2 (3207) 2015-01-10

12
ǨزǰǪǬ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 2 ÒÆμ 10 ĭÁħÓÁÑ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -16°.. -14° -22°.. -20° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄëâáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ çïĨáñĨü óæíðæñáóôñá n& çüì ÆĦ óĤíæîäĄ óæíðæñáóôñá n& çüì ˌ೦˘˲˭˘˾ˬ೪ ˙ഉ˥˛˟˛˟ ೪˘ˬ˘ ˭˟˪˵˟˱˵˟˲˧ ˭˟ˮ ˪˯ˬͲ ˬ˟˞ˢ ˯೪˶˾ˬ˘˲ˮ ೪˘˵˳˶೦˘ ˾˘೪˲˘˭ˣ ౭ˬ ʽ˵˘ˮ ˳˯೦˳ˮ ˙˘˳˵˘ˮ ˪˟˾˧˱ ˙˛˧ˮ˛˧ ˲˱˘೪೪˘ ˙˟˥˙˧˵ ˭˧˲ ˳˥ˬ˘೦˘ˮ ˘˲˞˘˛˟˲ ˘˵˘ˬ˘˲೮ˣ ˙˟ˮ ഉˢ˟ˬ˟˲˧೮˧ˣ ˢ˘˥ˮ˞˘ ˾೦˘˲˭˘ ˢ˘ˣ˱ ˢ˟೮˧˭˱˘ˣ˞೪ ˲˶˺ˮ ˪˵˟˲˶˛˟ ˬ˟˳ ೪˯˳೮ˣ˞˘˲ ʺ˘˵˟˲ˤ˘ˬ˞˘˲ ˭˟ˮ ˳˶˲˟˵˵˟˲˞˧ ˲˟˞˘˪˻ˤ೦˘ ˺˘˵ ˘˲೪ˬ ˮ˟˭˟˳˟ ˛˘ˣ˟˵˵˧೮ ˬ˟˪˵˲˯ˮ˞೪ ˱˯˽˵˘˳ˮ˘ ˢ˧˙˟˲˶ˬ˟˲˧೮˧ˣ˛˟ ˙˯ˬ˘˞ ʶ˯ˮ˪˶˲˳೪˘ ˢ˧˙˟˲˧ˬ˟˵˧ˮ ˭˘˵˟˲ˤ˘ˬ˞˘˲ ϯ ˙˟˵˵˟ˮ Ϯ ˳˶˲˟˵˵˟ˮ ˘˳˱˘˶ ˪˟˲˟˪ ౬ˣ˞˧˪ ˭˘೪˘ˬ˘ˬ˘˲ ˛˘ˣ˟˵ ˙˟˵˧ˮ˟ ˢ˘˲ˤˬ˘ˮ˱ ˘˚˵˯˲Ͳ ˬ˘˲ ʮ˟೮˧˳ ˪ˮ˧ ೪˘˲˳˘೮ˮ˞˘ ˘˲ˮ˘˥ ˳˥ˬ೪˵˘˲˭˟ˮ ˭˘˲˘˱˘˵˵˘ˬ˘˞ ʤ˳˵˘ˮ˘ ˘೪˾˘˭ ˛˘ˣ˟˵˧ˮ˧೮ ˲˟˞˘˪˻ˤ˳ ౭ˬ ʽ˵˘ˮ ˳˯೦˳ ʮ˟೮˧˳˧ˮ˧೮ ϳϬ ˢˬ˞೦ˮ˘ ˯˲˘˥ ʺ˟ˮ˧೮ ˘˵˘˭ ʹ ˭˘˥˞˘ˮ˛˟˲ ˘˵˵ ˾೦˘˲˭˘˾ˬ೪ ˪˯ˮ˪˶˲˳ ˢ˘˲ˤˬ˘˥˞ ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾˳ˮ೮ ʻ˲ˬ ˢ˯ˬ ʹ ˙˯ˬ˘˾˘೪೪˘ ˙˘˳˵˘˲ ˢ˯ˬ ˘˵˵ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˺˘ˬ೪ˮ˘ ʮ˯ˬ˞˘˶ˮ˞˘ ˘˥˵ˬ೦˘ˮ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵˵˧˪ ˳˘Ͳ ˳˘˵˵ ˢˣ˟˛˟ ˘˳˲˶˞೮ ˭˘೮ˣ˞ ˙˘೦˵˵˘˲ˮ೮ ˙˧˲˧ ˺˘ˬ೪˵೮ ˙˘˲ˬ೪ ˵˯˱˵˘˲ˮ ˙˧ˬ˧˭˭˟ˮ ೪˘˭˵˶ ˙˯ˬ˱ ˵˘˙Ͳ ˬ˘˞ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ˾ ˘˶˳˭˞೪ ˯೪˶˞ ˢ˯ ˭˟˪˵˟˱˪˟ ˞˟˥˧ˮ˛˧ ˭˟˪˟˭˟ˬ˟˲Ͳ ˞˟ ˪˟ˣ˟˪ ˭ഉ˳˟ˬ˟˳˧ˮ ˾˟˾˶ ˳˯ˮ˭˟ˮ ೪˘˵˘˲ ˪ഉ˳˧˱˵˧˪Ͳ ˵˟˺ˮˤ˪˘ˬ೪ ˙˧ˬ˧˭ ˢ˥˟˳˧ˮ ˞˘Ͳ ˭˵˶ ˭˧ˮ˞˟˵˵˟˲˧ˮ ˘ˬ೦˘ ೪˯˥೦˘ˮ ˙˯ˬ˘˵ˮ Кеше Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков көшпелі кеңес өткізіп, білім мекемелерінің жұмысымен танысты. Қала басшысы Оқушылар сарайында, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №64 «Асыл бөбек» балабақшасында, Юрий Гуров атындағы №6 гимназияда, Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжінде болды. (Жалғасы 2-бетте) ×ħĨĖģĖĚĖęı ėIġIĢ Ģěģ ĨĤĦėĞě f ģĖĝĖĦĚĖ ¼ÍͼȽÇÁÛÉ×Ķ ¼ÅÎÏÇ× Â×Ç× ʶ˟˾˟ ʽ˲˵˘ˬ೪ ˪˯˭˭˶ˮˤ˪˘˻ˤˬ˘˲ ೪ˣ˭˟˵˧ˮ˞˟ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˺˘ˬ೪ ˘˳˳˘˭˙ˬ˟˳ ˵˲˘೦˘˳ˮ೮ ˯˲ˮ˙˘˳˘˲ ˈʤ ˺˘˵˾ˬ೦ˮ೮ ˭˟೮˛˟˲˶˾˧˳˧ ʫ˲˘ˬ ˃˯೦ˢ˘ˮ˯˚ ʤ˳˳˘˭˙ˬ˟ ˢˬˮ೮ ˘˾ˬ˶ˮ˘ ˙˘˥ˬ˘ˮ˳˵ ˙˲ˤ˹ˤˮ˛ ˵˪˧ˣ˞˧ Ералы Лұқпанұлының айтуынша, мерейлі жылдың салтанатты ашылу рәсімі Астанада 6 ақпанда өткізілмек, осы күні атаулы жылға межеленген іс-шаралар легі бастау алмақ. «Ассамблея жылы – ол бейбітшілік жылы. Қазақстан халқының жарасымды ынтымағы мен берекелі бірлігінің арқасында жеткен жеңістерінің жылы. Халықтың даналығына негізделген Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім моделінің жылы. Баршамызды біріктіретін, сенімімізді нығайтатын жылы барлық жоспарланған шаралардың негізгі мәні – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бейбітшілік пен қоғамдық келісім қағидаларын ауқымды түрде көрсету» деп атап көрсетті Ералы Тоғжанов. Айтулы жылда бүкіл өңірлерде 150-ге тарта түрлі мерекелік шара өткізу жо- спарлануда. Ал, КХА жанындағы ғылыми- сараптамалық кеңестің күшімен 170-тен астам жоба жүзеге асырылады. Айрықша мән берілген жобалардың қатарында «Мың бала» мемлекеттік тіл байқауы, этномәдени бірлестіктер арасындағы ең үздік әлеуметтік жоба, этносаралық келісім мен бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған түрлі ғылыми симпозиумдар және үздік инновациялық жобалардың да байқауы бар. Осы жылы еліміздің барлық аймақтарында «ҚХА: 20 ізгілікті іс» қайырымдылық акциясы қанат жай- ып, «Келісім мен бірлік жол картасы» жалғасын табады. Айгүл УАЙСОВА

description

АСТАНА АҚШАМЫ №2 (3207) 10 қаңтар

Transcript of 2 (3207) 2015-01-10

Page 1: 2 (3207) 2015-01-10

2 10

-16°.. -14°-22°.. -20°

Кеше Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков көшпелі кеңес өткізіп,

