматыдағы Республика сарайы ның алдындағы ақын мүсінін сомдаған Хакім жан Наурызбаевқа ақыл-кеңесті əйгілі Əуезовтің өзі берді. Жалпы, отызыншы жылдардан бас-тап ақын суреттерін сала бастаған қылқа лам шеберлері сүйенген осы фотосурет қо лында болса-дағы тұңғыш кəсіби мүсінші Жиде-байға дейін барып, ақын ұрпақтарымен кезде-сіп, дала данышпанының болмыс-бітімін са-насында пісіріп барып жұмысқа кіріскен екен. Бүгінде біздің мүсіншілерге жетпей тұрғаны да осы бір ізденістің кемшіндігі сияқты.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––Петропавлда жаңа мектеп пайдалануға берілді. 900 орынға шақталған бұл ғимаратқа 1935 жылы салынған ескі үйде сығылысып отырған қаланың №6 қазақ мектебі к�шті. 300 орынға шақталып ашылған ескі мектеп үйі облыс орталығындағы алғашқы және жалғыз қазақ мектебі еді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жақсыбай САМРАТ,«Egemen Qazaqstan»

Оның қабырғасынан солтүстіктің талай қырандары қанат қаққан. Жанынан интернат ашы-лып, онда бір кезде бүкіл облыстан келетін балалар оқыған болатын. Сондықтан да бұл қызылжарлық қазақ зиялы қауымы үшін көзге ыстық, жылы ме-кен. Қазір ондағы оқушылар саны сыйымдылығынан 3 есеге асып кеткен. Осыны ескерген облыс, қала басшылары «Жас өркен» деп аталатын жаңа шағын ауданға салынған жаңа ғимаратты аталған мектеп-ке берді.

Есігін айқара ашып, оқушыларын күтіп отырған заманауи үлгідегі жаңа мектепті облыс əкімі Құмар Ақсақалов аралап, шəкірттер мен ұстаздарға сəттілік тіледі.

«Жаңа мектепте оқушылар заманауи талаптарға сай білім алып, еліміздің белсенді де білімді азамат-тары болуына тілектеспіз. Ескі мектептің тар екенін ескеріп, екі жыл бұрын жаңа ғимарат салу жөнінде шешім қабылдағанбыз. Міне, енді сол білім ордасы

өскелең ұрпаққа есігін айқара ашып отыр. Бұл мек-теп оқушылары мен ата-аналарының ғана емес, бар-ша Қызылжар тұрғындарының қуанышы», деді ол өзінің сөзінде.

Жаңа ғимаратта балаларын оқытуға қазірдің өзінде 970 ата-ана өтініш білдірген екен. Бұл жер қаланың жаңа үлгідегі əсем үйлері салынған жаңа шағын ауданы. Осы арада жаңа жылдың қарсаңында, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жаңа ғимараты да есігін ашпақ.

Биыл Солтүстік Қазақстанда мектеп табал ды-рығын алғаш рет аттайтын балдырғандар саны 9 мыңнан асады. Бұл былтырғыдан 500-ге дейін артық. Оқушылар санының өскені халық саны өскенінің

айғағы. Қазір Қызылжарда қазақ тілінде оқытатын он мектеп бар. Соның өзі талапқа сай келмей, қазірдің өзінде аздық етуде. Қала іргесіндегі Бескөл ауылын-да да биыл 600 орындық қазақ мектебі есігін айқара ашады.

Өңір басшысы колледждерде де болып, қон дыр-ғыларды жаңарту жұмысымен танысты. М.Жұмабаев атындағы колледжде 3D моделдеу, роботтехни-ка, веб-дизайн кабинеттері ашылды. Сондай-ақ «Петропавл кəсіптік педагогикалық колледжінде» автомашиналарды жөндеу жəне тексеру цехы ашыл-ды.

ПЕТРОПАВЛ

Нұрқанат ҚҰЛАБАЙ,«Egemen Qazaqstan»

Ал кəсіптік-техникалық білім беретін мекемелердің ішінен Қостанай педагогикалық колледжі озып шыққан. Аталған білім ошағына 34 млн теңгенің

сертификаты табыс етілді. Биыл об-лыста 300-ге жуық ұстаз жоғары марапатқа ие болды. Мысалы, 7 мұғалім «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін кеудесіне тақса, 8 мұғалім «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісіне ие болды. Мұның сыртында, білім

саласында талмай еңбек етіп келе жатқан жүздеген ұстазға Білім жəне ғылым министрлігінің Құрмет гра-мотасы мен Алғыс хаты жəне облыс əкімінің грамоталары табыс етілді.

– Жаңа оқу жылының 1 тоқсанында білім беру негізінен қашықтан ұйымдастырылады. Облыс мектептері үшін бұл жаңалық емес. Өткен жылы біраз тəжірибе жинақтадық. Аймақтың білім беру саласын цифрландыру бағытында да қыруар шаруа тынды-рылды. Мəселен, соңғы үш жыл ішінде облыс мектептерінде жалпы сомасы

340 млн теңгеге 66 IT-сынып жəне 32 роботтехника кабинеті ашылды. Биыл жазғы маусымда 1,4 млрд теңгеге 6 мың компьютер сатып алдық. Бұған қоса, 15 қыркүйекке дейін үкіметтік резервтен бөлінген 2,4 млрд теңгеге 15 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алуды ойластырып жатырмыз. Сондай-ақ жаңа оқу жылына қажетті оқу материалдарын сатып алуға ша-мамен 1,2 млрд теңге жұмсалды, – деді Е.Айтмағамбетов.

Қостанай облысы

Қазақ мектебінің жаңа ғимараты ашылды

ҚОҒАМ

Аймақтың үздік білім ордасы

Ата Заң және қазақстандық патриотизм

Page 7: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛ 7АБАЙ ЖОЛЫ

Дәуір арқылы Абайды ашамыз ба,

Абай арқылы дәуірді ашамыз ба?

Тəкен Əлімқұловтың Абай іліміне мықтап ден қоюы ертеден басталған. Елуінші жылдардың басында Мəскеудегі Əдебиет институтында оқып жүрген кезінде «Жұмбақ жанның» алғашқы нұс қасын «Абай» деген атпен ұлы ақын-ның қайтыс болғанына 50 жыл толу қарсаңында 1958 жылы Қазақ мемлекеттік көркем əдебиет баспасынан шағын кітап етіп шығарды. Мəскеудің «Советский писатель» баспасынан «Абай Кунанбаев» атты кітабы да басылды. Одан кейін де республикалық жəне облыстық баспа сөз беттерінде Абай туралы зерттеу мақа-лалары үзбей жарияланып тұрды. Сол кезеңде жарық көрген «Абай», «Абай Құ нанбаев. Жемісті жолда», Мəскеуден шыққан «Поэзия казахского народа», «Антология казахской поэзии», «Абай Кунанбаев. О прошлом и настоящем» атты жинақтарға зерттеу мақалалары енді. «Шежірелі сахара» атты прозалық кітабында Абай туралы «Маңдайдың соры» атты көркем əңгімесі де бар. 1970 жылы Мəскеудегі Жазушылар ода ғының қазақ бөлімшесінде қызмет етіп жүргенде «Абай Құнанбаев тура-лы кітабымды толық бітіру үшін» деп екі ай мерзімге іссапарға шығуға рұқсат сұрайды. Семей мен Оңтүс тік Қазақстан облыстарына барып, Абай ақынның көзі тірі жақындарымен, ақын мұрасын сақтаған жандармен кездесіп, құнды мəліметтермен қанығады. Одан кейін де өле-өлгенше Абай мұрасына қай та-қайта соғып, індете зерттеп, ауық-ауық мақалалар жазып, қайта оралып отыр-ған. Тəкен Əлімқұловтың соңғы шыққан шы ғар малар жинағына «Жұмбақ жан» енгізілді.

1972 жылы жарық көрген «Жұмбақ жан» кітабына «Абай Құнанбаев туралы деректі хикая» деп айдар таққан екен. Тəкен Əлімқұловтың көп жыл бойы жи-нап-терген еңбегінің жемісі – қазақтың ұлы ойшыл ақыны, санаткері Абай Құ нанбаев туралы тарихи деректерді тоғыстыра, екшей отырып, жазушы құнарлы, көркем прозаның толғанысты тың түріне құлаш ұрады. Барынша саз-ды, бейнелі түрде серпінді де, лепті, ырғақты жазылған бұл кітап Абай ту-ралы түсіндірменің, тебіреністің ішкі сезімімен, əсерлігімен көкейге қона кетеді. Кітаптың «Жұмбақ жан» аталуын-да шешілген жұмбақтың сыры, шешілер мəселенің нұсқалары жатыр. Кітаптың «Абай хақында қалам тартпаған аға жа-зушы жоқ, оған өлең арнамаған ақын кем. Арнаулы зерттеушілер өз алдына. Бұл дəстүр келешекте де толастамақ емес. Абай мұрасы жайында мəселе қозғауда көп шіліктің игілігін көздеу бар... Қазақтың ысылған классикасы Абайдан басталса, оған күні бүгінге дейін бірде-бір ақын тіркелмесе, Абай туралы еңбек жазудың жауапкершілігі өзінен-өзі түсінікті. Асқар таудың түбі тұншықтырады. Оның биігін аңғару үшін алыстан қарауға керек. Көз жазып қалуға жəне болмайды. Бұл жағынан келгенде мүшел мерекелер қонақтаған жолаушыны толғандырарлық белестер-ге бара-бар... Абай – азамат, қайраткер, санаткер, ойшыл ақын. Ол өз заманының перзенті, тұстасы, ағасы, атасы. Ол өз дəуірінің күрескері, ақылгөйі. Осының баршасын топтастырғанда «Абай» де-ген кемеңгер тұлға туады. Бұл тұлғаны қалайша анықтау, қалайша мүсіндеу керек? Дəуір арқылы Абайды ашамыз ба, яки болмаса, Абай арқылы дəуірді ашамыз ба? Əдебиет зерттеу тəсілі жағынан келгенде мұның мəні айрықша. Психологияны анықтайтын ғылым бар бейімді адамды талант тобына телісе, бірнеше бейімнің басын қосқан кісіні данышпан деп таниды. Абай Құнанбаев осының соңғысына жатады. Ол кейде төкпе, кейде бүкпе. Кейде сыршыл, кейде суретшіл, кейде іңкəр, кейде торыққыш. Кейде əсершіл, кейде байқампаз. Кейде ойшыл, кейде ақылгөй. Осының бəрі оның байырғы болмысының, табиғи дарынының үстіне оның мұратының, мүддесінің кеңдігінен туған қасиеттер еді. Ағымдағы баспасөзді, меншікті нəшірияты жоқ қазақ сахарасында өлең-жыр, хисса-дастан өте-мөте өтімді еді. Сондықтан Абай поэзияға төтенше

жүктер артуға мəжбүр болды. Əбден то лысқан шағында туған қара сөздерін былай қоя тұрсақ, Абай фəлсапасы, эсте-тикасы, тұрмыстық толғаныстары оның поэзиясында, жұртқа тез тарайтын ұшқыр жанрда жатыр» деп ой түйеді Тəкендей сұңғыла жазушы.

«Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деген Абай өлеңінің қос шумағы теңізшінің тар-ланына жеткізбейтін мұхиттың тұңғиық түбіндей. Бұл тұңғиықта бір күнде, бір жылда шешілетін құпия жатқан жоқ, ғасырлар шешетін, бəлкім, шеше жа-татын жұмбақ жатыр. Абай Құнанбаев сынды ұлы ақындардың мағынасы терең мұрасы бір кезеңнің, бір дəуірдің еншісінде қалмайды. Оған ауыспа-лы ұрпақтар өз көзқарасын білдіріп, өз бағасын бере жатады. Мазмұнды өмірбаянның, мəністі творчествоның қыры мен сыры дəуірлердің басында ашыла түседі. Қыры қыруар, сыры қиын Абай өз тұсында ғана жұмбақ болмай, осы заманға да сыбаға қалдырып кеткен. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» дегенде келешек дəуірлерге, жаңа буын түлектерге мұң шағып, сыр меңзеген, түпсіз тұспал қалдырған. Өз заманынан озған ойшыл жан болашақ қауымға үлкен үміт артқанда тілдің таңбасын, жүректің тереңдігін артық санаған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінің оңай табыл-майтынын шыншыл да, сыршыл бейне-леп жеткізе білген. Абай – таудай тұлға. Абай – сахарадай шежіре. Абай – сегіз қырлы, бір сырлы суреткер. Өз өмірінің жалғасын тозбас томардан таба білген байырғы гений. Өмір жолына, əдеби мұрасына қанша үңілсек жатырқамайтын шипалы жұмбақ. «Шынын айтпай, сы-рын айтатын» сұмдық сыпайы. Жалғыз жібектің жүздеген түйіні Абайдан та-былады. Шебер қол, сезімтал жүрек, милы парасат таңдайтын түйіндер – сан-сыз ұрпақтың үлесі» деп жазады Тəкен Əлімқұлов.

Ұлы Абайдың өміршең мұрасын зерт теушілердің жазуы бойыншы ақын көзі тірісінде өлеңдерін жинастыр мас-тан қа ғазға жазып, жастарға таратып беріп отыр ған. Өнерге құштар жас тар Абай өлең дерін тез жаттап алған. Осы-лайша Абай өлеңдері қазақ сахарасында ауыздан-ауызға тарап отырған.

«Жұртым-ай, ұқсаңшы сен сөздің ішін»

«Абай он төрт жасынан бастап өлең жазғанмен, сол өлеңдерін құнттамаған, жинастырып, сақтамаған. Беріректе, жасы қырықтан асқан кезінде жазған өлеңдерін алты-жеті жыл бойына бас-қа адамның атымен таратқан. Абай мұ-расының əр тарауы дербес еңбектерге татиды. Осы мұраның ең тереңі, ең бағалысы, ең баяндысы – сыршыл лири-касы. Бұған азаматтық сарын, көңіл сазы, табиғат толғауы, махаббат жыры жата-ды. «Жұртым-ай, ұқсаңшы сен сөздің ішін» деп келетін шымыр жолдардан басталатын Абай сарыны, Абай сазы, Абай лебі адам жанын əлдилейтін ал-уан-алуан əуендерге ұласқанда, осының баршасының үстінен қарайтын биік парасат тұрады. Бұл жағынан келген-де Абай немістің Гетесін, орыстың Пушкинін еске түсіреді. Ұлы ақынның əлемді көруі айшықты, дүние тануы терең, түсінігі тұңғиық келмек. Бұған ақынның оралымдығы қосылмақ. Ой-пікірдің, сана-сезімнің ұзақ жасауында болмыстың құнары жатады. Ұлы Абай өмір сырына қанықтығын, қилы пиғылға, мінез-құлыққа сұңғыла сыншылдығын, сүйініш-күйінішін былай қойғанда, туған табиғатты көре, сезе, сезіне білуінде қан-шама құдіретті нəзіктік жытыр.

«Жауған күнмен жаңғырып, Жер көгеріп күш алар. Аққан жасқа қаңғырып, Бас ауырып, іш жанар» деген шумақ

өлеңде қаншама табиғат көрінісіне астас-қан көңіл-күй жатыр» десеңізші деп жа-зады Тəкен Əлімқұлов.

Қолына қалам ұстаған қазақ баласы тіл ұстартуда Абайға соқпай өтпеген, ке-лешекте де өте алмайды. Осының себебі неде? Жіті бақсақ, Абай əдебиеттің төр-кіні халықта екенін, өзінен бұрынғы ақын дардан да жақсы білген. Сол себепті ақын шығармаларында бей-берекет орам-дарға, сырты сұлу сылдыр сөздерге бар-май, ойлы, оралымды, жанды сөз жаса-ған. Поэзия сырын «қуатты ойдан бас

құ рап, еркеленіп шығар сөз» деп түйген.Абай өмір сүрген кезең – шым-шыты-

рық дəуір. Ұлы ақын түнектен саңылау іздеп, «ақырын жүріп, анық басып», бо ла-шаққа өткел болатын соқпағын таба білді. Ол кезеңде əр ақынның əр ағымға түсуінде белгілі табиғилық жатады. Ал Абай бол-са ескінің соқпағына түспей тө теден жол тартты. Күллі халықтың қа мын жеген бұқарашыл, шыншыл əде биеттің туын көтерді. Оның сайын сахарада беделінің өлшеусіз өсуінің негізгі себептерінің бірі осы болды. Осыны сезген кейбір кітаби ақындар Əріп Тəңірбергенов пен Шəдітөре Жаһангерұлдары Абайдың ұлылығын мойындап, халықтың мұраты мен мұңына жуық шығармалар жазды. Тəкен Əлімқұлов кезінде жерлесі Шəді-төренің жазба мұрасын ел ішінен жиы-стырып, зерттеген болатын.

Абайдың өмірбаяны, өскен ортасы, елмен, белгілі топтармен аралас-құраласы ел аузында сақталған аңыз-лақап арқылы жетті. Баспасөзден таңба тапқан тарихи деректер, архивтік материалдар мар-дымсыз болды. Абай заманының шым-шытырық шəркездігі бейтарап талдаудан қағажу қалған шақтар өз алдына. Абай сынды айрықша дарынның, шыншыл, сыршыл суреткердің қоғам атаулыдан ала-тын əсе рі, бағдарлайтын байқауы, түйетін тү йіні, былайша айтқанда, жақсыға жана-сумен, жаманнан жерумен шектелмей-ді. Əлеуметтік көзқарас пен суреткерлік шын шылдықтың арасындағы қайшылық өз алдына. Халқының өсіп-өркендеуін, үлгілі ел болуын армандаған Абай қай-сар қайраткердің қатарында нəзік те əсер шіл ақын, қиын болмыс. Оның ішкі əлемі өзі айтпаса, өзін тануға келгенде неше ме қайшылықтарға ұрынады. Бұл өте-мөте ұлы суреткерге тəн қасиет. Гете мен Омар Һайямның, Пушкин мен Миц кевичтің, прозада Онерэ де Бальзак пен Лев Толстойдың тəжірибесі осының айғағы. Осы тұрғыдан алғанда абайтану проблемасы талапкердің еншісіне тие-мел емес, төзімі мен еңбекқорлығына, дарынына тиемел. Бұл жүйедегі шашы-раңқылықты, атап айтқанда, Абайды аңызға айналдырушылардың, оны зерт-теу шілердің, ақын туралы еңбек жазу-шы лардың мінез-құлқы, білім-дəрежесі, дарын қыры, талғам мөлшері түрлі-түрлі екенін, демек, олар ұлы адам төңірегінде өздерін көрсетпей тұра алмайтынын қоссақ, манағы жұмбаққа қайта соқпасқа лаж жоқ. Оны кім шешті, қалай шешті? Шешті ме, жоқ, тек жорамалмен тынды ма, міне, гəп осында.

Өлсе, өлер табиғат,адам өлмес

Өмірінде Абайдың тірі бейнесін көр-меген, соңына қалдырған өшпес мұ-ра сымен сусындап, ұлылығына тəнті бол ған Тəкендей терең ойшыл азамат ғұ лама ақынның əрбір өлең шумағынан астар, əлі күнге, бəлкім, болашақта да ше-шімін таппайтын, шексіз ой мұхитының шыңырауынан қазына іздейді. Өзінің сезімтал жан-дүниесін, ой-түйсігін Абай жаратылысымен үндестіріп, содан ұқсас-тық табады. Тəкен ақынды шұқшиып зерт теп, жұмбақ əлемге бой ұрып, өзі де бір тіндеп жұмбақ жанға айналды.

«Ірі дарын, зор санаткер Абайдың... өмірінің соңғы жылдарында неге ол тағ-дырдан өлім тіледі?» деп жазады Тəкен «Жұм бақ жанда». – «Жүрегім ойбай, соқ па енді» деп неге зарлайды? Неде болса, оның өмірден қорықпағаны, қашпағаны рас. «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ, қайтып келіп, ой нап-күлмес» дегенде, ол ең əуелі

өзін меңзеген, халқының келешегіне жалғастырып болжаған. Содан қуаныш тапқан. Абайдың шорт сынып, морт оты-рып қалуына сонау Оспанның, одан бергі Əбдірахманның, ең соңғы Мағауияның өлімі себеп болды деген болжау мен үшін иланымсыз. «Қалың елім қазағым, қай ран жұртым» деп өміріне қам жеген ақын Оспанның өлімінде «Бергішім-ой!» деп дауыс салған ағайынды «Алғышым-ай!» деп қаза үстінде əжуалаған сын-шы Абай бауыр мен баланың қасіретін көтерсе керек-ті. Рас, жалпақ жұрттың аңызы Ма ғауия өлгенде Абай: «Қырық күннен қалмай артыңнан барармын, қарағым!» депті деседі. Абайдың қырық күннен кейін дүниеден көшкені де рас. Бірақ, бұл фактінің бір өзі Абай өлімінің түпкі себебін аша алмайды. Қасіретті, қуанышты шақтарда пенденің көңіл-күйі шұғыл өз гермек, басына ой оралмақ. «Өліп тына мын!» дегендердің өлмегенін талай көр генбіз. Абай қырық күнді меңзеген жерінен шықса, бұны фəлсафа тілінде кездейсоқтық дейді. Оның ақырамаш түңі ліске, таусылмас торығысқа баруының өзін де тозған ғұмырдың қаңқасы жатпа сын? Абай сынды шексіз сезімтал ақын ның төл организмді тануы жатпасын? Дүние салған Абайдың басындағы халдер шешімсіз шəркездікке тола еді».

Бір кезде «адасқан күшік секілді, ел сіз жұртқа ұлыған» Абай кейіннен сұм за-манның қысымына шыдамай, өз ортасы-на сыймай, жалғыз қалғанда басындағы аянышты ахуалды:

«Жартасқа бардым, Күнде айқай салдым. Одан да шықты жаңғырық. Есітіп үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып. Баяғы жартас – бір жартас, Қыңқ етер, түкті байқамас»,

деп суреттеген еді. Абай жансыз тасқа жан бітірген шебер, елсізге айқайлаған даусы біздің заманға, жаңа буынға жетіп отыр.

Тəкен өмірінің соңғы жылдары елмен көп араласпай, өзін оқшау ұстауында да жұмбақ сыр жатса керек. Мансап пен қызметті қажетсінбеуінің астарын-да сол кездегі қоғамдық құрылысқа деген қаламгердің көзқарасы сезіледі. Саясаттағы таптаурын бірізділік, толып жатқан қарама-қайшылық қаламгердің ой-санасына кері əсер еткені анық.

Тəкен Əлімқұлов ұлы ақынның мағы-насы терең мұрасының бір дəуірдің ен-ші сінде қалмайтынын, оған ауыспалы ұрпақтар көзқарасын білдіріп, бағасын беретінін, қатпарлы өмірбаян мен мəністі шығарманың қыры мен сыры дəуірлер барысында ашыла түсетінін «Жұмбақ жанда» саралап жазып кетті. Ұлы ой-шыл ақ патша заманында, бодандық бодауында өмір сүре жүріп, қолынан қаламын түсірмей, адамзат баласына қажетті өшпес мұра қалдырып кетті. Абай мұрасының құндылығы – адам-зат баласына ортақ адамгершілік асыл қасиеттерді биікке көтере білуінде. Абай тану ілімін зерттеген талайлар ғы-лыми дəрежеге ие болды. Ал, Тəкеннің ұлы ақын мұрасы құндылығын егжей-тегжейлі ашып көрсетуі Абайтанудағы шоқтығы биік еңбек екенін ғалымдар мен сыншылар кезінде орынды жазды да, айтты да.

Абай арманы –халық арманы

Ел Президенті Қасым-Жомарт То-қаев тың «Абай жəне ХХІ ғасырдағы

Қазақстан» атты мақаласындағы кө-терілген елдік мəселелермен Тəкен Əлімқұловтың бұдан жарты ғасыр бұ-рын жазған «Жұмбақ жан» атты əдеби сын кітабындағы айтылған ойлардың ұлт мүддесі үшін бір арнаға то ғысып жатқанына көз жеткізгендей боламыз. Əр кезеңде, əр қоғамда Абай мақсатының өміршеңдігін еркін сезі ніп, ақын ойла-рының уақыт алға жыл жыған сайын құн-дылығын жоймайтынын сезінеміз.