білім мекемелерінің жұмысымен танысты. Қала басшысы Оқушылар

сарайында, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №64

«Асыл бөбек» балабақшасында, Юрий Гуров атындағы №6 гимназияда,

Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжінде болды.

(Жалғасы 2-бетте)

Ералы Лұқпанұлының айтуынша, мерейлі жылдың салтанатты ашылу рәсімі Астанада 6 ақпанда өткізілмек, осы күні атау лы жылға межеленген іс-шаралар легі бастау алмақ. «Ассамблея жылы – ол бейбітшілік жылы. Қазақстан халқының жарасымды ынтымағы мен берекелі бірлігінің арқасында жеткен жеңістерінің жылы. Халықтың даналығына негізделген Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім моделінің жылы. Баршамызды біріктіретін, сенімімізді нығайтатын жылы барлық жоспарланған шаралардың негізгі мәні – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бейбітшілік пен қоғамдық келісім қағидаларын ауқымды түрде көрсету» деп атап көрсетті Ералы Тоғжанов.

Айтулы жылда бүкіл өңірлерде 150-ге

тарта түрлі мерекелік шара өткізу жо-спарлануда. Ал, КХА жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің күшімен 170-тен астам жоба жүзеге асырылады. Айрықша мән берілген жобалардың қатарында «Мың бала» мемлекеттік тіл байқауы, этномәдени бірлестіктер арасындағы ең үздік әлеуметтік жоба, этносаралық келісім мен бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған түрлі ғылыми симпозиумдар және үздік инновациялық жобалардың да байқауы бар. Осы жылы еліміздің барлық аймақтарында «ҚХА: 20 ізгілікті іс» қайырымдылық акциясы қанат жай-ып, «Келісім мен бірлік жол картасы» жалғасын табады.

Айгүл УАЙСОВА

Page 2: 2 (3207) 2015-01-10

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Өзбекстанда 13-14 қаңтар күндері парламенттің жоғары палатасына сенатор-лар сайлауы өтеді. Қазір елде осы саяси науқанға әзірлік жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Исландия ресми түрде Еуроодаққа кіру туралы берген өтінішін қайтарып алмақ. Елдің премьер-министрі Сигмюндюр Давид Гюннлейгссон осындай қадамға ба-ратыны туралы жариялады.

АҚШ-та Бостон марафоны кезінде жарылыс жасағаны үшін айыпталған Джохар Царнаевтың ісі бойынша бірінші сот отырысы өтті. Оған отыз төрт бап бойынша айып тағылуда. Егер осы тағылған айыптардың кез келгені дәлелденсе, ол өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Түркияда мемлекеттік қызметкерлер мен саясаткерлердің және кәсіпкерлердің

телефон әңгімелерін заңсыз тыңдады деген айыппен 20 полиция офицері қамауға алынды. Ел билігі мұны оппозициялық күштердің үкіметке қарсы жүргізген науқаны деп санауда.

Өткен жылы елордада 10900 жас шаңырақ көтерді.

«АЛЖИР» мұражай кешенінде «Азап шеккен арулар» тақырыбында бейнепано-рамалық көрме ұйымдас -тырылды.

«Қазақстан» орталық концерт залында «Ба-балар дәстүрі – ұрпаққа аманат» гала-концерті өтеді.Басталуы: 19:00.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында А.Цагарелидің «Ханума» музыкалық коме-диясы қойылады.Басталуы: 11:00.