Абай қазақ елінің көшбастаушысы, көрегені, қамқоры, ақылгөйі, мақтанышы. Оның бір өзінің қазақ халқының рухани өмірінде қаншалықты құнарлы қызмет атқарғанын уақыт дəлелдеп келеді. Қилы-қилы қызметімен, еселі еңбегімен өз халқының дəуір-дəуірлік шежіресін жасап кеткен Абай шексіз ұзақ жасамақ.

Əдебиетте халықтың ақыны бар да, ұлттың ақыны бар. Бұл екеуінің те рең-дігіне таразы табу қиын болса, шең-берін ажырату оңай. Абай осының еке уін де бойына сіңірген. Сөйте тұра оның ұлт тық ақындығы басым. Бұған ол табиғи дарынның үстіне шексіз зор біліммен, ойшылдық, қаламгерлік биік мəдениетімен жетті. Оны ұлттың еншісі дейтініміз де сондықтан.

Абай идеясының өміршеңдігін, за-ма налардың даму сатысында адам ба-ласының ойлау деңгейі қаншама күр-делене түссе де, мақсат-мүддесінің бас тапқы бағытынан айнымайтынын, озық ойлы адамзат бала сының өмір сүру қағидаттарының негізгі арнадан ауыт-қымайтынын атап көрсетті.

Қазақ елі, қазақ əдебиеті, қазақ тілі бар жерде Абай бар. Оны зерттеудің, оған қанығудың, олар жайында шығар-ма жазудың бейнеті мен рахаты бірдей. Ауыр еңбектің рахатына төзген адам ке-лешекте Абай тақырыбына қайта оралса, ол да Абайдың ересен байтақтығы. Əлем атаулының шиырсыз сыры жаңа заман-мен бірге ашыла бермек. Абай ұрпақ атау лыны ұзақ сынайтын адам. Бүгінгі таң ның ділгірлігінен туған, еңбектің қы-ры, сыры ішінде де, ғұмыры алда. Жа зу-шыға тақырыпты өмірдің өзі берсе, сол тақырыпты «іші алтын, сырты күміс» дүниеге айналдырудың тəсілін, түрін жазушының өзі таңдайды. «Осындай іш кі толғаныстан, еңбек өтімін іріктеуден ту ған кітапты «барға мəзір» етпеске шара жоқ. Жалғаны жоқ, кішіпейілділікке бой ұрып, қолдан келген қораш дүниені Абайдың өз сөзімен түйеміз» деп Тəкен Əлімқұлов «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деген өлең шумағын кел тіреді.

Ұлы ақынның 175 жылдығында Абай дың жазба мұрасын шұқшия оқып-зерттеп, ой тереңіне құлаштап бойлағысы келген, осы мақсатта ғұмырының көп-шілігін ар наған қазақтың көрнекті жа-зушысы, ақыны һəм əдебиет зерттеушісі Тəкен Əлімқұлов қа қайта оралып соғуы-мыздың сыры осында жатса керек. Тə-кен нің көзі тірі болса Абай ақынның мерейтойында тағы да өзінің үйреншікті тақырыбын қайта шиырлап, шабытта-на қолына қалам алып, жаңғырған ой толғамдарын қағазға түсірген болар еді. Осы орайда өміршеңдігін жоймайтын Тəкен Əлімқұловтың «Жұмбақ жан» атты əдеби сын кітабын кезінде оқып сусындаған аға ұрпақтың қатары селдіреп қалғанын ескеріп, баспадан қайта басты-рып шығарса, өмір есігін жаңадан ашқан талғампаз ұрпақ үшін тағылымдық шаруа болар еді дегенді еске салуды жөн көрдік.

�теш ҚЫРҒЫЗБАЕВ,Халықаралық «Алаш» әдеби

сыйлығының лауреаты

Ұлы ойшыл әлемін Тәкенше пайымдау–––––––––––––––––––––––––––––––––Абайтануға к�п жылын арнап, індете зерт-теген к�рнекті жазушы, сыншы Тәкен �лімқұлов 1972 жылы «Жазушы» баспасы-нан «Жұмбақ жан» атты әдеби сын кітабын шығарған еді. Еліміз зиялы қауымы арасын-да ерекше құбылыс болған бұл құнды еңбек 1993 жылы Абайдың 150 жылдығына орай қайта басылды.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 8: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

8 1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛРУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Ұлы ақынның аталмыш өлеңін неше мəрте оқыдық та. Бірде «жақсы ат қандай болады?» деген қызығушылықпен де оқыдық. Бірде көркем сөз кестесін тану үшін метафора, теңеу іздеп те байқадық. Өлеңнен байырғы эпикалық дəстүрдегі небір дүлдүлдердің, небір тұлпарлардың ізін көреміз деп те оқыдық. Əр оқыған сайын өзімізше ой түйдік. Өлеңді осы жолы тағы бір оқып көрдік.

Міне, бұл жолғы оқығанымызда Абай жақсы ат туралы туған халқының санасындағы иппологиялық таным-білімін келістіре айтқан-ау дей келіп, ойымызды жинақтап, бір арнаға салып көрдік те, жақсы аттың тұрмыс-салт кеңістігіндегі орнын концептсфералық құрылымға түсірдік.

Абай сипаттаған жақсы ат көз ша-лымға əсем де, сұлу көрінетін, бірақ шап са, он бес шақырымнан əрі аса ал-май, демі бітіп, болдырып қалатын та-за қанды, асыл тұқым арғымақ емес. Арығ деген сөз түбірі «сұлу», «таза» дегенді білдіреді. Түрікпендер өздерінің текежəуміт арғымақтарын сұлулығына қарай бағалап, Гүлчечек, Қарлығаш деп, қыздарының атымен атайды. Ал қа зақтың халықтық ономастикасында мұндай дəстүр жоқ. Абай айтқан ат – қазақтың ұлан-ғайыр Ұлы Даласының биоэкологиялық табиғатына сай келетін, жүз шақырымға жуық жерді болдыр-май алатын, шапқан сайын үдей бе ре-тін, кең тынысты, белі берік, ыстық-суық қа аса төзімді, қазақтың қазанаты. Қа занаттың мұндай таңдаулы жүзден жүй рік шыққандарын халық тілінде же-сір лік ат деген. Халықтық осы атау Ға-бит Мүсіреповтің жиырмасыншы жыл -дардағы шығармаларында кездеседі. Ақан серінің «Баспа-бас, қызға бермес жа нуа-рым» дегендегі Құлагері – жесірлік ат.

Бұл жерде жесір атауы «күйеуі өлген əйел» деген мағынада емес. Жесір сөзі «баталасқан қалыңның жартысынан астамы берілсе, қалыңдық күйеу жақтың жесірі» аталады, яғни қыздың бас еркі болмайды.

Өлеңнен түйілген ой желісін əрі қарай жалғастырсақ, қазақ қоғамында жүйрік аттың байырғы салт-дəстүр кеңістігіндегі орны айрықша болғанын аңғарамыз.

Ұлы Абай аттың сынына арналған өлеңінде жақсы аттың, жүйріктің таным-дық белгілерін құлағы мен басынан бас-тап, тұяғы мен құйрығына дейін жіптен өткізгендей тізіп береді. Жұртшылыққа кеңінен əйгілі аталмыш өлеңді жақсы ат туралы халықтық білімнің санада құрылымданған поэтикалық форматтағы көрінісі (репрезентанты) деуге болады.

Айталық қамыс құлақ дегендегі эпи-тет əсемдік, сұлулық емес, жақсы, жүй-рік аттың дыбысқа құлақ тіге қалатын елеңшілдігін, бөкенқабақ «көз шарасы шығыңқы, жан-жағына төңкеріле көз сала, алысқа көз тіге қарайтын сер гек-тігін» аңғартатын болса, ал қоян жақ, «жеңіл етсіз бас» дегенді; қоймойын, шы ғыңқы ауыз омыртқа, үңірейген сағақ «жүйріктің кең тынысты ерекшелігін» байқатады. Жалпақ жауырын, жоталы мықтылықты, күштілікті, омырау лы салқы төс «беріктікті», кең са уыр, тар мықын «өрге салса да, еңіске салса да шабысынан танбай үдете беретінін», көтендігі шығыңқы, саны толық, дөң-гелек көтті дегендер жүйріктің «ұзаққа сілтейтін шабысының» белгілері деп та-нылады. Ал шідерлігі жуан, бота тір сек, жұмыр тұяқ болуы тастақты, құ майт, құмды жерлерде жүйріктің жер таң-дамайтын қасиеттерін байқатады.

Міне, Абай айтқан жақсы аттың шап са, «жүйрік», мінсе, «берік», «жуан əрі жуас» сияқты айшықты көзшалымдық белгі ле-рі жүйріктің ой-санада құрылымдан ған өмірдегі прототипі, яғни құрылымдана келіп, білімге айналғаны. Бұл орайда көрнекті этнограф ғалым Халел Ар-ғынбаев өткен кезеңдердің 60-жылдары Абайды оқи келіп, былай деген екен: «Жақ сы аттың осы айтылған қасиеттері

тек Абай ғана білетін сыр емес, ол қазақ хал қының көп заманнан келе жатқан ұлы дəстүрі деуге болады. Демек, Абай халықтың бай тəжірибесін, халықтың сарқылмас білімін бір жүйеге келтіріп, өлеңмен жазып, өлмес мұра қалдырған».

Жақсы аттың Абай айтқан поэтикалық форматтағы белгілері небір қас жүйрікке де, бəйге атына да тəн деуге болады. Алайда қас жүйрік пен бəйге атының мəн-мағыналары тепе-тең емес. Бəйге атының бəрі – жүйрік, бірақ жүйріктің бəрі – бəйге аты емес. Бəйгеге жаратып, бəйгеге қосқанда ғана жүйрік бəйге аты санатына қосылады.

Бəйге атын жарату. «Ат шаппай-ды, бап шабады» дегендей, жүйрікті ал-дымен арнайы баптап бəйгеге қосады. Аты келіскенмен бабы келіспесе, он-дай жүйріктің бағы жанбай, обалына қалады. Жүйрікті бəйгеге баптау үш не-месе алты айдай уақытты керек етеді. Дүбірлі ас беру, аста-төк той өткізу сал-тында төрт-бес ай, бес-алты ай бұрын ел-жұртқа са уын айтып, хабар жіберетіні де сондықтан.

Бəйге атын баптауға қатысты ха-лық тың таным-білімдер жүйесі өт кен ға сыр лардағы А.Келлердің, А.Алек то-ров тың, сонымен қатар Х.Арғын баев-тың, А.Тоқтабайдың зерттеулерінде ерек ше орын алады. Сондай-ақ Қ.Сарт-қо жа мен Қ.Айдаубайдың, Б.Кəмалаш-ұлы ның, Ж.Дəдебаевтың материалда ры ат бапкерлерінің дəстүрлі білім-та ным-дарының қыр-сырын аша түседі. Əсі ресе көрнекті этнолог ғалым Нұрсан Əлім-байдың ғылыми жобасымен, басшы лы-ғымен жарық көрген қазақтың бес том дық тұңғыш этнографиялық энциклопедия-сында жылқы түлігімен байланысты хал-қымыздың иппологиялық білім-таным-дарына айрықша орын берілген. Міне,

осы лардағы кейбір этнографиялық де-ректерге құлақ түрсек, бəйге атын баптау-да алдымен бапкер жүйріктің қара етті ме, май етті ме деп, осы жағын айқындауға ерек ше көңіл бөледі. Əр аттың өз бабы бар. Алайда кейбір жүйріктің қоңын дəл айқындау қиынға соғады. Ондай қы зыл-аш жылқының жанына қосар ат қосып жайылымға жібереді. Жайылымда еркін жүрген, таңдаған отын оттап, кеудесін суға төсеп су ішкен жылқы тү лігі тез оңа-лады. Жілік майы ағарды-ау деген шама-да бапкер жүйріктің қоса рында жүрген атты сойдырып, жілік майы ағарса, қызыл еті толды деп, бапкер жүйріктің терін түзеуге кіріседі. Жүйріктің терін түзеу оның ерекшелігіне қарай жүргізіледі. Алғашқы күндері бес-он шақырымдай ойлы-қырлы жерге салып, жүйрікті аяңдатады, желдіртіп, жүгіртіп алады. Сау желдіріп, шақпақ еттерін ширатып, сіңірлерін бекітеді. Жүйріктің көбік тері шыға бастайды. Күндегі тəсілмен бапкер аттың бірнеше мəрте көбік терін шы-ғарады. Ет пен те рінің арасындағы көбік тері алынған соң, жүйріктің ащы терін, – қамау тер деп те аталады, – шығарады. Əр тері алынған сайын бапкер тердің дəмін татып көріп отырады. Жүйріктің тері та-зарғанда ащы, кермек дəмі кетеді. Ащы тері алынып, тазарған жүйрік қунақ бола-ды. Əр тері алынған сайын жүйрікті 6-7 сағаттай таң асырып, суытып отырады, тек таң қылаң бергенде отқа қояды. Бұл – бəй ге атын жаратудың биотехнологиялық қырлары.

Жүйрікті бəйгеге баптау жөнінде бұ-рын-соңды айтылған мұндай этногра-фия лық деректер аз емес. Əдетте бəйге ге жа ратып жүрген жүйрікке тақымы қат қан ат шабар бала мініп дағдыланады. Он дай бала ат үстіне икемді əрі жеңіл бола ды. Ат та, бала да бір-біріне бейімделе түсе ді. Бапкердің атшабар балаға айтатын ақыл-кеңестері болады: «Шауып келе жатып, артыңа кеудеңді бұрып жалтақтама, атың-ның шабысы бұзылады, мұндай ға бəйге аты сергек, сезімтал келеді», – дейді.

Бəйгеге ат қосу. Əбден бабына келді-ау деген шамада жарау атты тəуекел деп бəйгеге қосатын болып шешеді.

Этни калық санада фрайм-сценарий фор-ма тында орын тепкен концептуалды бұл ұғымды оның тілдік репрезентанттары бо-лып саналатын лексика-фразеологиялық бірліктер арқылы объективтендіруге бо-лады.

Бəйге атының ұйысып қалмасын деп жал-құйрығын сүзеді; көзіне түсіп ке-дергі болмас үшін кекілін түйеді. Тіл-көз тимесін деп, төбесіне бұлғақтатып үкі тағады. Алдын ала бəйгенің өтетін орын-дары белгіленіп, бəйге аттары дүбірлі аста кем дегенде күндік, күнжарымдық қашықтыққа айдалады. Бəйге аттарының басын жіберетін межелі орыны мен сө-реге жетер жерлері, бəйгешілерді кү-тушілердің орны; көтермешілердің (ке -лешілердің) жанамалай қосылып, жүй-рікке дем беретін тұстары анықталып, ал-дын ала келісіледі. Белгіленген бəйгетөбе – рулы елдің қасиет тұтатын жері. Ас-тойда əр ру бəйгетөбенің өз жерінде бо-луын қалап, соған күш салады.

Ат сыншылары кермедегі бəйге атта-ры ның сын-сипатын, бабын байқап, қай жүйріктің бағы жанғалы тұрғанын айтып, болжам жасайды. Хабаршылар «Атшабар! Атшабар!» деп жар салып, ат айдаушылар бəйге аттарын түгелдеп, санап шығады да, түс ауа аттарды межелі жер ге айдап əкетеді. «Атыңыз бəйгелі бол сын!» деп, ат иелеріне ізгі тілек айты лып жатады.

«Алуан-алуан жүйрік бар əліне қа-рай шабатын» дегендей олардың топ жа рып оза шауып келетіндері де, құй-рық тістесіп, өршелене келетіндері, ат қарасын көбейтіп, ортасын ала, соңына қарай келетіндері де болады.

Бəйгеге ат қосқандардың «өлсе, тері-сін аламын, өлмей тірі жетсе, бəйгесін аламын» деп, атын сертпен қосатын сенімділері де, «жүйріктің бағын сынап байқау» үшін үмітпен қосатындар да, бəй геге «ат қосыпты» деген атақ үшін қоса тындар да болады.

Кейбір деректерде айтылғандай, үш жүз жүйрік шапқан атақты ас-тойда бас тоғызға «күң», «өлі отау», «бесік жам-бы» тігіледі. Ат бəйгенің ортасын ала келген топтың басындағыларына, соңғы топтың алдыңғыларына тігілетін арнайы жүлделері болады. Ас-той иелері жүлде тимеген ат иелерін құралақан қайтармай, аттың теріне деп шапан жауып, атшабарға кездеме беріп, қой өңгертіп қайтарады. Сыпыра озып, жүлде алмаса да, жарыста ат қарасын көбейтіп, соңындағылармен келсе де, ондай ат ас-тойдан бəрібір бəйге аты деген мəртебемен қайтады.

Бəйге аты мəртебесі болмаса, небір жел жетпес жүйріктердің құны құқықтық жақтан барымта-сырымта, жылқы ұрысы сияқты ел ішіндегі дау-дамайда мал иесі қай биге барса да, «сырты түк, іші боқ» жай ғана қылқұйрықтың құнымен теңес-тіріледі.

Жүздеген жүйрік жүгіртіп, небір атақ-ты тұлғаларға рулы ел болып ас берге ні туралы əртүрлі деректер аз кездеспей ді. Бəйге аттарының санына ондай аста шек-теу қойылмаған. Өйткені жер жаңғырт қан

ат тұяғының дүбірі аруақтың (рух тың) ризашылығын туғызады деген байырғы мифтік-діни түсінікпен байланысты ас иелері неғұрлым бəйге аттарының көп болуын қалаған. Ел аузында мұндай асты дүбірлі ас деп атаған.

Бəйге аты сөреге жақындағанда келе-шілер, атшабарлар өз руының ұранын айтып, аруақ шақыруы ат бəйгесі кон-цептісінің семантикалық құрылымда ді ни-мифологиялық компоненттің ерек-ше орын алатынын байқатады. Со-ны мен бірге бəйге атының жал-құй-рығын күземейтіні, бəйге атын кермеде ұстайтыны, бəйге атына шідер салмай-тыны т.б. ырым-тыйымдар да этнос сана-сындағы ерекше түсініктермен байла-нысты болып келеді.

Бəйге атының дауы. Мал дауының қиындығы əсіресе бəйге атына байланыс-ты болып келеді. Дау-дамайдың аяғы рулы елдің қамшы сілтескен төбелесіне де айналып кетеді. Өйткені бəйге атының иесі жеке адам болғанымен, оның атағы, мақтанышы аруақ шақырған рудың на-мысы іспетті болып саналады. Қазақтың арғы-бергі тарихында өткен Төле, Қазы-бек, Əйтеке билердің билігімен дау мұ-раты бітіп отырған. Аста-төк бір тойда бəйге атына талас болады.

Сөзіме куə тартам қалың елді,Сипаған, аузын үрлеп, малым еді.Қолбала, сегіз жаста тісі бүтін,Туғаннан бар мінезі мəлім еді, –

деп бəйге атының иесі «аузын үріп, аяғын сылап қолынан құлындатқан өз малы» екеніне жалпақ жұртшылықты куə етеді. Сонда «ат менікі» деп отырған Төлебай сыншы қамшысын тастады да өз дəлелін айтты. Мені ел босқа сыншы атап жүрген жоқ. Мен өмірімде көрмеген малдың енесін көріп, төлін танимын, тө лін көріп енесін дəл ажыратамын. Ал мына жүйрік ат менің боз биемнің құ лыны екені дау-сыз. Бір кезде буаз кезінде боз бием

қолды болды да, көз жазып қалдым. Ұры ауылымды торуылдап жүр ген кезінде қолға түсіру үшін сойдауыт тай жігітттерді күндіз-түні жылқыға қара-уылдаттым. Арада бір жыл өткенде боз биемді мініп жылқы ұрлауға келген ұры қашып құтылды. Биемді тастап қашқан екен, ауаға ұшқаны, жерге сіңіп кеткені белгісіз, зым-зия құрыды.

Бием қолды болса да өзіме келді. Ал құлыны қайда деп жүретін едім. Бүгін бəйгеден озып келген сұр қасқаның осы боз биеден туған құлын екенін танып: «Өзіме қайтар, бəйгеге сен-ақ ие бола ғой» десем, көнер емес. Оның соңы төбе-леске айналғанын бəрің де көріп-білдің,– деп өз уəжін айтады.

Іс қиынға айналған сол тұста жаңадан дауға билік айтып, бала би атанып жүрген Төлеге жиналған жұрт төре беру тізгінін ұстатады. Сонда билік жасаушы бала би екі жақтың да осы тұлпардың енесі атанған биелерін алдыртып, үш күндік жолға айдатады жəне үш күн дамыл бер-мей шаршатып келуді тапсырады.

Үшінші күні ел биліктөбеге жиналады.

Екі бие де ақ көбігі ағып, болдырып əрең жетеді. Сол кезде байлаулы тұрған тұлпарға Төлебайдың тарпаң биесі оқыранып, желіні исініп, тұра қалады, тұлпар да енесін танып оқыранады. Сонда Төле би Төлебай сыншыға қарап, «тұлпар – сіздікі» дейді. Жиналған жұрт бала бидің төрелігіне разы болады. Бозбиені ұрлап құлындатып алған соң өзінің бие сіне, – құлынын қасқыр жеп кеткен биесіне, теліп, қолбала қылып өсірген екен. Ал боз биені өз иесінің – Төлебай сыншының, ауыл жағына қоя берген екен. Əсіре жылқықұмар, сөйтіп, «өз ұрлығын» мойындап, ақиқатына қалың жұрттың көзін жеткізген бала би – Төлеге разы болып, «ұрлығын» мойындаған екен («Қазақтың ата заңдары»).

Бəйге атын арулау. Бəйге аты əбден қартайған соңғы шағында, жаны шығар кезде арам өлмесін деп, пышақ ұрып ба-уыздайды да басын кесіп алып, денесін көмеді, үстіне тас үйеді. Бас терісі алын-ған жүйріктің басын ақ матаға орап, əлгі үйген тастың үстіне қояды. Халықтық ономастикада бұндай орындарды Тасоба, Үйгентас, Торатбасы деп атайды. Ондай атаулардың кейбірі «Көрінген сонадай-дан Торатбасы, Жаманды жаратқанша жаратпашы» дегендей халықтың қара өлеңдерінде де ұшырасады. Қазақтың ежелгі жерлерінде Тасоба, Үйгентас атаулары аз кездеспейді. Осындай үйген тас тарда мүк, қына басқан жылқы басы-ның тұрғаны жайында деректер де бар. Көр некті этнограф жазушы Сапарғали Бегалиннің деректі этнографиялық əңгі-месінде Арқалықтың Босаға деген биі-гіндегі тасобада атақты бəйге аты Суаң-көктің басы тұрғаны туралы айтылады. С.Бегалин Суаңкөк пен оның иесі Бигелді батыр туралы ауызекі деректі жастау кезінде Мұса қариядан естіп, осы аттас этнографиялық əңгімесіне арқау еткен. Атақты сол Суаңкөкті Балта ақын:

Суаң-суаң жүгірген,Басын тартса бүгілген,Байласа белдеу тартпаған,Буланса нəр татпаған,Айқай шықса орғыған,Белестен белес сырғыған,Тозаңын ғана ел көрген,Шабысын жалғыз жел көрген,Ілеспеген құс ұшып,Жанаспаған ат шауып, –

деп жырға қосқан.Сөз соңы. Бəлкім оқырмандары мыз-

дың бірі мұндай ескіліктерді несіне айтып отыр дер. Айтуға мəжбүрміз. Жаһан-данудың алып құрсағында жұтылып кет пес үшін əр халық өткендегі ұлттық құн дылықтарын елеусіз қалдырмай, еске алып, қайта қа рап жатыр.

Робот техникасын жасаушы əлемдегі инженер ғалымдар да өз елінің дəстүрлі мəдениетіндегі құндылықтар жүйесін роботқа енгізуді мақсат тұтып отыр.

Сонымен, қорыта айтқанда, «ЖАҚ-СЫ АТ» концептісінің мазмұндық құ-рылымында дала малшылығының био-экологиялық, биотехнологиялық ерек-шеліктермен, қоғамдағы əлеуметтік қа-ты настармен байланысты ұлттық құнды-лықтарымызды аңғартатын мəнділіктер жатыр. Бұл – ұлы Абайды тағы бір оқы-ғандағы түйгеніміз.

Нұргелді У�ЛИ,филология ғылымдарының

докторы, профессор

––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақтың ертеректегі сз нерінде «жақсы қыз», «жақсы әйел», «жақсы жігіт», «қыран құс», «жүйрік ат» дегендер тұрақты

тақы рыпқа айналған еді. �йткені бұлардың байырғы тұрмыс-салт дәстүріндегі орны ерекше болды. Абай да осы тақырыптардың біріне қалам бұрып, ойға арқау, тілге тиек етті. Сондағы айтайық дегеніміз, баршамызға белгілі аттың сы нын сипаттаған леңі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

АБАЙ АЙТҚАН АТ – ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛАН-ҒАЙЫР ҰЛЫ ДАЛАСЫНЫҢ БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАБИҒАТЫНА САЙ КЕЛЕТІН, ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ШАҚЫРЫМ ЖЕРДІ БОЛДЫР МАЙ АЛАТЫН, ШАПҚАН САЙЫН ҮДЕЙ БЕ РЕ ТІН, КЕҢ ТЫНЫСТЫ, БЕЛІ БЕРІК, ЫСТЫҚ-СУЫҚ ҚА АСА ТӨЗІМДІ, ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАНАТЫ. ҚА ЗАНАТТЫҢ БҰНДАЙ ТАҢДАУЛЫ ЖҮЗДЕН ЖҮЙ РІК ШЫҚҚАНДАРЫН ХАЛЫҚ ТІЛІНДЕ ЖЕ СІР ЛІК АТ ДЕГЕН.

БӘЙГЕГЕ АТ ҚОСҚАНДАРДЫҢ «ӨЛСЕ, ТЕРІ СІН АЛАМЫН, ӨЛМЕЙ ТІРІ ЖЕТСЕ, БӘЙГЕСІН АЛАМЫН» ДЕП, АТЫН СЕРТПЕН ҚОСАТЫН СЕНІМДІЛЕРІ ДЕ, «ЖҮЙРІКТІҢ БАҒЫН СЫНАП БАЙҚАУ» ҮШІН ҮМІТПЕН ҚОСАТЫНДАР ДА, БӘЙ ГЕГЕ «АТ ҚОСЫПТЫ» ДЕГЕН АТАҚ ҮШІН ҚОСА ТЫНДАР ДА БОЛАДЫ.

«Аттың сыны» Ұлы Абайды қайта оқығанда

Page 9: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛ 9

Тіл туралы айтқанда, мемлекет-тік тіл – ана тіліміз үнемі ойы-мыз дың бір бөлігінде тұратыны анық. Қазіргі таңда қазақ тілі өсіп-өркендеу жолында. Еліміз дің барлық ұйымдарында іс жүр гізу, құжаттар хаттау мемлекет тік тілде жүзеге асырылуда. Алматы қала-сының Полиция депар таментінде Қазақстан Республи касы ның «Қазақстан Республи касын дағы Тіл туралы» заңының жəне Қазақстан Республикасының ішкі істер орган-дарында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспа-ры талаптарын орындау бойынша белгілі бір бағытта біршама жұмыс атқарылуда. Алматы қаласының По ли ция департаментінің Құ-жат тамалық қамтамасыз ету бас-қар масында (кеңселер) шығыс құжаттар қазақ тіліндегі нұсқасы болмаса қол қою ға, тіркеуге қабыл-данбайды да.

Полиция департаментінің

бас қар малары мен бөлімшелерінде мем лекеттік тілді жеделдете оқыту курстарында бес – қарапайым (А1), базалық (А2), орта (В1), ортадан жоғары (В2), жоғары (С1) дең-гейлер бойынша оқытылады. Бір ғана мысал, оқыту курс тарынан алған білімдері нəти жесінде мем-лекеттік тілде іс жүр гізіп отыр ған өзге ұлт өкілі, Кри ми нал дық по-лиция басқармасы бөлім шесінің бас тығы полиция майоры Алексей Стрельцов өзінің жұмыс нəтижесін қазақ тілінде баяндап, бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ тілінде сұхбат беріп отырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 29 маусымдағы «Ана тілі» газеті тілшісіне берген сұхба тын да ұлт басылымының ұлттық мүд деге беріктігін, ана тілімізге жа н а-шырлық танытып келе жатқа ны-на ризалығын білдіре отырып, қазақ тілінің мəртебесін арттыру мəселесі жөнінде өз ойларын ортаға салды. «Қазір – аз сөйлеп, көп іс

тын ды ратын шақ» екенін, қазақ тілін дамыта түсу үшін мемлекеттік тіл ге деген қажеттілік тудыра-тын тетіктерді санамалап көрсете келе: «Мұндай астары қалың, ел тағ дырын шешетін іргелі істе асы-ғыс тыққа жол бермеу керек. Қайта əрбір əрекетімізді ақылға салып, мойнымыздағы тарихи жауап кер-шілікті барынша сезіне оты рып жұмыс істегеніміз дұрыс. Осын-дай өркениетті қадамдардың нəти-жесінде ғана қазақ тілі ғылым тілі-не айналады» деп, қазақ тілін білу-ге ұмтылған əр адамды, соным ен қатар қазақ тілінің деңгейін ұлтара-лық қолданыс дəрежесіне көтеруге көмектесетін өзге ұлт өкілдерін де қолдай түсу керектігін қадап айтты.

Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі – мемлекеттік тіл өр-кендеуі қажет, оған тек қазақ хал қының ұрпақ тары ғана емес, бүкіл Қазақ елінде өмір сүріп жатқан адамдар да үлесін қосуы керек. Қазақстан Респуб ликасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазан-дағы №689 қаулысы бойынша бекітілген 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі жəне сыртқы коммуникациялар департаменті басшылығының бастамасымен жыл сайын тіл саясатын насихаттау, полицейлерді отансүйгіштік рух-та тəрбиелеу, тілге деген құрметін

арттыру, қызметте жəне қызметтен тыс мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ поли-ция мамандығының мəртебесін көтеру мақсатында «Парасатты полицей» республикалық бай-қауы өткізіліп тұрады. Биыл эпи-де миялық жағдайға байланыс ты адамдар көп жиналатын іс-шара-лар өткізуге тыйым салынған. Дегенмен де Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында мемлекеттік тілдің қолданыс ая-сын кеңейтудегі атқарылған игі істер барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруде.

Сөзімізді қорытындылай келе, қазақ тілі – қазақтың мəдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Сондықтан ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек. Соны əрбір Қазақ-стан азаматы жүрегімен ұққаны жөн. Қазақ тілінің өшпес рухы асқақтай берсін. Тіліміздің қадірін тек тіл мерекесінде ғана емес, күнделікті өмірде де көтерейік де-ген тілектеміз.

Гүлнұр ЗАМАНБЕКОВА,қалалық полиция департаменті

Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы

ішкі коммуникациялар тобының жетекшісі

АЛМАТЫ

Жақсыбай САМРАТ,«Egemen Qazaqstan»

Ережелерде тұңғыш рет заң-ды түрде «қаңғыған мал» түсі нігі енгізілді. Енді қаңғыртып жібер-ген малы үшін иелері əкім шілік жауапкершілікке тартылады. Бұдан былай малды тек ұйым дас-тырылған түрде ғана бағу қажет. Егер иелері малдарын бақ ташы жалдап баққызса, онда жер-гілікті басқару органы, мал иесі жəне бақташы үшжақты шарт жасасуға міндетті. Бұл бақ та-шы ның мал иесі алдындағы мін-дет темесіне кепіл де бола алады.

Жаңа принциптерді енгізу-де Мамлют ауданы полиция

бөлі мінің қызметкерлері бел-сенді жұ мыстар атқарып келе-ді. Мұн да жергілікті атқару-шы орган дардың қаражатына кəсіп кер лердің қолдауымен 11 арнайы орын жасалды, бұл жер лер ге қаңғырып, иесіз жүр-ген мал қамалады. Басқаша айт-қанда бұл малдың «айып тұра-ғы» іспеттес.

Жуырда полицейлер Мең-кесер көлі маңында жайылып, бақ ташысыз, иесіз, бос жүрген 12 бас жылқыны көріп, қуып əке-ліп осындай орындардың біріне қа ма ды. Өйткені иесіз мал суық қол ды адамдардың құрығына тү-сіп, қылмыс жасалуы мүмкін еді. Мамлют ауданы ПБ бастығы,

по ли ция подполковнигі Серік Əл жановтың айтуына қара ғанда, əл гі малдардың ен-таңбасы да бол маған. Мұның өзі мал ие ле-рін іздестіруде қиындық туғы за -ды. «Жануарлар ұрланған не жо-ғал ған жағдайда иелік құқығын дəлел деу қиынға соғушы еді», дейді ол.

Жылқылардың иелері көп ұзат пай Əкімшілік құқық бұзу-шылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша айыппұл төлеген соң малдарын алып кеткен.

«Бақташысыз еркін жайылған мал ұрылардың олжасы бола-ды, сонымен бірге жануар лар автомобиль жолдарына шы-ғып кетіп, апатты жағдай ту ды-рып жатады. Сөйтіп, полиция бөліністерінің күштерін ба рын-ша жұмылдыруға, бас қа қыл-мыстарды тергеп-тек серуіне кедергі келтіреді», дейді об-лыс тық Полиция департаменті

басты ғының орынбасары, поли-ция полковнигі Руслан Назаров.

Қазір бақташылар жəне жер -гілікті əкімдіктермен үшжақты шарт жасасқан шаруа шы лық-тардың басым бөлігінде мал ұр-лығы күрт азайған. Сонымен бірге жаңа ереже бойынша малды міндетті түрде таңбалау немесе «биркалау» керек. Бұрын мұндай талап тек ұсынымдық сипатта болатын. Кейбір шектеулер де енгізілген, мəселен, ауру малды жайылымға жіберуге тыйым са-лынады. Сондай-ақ мал айдау, малды суару сияқты мал жаюдың басқа да қажеттіліктері реттел-ген. Қазір облыста қаңғырған мал ды уақытша қамайтын, яғни жергілікті атқарушы орган есе-бінен ұсталатын 54 орын əзір-ленген. Оған осы уақытқа дейін 88 бас мал қамалған.

Солтүстік Қазақстан облысы

Пандемияға байланысты шек-теу шараларына орай аталған бе-кет орналасқан Қазақстан-Қытай шекарасында ұзындығы 50 шақы-рымға созылған, саны 2500-ден асатын автокөлік құралдары ның үлкен кезегі пайда болды. Фуралар 2,5 айдан астам уақыт бойы тұр.

KTZ Express ұлттық мульти-модальдық логистикалық опера-торы жиналып қалған жүк фу-раларын Қытайдан Қазақстанға «KTZE – Khorgos Gateway» Құр-ғақ порты аумағына темір жол-мен жеткізудің тиімді ше ші мін

ұсы нып отыр. KTZ Express пай-да ланатын Құрғақ порт аума-ғында құрылған заманауи көлік-логистикалық инфра құрылым жүк автомобильдерін контрей-лерге артуға жəне Қорғас стан-сасына жөнелтуге шамасы бар үздіксіз контрейлерлік тасымал-дарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Құрғақ порт терминалынан тиелген құрамдарды қабылдап алу үшін Қорғас стансасында (ҚХР) автомобильдерді жүктеу жүргізіледі. Одан əрі жүктерді

жеңілдетілген тəртіпте кедендік рəсімдеуден өткізгеннен кейін, Қазақстан қалалары бойынша жөнелту орын алады.

Контрейлер – жүктердің бі -рік тірілген тасымалы – авто-мобильді-сулық, автомобильді-те мір жолдық немесе аралас ав то мо бильді-теміржолдық-су-лық қа арналған автомобилдік дөң ге лек термен жабдықталған кон тей нер екенін қаперге сала-мыз. Бұдан басқа, Құрғақ порт аума ғында күн сайын тар табан-мен əрі қарай автофураларға ар-тып жəне жүк алушыларға дейін жеткізілетін жабық вагондарды қабылдау жүргізіледі. Құрғақ порт терминалының техникалық қуаты ай сайын 1200 жабық вагон

өңдеуге мүмкіндік береді, сон-дай-ақ айына 2400 автомобильге дейін қайта тиеуді жүргізе ала-ды. Сонымен 2020 жылдың тек шілдесінде 1434 мм табан бойын-ша 325 жабық вагон қайта тиелді.

KTZ Express Қазақстанның ірі қалалары мен əртүрлі елдерін-дегі өкілдіктерінде кең агенттік желілері жəне де компанияның құрал-жабдықтары мен сервис-тері Қытайдың барлық ірі про-вин цияларында бар. KTZ Express клиенттері сапалы сервис пен тасымалға неғұрлым оңтай лы ставкаларды ұсынатын, сенім-ділік, жүктерді жеткізудің жоғары жылдамдығын бағалайды.

«Егемен-ақпарат»

Тəжірибе көрсеткендей, жүгінген əрбір бесінші адам армениялық нөмірі бар авто-көлік құралын тіркеу тəр-тібіне қызығушылық таныт-ты. Оның ішінде 840-тан ас-там адам көлік құралдарын рəсімдеу бойынша кеңес ал-ды. Қазір бұл ең өзекті мəселе болғандықтан, көптеген тілек б і л д і р у ш і л е р д і ң б а р л ы қ сұрақ тарына мүмкіндігінше жауап ала алатындай етіп, азаматтарға жағдай туғызып, акцияны жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Əлеуметтік желілерде ішкі істер органдары бөліністері нің

ресми аккаунттарында жарты мыңнан астам тіке лей эфир өткізілді. Полиция қызмет кер-лері 3,7 мың сұраққа жа уап берді. Сондай-ақ азаматтар «қауырт желі» телефондарына хабар ласып, 450 кеңес алды.

Нəтижесінде «Жолдағы қабылдау» акциясының 2 кү-нінде Армения Респуб ли касы-нан əкелінген 900-ден астам автокөлік тіркелген. Соны-мен қатар тұрғындар ды əкім-шілік айыппұл төлеу, жүргізу-ші куəлігін беру жəне басқа да мəселелер қызық тырды.

«Егемен-ақпарат»

Тиісті ақпарат Бас прокура-тура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының рес-ми интернет-ресурсында жа-рияланды. Кадрларды іріктеу мен даярлаудың жетілдірілген тəртібі биыл өзінің заң на малық бекітілуіне ие болды.

Жаңа ережелерге сəйкес құ-қық қорғау органдарында (Ішкі істер министрлігін қос пағанда) жұмыс істегісі келе тін барлық

жас маман құқық қорғау ор-гандары ака демиясында терең -детіл ген практикаға ба ғыт -тал ған оқытудан өтетін бо ла -ды. Іріктеу өткізу, оқудан өту тəртібі мен шарттары, үміт-керлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты Ака-де мияның сайтынан алуға бо-лады.

«Егемен-ақпарат»

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МЕРЕЙІ СУЫТ ХАБАР

Тіл курстарының жемісі

Бастапқы кәсіптік даярлауға іріктеу жарияланды

Екі күнде 8,5 мың тұрғынға кеңес берілді

ҮЙРЕНЕТІН ҮРДІС

Мал бағудың жаңа ережелері

Шекарадағы кептелісті шешу жолдарын ұсынды

«Бала жоғалды» дегенді естісек, алдымен «педофил-дің жетегінде кеткен жоқ па екен?» деген күдікті ой санаға сақ ете қалады. Өйткені педо-филдердің қанды шең геліне тап болғандардың аз болмай тұрғаны бізді əлгі сұраққа еріксіз жетелейді.

Бұл жолы аталған қай-ғы лы оқиға қалай болды екен деп облыстық Поли ция департаментіне хабар лас-қанбыз.

– Заңның «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастал-ды. Тергеу іс-шарасы бары-сында күдікті азамат баланы өлтіргендігін мойындады. Ол қазір Алтай қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мəдиев.

Ал баланың нақты қалай өлтірілгенін сараптама нə-ти жесі көрсетеді. Поли ция департаменті баспа сөз қыз-мет керлерінің айтуынша, бала ның денесінде педофил-дік қылмыс белгілері жоқ.

29 тамызда Алтай ауданы,Зубовск ауылында жеті жа -сар баланың жоға лып кет-кені жөнінде поли ция де-пар таментіне хабар түс кен. Бала сына іздеу сал ған ана-ның айтуынша, ұлы Эдуард əдетте аулада емін-еркін ой-нап жүретін. Бұл жолы да кешкі сағат төрт терде ойнауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Алға шында өздері іздеп, одан нəтиже болмаған соң ертесінде құқық қор ғау қызметкерлеріне хабарлас-қан. Хабар түсе сала жоғал-ған баланы полицейлер мен еріктілер, ауылдастары шұ-ғыл іздеуге шыққан.

Сары шашты, қоңыр көзді баланың кигені сұр жейде, мінгені сұр велоси пед еді. Аты-жөні Эдуард Жилиев. Еріктілер, полицияның жеке құрамы толық жұмыл ды-рылып, ауылды, ауылдың маңайын шарқ ұрып іздеген.

І з д е у о п е р а ц и я с ы н Шығыс Қазақстан облыстық по ли ция департаменті бас-шылығы өз бақылауына ал-ған. Құқық қорғау қызмет-кер лері Эдуард Жилиев ті табу үшін бар лық қажетті іс-ша раны жүр гізіп бақ-қан. Тіпті жедел-іздес тіруге облыстық По лиция депар-таментінің тəжі рибелі ма-мандары да кіріс кен. Қыл-мыстық поли ция қызмет-керлері мен учаске лік по-лиция инспекторлары мүм-кіндіктеріне қарай Зубовск, Снегирев елді мекен дері нің əр пұшпағын сүзіп шық-қан. Қараусыз қалған ғима-раттарды, құрылыс алаң-дарын, саябақтар мен сквер-лерді түгелдей тінткен.

Полиция қызметкерлері сұрастыра келе, кішкентай Эдуард өзі танитын жігітпен кеткенін анықтаған. Əлгі жігіт те Зубовск кентінің жер-гілікті тұрғыны екен. Баланы бұрыннан танитын көрінеді.

Ата-анасының, ауылдас-тарының бар тілегі – ұлдары-ның амандығы еді. Өкінішке қарай баланың денесі Зубовск кентінің маңайынан табыл-ды. Қазіргі таңда қай ғылы оқиғаның мəн-жайы анық-талуда. Ал тəртіп сақшылары Зубовск кентінің 20 жастағы тұрғынын қамауға алған.

Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ

Шығыс Қазақстан облысы

Тағы бір жас өмір ерте солды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––­ткен сенбіде, яғни 29 тамызда Алтай ауданы, Зубовск кентінде жеті жасар бала жоғалып кеткен. Із-түзсіз кет-кен баланың денесін полиция қызметкерлері бір күннен кейін кенттің маңайынан тауып алған.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мем-лекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қаты нас тар-дың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік бас қару, заң шы ғару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан хал қын топтастыру дың аса маңызды факторы болып табылатын мем ле кеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір аза-ма тының парызы» деп біздің алдымызға нақты міндет қойып отыр.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын ұзартуды тапсырды. Акцияның алғашқы екі күні ішінде 8,5 мың адам кеңес алды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бас прокуратура, Сыбай лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қаржы министрлігінің Қаржы мони торингі комитеті құқық қор ғау қызметіне алғаш рет кіре тін адамдар үшін алғаш қы кәсіби даярлыққа іріктеу жариялады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Солтүстік Қазақстан облысында «Жайылымдар туралы» заңға сәйкес қолдағы малды бағудың жаңа ережелері �з күшіне енді. Полицейлер бұл ережелерді мал ұрлығына жол бермеудің алдын алуда маңызды қадам деп отыр. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «KTZ Express» АҚ «Нұр жолы» �ткізу пунктінде автофуралардың тоқтап тұру мәселесін шешуде жүк ж�нелтушілерге к�мек к�рсетуде. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ҚҰҚЫҚ

Page 10: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

10 1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛДИЖИТАЛ

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,«Egemen Qazaqstan»

ТОБЖ технологиясы қолданылады

Комитет төрағасының ай-туынша, қазір кең жолақты интернетке 6 459 елді мекеннің ішінде 4 646-сы қосылған. Бұл ретте осы елді мекендерде 18,2 млн адам, яғни халықтың 97,3%-ы тұрады.

«Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасына сəйкес жыл соңына дейін 250 жəне одан да көп адам тұратын барлық ауылдық жерді интер-нетпен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Қазір 883 ауылда ин-тернет жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін екі жоба жүзеге асырылуда. Біріншісіне келсек, Талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) техно-логиясы негізінде аймақтарды кең жолақты интернетке қосу жоспарланып отыр», деді В.Ярошенко.

Мемлекеттік органдарға

басымдық беріледіОсы жобаның аясында

мем лекет ауылды елді ме-кен дердегі мектеп, ауруха на жəне əкімдіктерге арнал ған кең жолақты интернет қыз-метін сатып алмақ. Жыл дың соңына дейін осы ар қылы 1 257 ауылдағы 3 718 мем лекеттік органды қажетті ин фра құ ры-лыммен қамту көзделген.

«Жылдың басында ұялы байланыс операторлары мен біздің министрлік арасында меморандумға қол қойылып, сол бойынша ұялы байла-ныс операторлары жобаны аяқ тауға жəне 250-ден астам адам тұратын барлық ауылды 3G немесе 4G қызметтерімен қамтамасыз ету міндетін алды. Аталған жоба арқылы 46 ауыл қамтылып, қалған 882 елді ме-кенге интернет жылдың ая ғына дейін жетуі тиіс», деді Теле-коммуникация комитетінің төр ағасы.

Кең жолақты интернеттен

таршылық көрмейдіВедомство өкілінің сөзіне

сенсек, екінші тоқсанның аяғы-на дейін халықтың 99,3%-ы

кең жолақты интернеттен тар-шы лық көрмейтін болады. Со-нымен қатар 250-ге жет пей-тін ауылдық аймақ халқы ның мəселесі де қарастырылып жа тыр.

«Біздің ведомство Ұлттық экономика министрлігі жəне əкімдіктермен бірлесіп тал-дау жүргізді. Бүгінде 243 елді ме кен іріктеліп алынды, онда кең жолақты интернет желісін қою жұмыстары пысықталуда. Жаңа оқу жылына тоқталсақ, біз арнайы жұмыс жүргіздік. Интернетке байланысты про-блемасы бар мектептер мен ғалам торға мүлдем қосылмаған ауылдар сабақты əдеттегі ре-жім де жалғастырады», деді В.Яро шенко.

9 мың шақырым желі салынды

«Қазақтелеком» АҚ бас-қар ма төрағасы Қуанышбек Есе кеев биыл елімізде 9 мың ша қырымды құрайтын тал-шық ты-оптикалық байланыс же лісі салынғанын жəне оған 828 ауыл ды қосу жоспарланып отыр ғанын айтты.

«Биыл наурыз-сəуір айла-рында біздің байланыс орталы-ғының жүктемесі артты. Ин-тернет арқылы тəулігіне 2,5 мыңнан астам өтініш берілді. Абоненттердің негізгі бөлігі интернетке қосылады. Биыл шамамен 9 мың шақырымға жуық талшықты-оптикалық байланыс желісін салып, оған еліміздегі 828 ауылды қосу жоспарланып отыр. Онда ша-мамен 2 мың мемлекеттік ме-кеме, оның ішінде əкімдіктер, ауруханалар, мектептер ор-наласқан. Оптикалық тал-шық тың ке луімен біздің мо-бильді байланыс желісі де ауылға келеді. Аудан ор та-лықтарының, ауыл дық елді ме кендердің негізгі бөлігі ин-тернетке қосылған. Жыл со-ңына дейін барлық ауылдар-ды интернетке қосамыз», деді Қ.Есекеев.

Басқарма басшысының ай-туынша, Tele2 жəне Kcell опера-торлары базалық стансаларды орнатуды бастады. Компания мамандары аймақтарды ара-лап, жаңа оқу жылында бай-ланыс сапасын арттыру үшін қажетті жұмыстарға кіріскенін жеткізді.