(Басы 1-бетте)

Оқушылар сарайы 2011 жылы желтоқсанда Қазақстан Республи-касы Президентінің тапсырмасы-мен салынды. Қазіргі кезде онда 9 мыңнан астам баланы қамтитын 109 үйірме жұмыс істейді. Мұнда жас қазақстандықтардың шығармашылық және ғылым-білімдегі әлеуетін дамыту үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған Ұлттық интерактивті парк ашылып, ғылым, техника, спорт және өнердің барлық бағыттары бойынша интерактивті стендтер мен экспонаттардың үлкен кешені ұсынылған. Оқушылар сарайының жанынан ашылған жастар театры – еліміздегі маңдайалды труппалардың бірі. Мұнда жұмысқа үздік жас әртістер мен режиссерлер тартылған. Ал, интерактивті парк Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына, оқушыларға ғылыми және мәдени құбылыстарға негізделген қызықты білім тәжірибесін ұсынады, соны-мен қатар, қоғамның ғылымға, жаңа нәрселерді зерттеуге, спортпен шұ-ғылдануға және салауатты өмір сал-тын ұстануға деген қызығушылығын арттырады.

Әділбек Жақсыбеков мекеме бас-шысына үйірмелердің және сек-ция лардың қолжетімділігіне, бала-лар дың демалыстарын қызықты өт кізулеріне баса назар аударуды тап-сырды, сондай-ақ, ата-аналар баланы секция мен үйірмелерге жазу кезінде ешқандай қиындықтарға тап болмауы тиіс екендігін атап өтті.

Астана әкімі жаңа №64 балабақшада арнайы жабдықталған медициналық кабинетте өткізілетін емдеу-оңалту және қалпына келтіру процедурала-рымен танысты.

№64 мамандандырылған балабақша 2012 жылы ашылған, қазіргі кезде онда тірек-қимыл аппараты бұзылған 164 бала оқиды.

Мекемеде логопедтер және де-фектолог мамандығын меңгерген тәрбиешілермен қоса, педиатр, физиотерапевт, ортопед және т.б. кәсіпқой дәрігерлер жұмыс істейді. Балабақшада музыка және спорт залдары, арнаулы тренажер, сен-сорлық бөлме, кинозал мен этногра-фиялық мұражай бар.

Елорда әкімі арнайы барып көрген тағы бір нысан – Кәсіптік-техникалық колледж. 2009 жылы салынған, қазіргі кезде онда 261 студент оқып жүр.

Колледж құрылыс және техникалық саланың мамандарын даярлайды, мекеме базасында жалпы ауданы 1200 шаршы метрді құрайтын 24 оқу-өндірістік шеберхана жұмыс істейді.

С о н ы м е н қ а т а р , Әд і л б е к Жақсыбеков Юрий Гуров атындағы №6 гимназияда болды. Жалпы ауданы 7930,4 шаршы метрді құрайтын оқу орнында 1289 оқушы білім алады. Мұнда «Ақылды мектеп» жобасы аясында тұрақты бақылау жүргізіледі, 30-ға жуық бейнекамера орнатылған.

Көшпелі кеңес барысында Аста-на әкімі Білім басқармасына білім мекемелерінің инфрақұрылымын және білім беру сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді назарда ұс-тауды тапсырды. Әкім барлық білім беру мекемелерінде балаларды та-мақтандырудың сапасына да назар аударды. Ә.Жақсыбеков бала бақ-шаларда орындардың жетіс пеу шілігі мәселесін шешу үшін мемлекет пен жекенің әріптестігін күшейтуді, сондай-ақ, ағымдағы жылы орта мек-тептерде үш ауысымдық оқуды жою-ды, осылайша, мектептердің шамадан тыс жүктемесін азайтуды тапсырды.

Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Түркияның Сыртқы істер министрлігінің ұйым дас-тыруымен Өкілетті елшілердің VII конференциясына қатысқан ЮНЕСКО бас директоры Ирина Бокова Түркияға алғашқы рет жасаған ресми сапарының аясында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының штаб-пәтеріне келді.