Қазақстанда цифрлық жерүсті телехабар таратуды енгізу жөнін-дегі жобаны іске асыру 2012 жылғы шілдеде басталды. Қазіргі уақытта пайдалануға берілген РТС жалпы саны – 491 бірлік, бұл 13 миллион-нан астам тұрғынды қамтиды. Ұзақ өтпелі кезең тапсырманың күр-делілігімен түсіндіріледі. Елдің «аналогтен» «цифрға» көшуі – қазіргі Қазақстанның ең ауқымды жəне бірегей жобаларының бірі. Аналогті телехабар таратуды 100%-ға көшіру үшін бүкіл ел бо йын ша 827 радиотелевизиялық стан са салу жəне жаңғырту қажет. Бірақ мұндай жұмыс көлемі мақ сатты ақтайды: цифрлық телевизия жоғары сапалы кескін мен дыбыс алуға мүм кіндік береді, сонымен қатар арналар мен бағдарламалардың үлкен таңдауын ұсынады. Ескі үлгідегі сигнал сыртқы əсерлерге өте осал келеді, мысалы, ол ауа райы ның қолайсыздығына байланыс ты жəне қатты жел тұрғанда жо ғалып кетуі мүмкін. Цифрлы те ле хабар тарату сигналдың

сапасы мен қорғанысының жоғары деңгейіне ие, ол ұзақ қашықтықтан қабылданады. Қазір аналогті ха-бар тарату бір таратқыш – бір арна ұстанымы бойынша жұмыс істейді. Цифрлы бір таратқыштан көптеген арнаны таратуға мүмкіндік бе реді. Қарапайым тілмен айт қан да, арна-лар «қысылады» жəне 1 жиі лікте «мультиплекс» ар қылы бе ріледі. Көрермендер үшін ар тық шылықтар айқын, сиг нал са пасы, арналарды таңдау бұ рын ғыға қарағанда үлкен, ал те гін топтамаға кемінде 30 телеар-на кі реді. Жəне де мұның бəрі еш -қан дай абоненттік төлемсіз бері леді.

Эфирлік телевизиядағы ал-ғашқы жаңалықты Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қос танай жəне Павлодар облыс-тарының тұрғындары се зінді. Отандастарымыз негіз гі мульти-плекс бойынша «QAZAQSTAN», «Хабар», «Ха бар24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА», «QAZSPORT», «Kazakh TV», «Первый канал Евразия» сияқты Қазақстанның ірі

телеарналары мен өңірлік бір теле-арна кіретін сапалы телевизияны пайдалана алады.

Цифрлы хабар таратудың ен-гізілуімен отандық телеарналар да даму үшін жаңа серпін ала-ды. Аналогті телевизияның мүм-кіндіктері таусылды, ал жаңа теле-арналар «аналогте» орын болма-уына байланысты эфирге шыға алмайды. «Цифр» барлығының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мемлекет алдында шағын өңірлік телеарналарды қолдау міндеті тұр, сондықтан жыл сайын облыстық телеарналар бірінші, негізгі муль-типлекске кіру конкурсына қатысып жүр. Алайда цифрлы желі бойын-ша тарату тарифіне сай кез кел-ген қазақстандық арна цифр лық толқындағы қолжетімді ар на лар

тізіміне кіре алады. Есесіне теле-компания тек мінсіз са пада үздіксіз хабар таратуды ғана емес, сонымен қатар EPG түймесін басу арқылы кідірту жəне телешоулардың ха-барландыруын көрсету сияқты телевизиялық хабар тарату жүйесіне қосымша функцияларды енгізу мүмкіндігін ала алады. Цифрлы жерүсті телехабар таратуды дамы-ту жəне абоненттерге сапалы сурет пен дыбыс беру, тұтастай алғанда бүкіл ел үшін де тиімді екені айқын. Бүгінгі «цифрға» көшу – жалпы əлем дік тренд. Мысалы, Германия, Ұлыбритания, Испания, Швеция сигналды қайта форматтауды 20 жыл бұрын бастаған. Мұндағы бас-ты басымдық – адамның өмір сүру сапасын, оның ішінде сапалы теле-визия көмегімен жақсарту.

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауын-ша, 2014 жылы басталған «Мо-биус» фискалдандырылған ком-пьютерлік жүйесі базасында элек тронды билет технологиясы, соның ішінде «Адал жол» жо-балық офисінің ұсынысы бой-ынша кезеңімен енгізілген еді. 2014-2020 жылдарға арналған е-форматта билеттер сатуға өту есебінен ұлттық тасымалдаушы үшін шығыс бөлігі айтарлықтай төмендеді. Оңтайландыру соны-мен қатар қымбат тұратын бланк-терден бас тарту есебінен де орын алды. Мамандардың айтуынша, сатуды трасформациялаудың бас ты мақсаты – сату арналарын кеңейту есебінен сервисті артты-ру, «Күту парақшасы» бойынша билеттерді сатып алу мүмкіндігі, орындар туралы мəліметтердің айқындығын қамтамасыз ету жəне қосымша функционалдарды

ұйымдастыру. Бұл ретте, веб-билет қолдан жасаудан қорғалған жəне іссапарға шыққан адамдар үшін бухгалтерияға ұсынуға өте ың ғай лы. Сондай-ақ барлық дерек-тер электрондық мəлімет базасын-да сақталуы артықшылық береді əрі қағаздың жоғалуы жолаушыға қауіп төндірмейді.

Билет формасы халықаралық стандарт бойынша құрылған, онда əуе билетіндегі сияқты ар-найы штрих-коды бар, жолсерік оны көріп жолаушының заң ды екенін анықтайды жəне отыр-ғызуды жүргізеді. Элек тронды билеттен дірудің жаңа жүйесіне толық өту 2019 жылдың 1 шіл-десінен бас тап жүзеге асырыл-ды, қарбалас күндері «күту па-рақшасы» бо йын ша кезекке тұру тəртібімен би леттерді сатып алу, тұрғындар үшін сатып алу жағдайларын жақ сар туға мүм-кіндік берді.

– Жол жүру құжаттарын сату-дың жетілдірілген электронды жү-йесі сондай-ақ қолдан жа сал ған билет жетіспеушілігін құ ру тəжі-рибесін төмендетуге көмектесті. Жа ңашылдықпен күту парақшасы мен орындарды «аулауды» блокқа қою функционалы қарастырылған. Соңғы опция – күту парақшасы – билеттер сату жүйесіндегі орынның болмауы кезінде жолаушыларға электронды кезекке тұруға мүмкіндік береді, – дейді «Жолаушылар та-сымалы» АҚ маркетинг жəне сату бөлімінің директоры Алмас Айтбаев.

Топтық тасымалға тапсырыс беруді рəсімдеу мен беру процесі де автоматтандырылған. Өзгерістер bilet.railways.kz. сайты сервисі жұмысына да əсер етті. Порталдың жаңа нұсқасында тұтынушылар пойыздың жүруі бағытын, соны-мен қатар жолаушының нақты жол жүруі кескіндемесін толық кө ре алады. Көрсетілген функцио-нал сайттың мобилдік нұсқасында да бар.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Kaspi Bank-пен бірлесе би лет терге төлемнің жаңа

сер висін іске қосты. Енді жол жү ру құ жат тарын (билеттерді) WWW.BILET.RAILWAYS.KZ сайтында рəсімдеу кезінде, билет-ке төлем жүргізуде Kaspi.kz. пай-далануына болады. Бұдан басқа, жақында мүгедектігі бар барлық топтағы тұлғалар үшін əлеуметтік маңызды пойыздарға жеңілдікті билеттерді онлайн-рəсімдеу бой-ынша жаңа қызмет түрі жұмыс істей бастады.

Жолаушылар енді билет са-тып алуда үнемдеуіне болады. Атап айтқанда, қысқа жол жүруде клиент тер жатын жабындысынан бас тартуына мүмкіндік беретін опция енгізілді. Мұндай жағдайда оның құны жол жүру бағасынан шегеріледі. Сондай-ақ таңдаулы орындарды таңдауда сүзгінің дұрыс жұмыс істемеу проблема-сы шешімін тапты. Сайтта пай-да ланушыны тіркеу процедура-сы айтарлықтай жеңілдетілді, енді поштаға тіркелімді растау ды күтудің қажеті жоқ. Жаңа пош-талық серверлер қосылып, элек-тронды поштаны жіберу жыл-дамдығы жақсарды.

Электрондық өнеркəсіп пен бағдар-ламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне бүгінде 39 отандық өнім енгізілген болса, 12 өндірушінің 18 өнімін Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі аталған тізілімге осы жылдың басынан бері енгізген.

«Тізілім Қазақстанның АКТ нары-ғын дағы отандық ІТ-өнімдердің үлесін арттыруды жəне АҚ талаптарына сəйкес келетін бағдарламаларды қолдану арқы-лы мемлекеттік органдардың ақпарат-тық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көз-дейді», дейді Цифрлық даму, иннова ция-лар жəне аэроғарыш өнеркəсібі бірінші вице-министрі, минис трдің міндетін атқарушы Бағдат Мусин.

Өз өнімін аталған тізілімге енгізген өндірушілер мемлекеттік сатып алуға біліктілікті алдын ала іріктеу тəсілімен қатысу құқығына ие болады. Тізілім

мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ бұл бастаманы квазимемлекеттік сектор-да қолдануды пысықтау жоспарда бар.

2019 жылы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген түзетулерге сəйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тізілімге енгізілген электрондық өнеркəсіп жəне бағдарламалық қамта масыз ету өнімдері басымдыққа ие тəр тіп пен сатып алынатынын айтып өткен жөн.

Компанияларға өз өнімдерін тізі лімге енгізу үшін ең алдымен минис трлікке «Элек-трондық өнеркəсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне» енгізу туралы өтінім беруі жəне 2018 жылғы 28 наурызда бекітілген тізілімді қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларының талаптарына сəйкес тиісті құжат тарды қоса жолдауы керек.

Жәрдемақы тағайындауға өтінішті онлайн бере алады

––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталында жетім балаларды асырап-бағуға жәрдемақы т�леуді тағайындауға элек-тронды �тініш беруге болатынын хабарлайды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушы «Отбасы» бөлімінің «Қамқоршылық, қорғаншылық, қолдау» бөлігінде: «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жəрдемақы төлеуді тағайындау» көрсетілетін қызметін таңдау керек. Содан кейін өзіңіз туралы мəліметтерді жəне жəрдемақы келіп түсетін банктік шотты енгізіңіз. Содан кейін бала туралы мəліметтерді көрсетіп, электронды цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) өтінішке қол қою қажет.

Өтініште баланың табысы туралы ақпарат, яғни мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақыларды жəне басқа да əлеуметтік төлемдерді, алименттерді, баланың мүл-кінен табуға болатын кірістер туралы мəліметтерді көр сету қажет екенін айта кету керек.

Егер сұрау салу сəтті орындалса, жəрдемақы та-ғайын дау туралы шешім пайдаланушының жеке кабинетіне 1 жұмыс күні ішінде келіп түседі.

800-ден астам ауылда интернет жоқ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстандағы 4 646 елді мекен кең жолақты интернетке қосылған. Алайда 900-ге жуық ауылдық жерде ғаламтор желісіне деген тапшылық әлі де байқалуда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш �неркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің т�рағасы Виталий Ярошенко айтты. Ведомство жыл соңына дейін ауылда тұратын 99,3% пайыз халықты қажетті байланыс желісімен қамтуды к�здемек.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Телеарналарды цифрландырудың тың мүмкіндіктері

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бүгінде цифрлық эфирлік телевизия ел тұрғындарының 86,2%-ына қолжетімді. Жобаны іске асыру жоспарына сай 2022 жылға қарай халықты жалпы қамту пайызы 95%-дан асады. Бұл жақын арада Қазақстанның барлық тұрғындарына �здерінің к�гілдір экрандарынан сапалы бейнені к�ру үшін бірдей жағдай жасалатынын к�рсетеді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Билеттерді электронды түрде сату қаржыны үнемдейді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттерін сату про-цесін дәстүрліден электронды форматқа трансформациялау жылына 1,5 млрд теңге үнемдейтінін к�рсетті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

IT сенімді өнімдер тізіліміне енгізілді––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––IT сенімі �німдер тізіліміне киберқауіптерден қорғауға, ұйымдардың қызме-тін автоматтандыруға, электронды құжаттармен жұмыс істеуге, білім беру процесін басқаруға, ақпаратты қорғауға арналған және т.б. бағдарламалық шешімдер енгізілді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Топтаманы дайындағанДуман АНАШ, «Egemen Qazaqstan»

Page 11: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛ 11ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

Министрдің айтуын ша, елі-міздің конституциялық дамуы-ның бірегей тұжырымдамасын қалыптастыруда Қазақстан Рес-пуб ликасының Тұңғыш Прези-денті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор. Еліміздің басты Заңы Елба-сының институционалдық ре-формалары мен саяси бастама-ларын қамтиды.

«Конституциямызда адам, оның өмірі, құқығы мен бос-тан дығы сынды ең жоғары құн-дылықтар бекітілген жəне аза-маттардың мүддесіне қызмет етеді. Еліміздің негізгі Заңы ха-лық тың денсаулық сақтау сын-ды басты құқығын қорғайды. Басты құқықтық құжаттың 29-ба-бында азаматтардың тегін ке-пілдендірілген медициналық кө мек алу құқығы бекітілген», деді А.Цой.

Мерекелік күнге орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 150 медицина қызмет-керін, Денсаулық сақтау минис-трлігінің қызметкерлерін жə не өңірлердегі денсаулық сақ тау жүйесі өкілдерін Конститу-цияның 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен мара-паттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мерекелік медаль «Дəрілік заттар мен медициналық бұ-йым дарды сараптау ұлттық ор талығы» бас директоры – бас қарма төрағасы Ерік Бай-жүнісовке, Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің ди-ректоры Гүлжан Шайхыбековаға,

ALMAU Денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау бо-йын ша оқытушы Татьяна Иссыкке, Дəрі-дəрмекпен қам-та масыз ету жəне стандарт тау департаментінің директоры Александр Костюкке, Қоғам-дық денсаулық сақтау саясаты департаменті қоғамдық денсау-лық сақтау басқармасының басшысы Гүлнар Құспековаға, медициналық-əлеуметтік көмек департаменті əлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде медициналық көмек басқармасының басшы сы Гүлнар Мақсұтоваға, Қо ғам дық денсаулық сақтау сая са ты де-партаменті қоғам дық ден саулық сақтау басқар ма сының бас са-рапшысы Рабиға Милыбаеваға, медициналық-əлеуметтік көмек департаменті медициналық оңал ту басқармасының бас са-рап шысы Гүлзира Тəжібаеваға жə не Денсаулық сақтау минис-тр лігі мен ведомствоға қарасты ұй ымдардағы бірқатар маманға табыстады.

Салтанатты жиынға мере-келік медальға ие болған қызмет-керлердің төртеуі ғана қатысты, қалғандары Webex бойынша қашықтан марапатталды.

Президенттің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 387 Жарлығына сəйкес Денсаулық сақтау минис-трлігі бойынша жалпы 150 адам, оның ішінде орталық аппараттан 17, Комитет жəне оның аумақ-тық бөлімшелерінен 47 адам, ведомствоға қарасты ұйымның 86 өкілі марапатталды.

«Егемен-ақпарат»

Мəселен, облыстық мəс ли-хаттың депутаты Əділ Жұбанов-тың демеушілігімен жергілікті атқарушы органдарға 2 млн 300 мың теңгенің 10 тепловизо-ры алынды. Сондай-ақ Исатай, Ма хамбет аудандарындағы аз қамтылған, көпбалалы 90 отба-сына азық-түлік себетін алып берді. Ал Атырау қалалық мəс-лихатының депутаты Əлібек Семғалиев жеке иелігіндегі 62 орындық «Пекин» қонақүйін ме-дицина қызметкерлеріне ұсынды. Сөйтіп, онда дəрігерлер мен ор та буындағы қызметкерлер жұ мыстан кейінгі демалысын өткізді.

Карантиндік шектеулер аз қамтылған, көпбалалы отба-сылар үшін оңайға соқпады. Осыған байланысты облыстық мəслихаттың депутаттары Гүл-нар Садуахасова, Сабыржан Сұлтанов, Айбек Ғабдуллин, Серік Идранов бірнеше отбасы-на азық-түлік себетін алып беріп, игілікті іске өз үлестерін қосты.

Тағы бір депутат М.Базарбай жер гілікті кəсіпкерлерді ұйым-дастырып, демеушілер есебінен Құлсары қаласында күнделікті дезинфекциялық жұмыстар жүргізуді қолға алды. Ал Е.Са-паров өңірлік тұрақтандыру қо-рына əлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуге де-меушілік жасады. Сөйтіп, ол 400 тоннаға жуық жоғары сұ рыпты бидай ұнын жеткізіп берді.

Қауіпті індет өршіген сəтте ау-руханаларда жасанды тыныстан-дыру аппараттары жетіспейтіні байқалды. Осындай қиын сəтте облыстық мəслихаттың бір топ депутаты қалтасынан қаржы шы ғарып, Түркиядан аталған аппараттың бірнешеуін алдыруға бастама көтерді. Облыстық мəс-лихат депутаттарының бұл ұсы нысына Мəжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Сенат депутаты Ғұмар Дүй-сембаев қолдау білдірді. Осы-лайша, депутаттардың демеуімен 15 дана жасанды тыныстандыру

аппараты сатып алынып, аудан-дық ауруханаларға шұғыл түрде жеткізілді. Тұрғындар теңізге құй ған тамшыдай болса да, де-путат тардың халықтың дерт-тен айығуына үлес қосқанына қуанышты.

Қауіпті індет дендеген кез-де азық-түлік пен дəрі-дəрмек бағаларының жөнсіз өсуі тұр-ғындардың ренішін туғыз-ғаны даусыз. Осыған орай об-лыстық, қалалық, аудандық мəс лихат депутаттарынан құ-рыл ған партиялық бақылау ко-мис сия сы азық-түлік өнімдері мен дəрі-дəрмектің бағасына қатаң бақылау жүргізіп ке-леді. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» жол картасының облыс көлемінде жүзеге асу-ын, осы бағдарлама аясында жергілікті тұрғындардың жұ-мысқа орналасуын бақылауға алып отыр. Өңірде іске асы-рылатын ин фрақұрылымдық жобалардағы ваканттық жұмыс орындары жұ мыссыздарға

ұсынылып, жұмыспен қамту шаралары қолға алынды.

Қауіпті індетті жеңудің бас-ты шарты – карантиндік ре-жімді қатаң ұстану. Мұның дұ рыстығын əлемдік тəжірибе анық көрсетіп отыр. Алайда халық тың əлі де отбасылық жи ындардан бас тартпайты-ны байқалады. Сол себептен, атқа рушы органдармен бірлесе халықтық бақылау жүргізудің тиімділігі зор. Дегенмен əр аза-маттың саналылығы, жоғары жа уапкершілігі, тіпті сауаты мен мəдениет деңгейі шешуші рөл атқаратыны сөзсіз.

Сонымен бірге емдеу шара-ларын ұйымдастыруда кем-ші ліктер байқалып отыр. Об-лыстық мəслихатқа түскен хат-тар ды сараласақ, жергілікті жерде арнайы стационарлар ашу, медицина мамандарымен, науқастарды дəрі-дəрмек, жа-санды тыныстандыру, рентген құрылғыларымен қамтудағы кемшіліктер айтылған. Бұл – барлық ауданға тəн мəселе. Өйткені өңірде маусымның со-ңында қауіпті індет күрт өсіп, медицина саласының дайын-дығы жеткіліксіз екенін көрсетті. Мұның бір себебін отан дық ме дицинада індетке қарсы жұ-мыс тəжірибесі болмауы мен байланыстырған жөн шы ғар. Осыған орай бұдан бұрын аса қауіпті жұқпалы жəне ка ран-тиндік ауруларға қарсы ат қа-рылған жұмыстар тəжірибесін қайта жандандыру қажет.

Жақынымызға жанашыр болу үшін індеттің кең таралу себебін жан-жақты зерделеп, кем шіліктен қорытынды шы-ғару, денсаулық сақтау саласын эпи демияға тыңғылықты дайын-дау – басты міндетіміз.

�мірзақ ЗИНУЛЛИН,Атырау облыстық

мәслихатының хатшысы

Байқал БАЙ�ДІЛ,«Egemen Qazaqstan»

Жиынды «Луч надежды» адам құқығын қорғау жəне туберкулез-бен күрес мəселелерімен айналы-сатын қоғамдық қордың төрағасы Любовь Рубежанская ашты. Ол өз сөзінде төрткүл дү ниені əбігерге салған пандемия кезінде өзге де жұқпалы аурулардың, оның ішінде тубер кулез дертінің біршама бас көтергеніне тоқталды. Аурудың алдын алу мəселелері қандай жағ дайда да атқарылуға тиісті. Əйт песе, тым өршіп кетуі де əб-ден мүмкін. Қазір жұқпалы ауру-лардың бұл түрі қоғамды алаң-датып отыр. Жаңадан ауру белгісі табылған адамдар көбейіп келеді. Оның бірнеше себебі бар. Мə-селен, жұқпалы ауруларды тара-татын дерт ошақтарының азай-май тұруы. Облыс орталығында мекен-тұрағы белгісіз адамдар көп. Көкшетау қаласындағы бейімдеу орталығы бір мезгілде 50 адам-ды ғана қабылдай алады. Жыл басы нан бері мұнда 200 адам əке-лінген. Мекен-тұрағы белгісіз адам дардың медициналық та-лаптарды сақтамайтыны белгілі. Демек, олар əртүрлі жұқпалы ауру-ларды таратуы əбден мүмкін, оның ішінде құрт ауруы да бар.

Жиында облыс əкімінің орынба-сары Айна Мысырəлімова мұндай əлеуметтік қиын түйінді мəсе-лелердің бар екенін айта келе, мем-лекет тарапынан кесел дің алдын алу барысында нақты жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды. Былтырғы жылдың соңында 409 науқас амбу латорлық жағдайда емделсе, карантин кезінде де 417 нау қас ем алған. Сондай-ақ науқас-тарды бейнебақылау арқылы емдеу əдісі де қолданылуда. Қатерлі дерт-пен күрес нəтижелі болуы үшін 75 смартфон алынған. Дерттің алдын

алу үшін кешенді жоспар түзіліп, облыстың қалалары мен аудан-дарындағы үйлестіру кеңес терінде өзекті мəселе жүйелі қаралады. Сөз арасында жаман тұмаумен жағаласқан дəрігерлер қауымына алғысын білдірді. Олар дың каран-тин кезіндегі шы найы ерлікке пара-пар іс-қимылы дертке тосқауыл бола алған дықтан, туберкулез дертін де жеңетіндіктеріне сенім біл дірді. Сонымен қатар елді елең-детіп отырған бүгінгі мəселені те-реңнен қаузап, қоғамның наза рын аудару үшін жиын өткізіп отыр ған ұжымдарға ризашылығын айтты.

Ал қазіргі қалыптасқан жағ-дай алаңдатарлық. Туберкулез негі зінен əлеуметтік дерт. 2020 жылдың жеті айы ішінде облыс-та 187 адамнан туберкулез дерті анық талған. Құрт ауруы Біржан сал, Бурабай, Ерейментау тəрізді аудандарда біршама көбейгені белгілі болып отыр. Емделіп жа зы лып шыққаннан кейін де екін ші қайтара ауырғандар аз емес. Олардың саны – 82 адам. Бұл орайда ауру ошақтарының Бір жан сал, Аршалы, Бұланды, Есіл, Жарқайың аудандарында бой көтеріп отырғаны айтылды. Талдау нəтижесіне қарағанда, дерт əсіресе жұмыс істемейтін адам-дар арасында көбірек кездеседі. Цифр тілімен айтқанда – 51 пайыз. Сондай-ақ ішімдікке салынғандар мен мекенжайы белгісіз адамдар арасында да туберкулез дертіне шалдыққандар көп. Əлеуметтік-тұрмыстық жағ дайы жоқтар ара-сында да бұл ауру дың белең ала-тыны белгілі.

Бір өкініштісі, қауіпті дерт 18 жасқа дейінгі балалар арасында да көп кездеседі. Демек, ауру жасарып келе жатыр. Есепті кезең ішінде 17 оқиға орын алған. Балалар мен жасөспірімдер дертке шалдығу көрсеткіші жүз мың тұрғынға

шаққандағы талдау бойынша 7,5 пайызды құрап отыр.

Дерттің алдын алу үлкен маңыз-ға ие. Ол кезде емдеу де жеңілірек, дерт ошағын оқшаулау да оңай. Бүгінде облыста 526 сырқат адам бар. Олар ұзақ уақыт бойы емделу үстінде. Осы орайда, адамдардың да өз денсаулықтарына барын-ша мəн беруі керегі жиын бары-сында екпін түсіре айтылды. Алаң-дайтын негіз де бар, жыл сайын ем қабылдау қағидаттарын бұзатын алпыстан астам оқиға орын алады.

Карантин кезінде де туберкулез ауруының алдын алу жəне емдеу ісінде олқылық болған жоқ. Қазіргі заманауи техника ар қы лы қашықтан емдеу ісі үзбей жүргізілді. Алматы қаласындағы фтизио пульмонология ұлттық ғы лы ми орталығының ди-ректо ры Мəлік Аденовтің айтуы-на қа рағанда, облыста туберкулез ауруы ның алдын алу жəне емдеу барысында кешенді іс атқары-лып жатыр. Көкшетаудағы Қ.Құр-манбаев атындағы облыс тық фти-зиопульмонология орта лығының заманауи əдістерге сүйе не оты-рып, соны ғылыми жаңа лықтарды басшылыққа алып, бірегей іс тын дырудағы еңбегі атап айтыл-ды. Дегенмен, бұл дерттің бетін қоғам болып жұмылғанда ғана қайтара алуымыз мүмкін. Соңғы кезде карантин уақытында бір-шама қиындық туды. Əйтсе де, дəрігерлер қауымы дағдарып қал ған жоқ. Соның нəтижесінде адам өлімі 2,5 пайызға азайды. Бұл дегеніңіз дəрігерлердің адал еңбегінің көрсеткіші.

Жиын соңында қоғам үшін аса қатерлі дерттің алдын алуға байланысты қорытынды жасал-ды. Ең алдымен мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының на-зарын аударып, ведомствоаралық байланысты нығайту, сондай-ақ ішімдікке, есірткіге салынудың жолын кесу тұрғысында құнды пікірлер білдірілді. Дертпен тұтас ел болып күрессек қана түпкілікті нəтиже болмақ.

Ақмола облысы

Нұрқанат ҚҰЛАБАЙ,«Egemen Qazaqstan»

Қостанай облысының ден саулық сақтау депар та-менті биыл Қостанай, Руд-ный, Арқалық қалаларындағы ме дициналық колледждерге оқуға қабылданғандар са-ны жыл дағыдан екі есе көп екенін мəлімдеді. Мысалы, былтыр Қостанай жоғары медициналық колледжі жер-гілікті бюджеттің қаржы лан-дыруымен 200, респуб лика лық

бюджет есебінен 15 баланы оқуға қабылдаса, биыл аталған оқу ошағына облыстық бюд-жеттен 475, ал республика қазынасынан 25 студентке білім гранты беріліп отыр.

Маусымның 25-інен бас-тап құжат қабылдай бастаған Қостанай медколледжіндегі қабылдау комиссиясы жұмы-сын 25 тамызда аяқтады. Оқу орнына биыл 1576 бала құжат тапсырып, 475-і іріктеу арқылы оқуға қабылданған. Олар 6 біліктілік бойынша

орта медициналық мамандық алып шығатын болады. Ал рес публика бюджетінен қар-жыландырылатын 25 сту дент 1 жыл 6 айдан соң «ке ңей-тілген практика мед би ке сі» біліктілігін алып шы ғады.

Арқалық, Рудный ме-ди циналық колледждеріне биы л жергілікті бюджет есе-бінен 75 білім гранты бөлі-ніп отыр. Бұл екі колледж ге келісімшарт бойынша жал-пы саны 115 студент ақы-лы оқуға қабылданған. Сту-денттер емдеу ісі, фельдшер мамандықтары бойынша бі-лім алады.

Қостанай облысы

Мерекелік медальмен марапатталды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Денсаулық сақтау министрлігінде Конституцияның 25 жыл-дығына орай мерекелік медальды табыстауға арналған салта-натты жиын �тті. Марапаттау рәсімінде ведомство басшысы Алексей Цой Қазақстан Конституциясында ең үздік әлемдік тәжірибе, сондай-ақ к�пұлтты халқымыздың тарихи және ұлттық дәстүрі к�рініс тапқанын атап �тті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Депутаттар көрсеткен демеу

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Пандемия мен пневмония ешкімді де бейжай қалдырмады. �сіресе әр деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары да қауіпті індетке шалдыққан жандардың жанынан табылып, �з к�мегін ұсынуда. Олар алуан түрлі қайырымдылық акцияларына белсене қатысып, денсаулық сақтау мекемелеріне медициналық жабдықтарды алып берді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Туберкулез дертін тізгіндеу үшін...

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Таяуда К�кшетауда «Игілік» туберкулез ауруының алдын алу және дерт деңгейін т�мендету бағытындағы қоғамдық қоры мен «Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы» бірлесіп келелі кеңес �ткізді.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Медицина мамандықтарына сұраныс артты

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Биыл әлемді уысында ұстаған пандемия дәрігерлік мамандықтың қадірін ұқтырды. Осыған орай, ақ желеңді абзал жандарға құрметтің арта түскені де мәлім.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сур

етт

і түс

ірге

н Е

рлан

ОМ

АР

, «E

Кол

лаж

ды ж

асағ

ан Қ

оны

сбай

ШЕ

ЖІМ

БА

Й, «

EQ

»

Page 12: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

12 1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛАЙМАҚ

Арнұр АСҚАР,«Egemen Qazaqstan»

Көрсеткіш былтырғыдан жақсы болады

Министр Бұландыдағы ірі аграр-лық кəсіпорын «Журав левка-1» серіктестігінің егін ал қа бына ба-рып, алтын дəннің шы ғымын көріп, шаруалардың жай-күйімен таныс-ты, егін жинау жұмыстарының ба-рысын тексерді.

«Журавлевка-1» ЖШС негі-зінен дəнді, дəнді-бұршақты, май-лы, жемдік дақылдар, сондай-ақ көкөніс өсірумен айналысады. Кəсіп орын директорының міндетін атқарушы Темірболат Андаровтың айтуынша, биыл шаруашылық 59 мың гектарға тұқым септі. Оның 33,5 мың гектарына – бидай, 12 мың гектардан астам жерге – арпа, 1 362 гектар жерге – сұлы, 1 543 гек тарға – күнбағыс, 3 969 гектар алқапқа – зығыр, 4 879 гектар жерге – рапс, 110 гектарына – картоп пен көкөніс, 1 120 гектарына жемшөп да қылдары егілді.

– Жұмыс барынша механи ка-ландырылған заманауи ке шен-дермен атқарылуда. Ша руа шы лық топырақты тың ай туға ор га ни калық жəне мине ралды тың айтқыштар қолда на ды. Қуатты тұқым тазар-ту ке шені бар, – деді Те мірболат Андаров.

Серіктестіктің 20 дестелегіші, 152 астық комбайны мен тракторы бар. Барлық техника егін жинау науқанына жұмылдырылған.

«Журавлевка-1» ЖШС мал ша-руашылығын табысты дамы тып жатқанын айта кету керек. Қазір 260 бас қой, 259 бас жылқы мен 1547 бас ірі қарасы бар. Сиыр ларының дені қазақтың ақ бас тұқымы. Мал жая-тын 15,7 мың гектар жайылымдық жері де бар екен. 250 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы мен

шағын мал сою пункті жұмыс істеп тұр. Ақмола облысының 600-ден астам халқы осында жұмыс істейді екен, орташа жала қылары 160 мың теңге шамасында.

Ауыл шаруашылығы минис трі С.Омаров алтын дəні жай қалған алқаптың жанында журналистерге шағын сұхбат беріп, биылғы орақ науқанының жай-күйі жөнінде баян дады.

– Бүгінде республика бойын-ша 3,7 млн гектардан ас там дəнді жəне дəнді-бұршақты дақыл жи-налды. Яғни жалпы тұқым себілген алқаптардың 23,6 %-ы орылды. Былтыр тамыздың соңында 3,1 млн гектардан, яғни барлық алқаптың 20,1%-ы игерілген еді. Биылғы қарқын жақсы болып тұр. Ауа райы да қолайлы. Орташа өнім əр гек-тардан 13,1 центнерден айналып, 4,9 млн тонна астық бастырылды, – деді министр.

Оның айтуынша, қазір еліміз дегі фермерлердің иелігінде егін орағын жинайтын 145 мың трактор, 75 мың трактор тіркемесі, 38 мың астық комбайны, 15 мың дестелегіш, 39 мың жүк көлігі бар. Егінді уақтылы жинау үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 395 мың тон-на арзандатылған жанар-жа ғармай бөлінді. Энергетика минис трлігі та-мыз айында мұнай өңдеу зауыттары өнімінің орташа нарықтық бағасын тоннасына 178 мың теңгеден, литрі 147 теңгеден деп белгілеген-ді. Тасымалдау жəне басқа да шығын-дарды ес кере отырып, фермерлер-ге литрі 168 теңгеден берілді. Бұл нарық тағыдан 10%-ға арзан.

Аймақтың аграрлық әлеуеті артып келедіМинистр биыл ауыл ша-

руа шылығы саласындағы жаңа сақтандыру жүйесі іске қосыл-ға нын да атап өтті. 2004 жылы ен г і з ілген еск і сақтандыру

жү йе сі біріншіден, тек өсімдік ша руа шылығын қамтитын. Екін-шіден, шаруалар қуаңшылық не-месе басқа да апаттардан зар-дап шеккен жағдайда сақтандыру сый ақылары олардың шығынын жап пайтын. Қазіргі сақтандыру жүйесі аграрлық сектордың бар-лық негізгі салаларын қам тиды. Екін шіден, сақтандыру жүйе-сіне қосылу ерікті түрде жүр гі-зіледі. Үшіншіден, өсімдік ша-руа шылығындағы сақтандыру жағ дайларын тиісті компаниялар автоматты түрде тіркейді. Соны-мен қатар сақтандыру саласына шетелдік инвестор компанияларды тартуға мүмкіндік артты.

Жаңа жүйе енгізілген екі ай ішінде фермерлер 67 сақтандыру келісімшарты негізінде 491 млн теңге сақтандыру сыйақысын алып ты. Бұл олар төлеген қар-жы дан 7,3 есе артық. Минис трлік жаңа жүйе бойынша сақ тан дыру келісімшартын жасайтын ком-паниялардың қатары кө бейетініне сенімді.

Министр Бұланды ауданының ортағы Макинск қаласының шет жағында орналасқан бройлер құс фабрикасына барды. 2018 жылы ашылған «Макинск құс фабрика-сы» ЖШС – құс етін өндіру сала-сындағы импортты алмас тыру бо йын ша іске қосылған ауқым ды жоба. Жылына 25 мың тонна құс етін өндіретін ауқымды кешеннің 2-ші кезеңі биыл іске қосылса, өндіріс екі есе ұлғаюға тиіс.

Кəсіпорын директоры Евге-ний Проскуриннің айтуынша, биыл бройлер өсіру үшін 12 құс қорасының əрқайсысынан 4 алаң салынды. Əр қораның аумағы –2 мың шаршы метр. Сондай-ақ инкубатор, жемшөп цехы, құс етін өңдейтін зауыт, ет-сүйек ғи-мараттары қажетті тех но ло гия-лық жабдықтармен толық жа рақ-тан дырылды. Алда ғы уақытта кə сіпорынды одан əрі ұлғайтып, жы лына тірі сал мағы 60 мың тон-на бройлер шығару жоспарланған. Осы тектес жобалардың өнімі то-лығы мен ішкі нарыққа сатыла-ды. Яғни елдің құс еті импорты-на тə уелділігін төмендетіп, ішкі

на рық ты қамтуға мүмкіндік береді.– Бұл жобаның мультиплика-

тивтік əсері бар. Өндіріс қуатын біртіндеп арттыру арқылы өсім-дік шаруашылығын дамыту, ара-лас салаларда жұмыс орындарын құру сияқты жұмыстар күшейеді. Кешенді салу кезінде 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 2-ші кезекті іске қосқаннан кейін жұмыскерлердің саны 450-ден аса-ды, – дейді Е.Проскурин.

Жалпы, биыл республика бо-йын ша 8 құс фабрикасы ашылмақ. Жыл басынан бері Түркістан облы-сындағы «Шымкент құс» пен Қоста-найдағы «ҚазАгрос» кешені ашыл-ды. Қалған алтауы кезек күтіп тұр.

Бұланды ауданындағы ауыл -шаруашылық өнімін өнді ре тін тағы бір ірі кешен «Бота-2015» ке-шені де биыл ашылмақ. Өсім дік майы н өндіретін жоба ның құны 4,2 млрд теңгені құ райды. Болашақ зауыттың өнді рістік қуаты тəулігіне 600 тон наға жетеді.

С.Омаровтың сапары Макинск қаласындағы элеваторды тексе-румен түйінделді. «Арна» астық қа былдау кəсіпорны аудандағы фер мерлердің астығын қабыл дай-ды, кептіру, тазалау, сақтау жəне жөнелту сияқты жұмыс тарды ат-қарады. 14,7 мың гектар жерде сыйым дылығы 22 мың тонна лық астық қоймасы, 4,5 мың шаршы метрге жайы лып жатқан асфальт-талған алаң, сағатына 110 тонна астық өткізе тін кептіргіш бар.

Əдетте қыркүйектің соңына са-лым, əрі кеткенде қазанның басын-да астықты аймақтар жи ын-терін жұмыстарын аяқ тап үлгеретін. Яғни орақ науқа ны орталанып қалды деу-ге болады. Ауыл шаруашылығы ми нис трлігінің хабарлауынша, биыл 18 млн тонна астық жинау жос парланған. Егіннің шығымы жақ сы. Пандемияға қарамастан жұмыс ойдағыдай қарқынмен жүріп жатыр. Астық қабылдау орында-ры да жеткілікті. Күннің қабағы ашық болса, диқандар қауымы жиын-терін жұмыстарын уақтылы аяқтап, қамбасын толтырып алатын түрі бар.

Ақмола облысы

Хамит ЕСАМАН,«Egemen Qazaqstan»

«Мемлекет басшысының тапсыр-ма сымен жүзеге асырылып жатқан мем лекеттік бағдарламалар қазақстан-дықтардың жайлы өмір сүруіне, əркімнің баспана жəне жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгінгі қоныстой – соның айғағы. Құрылыс қарқыны жыл сайы н артып келеді. Ағымдағы жыл дың 7 айын да 270 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Жаңа баспаналарға бірінші кезекте халықтың əлеуметтік осал

топтарындағы отбасы лар қол жеткізуде. Баршаңызды қос мереке – Конституция күні жəне қоныстой ларыңызбен құттық-тап, бақ-береке, ы рыс-ынтымақ тілеймін», деді Б.Сапар баев.

Бұл күні бірқатар тараздықтар жаңа пəтерге ие болды. Мəселен, баспаналы болған Жамиля Никошенко осы күнді 11 жыл бойы күтіпті. Ол отбасымен ұзақ жылдар бойы жалдамалы пəтерлерде тұрып келген. Жамиля Никошенко үш баланы жалғыз тəрбиелеп отырған ана. Балаларының үлкені 12 жаста болса, қызы 6 жаста екен.

«Бүгін – мен үшін өте ерекше күн. Баспаналы болғанымызға қуаныш-тымын. Балаларға да жаңа аудан өте ұнады. Үшеуі де енді үйімізге жақын орналасқан №3 мектеп-гимназиясына

барады. Бұл мен үшін де ыңғайлы», дейді ол.

Сол сияқты, баспаналы болған жал-ғызбасты ана Ардақ Қайкиева да 10 жыл бойы пəтер кезегінде тұрған екен.

«Пəтеріміз жайлы, бөлмелері кең, жарық əрі жылы. Барлық жағдай жасал -ған. Біздің өз күшімізбен мұндай бас-панаға қол жеткізуіміз екіталай еді. Осын дай қолдау үшін мемлекетке алғы-сы мыз шексіз», дейді Ардақ Қайкиева.

Пəтер кілтін алған тұрғындардың бірі Жəнібек Байтұрсынов та өз қуанышымен бөлісті. Оған екі бөлмелі пəтердің кілті табысталған. Оның балалар үйінің түлегі ретінде пəтер кезегінде тұрғанына бір-неше жыл болыпты. Ол да жолдасы екеуі кішкентай бала тəрбиелеп отырған жас отбасы екенін айта келіп, баспаналы болғанына қуанышты екенін жеткізді.

Бүгінде Тараз қаласы бойынша бас-пана кезегінде барлығы 18 мың 887 адам тұр. Ағымдағы жыл басынан бері облыс орталығындағы 15-шағын ауданда 80 пəтерлік 4 үй, ал Арай-2 тұрғын алабын-да 90 пəтерлік бір үй бой көтерген. Енді жыл соңына дейін 22 тұрғын үйдің құры-лы сын аяқтау жоспарлануда.

Жамбыл облысы

ОРАҚ-2020

Арқада жиын-терін науқаны қызу––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елімізде егін орағы басталғалы айға жуықтап қалды. Диқанның ерте к�ктемнен бергі еңбегінің �нбегі к�рінетін, елдің қамбасы қаншалықты толатынын айқындайтын, еңбек майданы қызған маусым қазір. Тамыздың соңында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров астықты аймақтардың бірі Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Бұланды ауданына барды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жақсыбай САМРАТ,«Egemen Qazaqstan»

Алайда өткен аптаның төрт күні жауын-шашынды болып, көптеген егіс алқабының жұмысына кедергі келтірді. Əйтеуір күннің ыстығы жердің тез кебуіне мүмкіндік беріп тұр. Ал осы аптаның дүйсенбісінде жарқырап күн ашылды. Ауаның температурасы кей жерлерде 31 градус ыстыққа жетіп тұр деп хабарлады гидромет орталығы.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Есіл өңірінің астықты алқаптарында бүгінгі таңда 7,5 мың дала кемесі жүйткіп жүр. Оларға биыл 75 мың тонна арзандатылған дизель отын жеткізілген. Бүгінгі таңда жалпы астық көлемінің 31,8 пайызы бастырылды. Бұл – 950 мың гектар деген сөз. Əзірге облыс диқандары 1 млн 330 мың тонна астық жинады. Бұл белгіленген меженің төрттен бірі ғана. Барлық астық алқабы – 4,2 млн гек-тар. Сонымен бірге облыс биыл 922 мың гектар алқапқа майлы дақылдар еккен болатын. Гектар берекесі орта-ша алғанда астықты алқаптардан 14 центнерден, майлы дақылдардан 9 центнерден айналуда. Облыстық ауыл шарушылығы жəне жер қатынастары басқармасының бастығы Ерболат Бекшеновтің айтуына қарағанда, гектардың орташа берекесі жақын күндері көтерілуі тиісті. Өйткені астығы шығымды өңірлерге əлі орақ жете қойған жоқ. Сонымен бірге ол белгіленген меженің орындалатынына да сенім білдірді. Тек күн райы ерте бұзылмаса болғаны.

Сыйымдылығы 7 млн тоннадай астық қабылдау орын-дары ораққа дейін астық қабылдауға дайын болған. Қазір олардың аумақтарында жұмыс қызу жүріп, қоймаларына алғашқы астық құйылуда.

Айта кететін жайт, биыл қызылжарлық диқандар барлық агротехникалық шараларды уақтылы жасаған болатын. Соның ішінде жерге 100 мың тонна минералды тыңайтқыш сіңірілді. Енді тек астықты төкпей-шашпай жинап алу міндеті əрбір диқанның алдында тұр.

Гидрометеоорталықтың болжауына қарағанда, осы аптаның соңына қарай күн райы бұзылады. Келесі апта-да толықтай жаңбыр жаумақ. Сондықтан диқандар əрбір сəтті ұтымды пайдаланып қалуға тырысуда.

Солтүстік Қазақстан облысы

НҰРЛЫ ЖЕР

90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Конституция күніне орай Тараз қаласындағы «Арай-2» шағын ауданын-да шаһар тұрғындарына пәтер кілттері табысталды. Аталған 90 пәтерлі к�пқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой к�терген. Ал аталған тұрғын үйдің құрылысын мердігер компания «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Баспаналы болғандардың қатарында аз қамтылған, толық емес отбасылар, жетім балалар және әлеуметтік осал топтағы басқа да азаматтар бар. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баспана иелеріне пәтер кілттерін арнайы табыстап, тұрғындарды қоныстойларымен құттықтады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Әрбір қолайлы сәтті тиімді пайдалану керек

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Биыл Солтүстік Қазақстанда күн райы ыстық бо-лып тұр. Диқан еңбегінің бағы жанар осы мезгілдің жауын-шашынсыз болғанын қалайды. Пісіп тұрған алтын астық та басын ие бастаған. Бұл жиын-терімді тезірек жүргізуді қажет ететін белгі. Бидай басын иіп осылай к�п тұрса, дәні шашылып қалуы мүмкін. Осыған орай диқандар да әрбір сәтті мүлт жібермеуге тырысуда.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 13: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛ 13ЗЕРДЕ

ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған тəуелсіз Қазақстан тарихшылары қазақ тарихын қалай жазу керек, қандай тұ-ғыр намаға арқа сүйеп, қандай методо-логиялық əдіс-амалдарды қолдана оты-рып іске кірісу керектігі жайына келген-де бірлікке келген ортақ көзқарас жоқ екені байқалады. Бірақ одан шошынып бір-бірімізді, сол арқылы алдыңғы аға буын тарихшыларды кінəлауға болмас.

Мен тарихшы ретінде кешірек қалып-тасқан адаммын. Менің тар жол – тайғақ кешулі өмірбаяным əрі əлемдік бірнеше тілді пайдаланып зерттеу жұмысымен айналысуға мүмкіндігімнің болуы сол олқылықты тезірек толтыруға, өнімді еңбек етуіме себін тигізгені де шындық. Сондықтан ендігі жерде көне тарихқа жаңа көзқарасым қалай қалыптасты, жұмыс барысында өзіме үлгі, бағдаршам болған тарихшылар мен тарихи зерттеу мектебім жөнінде айтқым келеді.

Шынымды айтар болсам, мені ғы-лым ға алып келген, тарихшы ретінде қа лып тастырған Қытайдың да, Кеңестік орыс-қазақ тарихшылық мектебі де емес, Баһаддин Өгел бастаған түрік та рих-шылық мектебі болғандығының арқа-сында методологиялық тұрғыдан оңға-солға ауытқымай бірден жалпы түр кілік, сол арқылы ұлттық тарих жазудың төте жолын тапқаныма ризамын.

Сонда ол қандай жол, қандай методо-ло гия арқылы жүзеге асты дегенге келер болсақ, маған сара жол сілтеген отандық тарихшыларымыз ұстануға тиісті бағдар «Қазақстан та рихы үрдісінің үздіксіз-ді гі, қазақ хал қы тарихы мен мəдение-ті нің ежелден қазіргі күндерге дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар тұр ғысынан ашып көрсетуге əрекет жа-сау» керектігін баса дəріптеген жаңа айқын дамасы болды. Бір өкініштісі, осы айқын даманы ұстанып жазылған тари-хи зерттеу еңбектері онша көп еместігі болып отыр. Сондай-ақ Қазақ тарихын жазуда бүгінгі Қазақстан мемлекеті-нің аумағынан алып шығуға, біртұтас түрік халықтары тарихымен ұштастыра, əлемдік өркениеттің ажырамас бөлiгі ретіндегі «Дала өркениетіне» қосқан үлесі көмескіленіп қала беретіндігі де анық байқалады.

Мен өзіме ұстаз санаған түрік та-рихшысы Б.Өгел батыстық, дəл сол сияқ ты қытай мен орыстың астам дер-жа валық-шовинистік көзқарастарын ба тыл сынап олардың, түріктердің қоғам дық құрылымы мен əлеуметтік тұр мыс-тір шілігінің ерекшеліктерін ескер мей ті нін, кез келген қоғамның да-муы немесе артта қалуы сол қоғамды құрайтын же ке тұлғалардың қоғам алдындағы өз мін детін қалай орын-дауына, оны қалай ұғы нып, сезінуіне тікелей байланысты екенін айта келе «...Далалық жағдайда түрік қоғамындағы отбасы мүшелерінің жəне отбасылардың өз аталастары мен ру-ұлыс алдында белгілі орны мен үлесі болғанын «Атты көшпенділер мəдениеті» динамикалық сағат механизмінше барынша мүлтіксіз қозғалған адамдардың іс-əрекеті, кемел

ақыл-ойы арқылы жа сал ған болатын» деп жазды.