Халықаралық ұйым атқарып отырған жұмыстармен танысқан ЮНЕСКО бас директоры: «Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен ЮНЕСКО мәдениет және өнер саласында бір бағытта қызмет атқарып келеді. Өйткені, мәдениет – адам табиғатындағы ең үлкен байлық. Әлемдегі

биологиялық әртүрліліктің орны қандай болса, адамзат ішіндегі әралуандық та сондай. Мәдени мұралар мен құндылықтардың әралуандығы әлемдік бейбітшіліктің орнығуына сүбелі үлес қосатыны сөзсіз. ТҮРКСОЙ ұйымының жасап отырған жұмыстарына үнемі көңіл бөліп отырамыз. Татарстанда өткен шаралар, Қырғыз еліндегі Манас рухын асқақтатқан игі жұмыстар назары-мыздан тыс қалған жоқ. Түркі әлемі – мәдени мұраға бай дүние. Осы тұста түркі әлеміндегі жетістіктер Қазақстан мемлекетінің бастамасымен ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық мәдениеттер жақындасуының он жылдығы рухымен астасып жатқандығын айрықша айтуымыз керек. Алдағы жылы – ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ ынтымақтастығының 20 жылдығы. Сондықтан ЮНЕСКО жалғыз емес, оның ТҮРКСОЙ сынды қолдаушысы бар» дей келе, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке алғыс айтты.

Т ҮРКСОЙ ұ йымының бас х атшысы Дү йсен Қасейінов 1996 жылдан бері ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ арасындағы ынтымақтастықтың күн өткен сайын күшейіп отырғандығын сөз ете келе, алда атқарылар жұмыстар ауқымына тоқталды.

Page 3: 2 (3207) 2015-01-10

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz

-

-

– Жол жүру ережелеріне бір қа-тар өзгертулер мен толық тырулар енгізілгенін естіп жатырмыз...

– 2015 жылдың 7 қаңтарынан Үкі-мет қаулысы күшіне еніп, жаңа жол қозғалысы ережесі қолданысқа көшті. Бұл өзгерістер Жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің, жүр гізушілердің ортақ міндеттеріне қатысты «Жол қозғалысы туралы» заңының норма-ларына сәйкес жасалды.

– Енді сол өзгертулер жайында нақтырақ айтып өтсеңіз.

– Автомагистральдар мен жолдарды қоспағанда, бөліп тұрушы жолағы бар жолдардағы қозғалыс жылдамдығы сағатына 100 км болып белгіленді.

«Сыртқы түсті құрылғылар мен

дыбыстық сигналдарды пайдалану» бөлімінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерді күн-дізгі уақытта көлік құралдарындағы жарық немесе баяу жарық шамдарын қосуға міндеттейтін норма алғаш рет қосылды.

Көлік құ рал дарын басқаруға тыйым салатын нормалар «Жол қозғалысы туралы» заңында қарас-тырылған ережелерге сәйкес келті-рілген. Көлік құралы уақытша ие-лену немесе пайдалануға берілген тұлғаларды есепке алып, тіркеуді міндеттейтін 76-бап алынып тастал-ды. Енді жүргізушілерден сенімхат талап етілмейді.

Сонымен қатар, арнаулы заңның

54-бабы ның 22-тармақшасынан «сәйкес жол белгілері мен таңбалары белгіленген арнайы қашықтатуға арналған орындарды қоспағанда, елді мекендердегі көшелер мен жол-дарда» тұрақтауға тыйым салушы норма алынып тас талды.

– Балаларын көлікпен алып жү-ретін ата-аналарға заң қандай шек-теулер жасайды?

– Жол жүру ережесінің «Жолау-шылар тасымалы» аталатын тарау-ында «12 жасқа дейінгі балаларды арнайы ұстап қалушы құрылғылар мен басқа да құралдарсыз тасымалдауға тыйым салынады» делінген.

Бағлан ОРАЗАЛЫ

Міне, осы күні 2014 жылдың күзінде әскер қатарына шақырылған Ұлттық гвардияның мыңдаған жас жауынгері Отанына адал қызмет ететініне сендіріп, салтанатты түрде ант береді.

Салтанатты ант беру рәсіміне ҚР ішкі істер министрі, Ұлттық гвардияның басшылары, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, жас жауынгерлердің ата-аналары, ардагерлер мен басқа да адамдар қатыспақ.

Кеште «Қазақстан» орталық концерт залында «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа аманат» ұранымен ән және би ансамблі және ҚР Ұлттық гвардиясының орталық оркестрі Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған VII гала-концертін береді. Оған Элмира Баққали, Мұрат Нұрғазиев, Гүлфайруз Құрманғожаева, Ғайни Жұмашева, Асхат Таушев, Бауыржан Тұрғұмбаев, Еділ Хұсайынов сияқты қазақ эстрадасының танымал тұлғалары қатысады.