Тарихшы өз ұстанымын орнықтыру үшін, «түріктердің мемлекет жөніндегі түсінігі біртұтас түрік тарихы бойын ша тамыры тым тереңге бойлаған орнық-ты ұғымдар жүйесіне, салдарлы дүние-танымға арқа сүйеген. Осындай байсал-ды байлам бүкіл тарих бойында онша көп өзгеріске ұшырамай халықтық, ұлт-тық дəстүрге айналып бізге дейін жетіп отыр ған дығын» жан-жақтылы дəлелдей келе, «түрік мемлекеттерінде орнық қан ұда йы лық пен жалғастылықты, түрік-тер та ри хының осы ерекшелігін білмей-тін жатжұрт тықтардың түсінуі мүмкін емес» дейді.

Біз қазақ елі тарихын жазарда ба-тыс тық үлгіден туындайтын методо ло-гияға тəуелділіктен құтылып түрік мем-лекеттерінің таянышы тас қамалдарға бекінген патша ордасы емес, халық, жер, қаған туы тігілген ор да екен дігіне көз жеткізуімізге тура ке леді. Біз өз ата-бабамыздың тарихына тере ңірек үңілгіміз келсе, Б.Өгелдің «Түрік та рихы түрік қауымдары мен түрік ұл ты ның біртұтас өмір хикаясы болып та былады. Мемлекеттер құлап, жаңасы құ рылып жата береді. Ал мызғымай жал ғаса берері: түрік ұлты мен түрік қауымдары жəне олардың санасында сақ талар қастерлі ұғым-түсініктер болса керек. Түрік мемлекетінің ұйытқысы «отба-сы – шаңырақ», шаңырақ шайқалып бұзылмаса, бұл ұғым-түсініктер одан əрі жалғаса бермек» деген сөзін ұдайы назарда ұстауымыз қажет.

Бүгінгі бүкіл əлемді жайлаған жаһан-дану мен əсіреленген гендерлік саясаттан туындап жатқан отбасы бірлігін бұзатын азаматтық неке, бір жыныс тылар некесін заңдастыру, жалған демо кратиялық желікпелерге саяси, тарихи тұрғыдан баға беріп, жас ұрпақты тарих тағылымымен тəрбиелеу арқылы мем лекеттің, ұлттың таяныш-тірегі бол ған қасиет ті отбасы бірлігін сақтап қалуға тиіспіз.

Бізге ата тарихымыз, қастерлі салт-дəстүріміз, өмір салтымыз, мемлекеттік ұғым-түсінігіміз осындай аса жауап ты əрі аса қасиетті міндет артады. Қазақ елі та рихын жазуға атсалысқысы келетін аза-маттар осы бір қарапайым қағидалар ды назарынан тыс қалдырмауы тиіс.

Қазақ мəдениеті тарихын зерттеудің əдіс-тəсілі қандай болуы керек деген мəселеге де тоғыз томдық «Мəдениет та ри хына кіріспе» атты еңбек жазып қал дырған тарихшы Б.Өгел «тіршіліктің, сон дай-ақ кісіліктің негізі тамақ пен ішіп-жемге тіреледі. Осынау аса маңызды тұғырды орағыта өтіп мəдениет тари-хын немесе жалпы тарих жазу дегенді түсінудің өзі қиын» дегені қазақтың «Ас – адамның арқауы» ұшқан құс, жүгірген аң – бəрі тамақ үшін дегенімен үндес.

Олай болса, біздің қазақ тари хын жазумен айналысып жүрген зерттеу-ші лер қазақ өмір-тіршілігінің арқауы болған ұлттық тағамтану мен ішіп-жем нің өзіндік ерекшеліктерін көр не-кілендіруден бастауы керек-ақ. Айтулы

əскери жорықтар мен ұлы қо ныс аудару-лар барысында, сондай-ақ қа тал табиғат жағдайында ұлт ты сақтап қалған, əне сол кенеулі талғам мен азық-түлік жəне жылы да қолайлы киім-кешек екенін бағалай білудің ұлттық тарих жазуда соншама орны бар болатын.

Жоғарыда айтылғандарды түсіндірер болсақ, əлемдік түрікшілдік негіздерін жан-жақтылы қарастырған Зия Гок-алыптың «кейбір ұлттардың заманауи мəдениетке қол жеткізуі үшін өткенінен алыстауы қажет болар. Ал түріктердің, керісінше, өткен тарихына, ежелгі мəде-ниетіне қайырылып, назар аударуы жет-кілікті» екенін алдымен өзіміз танып-білуіміз, содан кейін сол ұлы мəдениетті зерттеудің амал-тəсілдері мен ғылыми пайымдарын жан-жақтылы əлемдік тəжі-рибелермен ұштастыра алар едік.

Мен жоғарыда түрік тарихшылар мектебінен үлгі-өнеге алғанымды, со-лар қолданған зерттеу методология сын өз зерттеулерімде жүйелеуге ты рыс -қанымды айтқан едім. Соларды жүйе -легенде мынадай түйіндерге назар ауда-руларыңызды қалар едім:

Тарихшы болу үшін, онда да нағыз ұлт тық тарихшы болу үшін өз халқын, оның бүкіл болмыс-бітімін, тарихын əке-шешесіндей сүйе білу керек екендігі.

Тарихшы болудың, əсіресе қазақ та-рихшысы болудың алғышарты 70 жыл бойы маңайлай алмаған əлемдік тілдерден араб, парсы, қытай, моңғол, түрік, жапон тіл дерін, сол қатарда ағылшын, неміс, фран цуз, орыстілдерін де жетік меңгеру керектігі.

Қазақ тарихшысы иманды, ұят ты, кіші пейіл болуы, Аллаға, ата-баба аруа-ғына шет болмауы, өзі ұстаз тұт қан, ғы-лыми-зерттеуге баулыған ұстаз дарына адал болуы, түрік тарихшыла рынша «ме нің, не біздің сүйікті ұстаздарымыз» де ген сөз тіркесін ұдайы қолдануға дағ-ды лану керек.

Енді біраз сөз өз зерт теу лерімде, əсі ресе арнайы монография арналған «Түр кеш қағанаты» тарихын зе рт теу ба-ры сында осы айтылғандарды қа лай пай-даланған тəжірибелерімді өзде ріңізбен бөлісуге арнасам деймін.

«Түркеш қағанаты» менің зерттеулерім бойынша 692 жылы Жетісуда «он оқ бұ-дұндар» құрған мемлекеттік құрылым болып, ол 74 жыл салтанат құрып ішкі сыртқы жаулардың жан-жақтылы ша-буылы барысында 766 жылы тарих сах-насынан ғайып болды. Осы 74 жылдық тарих отандық жəне шетелдік тарихшы-лар назарынан тыс қалғандығын, сондай-ақ ол туралы жазылған бірнеше беттік мақалалардағы толып жатқан қателер мен бұрмалауларды сын елегінен өткізу қажеттілігін ескеріп мынадай мəсе ле лер-дің басын ашып алуға бекіндім.

Түркештер тарих сахнасына шығар қарсаңындағы геосаяси жағдай қандай еді? Оларды хандық-қағандық билікке əкелген қолайлы, қолайсыз алғышарттар қандай болғанын айқындау қажет деп тап-тым, өйткені бұл дəуірде Түркештердің шығысында империялық араны барынша ашылып Орталық Азияға сұғына кірген Таң патшалығы (618-907 ж) шығыс сол-түстікте қайта қалпына келген екінші Түрік қағанаты (682-744), оңтүстігінде Таң патшалығы – мен тайталасқа түсе алатын Тобан (Тибет) патшалығы, ал оңтүстік

батысында Екі өзен аралығына сұғына кіріп келе жатқан Араб халифаты қоршап тұрған болатын. Бұлардың арасындағы қарым-қатынастың мəн-жайын ашып ал-май тұрып түркештер жөнінде сөз қозғау мүмкін емес еді. Осы нау аса шиеленісті жағдай жөнінде ол кезеңде біршама жаз-ба дерек қалдырған қытайлар мен арабтар жəне екінші Тү рік қағанатынан қалған Тас жазулар мə тіндерін салыстыра отырып та-рихи шын дықты ашуға тура келді. Түркеш қа ға наты туралы жан-жақтылы зерттеу дəл осы тарихи жағдайдың қаншалықты ашылуына тікелей байланысты екеніне көз жеткіздім.

Түркеш қағанаты қашан, қай өңірде, қандай жағдайда, қандай этностық топ-тардың белсене күш салуымен өмірге келді деген сұрақтардың жауабын табу өте қиын еді.

Бізге тиіп-қашып соғып өткен орыс пен қытай зерттеушілері ешбір жазба де-рекке сілтеме жасамай, əртүрлі долбар лар айтумен ғана шектеліпті. Мен сол бол-жал-пікірлерді Қытайдың «Көне таңна-ма» жəне «Жаңа таңнамаларын дағы» дерек терді «Тоныкөк», «Білге қаған» тас жазу ла рындағы мəтіндермен салысты-ра-саралай келе Түркеш қағанаты 692 жыл дың басында Суяб қала бекінісінде Өже лі Баға тархан бастаған «он оқ бұ-дұн ның» белді тайпасы құрған мемлекет деген қорытындыға келдім. Егер зерт-теуші ретінде жоғарыда аталған жаз ба де ректерді түпнұсқадан оқып тек серіп-тал дау, зерделеуден өткізбесек, біз де көп дол барлардың бірін айтумен шек-телер едік.

Түркештердің этностық құрамы мен этноаумағы, сондай-ақ қағанаттық атақ-дəрежесін айқындау үшін тек қана қытай жазба деректеріне жүгіну ке-рек болатын. Ал, ол жазба деректерді

оқу мен мағыналық аударма жасау өте қиын еді. Бұл өткелектен өтуге белгілі тарихшы, қытай тілінің білгірі Нығмет Мың жанның «Қазақтың қысқаша та-рихы» атты əйгілі еңбегі көмекке келді. Сөйтіп бұған дейін түркештерді түрік нəсіліне қосқысы келмеген Я.Бичурин, В.Бартольд, Л.Гумилевтерді көзсіз қай-талаған қазақстандық тарихшылар дың жаңсақ пікірлеріне тойтарыс беруге тура келді. Бұл барыста да Тас жазулар мəті-нін жан-жақтылы зерделеу үшін қытай, ұйғыр, түрік, қазақ, орыс тіліндегі аудар-маларды қатар қойып ой қорытуға тура келді. Сөйтіп түркештер бастаған «он оқ бұдұнның» нағыз түріктекті, кейінгі қа зақ халқын құраған байырғы ата-ба ба-ларымыз болған деген тұжырымды ор-нықтыра алдым деп ойлаймын.

Түркештер құрған мемлекеттің қо-ғамдық құрылымы, əскери билік жүйесі жəне оның шағын хандықтан əйгілі қа-ғанатқа айналу барысына тарихи талдау жасауға тура келді. Мəселен, қытайлар түркештерді «біздің батыс жағымызды қорғап келген батырлар» деп дəріптейді. Қаһарман хандарымыз, батыс шекара-шыларымыз деп жазылып келді. Түркеш қағаны болған, бірақ қытайлар оларды біздің батыс шекарашыларымыз деп атаған екен. Зерттей келе көзім жеткені, түркештер өз алдына жеке мемлекет бол-ған. Қағанат деген сөз – империя деген сөз. Империя, держава болу үшін оның отарлық иеліктері болуы керек. Олай болса олардың иеліктері болды ма, бол-са олар кімдер болған. Түркештер аз ғана əскермен шеттегі хандықтарды билеп-төстеген. Осы барыста олар аз уақыттың ішінде түркіленіп кеткен.

�лімғазы Д�УЛЕТХАН,тарих ғылымдарының кандидаты

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Бұл құжат – қазақ халқының құқықтық тарихынан сыр шер-тетін жəне дəстүрлер сабақ тас-тығы мен тарихи сананы қа-лыптастырумен қатар, халық тың мəдени мұрасы, ұлттық біре гей-лікті орнатудың іргетасы іс петтес еңбек. Оның жасампаз күші көп-ұлтты жəне көпконфессия лы қо-ғамның бейбітшілігін сақтауға, мемлекеттің даму жолын анық-тауға мүмкіндік береді, – дейді шараны ұйымдастырушылар.

– Бүгінде барша əлемдегі сая -саткерлер мен тарихшыларды,

жур налистер мен зерттеушілерді Қазақстан қалайша сынақтар мен ұлтаралық кикілжіңдерді бол дырмай сəтті реформалар ды жү зеге асырып, жалпыұлттық идео логияның негізін салды де-ген сұрақ қызықтырады. Бұ ған Ел басының тікелей қа ты суы-мен жəне халықтың қол да уы-мен жасақталған біздің Кон-сти туция жауап береді. Бү гін Нұр сұлтан Назарбаев азамат та-ры мыздың мүдделері мен мем-ле кетіміздің егемендігін қор-ғай алды деп сенімділікпен ай та аламыз. Бұл кісі кəсіби дағ ды ларымен қатар жоғары адам гершілік қасиеттерге ие.

Со н дықтан Қазақстан азаматта-ры оны құрметтейді, жақсы кө-реді, əлем көшбасшылары оның пікірімен санасады. 1995 жы лы 30 тамызда бүкілхалықтық ре-ферендумда қабылданған Қа-зақ стан Республикасының Ата Заңы еліміздің тəуелсіздігін

дə йек тейтін айғаққа айналды, – деді аталған шараның маңы-зы жайлы айтқан Елбасы кі-тапха насының директоры, саяси ғылым дардың докторы, профес-сор Əмірхан Рахымжанов.

Конституция күні қарсаңында өткізілген виртуалды көрме

би лер соты сүйенген дəстүрлі қа зақ қоғамының тарихын терең ұғынуына мүмкіндік берді. Көр-меден сонымен бірге, құқық пен этиканы біріктіре отырып, қазақ халқының құқықтық мə-дениетін қалыптастыруда ше шуші рөл атқарған байырғы идея лық бағыттарды аңғаруға бо лады. Осы орайда академик-заңгер С.Зиманов айтқандай, «қа зақтың билер соты – тарихи маңызы бар құқықтық жүйелер əлемінде ерекше орын алуға лайықты бірегей сот жүйесі» екені əйгіленіп тұрғандай.

Хандар мен батырлар есім-дері мен қатар халық жадында сақталған Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би жəне басқа да би-лер есімдері мен қызметі Қазақ хандығының мемлекеттік саяса-тына, əрбір азаматтың тағдырына əсер еткені кездейсоқ емес. Бір-неше ғасырлар бойы билер соты халық арасында əділеттілікті қор -ғайтын толыққанды құқықтық жүйе болды.

Бірақ ХІХ ғасырда билер со-ты институтын қайта құру жəне біртіндеп тарату процесі бас-талады. Атап айтқанда, 1854 жы-лы патша өкіметі сот реформа-сын жүргізіп, дəстүрлі сот ісінің ғасырлық тəжірибесін түбегейлі өзгертті. Іс жүзінде халық адал, бейтарап сот құқығынан айы-рылып, бюрократия мен пара-қор лыққа тап болды. Шоқан Уəлиханов сот реформасының сал дарын дұрыс болжап, жағдай-ға қатты алаңдаған алғашқы тұл-ға. Осы орайда ол мəселені жан-жақты зерттеп, статистикалық мəліметтер мен қоғамдық-сая-си пікірге негізделген «Сот ре-фор масы туралы жазбасын» жа зып шықты. Уəлиханов өз ең бегінде билер сотының бас-ты артықшылығы жасандылық пен кез келген ресми тəртіптің бол мауында екенін анық жаза-ды. Оның айтуынша, билердің ақыл-парасаты, абыройы сот əділдігінің кепілі іспеттес.

Қазақ мемлекеттілігінің бастау көздері мен дәстүр жалғастығы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Біздің тарихымыз кешеге дейін кеңестік отарлық биліктің тізгіндеуінде жазылған жасанды тарих екеніне к�зіміз әбден жеткендіктен болар, енді міне, тәуелсіз қазақ тарихшылары ешкімге жалтақтамай к�не тарихқа жаңа к�зқарас бойынша зерттеу, зерделеуге батыл кірісе бастағандаймыз.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мен Ш.Уәлихановтың туғанына 185 жыл толған датасы-на орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы виртуалды к�рме ұйымдастырып, шараға қатысқан к�рермендер қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың XIX ғасырдың екінші жартысында жазған «Сот реформасы туралы жазба» атты құнды еңбегімен танысты.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

КӨРМЕ

Шоқанның жазбалары құндылығын жоймайды

Page 14: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

14 1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛМƏДЕНИЕТ

Таңертең басталған мерейтой бағдарла-ма сынан шаршаған қонақтар ендігі ұйқыға да кеткен шығар. Жоқ, мен қателесіппін. Ешкім де ұйықтамапты... Айлы түнде тау бөктерін қалықтай əуелеген тəтті əн, көлдің бетін дірілдетіп, күндізгі шаршағандарын самалдай серпілте ұйқыларын қашырып гүлге үймелеген арадай көңілдерін əн базарына ұйылта қалған, көздері ұйқыда болғанымен көңілдері əнде. Семейліктер Абай əндерін шырқап, керекуліктер Естай əндерімен базарын тарқатса, Қараөткел, Көкше əншілері Ақан, Біржан əндерін əуелетіп, айлы түннің жанарын əнмен көркемдеп шырайын шабыттанды-рып шықты. Бір кезде қазақтың қадірлі əншісі Мейірхан Адамбеков «Шайтан көл аққулар мекенін» самаладай шырқай жө нелгенде, ұйқыларын серпіп тастап кей бірі балконға, енді бірі асығыс киініп дала ға атып шықты. Не ұйқыны қимай, не əн лəззатын үзе алмай жатқан мен де да лаға шығып көл жағасындағы əн ба-зарына жақындадым. Əн сүйер қауым қаптап тұр. Шабыттанған əншілер бірі-нен бірі əнді қағып алып жалғастырып əке тіп жатыр. Мейірхан Н.Тілендиевтің жүрекжарды «Сағындым ғой...» əнін боз-датып бітіргенде қасындағы жан досы Жақанға бұрылып: «Кезек сенікі» де-гендей көз жанарымен белгі бергенде, əн дегенде қамшы салдырмайтын Жа-қан осы əншілер тобының ортасында томағасы сыпырылған қырандай ерекше сер піліспен үкілі Ыбырайдың «Қызыл асығын» əуелете жөнелгенде қалғыған тау да ұйқысы ашылғандай жаңғырып қоя берді. Демалыс үйінің балконында тұрған, көлдің қарсы бетіндегі жағалауда отырған демалушылар əн əсерінен деле-бе лері қозып: «беу...əуелет....шіркін нет кен дауыс» деп шабыттанып кетті. Тыңдаушылардың қолпаштауымен денесі қызған сəйгүліктей қамшы салдырмастан Біржан салдың «Айбозым» əнін жүректі

қозғай безілдетіп қоя берді. Сағыныш пен қимастықтың алысқа кеткен сарыны біраз тыңдаушының мейірін қандырып, жүрек түбіндегі айнымас сезімінің пердесін шерткендей күрсініп өтті. Айналасындағы əріптестері мен тыңдаушыларының ерек-ше тебіреністерін сезген Жақан Ақан серінің «Балқадишасын» сырлы сезіммен сыздата, жүректі қозғай жөнелді.

Ай қанша жарық болғанымен əуелеген дауысы болмаса, бет пердесі көрінбеген соң, орындаушының ішкі жан дүниесін көзінен көруге мүмкіндік болмады. Бірақ Ақан серінің Балқадишаға деген аяныш сезімі, қимастығы, ең бастысы сүйіс пен-шілігі тыңдаушылардың жүрегіне же-тіп жатты. Кейбірінің көз алдына көр-некті жазушы С.Жүнісовтың «Ақан сері» романындағы ғажайып суреттелген осы көрінісі келіп тебіренткен шығар. Өйт-кені сол Қарқаралы етегіндегі айлы түнде көл жағасында естіген «Балқадиша» əні ме нің есімде С.Жүнісовтың «Ақан сері» романындағы суреттеумен Жа-қан (Жақсыгелді Кемаловтың) орын да-ған əнімен қабысып мəңгі есімде қалды. «Балқадишаны» кім орындаса да ме нің көз алдыма сол көрініс келе қа лады. Бұл əншінің ерен шеберлігі! Əн лəззатына балқып тұрып бозбала Жақан ның өсу кезеңі, əншілік жолының сүрлеуден баста-лып, құштарлығы мен табан ды лы ғының арқасында əнші Жақсыгелді Кемалов бо-лып абыройға жетуі көз алдымнан өтіп жатты.

Мен Жақсыгелді Кемаловты сах-надан көп көріп тыңдадым. Əр көрген сайын диапазонының кеңдігіне ре-пертуар таңдаудағы талғампаздығына əсіресе сахнадағы мол мəдениетіне таң қаламын. Сахнаға ұлттық киіммен дом-бырасын ұстап нық басып шығып келе жатқанда, қазақтың ұланғайыр дала-сын қайсарлықпен билеп, əн-жырымен тайсалдырған нағыз бабалардың рухы

шыққандай мақтаныш билейді. Ал əуелете бетқаратпас жүрегінен күмбір-лей əн бастағанда бабаларымыз – Мəди, Иман Жүсіп, Балуан Шолақтар осын-дай тегеурінді болған екен ғой деп ой-лайсың, нағыз ұлттық колоритті сақ-таған дауыл паз əнші. Сахнада қандай кел бетті болса, өмірде де мінезге өте бай, достыққа адал жан. Жан-жағын қор шаған дос-жолдастары көп болса да ішкі сы рын кез келгенге аша бермейтін берік. Сту дент кезінен, 1980 жылдардан біл геніммен өмірдегі Жақан мен сахна-дағы Жақсыгелді Кемаловтың арасында үлкен айырмашылық бар. Өмірде кел-бетті бойшаң бозбала, топ ортасында ескен желдей жылдамдылығымен өзінің өжет тілігі мен қатқан қайсарлығымен, отты көз жанарымен көп сөйлемей-ақ, ішкі жан-дүниесін ақтарады. Көшедегі мінезі мен жүріс-тұрысын қасиетті сах-наға алып шықпайды. Киелі сахнаны, асыл өнерді ерекше құрметтейді. Жəне де кейбір əншілер сияқты көше əнде рін орындамайды, тіпті үйренбейді де. Қа зір өзінің талғампаз қасиеті мен орын дау-шылық шеберлігін шəкірттеріне үйретуде. Шəкірттерінің алды елімізге танымал өнер майталмандары. Өзі өнерге қандай адал болса, ең алдымен шəкірттерінен жү рек тазалығын талап ететін парасатты ұстаз, мəдениетті жан. Адалдығы мен аза-маттығы қанына біткен тектілігінен. Ал та ланттылығы Құдай берген асыл маржан болса, соны еңбегімен байытып, білімімен ұштап, мəпелеп жүрген өзінің өнерге де-ген махаббаты, бабалардан қалған киелі дəстүрлі əнге деген құрметі.

Студенттік бозбала кезінде-ақ

дос тары ның арасынан оза шыққан сəй-гүліктей ерекшелеткен сұңғақ бойы, нағыз жігітке тəн келбеті, бет қаратпайтын отты көз дері емес, қасиетті домбырамен əуелете салған əні еді. Сол қазақтың құдіретті қара домбырасымен ауыл балаларының ерек-ше салған əндері Қарағанды көшесінің əр бұ рышында əркім сабалап барылдап жүрген гитараның үнін басып озып, қа-ра ғандылықтарға Мейірхан екеуі шын өнердің қасиетін танытты, мойындатты. Қарағанды қаласындағы мəдени іс-ша-раларды екеуі бұрын-соңды болмаған ұлт тық өнердің мəйегімен сусындатып, алыстап бара жатқан əн сəйүгіліктерін өнер додасына қайтарып, бүгінгі таңда ұлы даланы дəстүрлі əнмен тербетіп нағыз қа зақи келбетін келтіріп, тіптен əлем сах-на сында «нағыз қазақ қа зақ емес, нағыз қазақ домбыра» (Қ.Мыр за Əлі)екенін та-нытып жүргендердің біре гейі – Қазақстан Жастар Одағы сыйлығы ның лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңір ген қайраткері Жақсыгелді Кемалов.

Өзімнің кіндік қаным танған Ақ Жайық туралы əн басталғанда есімді жиып, сү-йікті əніме құлақ түрдім. Əн додасында еліткен жұрт ұйқыны ұмытқандай. Түн ор-тасынан ауып кеткен, ал əн түнгі аспанды көмкеріп алған, толастар емес. Жақсыгелді «Еділ мен Жайықты» кемеліне келтіре ай-тып бола бергенде, Сыр бойынан келген жас əнші қонақтардың бірі: «Арқаға ба-рып əншімін деме», – деп бабаларымыз тегін айтпаған екен. Арқа əніне бір жарып қалдық. Жақан аға сіздің орындауыңызда бүгінгі мамыражай күнгі мақпал түнінен ұмытылмас ескерткіш болсын, Ілияс аға-мыздың «Жайлаукөл кештері-ай» əнін

орындап беріңізші дегенде, қаумалаған жұрт: «Иə, бүгінгі айлы түннің қорытынды əні болсын» – деп шуласып кеткенде Жақан: «Дегендеріңіз болсын, бірақ бү-гінгі тойдың «точкасын» Мейірхан до-сым Біржанның «Айтбайымен» аяқтасын, сосын мен бастап бəріміз қосылып Ілияс ағаның əнімен баяулап демалыс орнына қайтарға айтайын деді. Бəрі мақұлдаған соң Мейірхан Біржан салдың «Базарың құтты болсын, ардақты елім» – деп асқақ-та та жөнелгенде Шығыс жақтан таң ның қылаңы біліне бастаған екен. Мейір хан-ның əуелі əні түн қараңғысын сырып, атып келе жатқан жарық күнге қарай ұм тыл-ғандай əуелеп бара жатты. Əн базарынан лəззат алған ел-жұрт қимастықпен Қасым тойынан мол рухани сарқыт жинап жа-тар орындарына аяңдап, тарқай бастады. Досының əні аяқталғанда Жақан баяулата қимас түннің естелігі ретінде «Жайлау көл кештерін» сызылта таңғы самалмен есіле, айналасындағы жұрттың қосылуымен баяу шарықтап бара жатты. Бəрінің ойын-да ұмытылмас тəтті əн кеші қалды.

...Биылғы көктемді (2020 ж.) қытайдың жаман дертіне байланысты емірене қарсы ала алмадық. Көктемнің шуақты күні-нің бірінде дəріханадан шығып келе жатсам бетінде бетперде Жақан маши-насынан түсіп келеді екен. Мені кө ріп жүгіріп келіп амандасып жатыр, не қол берерін, не əдетінше құшағына ала рын білмей абдырап қалды. «Ей, қойшы» – деп күлімдеп құшағына алды. Боз ба ла кезінде бір көктемде жерлес досы, дом-бырашы марқұм Алпыспен екеуі дос-тарының ортасында бір кездескенбіз. Ұмытылмас шақтар ғой. Сол есіне түсіп: «Көктем ғой, аға» деп күлімдеп қарқылдап қоя берді. Мен де ненің еске түскенін байқап күліп: «Иə, көктем..» дедім. Асығыс екен. Амандасайын деп тоқтаған азаматтығына риза болып қала бердім. Бір кездегі өнерге құштар бозбаланың, бұл күнде сахна төрінде өнер қайраткері болып қалыптасқанына қуанып мақтанып қалдым. ...Иə, есте ғой....жайлау көл кештері!

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ, С.Сейфуллин атындағы

академиялық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның

еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

(Соңы. Басы 1-бетте)

Шынымен де бишілер балетке ерте жастан ден қояды. Мұны олардың өнер жолындағы тынымсыз еңбектері мен үздіксіз дайындықтарынан да көруге бо-лады. Сəйкесінше, ерте басталған бұл өнер мансабын да ерте тоқтауың керек. Жат тығу кезіндегі көп жарақат маманның денсаулығына кəдімгідей зиянын тигізеді. Осы ны ескерген ведомство енді балет би шілері 20 жылдық еңбек өтілімен жұмыс тан шықса, зейнет жасына дейін жал ақысының 60% көлемінде ай сайын мемлекеттен төлемақы алып отырады деп ұйғарыпты.

Сондай-ақ министрлік мəлімдегендей, бұл қаржыны соңғы жұмыс орнының 3 жылдағы жалақысының мөлшеріне қарай есептейді. Бірақ сол жылғы 109 АЕК-тен аспауы тиіс. Ал зейнет жасына толған балет əртісіне бұл əлеуметтік қолдау тоқтатылып, жалпыға бірдей зейнетақы төлеу тəртібіне көшеді.

Шынымен де бір қарағанға оңай сияқ-ты болып көрінгенмен, балеттегі ауыр ма-шақатты көбіміз сезіне бермейді екен біз. Айталық, өткен ғасырдың орта сында хорео-граф Джордж Баланчин өзі нің балеринала-рын тамақтан шекте ге ні соншалық: «Мен сендердің құр саудыраған сүйектеріңді көргім келе ді!» деп айқайлапты. Бір жа-ғынан ол хо реографты түсінуге де бола-тын сияқ ты. Себебі балеринаның салмағы көр кем діктен бөлек, оны бірнеше метр биік тік ке көтере лақтыратын серіктесіне де қиындық келтіретін болса керек. Ба-леттанушылар көрсеткендей, сахна-дағы бір қойылымда актер үш килоға дейін салмақ жоғалтады екен. Оның сыртындағы қалың уайым, отбасы мен өнерді үйлестірудегі қиындықтар сияқ ты небір нəзік мəселелер өнер иесінің ден-саулығына əсер етпей қоймайды. Уайым деп айтып қалдық қой, сол Болат Аюха-нов өзі қойған «Анна Павлова» қойы-лымына 57 жылын жұмсағанын ай тады. Осындай қиындықтарды ескере келе, министрлік «Мəдениет туралы» заң-да ғы кəсіптерінің айрықша ерекшелігі бар əртістерге ай сайынғы ақшалай тө-лем дер түрінде мемлекеттік-əлеуметтік қол дау көрсету қарастырылатын жаңа 15-1-баптың тиімділігі зор екенін айтып

жоғарыдағы жеңілдіктерді қарастырған. «Мə селен, балет əртістерінің сахнадағы 20 жылдық еңбегі еш кетпей, төлемақы алуы – бір жағынан еңбектің бағалануы бол-са, екіншіден, болашағына алаңдамауына септігін тигізеді. Əрі театрға əрдайым жас əр тістердің келіп, сахнадағы жаңа буын ның уақытылы алмасып отыруына жағ дай жа-салады. Бұл мамандардың еңбе гі қолдауға толығымен лайық», дейді Е.Жұрынбаев.

Бір жоқ бір жоқты табады дегендей, осы қарқынмен шетелдердегідей балет училищесінің түлектеріне, ұстаздарына, жұмыскерлеріне жеңілдікпен баспана алу-ға мүмкіндік туғызу жағын да қарастырған дұрыс. Себебі текті өнерге табан тіреп, тəуекел етіп баратындар көп болмайды. Оларды осындай қолдаулар арқылы ба-летке бейімдеген дұрыс деп ойлаймыз.

Бір ғана «Браво» үшінБұл сөз үшін талант иесі сахнаға өзінің

тұтас ғұмырын тəрк етеді. Мың бұралған мінсіз қимыл, ғажайып музыкамен үндес сауатты қозғалыс, бəрі-бəрі кішкентай қателіктің өзін кешіре алмайды. Балеттің бір ерекшелігі оның қойылымы сахнада ғана емес, залда да өмір сүріп жатуында шығар. Тіпті өнер жолына енді аяқ басқан əртістерді клакерлер (арнайы жасақталған топ) қолдайтынын көбіміз біле бермейміз. Кейде қойылым хореографы өз қаража-тына арнайы адамдар шақыртып, олар ға қол шапалақтатып, «браво» деп айқай-латады екен. Қайталап айтқанымыз жөн, бұл жас əртістерді қанаттандыру үшін қолданылатын дəстүрлі əдіс. Ең қызығы, клакерлер отыратын арнайы орындар болады. Ол орындарда дыбыс қатты резонансқа түсіп, бір адам емес, бірнеше адам қол шапалақтағандай əсер қалдырады екен. Клакерлер акт соңында бишіге гүл лақтыруды да ұмытпауы тиіс.

Балеттегі біз білмейтін тағы бір мəселе, маман тапшылығы деуге болады. «Астана Опера» театры балет труппасының көр-кемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық хорео-графия академиясының ректоры Алты-най Асылмұратова газетімізге берген сұх батында «Біздің академия – Орталық Азия дағы балет кадрларын даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны», деген бо-латын. Бұл дегеніңіз, ұлт мəдениетінің

бет-бейнесіндей биік өнерге кез келген адам қабылдана сал майтындығын көрсетсе керек. Маманға де-ген тапшылықты бір əртіс үшін бірнеше дублер қажет екендігінен-ақ байқауға бола-ды. Егер қойылым үстінде əртіс жа-рақат алса немесе басқа себептермен өнер көрсете алмаса, олар кез келген уақытта бишіні ауыстыруға дайын бо-луы керек. Үлкен театрларда мұндай «командалардың» саны жиырмаға дейін жетеді екен. Сонда ойлай беріңіз, бір қойылым үшін 20 топ дайын тұруы керек.

Сахнадағы сәттер

Балет сахнасындағы биші-лердің сұлулығына тамсанбау мүмкін емес. Бақайының ұшы-мен шыр көбелек айналған та-лантқа шынайы таңданбасқа шараң қал-майды. Күрделі пируеттер мен фуэттер сізді тылсым əлемге қарай ұр шық ша иірері анық. Егер драма театрын да актер, айталық, мəтінді есіне түсіру үшін қысқа кідіріс жа-сай алса, ба лет тегі «мəтінді» ұмытып қалу – бұл қойылымның сəтсіздікке ұшырауы деуге болады. Əрбір музыкалық соққылар жоспарланған, тоқтап, тыныс алудың мүмкіндігі жоқ сахнадан сау шығуың ке-рек. Биік өнер деуіміз де сондықтан шығар.

Алайда осыншама қиыншылықтар өз жемісін əлбетте береді. Музыка, ыр-ғақ, өмірдің сазын сахнада сезінетін қай-таланбас сəттерді былай қойғанда, тұ рақты дұрыс физикалық жаттығулар би шілерге ғажайып сымбат сыйлады. Бұ ған бір ғана аты аңызға айналған Майя Пли сецкаяның 80 жасқа толған мерейтойында Үлкен театр сахнасына би нөмірімен шық қанын айтсақ та жеткілікті сияқты.

Бұл ойымызды осы өнерге аттай жиыр -ма жылдан астам уақытын арнаған Қазақ-станның Еңбек сіңірген қайраткері Гауһар Усина да қуаттайды. «Сахнада шамамен 2-3 минуттай өнер көрсетіп, одан өнер-сүйер көрермен шабыт алуы үшін таң нан қара кешке дейін жаттығу залынан шық-паймыз. Балет өнері – бүгін болып, ертең кете салатын нəрсе емес», дейді ол.

Біздің балетЕжелгі Италияның сауық-сайран-

дарынан бастау алатын бұл өнер кейін Шығыс елдерінде де ерекше сұранысқа ие болды. Кез келген қойылымды хорео-графиялық образдар, қимыл-қозғалыстар арқылы ашатын кəсіби балет өнері елімізде XX ғасырдың 20-жылдары қалыптаса бас-тапты. Айта берсек, əрине тақырып аясы өте ауқымды. Сөзіміздің соңында отандық балеттегі бірқатар жетістіктер мен алдағы үлкен жоспарлар туралы қысқаша айта кетсек артық етпес.

Биыл «Астана Балет» театры ең қысқа, жетінші театр маусымын аяқтапты. Ұжым өткен маусымын Ташкент қаласындағы Өзбекстан Үлкен театрының сахнасында өткен гастрольден бастағанын білеміз. Юрий Григоровичтің «Махаббат ту-ралы аңыз» үш актілі балеті, сонымен бірге театрдың дəстүрлі «Ұлы Дала мұ расы» бағдарламасы мен «A Fuego Lento» бір актілі балетін өзбек көрер ме-ні ерекше ықыласпен қабылдаған. Театр қойылымдарын көрермен қауым ғана емес, шетелдік əріптестер де жоғары ба ғалаған. Оған Ресейдің халық əртісі Андрис Лиепаның «Астана Балет»

– қабылдауға тұрарлық тəжірибе», де ген сөзін мысал етуімізге болады.

Бұдан кейін театр Ұлыбританияға алғашқы сапарына дайындала келе, тəуелсіз Қазақстан тарихында аңызға айналған Ковент-Гарден театрының сах-насында өнер көрсеткен алғашқы ұжым ретінде зор табысқа жетіп отыр. Үш күндік көрсетілімге билеттер гастроль басталардан бірнеше ай бұрын сатылып, британ баспасөзі мен жергілікті сыншылар қазақстандық труппаның өнерін жоғары бағалаған. Айталық, британдық «Таймс» əртістердің келбеті мен өжет сымбатын, сонымен бірге «Ұлы Дала мұрасы» ұлттық бағдарламасының əсемдігін ерекше атап өткен. «Broadway World» басылымы «Соломея» бір актілі балетінің баяндау тəсілін көлемді операмен салыстырып, хо-реограф Мукарам Авахридің пластикалық тіліне тəнті болғанын мақтанышпен ай-туымыз керек.

Сондай-ақ маусымның алғашқы пре-мьерасы – хореограф Джордж Баланчин-нің «Кончерто Барокко» қойылымын

маэстроның шəкірті – Нанетт Глушак сах налады. Сол кезде Халықаралық ба-лет күніне орай «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып, кез келген адам

театрға тегін кіріп, сахна шымылдығының сыртындағы сырға қанығып, «Еуразияның жеті шымылдығы» көрмесімен танысып, сонымен бірге балет пен оның тарихы жайлы қызықты дəрістерді тыңдай алғаны да болашақ көрермендердің қаперінде болғаны дұрыс.

Бұл ұжым, сондай-ақ АҚШ-тың Сан-Франциско, Лос-Анджелес, Сан-Диего жəне Эскандидо сияқты төрт қаласына гастрольдік сапарын өткізіпті. Мұнымен қоса, театр əртістері Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі (АҚШ) «BarclaysCenter» аренасы мен Кремльдегі жеке концерті мен Мəскеудегі Қазақстан мəдениетінің күндері аясындағы фести-вальге қатысты. Биылдың өзінде «Астана Балет» театрының шетелдік концерттерін ұзын-саны 30000 адам тамашалапты.

Жалпы аңғарғанымыздай, бүгінде қа-зақстандық балеттің қадамына көз қуа-нып, көңіл марқаяды. Осы ретте біз айтып өткен бірер мəселе аздаған қиындықтарға қарамай шешілгені жөн. Біздің халық əуелден əсем өнерді əспеттеуде танымы кең, талғамы биік жұрт. Балетке де ген бетбұрыс – біздің рухани кемел кел-бетімізді кескіндейді.

ТЕАТР

«Жайлаукөл кештері-ай...»––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қарқаралы. 2011 жыл. Кеңес Одағының кезінде цензураның әлегінен жа-нартаудай буырқана қайнаған жыр тасқынын атқылай алмай іште кет-кен ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына орай, туған жерінде �з атындағы ауылдың іргесіндегі тау баурайында дүбірлеп �ткен республикалық мерейтойдың аяғы ән-жырмен жалғасты. �сіресе еліміздің әр түпкірінен кел-ген дәстүрлі ән шеберлері сағынышпен қауышып кешкі астан кейін Арқаның алтын тәжі Қарқаралы етегіндегі айдын к�лдің жағасында орналасқан «Тасбұлақ» демалыс үйінің жанындағы тау етегіндегі алаңқайға алқақотан жайғасып сырласа отырып, ән бастап кеткелі қаншама уақыт болды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ӨНЕР

Балетке барып жүрсіз бе?

Page 15: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛ 15СПОРТ

ФУТБОЛКҮРЕС

САЛАМАТТЫЛЫҚ САЛТЫ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Соңғы жылдары саламатты �мір салтын ұстанған солтүстікқазақстандықтардың саны артуда. Ресми мәліметке қарағанда бұқаралық спортпен шұғылданатын жерлестеріміздің саны биыл 176 мыңға жеткен. Олардың қатарында зейнет жасына жетсе де, кәрілікке бой алдырмай жүрген қарттар да баршылық. Солардың бірі – Петропавл қаласының тұрғыны, марафоншы Қазыбек Бекеев.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Əдетте спортшылардың спорттық өмірі қысқа болатыны белгілі. Дегенмен, бұл қағиданы бұзып, адам организмінің мүмкіндігі орасан зор екенін ісімен дəлелдеп жүргендер де жоқ емес. Біз бұған дейін солтүстікқазақстандық гір көтерушілер – бірнеше дүркін əлем чемпио ны, 10 рет əлемдік рекордты жаңартып, 58 жасында Гиннестің рекорд-тар кітабына енген Виктор Сайко жəне 63 жасында Ресейдің Архангельск қаласында бір мезгілде өткен əлем, Еуропа жəне Азия біріншіліктерінде жеңіске жетіп, бір өзі 12 медаль алып келген Ерік Нұрпейісов тура-лы жазған болатынбыз. Елімізге танымал марафоншы, спорт шебері, 43 жастағы желаяқ Əскер Қожанов та республикалық жəне халықаралық марафондар мен уль-тра марафондардан бір қалып көрген емес. Қазыбек ағаны да солардың қатарына жатқызуға болады.

Бүгінгі таңда 66 жасты еңсерген Қазы-бек Кəкімұлы Аққайың ауданындағы Ара лағаш ауылында туған. Алдымен ауыл мектебінде білім алып, артынан Петро павл дағы педагогикалық учили-щеде оқуын жалғастырған. Бірақ еңбек жолын мек тепте емес, шаруашылықта

бастап, Андреевка жəне Амангелді кең-ша р ларында бригадир болады.

«Мен ұлдарымды ұяға қондырып, қыздарымды қияға ұшырған бақытты жан-мын. Ондаған немерем мен шөберем бар. Бала-шаға ержеткен соң денсаулығымды түзеу мақсатында спортпен айналысуға кірістім. Мақсатыма жету үшін облыс орта лы ғындағы жеңіл атлетика үйірмесіне барып, жастармен қатар жаттыға баста-дым. Аллаға шүкір, бірнеше жылдан кейін тəжірибелі марафоншылармен тең дəре-жеде нəтиже көрсететін деңгейге жеттім. Ел аумағында ұйымдастырылған мара-фон дарға қатысып, өзімнің жасымдағылар тобында бағымды сынай бастадым. Бүгін-ге дейін қол жеткізген жетістіктеріме ризамын. Денсаулығым да нығайып, жыл сайынғы тұмау мен ангина сияқты аурулардан біржола құтылдым», дейді Қазыбек Кəкімұлы.

2014 жылы Ресейдің Омбы қаласында өткен 21 шақырымдық жартылай марафон-да ол өзінің жасындағылар тобында екінші орынға ие болды. Бұл – жерлесіміздің ең үздік нəтижесі. Одан кейінгі сайыстарда да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Атап айтқанда, 5 мың адам қатысқан

халықаралық «Astana Marathon – 2018» жарысында 42,2 шақырымда 60-69 жас аралығындағы спортшылардың ішінде жерлесімізге екінші орын бұйырды. Дəл сол жылы елордада биік ғимаратқа жүгі ріп шығу бойынша қайырымдылық шарасы өткен болатын. Қатысушыларға 100 метр жүгіріп, «Highvill» тұрғын үй кеше нінің 34-қабатын еңсеру қажет болды. Мара-фонға жалпы 326 өтініш түссе, соның тек 280-і мəреге жетті. Ерлер арасында ең ег-де қатысушы болған 64 жастағы біздің

Қазы бек ағамыз бұл қашықтықты 4 ми-нут 52 секундта еңсеріп, екінші орынға ие бол ды.

Бұдан кейін Қ.Бекеев мектеп бітір-геніне 50 жыл толуына орай Нұр-Сұл тан мен Петропавл қалаларының арасын дағы 503,7 шақырымдық қашықтықты вело-сипедпен жүріп өту жоспарына кірісті. Осыған дейін тек жеңіл атлетикамен ай-налысып келген егде жастағы адамға бұл оңайға түспесі анық еді. Сондықтан екі айлық дайындыққа кірісті.

«Бұл жердегі мақсатым – əрі өзімді сынап, əрі қолдарынан смартфондары түс-пейтін оқушылар мен жастарға үлгі көр-сету. Əрине ойымды жүзеге асыру қиын болатынын жақсы түсіндім. Себебі жеңіл атлетика бір басқа да, велоспорт бір басқа дүние. Елордада қонақтап жүргенімде ве-лоспорттан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бүгіндері зейнеттік демалыста жүрген Виталий Ширяев деген азаматпен таныстым. Ол менің ойымды естіп, қолдайтынын білдірді. Мамыр айы-нан бастап жаттығуға кірістім. Отбасы мүшелерім қарсы болғанымен, алыс жолға шықтым. Сөйтіп мақсатымды жүзеге асырдым», дейді жерлесіміз.

Əңгіме барысында Қазыбек Бекеев алдағы уақытта жүзеге асыруға ниет таны-тып отырған жобаларымен де бөлісті. Үсті-міздегі жылдың наурыз айынан бері коро-на вирусқа байланысты барлық жарыс тар мен бұқаралық шаралардың тоқтатыл-ғаны белгілі. Алдағы мақсаты – шекара ашылған соң велосипедпен Қазақстанның бірқатар қаласын басып Еуропа елдерінің тас жолын бағындыру. Қазіргі уақытта жерлесіміз алыс жолға дайындық шарала-рына кірісіп, демеушілер іздеп жүр.

Қанат АТАМАНОВ,журналист

Солтүстік Қазақстан облысы

СУРЕТТЕ: Қазыбек Бекеев

Ғалым СҮЛЕЙМЕН, «Egemen Qazaqstan»

Минскіде 90 кило салмақтағы Валерий Резанцевтің қарқынына ешкім шыдамады. Вадим Пса-ревтай майталман маманның қол астында жаттыққан 29 жастағы алматылық балуан барлық қарсыластарын тас-талқан етіп, фи налда əлем чемпионатының екі дүркін күміс жəне қола жүлдегері, Еуропа чемпионы Стоян Нико-ловты сан соқтырды. Сөйтіп ол қатарынан бесінші рет төрткүл дүниенің теңдессізі деп танылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш! Оған дейін кейіпкеріміз Эдмонтонда (1970), Софияда (1971), Тегеранда (1973) жəне Катовицеде (1975) қарсылас шақ келтірмеген еді. Сол жарыстардың үшеуінде ол есімі жоғарыда аталған бол га-риялық балуаннан басым түсті. В.Резанцевтің рекордын ұзақ уа-қыт қа дейін ешкім бұза алмады. Тек арада 20 жыл өткеннен кейін ғана осы нəтижені ресейлік Алек-сандр Карелин жаңартты. «Орыс аюы» атанған апайтөс 1995 жылы əлем чемпионатында өзінің ал-тыншы алтынын олжалады.

Тағы бір айта кетерлік жайт, 1976 жылы Монреальда алауы тұ тан ған Олимпия ойындарының ше шуші сынында В.Резанцев дəл осы С.Николовтан айласын асы-рып, «мəңгі тозбас» атаққа екін ші мəрте қол жеткізгені де жан күйер-лердің жадында.

82 кило салмақ дəрежесінде бел дескен Анатолий Назаренко үшінші рет əлем чемпионы атан-ды. Ол да Вадим Псаревтің шə-кір ті. Алматының төл тумасы Эд мон тон мен Катовицеде топ

жарса, Софияда күміспен күп-тел ді. Минскіде 26 жастағы Ана толий алдына жан салмады. Қазақ стандық спортшы ақтық ай-қаста румыниялық Йон Енакені еңсерді. Жалпы, А.Назаренконың жоғарыдағы табыстарынан бөлек, Мюнхен Олимпиадасының күміс жүлдегері жəне Еуропаның екі дүркін чемпионы деген атақтары тағы бар.

74 кило салмақта 22 жастағы Ана толий Быковтың бақ жұлдызы жарқырай жанды. Білікті бапкер Виктор Ермаковтан тəлім-тəр бие алған ол сол жылы ғана Алма ты-да өткен КСРО чемпиона тын да бас жүлдені олжалап, дүние жү-зілік додада өнер көрсету құр-метіне бөленген еді. Жер-жаһан-ның мықтылары жиналған жа-рыста жас жігіт ел сенімін ақта-ды. Беларусьтың астанасында бар лық бəсекелесінен басым түс кен Анатолий алтын тұғыр-дан қол бұлғады. Финалда ол бол га риялық Янко Шоповты шаң қап тырды. А.Быковтың одан

кейін гі жүріп өткен жолы да жар-қын жеңістерге толы болды. Жер-лесіміз 1976 жылы Монреаль Олимпиадасында алтын алса, 1980 жылы Мəскеуде күміске қол созды. 1978 жылғы Софиядағы əлем біріншілігін екінші орынмен қо рытындылады.