Электр энергиясы бағасының жоғарылау ының негізгі себебі Қазақстан Республикасының Энер-гетика министрлігімен келісілген шекті тарифтер шеңберінде, электр стансаларындағы электр энергиясын өндіру бағаларының жоғарылауы бо-лып табылады.

Жалпы, тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу жөнінде Мем-лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол» атты жаңа Жолдауында тапсырма берген болатын. Осыған орай Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Энергетика басқармасымен бірлесіп, ішкі резервті табу арқылы тарифтің

айтарлықтай жоғарылауына жол бер-меудің амалдарын қарастырды.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау коми теті-нің Астана қаласы бойынша депар-таментінің басшысы Марат Мұста-финнің мәлімдеуінше, «Астанаэнер-госбыт» үш жерден электр энергия-сын алады. Негізгі энергияны бізге «Астана-Энергия» АҚ береді. Бірақ, оның мүмкіндігі 50 пайыздан аспайды. Демек, ол бүкіл қала тұрғындарының қажеттілігін өтей алмайды.

– Биыл біздің қалаға 2,5 млрд электр энергиясы қажет. Оның 1 м л рд 2 5 3 м л н -ы н « А с та на - Энер гия» АҚ береді. Ал, қалған жет-пеген энергияны біз сырттан, яғни, «Екібастұз ГРЭС-і мен «Павлодар-

энерго» АҚ-дан аламыз. Бұл ретте бізге әлдеқайда қымбатқа түсетін «Пав-лодарэнергодан» азырақ, керісінше, «Астана-Энергия» мен «Екібастұз ГРЭС-інен» көбірек энергия алынды, – деді департамент басшысы.

Бұған дейін бас шаһарда электр қуатының орташа тарифі 11,84 теңге болса, қаңтар айынан бастап елор-далық тұрғындар әр киловатт электр энергия сы үшін қосымша құн салы-ғын қоса есептегенде 12 теңге 67 тиын төлейді. Бұл өткен жылмен са-лыстырғанда 7 пайызға көп.

Мамандар тарифтің көтерілуіне биылғы 1 қаңтардан бастап Астана қаласының энергия өндіруші ұйы-мының тарату бағасын ұлғайтуы және электр энергиясын сырт көздерден сатып алу тарифтерінің артуы се-беп болып отырғанын айтты. Алдағы уақытта жергілікті жылу электр орта-лықтарының энергиясы көбейсе, онда электр энергиясына қажеттілік т ұрақтанады деп жоспарлануда. Се бебі, сырттан алған электр энергия-сы сөз жоқ қымбатқа түседі.

Астанада 1 қаңтардан бастап жылу-дың бағасы қымбаттамайтын болды. Сондай-ақ, сумен жабдықтау, суды бұру және газбен жабдықтау тариф-тері де өзгеріссіз қалды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Жылдан жылға көркейіп, әлем назарын аударған бас қаламызға 2014 жылы ғана 642,1 мың турист келген. Соның ішінде елге келушілер туризмінің желісі бойынша – 145,5 мың, ішкі туризм желісі бойынша 440,9 мың турист демалған.

Кейінгі жылдары кіріс туризмі арқылы Астанаға келген туристер саны ар-тып келеді. Мәселен, 2011 жылы сырттан 105,9 мың адам, 2014 жылы 145,5 мың адам келсе, ішкі туризмнің үлес салмағы 2011 жылы

373,5 мың адамнан 2014 жылы 440,9 мың адамға дейін өскен.

Бұған жыл сайынғы «Аста-на – Отанымның елордасы» атты кең ауқымды әлеуметтік жобаның қосып отырған үлесі зор. Жоба аясында елі-міздің түкпір-түкпірінен ел-ордаға халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдардың балалары, оқу мен спорт озаттары – барлығы бес жүз бала келеді. Олар екі күндік танымдық, ойын-сауықтық бағдарлама аясында елорданың көрікті жерлерін аралайды, экскурсия жасайды.

Page 4: 2 (3207) 2015-01-10

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Алқалы жиында қалалық про-куратура, ішкі істер департаменті, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік департаменті, мемлекеттік кіріс департаменті, әділет департаментінің өкілдері баяндама жасап, заңға енгізілген өзгерістердің құқықтық сипаты мен қоғамдық мәнін түсіндірді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен

-

Жаңа Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің қабылданғаны елі мізде ұлттық заңдардың кезекті даму кезеңін білдіреді. 2020 жыл ға дейінгі құқықтық саясат тың тұ-жырымдамасында негізгі жұмыс-тардың бағыттары белгіленген. Соған сәйкес сотқа дейінгі саты-да және сот инстанцияларында істерді қарауды жеделдету және жеңілдету жұмыстары әрі қарай жалғастырылады. Мәселен, жаңа нұсқадағы кодексте қылмыстық істі қозғау сатысы жойылған.

Сонымен қатар, жаңа қылмыстық процесте сотқа дейінгі өндіріс қылмыстық құқық бұзушылық ту-ралы арыздың түсуінен немесе тер-геу амалынан басталады. Ал барлық арыздар мен хабарламаларды сотқа дейін бірыңғай электрондық тергеу қызметі тіркейді.

Ә. Аманбаевтың айт уынша, негізсіз қылмыстық қудалаудан азаматтардың конституциялық құқыларын қорғау мақсатында тіркеу алдында арыз иелеріне мін-детті түрде жалған жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы ескертіледі. Жаңа Қылмыстық кодекс бойынша аталған жауапкершілік азаматтарды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру күшіне ие. Ал «домалақ» арызшылардың атынан түскен өтініштер мен хабарламалар тіркелмейді.

Жаңа кодекстің америкалық «Миранда» ережесіне ұқсас жер-лері де бар. Яғни, күдіктіні ұстау ба-

былтыр құқықтық реформаны және Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құ қықтық сая сатының тұжырым да масын жүзеге асыру мақсатында негізгі заңдарға өзгерістер енгізілген еді. Соған орай, Қылмыстық, Қыл-мыстық-іс жүргізушілік, Қыл-мыс тық атқарушылық кодекстер мен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің жаңа нұсқасы

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне еніп отыр.

Қалалық әкімдікте өткен семи-нарда Астана қаласы әкімінің орын-басары А.Лукин жол қозғалысына байланысты күшіне енген кейбір заң нормаларын тұрғындарға ал-дын ала түсіндірмей тұрып, бірден қолданудың тиімсіз екенін айтты. Ол: «Мен IIД басшылығына қолқа салмақшымын. Бiзде енгiзiлген жаңа ережелердi аз уақытта барлық

жұрттың бiлiп үлгермейтiнi анық. Сондықтан, түсiнiстiк танытып, оларды қатаң жазаламай, алдымен түсiндiрме жұмыстарымен ғана шектелсеңiздер екен. Себебі, ел ішіндегі жүргізушілердің басым бөлігі 12 жасқа дейінгі балаларды арнаулы орындықпен тасымалдауға толық дайын еместігін ескергеніміз жөн» деген ойын жеткізді.

Расында, халық арасында көп талқыланып, сынға ұшыраған заң нормаларының бірі – жол жүру ережесіне қатысты талаптар. Енді полицейлер көлік жүргізу куәлігіңізді бұрынғыдай сәл нәрсеге бола алып қоя алмайды, тек хаттама толты-румен шектеледі. Бірақ жүргізуші куәлігінен белгілі бір мерзімге дейін айыратын баптар жойылмаған.

А рнайы ба яндама жасаған Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Шолпан Көшенова: «Жа ңа қыл мыстық-іс жүргізушілік кодекс бо йынша көтеріліске шығуға үгіттеу немесе мәжбүрлеу үшін бұрындары айыппұл салынса, енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қарас ты-

рылады» деп, жаңа заңның тағы бір ерекшелігін атап өтті.

Елордалық құқық қорғау орган-дары басшыларының айтуынша, әлемнің бірде-бір мемлекетінде құқық қорғау органдарына тиесілі негізгі заңдардың барлығын бір уақытта қайта жазу деген болмаған. Олардың сөзіне сенсек, жаңа енгі-зілген заң баптарының басты құн-дылығы – құқықтық нормаларды ізгілендіру, азаматтардың конс ти-туциялық құқыларын толық қам-тамасыз ету, олардың қауіпсіздігін қорғау жағы жетілдірілген.