Қазақстан спортының даңқын асқақтатқан айтулы балуандардың барлығы да қазіргі кезде жырақта өмір сүріп жатыр. Атап айтсақ, 73 жастағы Валерий Резанцев – Ре сейде, 71 жастағы Анатолий Резан цев – АҚШ-та, ал 67 жастағы Ана толий Быков Канадада ғұмыр кешуде.

Минскіде жалауы желбірген жарыста классикалық күрестен 10 салмақ дəрежесі бойынша белде-сулер өтті. Соның сегізінде КСРО құрама командасының мүшелері бас жүлдені олжалады. Жоғарыда есімдері аталған балуандардан бөлек, новосібірлік Владимир Зубков (48 кило), ульяновскілік Вита лий Константинов (52 кило), ни ж нийновгородтық Фаргат Мұс-тафин (57 кило), əзербайжандық Нельсон Давидян (62 кило) жəне тулалық Шəміл Хисамутдинов (68 кило) сынды саңлақтар алдарына жан салмады. Ал өзге екі салмақта Болгарияның қос батыры – Камен Горанов (100 кило) пен Александр Томов (+100 кило) топ жарды.

Дəл сол күндері Минскіде ер-кін күрес шеберлері де əлем чем-пионатының жүлделерін сарап-қа салды. Бұл жарыста да КСРО құрамасы командалық есеп те көш бастады. Тарқатып айт-сақ, Павел Пинигин (68 кило), Рус лан Ашуралиев (74 кило), Леван Тедиашвили (90 кило) жə-не Сослан Андиев (+100 кило) оза шапты. Жапонияның жігіт-тері қос алтынды қоржынға сал-ды. Олар – Юдзи Такада (52 кило) мен Масао Арай (57 кило). Моңғо лияның да нəтижесі дəл сондай. Бұл елдің өрендері ара-сында Зэвэгийн Ойдов (62 кило) пен Хорлоогийн Баянмұңхтың (100 кило) мерейлері үстем бол-ды. Сондай-ақ болгариялық Хасан Исаев (48 кило) пен германиялық Адольф Зегер (82 кило) əлем чем-пионы атанды.

––––––––––––––––––––2019 жыл. Шілде айы. Пор тугалия. Халықаралық Брага турнирі. 1/4 финал. Қар сылас Испаниядан кел ген азулы команда. 1:0 есебімен жеңіске жет-тік. Бірақ... Мойындай алу да ерлік қой, негізі таб ло дағы есеп бойынша жең ге німізбен, футболда жеңіл дік. Яғни, ешқандай ойын к�рсете алмадық. Ал «Атлетико» әлемдік дең-гейдегі ойын к�рсетті.––––––––––––––––––––

Ойынның алғашқы мину-тында балаларымыз тек аспанға аузы ашылған күйі қарап қалды. Себебі «Атлетико» допты жер-ге түсірместен бірден шабуылға шығып, қақпамызға бірнеше соққы жасап үлгерді. Аспаннан əуелете келген алыс пастарды кеудесімен қағып жіберіп, келесі ойыншыға пас беріп, допты жерге түсірмей шыққан шабуылға қарсы қандай шара қолдана аларын білмей біраз сасқалақтады. Себебі ондай ойынға дайын емес едік. Ойынның алғашқы минутында-ақ бірнеше нокдаун алғандай күй кешіп қалдық. Əйтеуір балалары-мыз тезірек ес жия білді. Бастан аяқ тек қорғаныста ойнауға мəж-бүр болдық. Яғни, ойынның көп бөлігі біздің жарты алаңда болды. Қақпамызға кемінде тікелей 20-25 соққы жасалды. Ал бағанның жа-нынан пышақпен кескендей өткен соққыларда есеп жоқ...

Қақпашымыз Ерасыл да осал емес еді. Командамыздағы басты сенім артып отырған баламыз. Сол матчта ол əдеттегі деңгейінен асып, жарқылдап тұрды. Ең көп жұмыс, салмақ соған түсті. Допқа секіреді, құлайды, қайта тұрады. Тыным жоқ. Бір кезде Ерасылдың басы қақпаның бағанына соғылып, «тох» еткен дауыс қатты шықты. Трибуна өре түрегелді. Ол жерде қозғалмай жатыр. Барлығымыз жанталаса жүгірдік. Жүрегім аузыма тығылды. Ішімнен ой-ладым бəрі бітті деп. Анандай соққыдан не бас, не баған сы-нуы керек еді. Барсақ, қақпаның сызығында допты құшақтап алған күйі Ерасыл жатыр. Бір кезде жан-жағына қарады да атып тұрда. Біз аң таң. Төреші де, дəрігер де қайта-қайта «бəрі дұрыс па?» деп оны айналшықтап тексеріп жа-тыр. Ешқандай зақым жоқ.

Осы оқиға мен үшін əлі жұмбақ. Алла сақтаймын десе сақтайды екен ғой. Допты сызықтың үстінде ұстағандықтан гол болған жоқ. Шамамен 5-6 не 7-8 сантиметр ішке жылжығанда гол саналар еді. Одан бөлек, қақпаның үстінен өткен соққыларда есеп жоқ. Біз тек 2-3 шабуыл ғана жасадық деп

ойлаймын. Соның біреуінде, өз жарты алаңымызда олардан доп-ты алып қойған шабуылшымыз жалғыз өзі алға ұмтылды. Се бебі бəрі артта еді. Шамамен 70-ми-нутта. Жанталасып келе жатып құ ла ды. «Құланның қасуы на, мыл тық тың басуы» дегендей, жалғыз өзінің əбден сілесі қа тып он сыз да құлауға дайын тұр ған ша буылшымыздан доп ты алып қоя бергенде құлап, айып жаса-ған дай болып көрінді. Бізге айып соқ қы тебу құқығы беріл ді. Айып соққысы орындалды. Доп қаз-қатар қамал болып тұр ған ойын-шылардың арасы нан, бел тұс-тарынан өтіп қақпаға кірді. Гол. Бірақ өз көзіме өзім сене алмай тұрмын. Бір-біріне жа бысып, қа-мал болып тұрған ойын шы лар дың арасынан қалай өтті? Қақпа шы да аң-таң. Ешқандай əрекет жа-сай алмай, орнында тұрып қалған.

Бұл гол болмағанда, біз же ңі-лер едік. Себебі балаларымыздың əбден сілелері қатып, шаршап қал ды. Əдеттегі матчтардан 2 есе көп салмақ түсті. Реакция, жыл-дамдық, техника, тактикалық тұрғыдан, ұзын пастар, барлық өл шемдер бойынша үлгере алма-ған балаларымызды 2 тайм бойы «Атлетико» қалжыратып жі-берді. Техника, тактика жағы түсі-нікті, олармен бəсекелесе алмай-мыз. Бірақ физикалық тұрғы-дан төтеп бере алатын қауқа-рымызға қарамастан, техника дегенін істетті. Осындай жағ-дайда, Құдай қарасқандай гол болуы, балаларымызды жігер лен-діріп, күш жинауына себеп бол ды. Балаларымыздың екінші тыны сы ашылғандай қайта атқа қон ды. Еуропа футболында соң ғы 10-15 минутта ойындары түрленіп, қыза түссе, бізде, керісінше, өше

түсуші еді ғой. Сон дай сəтте, «Ат летико» ойынды қыз дыра тү-сіп, бізді төпелей бас таған кез де ба лаларымыздың гол мен рух-тан ғаны оларға қарсы қор ғаны-сымызды қайта күшейтіп, төтеп беруге септесті. «Қазақ рух танса, қамал алады» деген рас екен...

Осы күнге дейін əлі ұмыт-пай мын, сол кездегі соңғы 15 ми нуттың əрбір минутын, се-кундын қалай өткізгенімді. Ай-налып кел генде бүкіл команда жантала сып табандылық таныт-ты. Соңғы ысқырық. Матч бітті. Аяқ қа тұру ға шамам келмей, жерге құла дым. Аспанға қарап күл дім де қай та тұрдым. Ұяттан. Төре шіге, қар сы лас командаға барып айтқым келді «Сіздер жең-діңіздер. Жеңіс ті сіздерге қалай берсем болады?» деп. Бірақ ерлік көр сеткен бала ларға не айтамын? Балалардың да кінəсі жоқ. Ис пан балалары секілді стандарт алаң-да жаттықпаған, əлемдік дең гей-дегі жаттықтырушылардан тə лім алмаған балалардың кінəсі не?

«Атлетико» жаттықты ру-шы ларында түр жоқ. Орын дар -ын да қозғалмай қатып қал ған. Қы за рады, бозарады. Көз дері бақы райған күйі тұр. Өңім бе, түсім бе дегендей. Мең зең күй-де тұр ғанын байқа дым. Олар да жар тылай финалға өткісі келеді деген дей. Оның үс тіне фут болы дамымаған елден кел дік деп төбе-мізден қарайты ны бар... Барып қол дарын қыс тым. Бала ларын жұбатып, жігер лен дірдім. Мен үшін өмірімде еш ұмытыл майтын матч осы болды...

Фазылбек �БСАТТАРҰЛЫ

СУРЕТТЕ: қазақстандық қақпашы Ерасыл

Марафоншы қария

Аңызға бергісіз ойын«Атлетико» & «Арландар» – 0:1

Алтын жауған 1975 жыл––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Осыдан дәл 45 жыл бұрын, яғни 1975 жылдың 11-14 қыркүйегі күн дері сол кездері Кеңес Одағының құрамында болған Беларусь тың бас шаһары – Минскіде күрес түрлерінен әлем чемпио натының жалауы желбіреді. Айтулы жарыс жайында біз бекер әңгімелеп отырған жоқпыз. Себебі классикалық күрестен �ткен додада Қазақстанның үш бірдей �рені �нер к�рсетіп, барлығы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына к�терілді. Осылайша отандық күрес мектебінің түлектері КСРО-ның басты додасында бұрын-соңды болмаған орасан зор нәтижеге қол жеткізді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

В.Резанцев А.Быков

А.Назаренко

Page 16: №165 1 ЫРКЙЕК, 2020 ЖЫЛ17 hours ago  · 2016–2020 жылдар а арнал ан Жекешелендіруді“ кешенді жоспары 96,8%-а орындалды.

16 1 ҚЫРКҮЙЕК 2020 ЖЫЛДИДАР

US Open басталды–––––––––––––––––––––––––––––Нью-Йоркте теннисшілердің «Үл-кен дулыға» санатына жататын жа-рыстардың бірі – АҚШ-тың ашық біріншілігі басталды. Бұл жолы осы турнирдің жүлде қоры 53 400 000 дол-ларды құрап отыр. –––––––––––––––––––––––––––––

US Open додасында Қазақстанның бес теннисшісі өнер көрсетуде. Атап айтсақ, əлемнің 17 ракеткасы Елена Рыбакина WTA тізімінде 107-орында тұрған украиналық Катарина Завацкаямен кездесті. Юлия Путинцеваға (33 ракетка) да жеребе жеңіл түсті. Тұсаукесер кездесуінде ол есімі көп-шілікке беймəлім америкалық ару Меган Монт гомериден (597 ракетка) емтихан алды. Бүгін Зарина Диас АҚШ-тың тағы бір өкілі Бернарда Перамен шеберлік байқасады. Бұл екі теннисшінің деңгейлері шамалас. Бұл күндері Зарина дүниежүзілік рейтинг-те 66-орынға жайғасса, Бернарда отандас-ымыздан бес саты жоғары тұр.

Ал ерлер додасында əлемнің 51 ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде өзінен алты саты жоғары тұрған ұлыбританиялық Кайл Эдмундпен күш сынасса, Михаил Кукушкин (90 ракетка) мажарстандық Аттила Балашпен (76 ракетка) кездесті.

Чиншанло күміс алды

–––––––––––––––––––––––––––––�збекстанның тәуелсіздік алғанына 29 жыл толуына орай ауыр атлетика-дан айтулы мемлекеттің бас шаһары – Ташкентте халықаралық онлайн турнир ұйымдастырылды. –––––––––––––––––––––––––––––

Əлемнің бірқатар белді зілтеміршілері бақ сынаған додада Қазақстанның намысын екі спортшы қорғады. 55 кило салмақта өнер көрсеткен Зүлфия Чиншанло қоссайыстың қорытындысы бойынша 200 (85+115) кило салмақты еңсеріп, күміс медальді иеленді. Ол бас жүлдені олжалаған өзбекстандық Муаттар Нəбиевадан бес кило кем көтерді. Үшінші орынға польшалық Йона Лочовска табан тіреді. 109 кило салмақта күш сынас-қан Ибрагим Берсанов алтыншы орынды қанағат тұтты. Оның көрсеткіші – 350 кг (165+185) кило. Бұл тартыста Варазат Лалаян топ жарды. Арменияның өкілі 425 (195+230) килолық зілтемірді бағындырды.

Үш өреніміз өнер көрсетеді

–––––––––––––––––––––––––––––Бұл күндері Қазақстанда іргетасы қа-ланған «Астана» клубы велошабандоз-дар арасындағы ең белді жарыс – «Тур де Франс» к�пкүндігінде бақ сынауда. –––––––––––––––––––––––––––––

Жарыстың екінші турында жерлесте-ріміздің арасынан Алексей Луценко ең үздік нəтижеге қол жеткізді. 186 шақырымға созылған сайыс та ол жетінші орынды иеленді. Луценко мəре сызығын бірінші болып қиып өткен франциялық Жюлиан Алафилиптен небəрі екі секунд қалып қойды. Оның нəтижесі – 4 сағат, 55 минут, 27 секунд. Екінші орынды швейцариялық Марк Хирши еншілесе, ұлыбританиялық Саймон Йейтс үшінші сатыға жайғасты.

Жалпы есепте Жюлиан Алафилип əзірше алда келеді. Францияның өкілінің көрсет кіші – 8 сағат 41 минут, 35 секунд. Екінші орындағы Саймон Йейтс басты қар сыласынан төрт се-кунд қалып тұр. Үшінші сатыға Марк Хирши табан тіреді. «Астана» клубы мүшелері ара-сынан Алексей Лу ценконың аяқалысы жаман емес. Отанда сымыз əзірге 23-орынды иеле-нуде.

ДайындағанҒалым СҮЛЕЙМЕН,«Egemen Qazaqstan»

ТЕННИС

АУЫР АТЛЕТИКА

ВЕЛОСПОРТ

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРƏЛІ

Басқарма төрағасының орынбасары – бас редакторАйбын ШАҒАЛАҚ

Басқарма төрағасының орынбасарыЕрболат ҚАМЕН

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2018 жылғы 23 сəуірдеҚазақстан Республи касының Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті берген. «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық республикалық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар талаптарына сəйкес сертификатталған.

Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыс телефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)ТАРАЛЫМЫ 185 720 дана

Нөмірдің кезекші редакторыРауан ҚАЙДАР

MЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 Нұр-Сұлтан, «Егемен Қазақстан» газеті» көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАНЫҚТАМА ҮШІН:Нұр-Сұлтан: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] МАРКЕТИНГ БӨЛІМІ: Нұр-Сұлтанда – 8 (7172) 37-60-49, 37-64-48, [email protected], [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Нұр-Сұлтан – [email protected] Ақтау – [email protected]Ақтөбе – [email protected]Талдықорған – [email protected]Атырау – [email protected]Көкшетау – [email protected]Қарағанды – [email protected]Қызылорда – [email protected]Қостанай – [email protected]Орал – [email protected]Өскемен – [email protected]Павлодар – [email protected]Тараз – [email protected]Шымкент – [email protected]Петропавл – [email protected]

Бас редактордың орынбасарларыҒабит ІСКЕНДЕРҰЛЫДуман АНАШТалғат БАТЫРХАН

Жауапты хатшы Самат МҰСА

Саясат жəне құқық бөліміЖолдыбай БАЗАР

Экономика бөліміАрнұр АСҚАР

Əлеумет жəне білім бөліміОрынбек ӨТЕМҰРАТ

Мəдениет жəне руханият бөлімі Мирас АСАН

Əдебиет жəне өнер бөліміЕрлан ЖҮНІС

Интернет-редакция бөлімі Уəлихан ҚОСАНБАЙ

МЕНШІК ИЕСІ:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

ФОТОЭТЮД

Сур

етт

і түс

ірге

н Е

рлан

ОМ

АР

, «E

Нартай ақынның үзеңгісі

–––––––––––––––––––––––Кезінде әйгілі ақын �б-діл да Тәжібаев «шара паты бүкіл қауымға же тетін, бар-лығымызды жа рылқайтын, жарататын сарқылмас қа-зына» деп бағалаған, соны-мен қатар биыл туғанына 130 жыл толып отырған халық ақы ны әрі композитор Нар-тай Бекежановтың үзеңгісі Түркістан қала сын дағы «�зі-рет Сұлтан» мем лекеттік тари-хи-мәде ни қорық-музейі қо-рында тұр.–––––––––––––––––––––––

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Egemen Qazaqstan»

Жəдігер жайлы мəлімет жіберген қорық-музейдің қор сақтаушысы Дəулетияр Адиевтің мəліметіне қарағанда, бұл бұйымды 1999 жылы Түркістан қаласының тұрғыны əкеліп тапсырған екен. Үзеңгі жез-ден (латунь) бітеу құйылған, та-баны жалпақ. Жалпы өлшемі – 20х12,9 см. Пошымы бір-біріне құй ма лап жалғасқан екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі құлақ деп аталады. Құлақ үзеңгінің жоғарғы бөлігі, яғни ерге былғары немесе қайыс таралғы (үзеңгі бау) арқылы жалғанатын бөлігі. Үзеңгінің құлағы төртбұрыш пішінді. Биіктігі – 3,5 см, ұзындығы – 5 см. Жəдігердің екінші бөлігі басқыш немесе табан тірегіш деп аталады. Оның табан тірейтін жалпақ бөлігінің көлемі – 12 см, ені – 5 см. Табан тірейтін жерінің астыңғы жағы иректеліп əсемделген.

«1890 жылы дүниеге келген Нартай ақын 1954 жылы дүниеден озды. Халқының сағынышына айналған нар тұлға атамыз, атақты ақын Нартайдың табаны тиген жəдігер асыл перзенттен қалған бір белгі» дейді қор сақтаушы азамат.

Жоба жетекшісі, Ruh.kz порталының Бас редакто-ры Азамат Байғалиұлының айтуынша, жаңа форматта жарық көрген шығармалар қазіргі уақытта үлкен ма-ңызға ие болып отыр:

– Əртүрлі оқиғалардың куəгері болып жүрміз. Əсі-ресе адамдардың бір-бі-ріне қатыгездік, қиянат

жасап жататын жағдай ла ры аз емес. Ал əдебиет – ар -дың ісі, тəрбие мəселе сін -де маңызды рөл атқа ра-тынын білесіздер. Сон дық-тан да обал-сауап, адам -ды сүю, құрметтеу, өмір ге деген сенім мен құш тар-лықты арттырып, қо ғам-ды еңбекке баулуға ша-қы ратын шығармаларды

аудионұсқада ұсынуды жөн көрдік, – деді А.Байғалиұлы.

Шығармаларды Қазақ Ра диосының ардагері, Мə-дениет қайраткері Аман жан Еңсебайұлы дыбыс таған. Олар ды порталдың YouTube же лісіндегі арнасынан

тамашалап тың дауға болады.Аудио жазбаларды жыл

со ңына дейін еліміздегі ЖОО-на, жал пы білім бере-тін ор та мек тептерге тарату жос парланған.

«Егемен-ақпарат»

ЖӘДІГЕР

БӘРЕКЕЛДІ!

Арыстар әңгімесі – аудиоформатта––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Ыбырай Алтынсарин, Жүсіпбек Ай-мауытұлы, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгірұлы секілді қазақ әдебиетінің к�рнекті �кілдерінің шағын әңгімелерін аудиоформатта ұсынып отыр.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Маржан �БІШ, «Egemen Qazaqstan»

Ұзақ уақыттан бергі шығар ма-шылық үзілістен соң театр ұжы мы көрерменге жаңа қойылым дайын-дауда. Алайда енді жұрт операға бұрын ғыдай залға лық толып отыра ал майды. Карантиндік қашықтықты сақтау мақсатында театр қонақтары

мен қызметкерлеріне қойылатын қатаң талап бар. Яғни, қызметкерлер мен келушілерге орын 1 адамға 5 шар-шы метрден есептеліп, ғимараттың толымдығы 50 пайыздан аспауы қажет. Сондай-ақ əлеуметтік арақашықтықты бұзбау үшін ұжымдық дайындыққа 30 адамнан артық қатысуға болмайды. Ал санитарлық эпидемиялық талапты сақтау екібастан міндетті.

Бүгіннен бастап театр қызмет-керлері кезең-кезеңімен жұмысқа шығатынын айтқан «Астана Опера» театры директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева: «Сегізінші театр маусымына дайындықты қайта жалғастырдық. Театр ішінде 1,5 метр лік арақашықтық сақталуы тиіс. Сани тайзерлер қойылады. Көрермен маска тағып келуі қажет. Кірген бой-да дене қызуы өлшенеді. Дене қызуы жоғары адам анықталса, бөлек есік ар қылы шығады. Көрерменге қызмет көрсету департаменті санитарлық талаптың сақталуын қадағалап тұра-ды», деді.

Арман ОКТЯБРЬ,«Egemen Qazaqstan»

Ашық алаңқайдағы жат-тығу залы атшаптырым аумақ ты алып жатыр. Қа-уіп ті індеттің таралмауы үшін тиісті шаралар барын-ша қолға алынған. Мұнда кəсі би спортшылармен қа-тар əуесқой азаматтар да

жат тығу жасай алады. Бес жүз адамға лайықталған маусымдық кешен демеу-шілердің көмегімен салы-нып отыр. Десе де пан-демия жағдайына байла-нысты келушілер шағын топтарға бөлінген. Жаттығу алаңының жұмысымен танысуға келген қала əкімі таяу күндері аталған ауданда

дəл осындай үш ор талық іске қосылатынын мəлімдеді.

– Басты міндет – өске-лең ұрпақты спортпен, шы-ғармашылықпен жаппай қамту, өзін-өзі тəрбиелеу мен дамыту дағдыларын қа-лыптастыру. Қыркүйек ай-ында тағы үш жаттығу ор-талығы Құлагер, Көк майса жə не Көкжиек ша ғы н ау дан-дарында ашылатын болады. Сонымен қатар ауданның бес шағын учаскесінде ба-лаларға ар налған Jetisy-Football тегін оқыту бағдар-ламасы жұ мы сын бастай ды. Ол қиын жағдайда қалған

жан ұялардан шыққан 300 баланы қамтымақ. Ал жат-тықтырушылар қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды, – дейді Алматы қаласының əкімі Бақытжан Сағынтаев.

Жауапты мамандар Же-тісу ауданының Айна бұ-лақ-2, Құлагер жəне Кемел ша ғын аудандарында дене-шы нықтыру-сауық ты ру ке-шен дерінің құ ры лы сына құжаттама əзір леніп жат қа-нын айтты. Ны сандарды бос жерлерге салу жоспарлануда.

АЛМАТЫ

ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Ашық алаңқайдағы жаттығу залы––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматы – саламатты �мір салтын ұстанатындар үшін қолайлы қала. Себебі табиғаты әсем шаһардың спорт сүйер тұрғындарына барлық жағдай жасалған. Бірер күн бұрын мегаполистің Жетісу ауданында «Айнабұлақ» жекпе-жек орталығы ашылды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

«Астана Опера» сахнаға қайта оралды––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Шартарапты шарпыған пандемияға байланысты соңғы алты ай бойы еліміздегі барлық мәдени ошақ орындары �з жұмыстарын тоқтатқан еді. Наурыз айынан бері онлайн жұмыс істеген «Астана Опера» театры енді сахна шымылдығын ашып, халық алдында �нер к�рсететін болады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ ұжымы жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сі ңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иеге рі, халық аралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты

Берік ШАХАНҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.