Шыны керек, жаңартылған жол қозғалысы ережесі күшіне енгелі 12 жасқа дейінгі балалардың авто-көлікте балаларға арналған орын-дықпен ғана тасымалдануы мен күндіз көліктің жарығын міндетті түрде жағып жүруі секілді ережелер көптің көңіліне кірбің ұялатқанмен, ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жол бойында көлікті тоқтатуға болмайтыны және олар тоқтатқан мезгілде жүргізушілердің автомо-бильден шықпау керектігі көлік иелерін қуантып тастады.

рысында оның қорғаушысы ештеңе айтпау және айтылғанның барлығы өзіне қарсы сотта қолданылуы мүмкін екендігі жөнінде ауызша түсіндірме беруге міндетті.

Жиын барысында Ә.Аманбаев: «Сот бақылауын күшейту мақса-тында тергеу судьясы енгізіліп, ол қадағалаушы прокурормен бірге азаматтардың конституциялық құқылары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетігінің тиім ділігін арттырады» деді.

Оның айтуынша, тергеу судья-сының уәкілетіне күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау мен олардың мерзімін ұзарту туралы өтініш хаттарды қарау, күзет қойылмаған адамды сот-психиатриялық сарап-тама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналасты-ру, мәйітті эксгумациялау, мүлікке тыйым салу, халықаралық іздеу, кәмелетке толмаған адамды арнаулы ұйымға орналастыру, лауазымынан уақытша шеттету және жәбірленуші мен іске қатысатын өзге адамдарды қорғау мақсатында іздестірудегі

күдіктінің оларға баруын, олармен сөйлесуін шектейтін процестік мәжбүрлеу шарасының жаңа түрі, яғни, жақындауға тыйым салу сияқты бірнеше құзіреттер кіреді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексе-руде сот бақылауын арттырып, маманданған қорғаушылардың құқықтық жәрдем беруіне уәкі-леттіктерін кеңейту мақсатында

тергеу судьясы тағы да бірнеше мәселелерді қарастыруға толықтай құқылы болмақ.

«Тергеу барысында қамалған тұлғалардың санын азайту мақса-тында «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасын тиімді қолданып келе жатқан еуропалық елдердің тәжі-рибесіне сүйеніп, жаңа қылмыстық-іс жүргізушілік кодексте оны қол-

дану тәртібі елеулі түрде қайта қарастырылған» деді Бас прокура-тура департаментінің бастығы.

Кепіл енгізілген жағдайда сот жа-ңадан шешім қабылдамай-ақ, айып-талушы қамаудан дереу босатылуға тиіс. Және сөзбұйдалықты бол-дырмау мақсатында да қылмыстық істерді қосымша тергеуге қайтару институты алынып тасталды.

Қылмыстық-іс жүргізу кодексінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайла ныс режимінде жауап алудың ерек ше-ліктері қарастырылған. Ел аума ғы-ның үлкендігі мен аудан ор та лық-тарының облыс орта лық тары нан қашықтығына байланысты бұл жаңа-лықтың жақсылығы басым болмақ.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қисынды мерзімі белгіленген. Осы институттың талаптарын жүзеге асыру үшін кодексте тараптардың тергеуді негізсіз созуға шағымдану және прокурорға тергеуді толық көлемде аяқтауды қамтамасыз ететін мерзімді белгілеу жөнінде өтінім келтіру құқылары қаралған.

Жаңа қылмыстық кодексте жә-бір ленуші және айыпталу шы лар-дың арасындағы ымыраласудың тәртіптері ерекше кеңейтілген. Нақтырақ айтқанда, ауыр қылмыс-тар бойынша кәмелетке толмағандар, аяғы ауыр әйелдер және кәмелетке толмаған баласы бар әйелдер ымы-раласуға рұқсат етілетін адамдардың санатына қосылды.

Бетті дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Page 5: 2 (3207) 2015-01-10

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Мемлекет басшысы ШОБ-ты эко номикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайы зына дейін ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігін алға тартты. Осыған байланысты 2015-2017 жылдары жалпы сома-сы 155 миллиард теңге несие же лі лерін ірі банктер арқылы тиім ді пайдалануды тапсырды. Бұл де геніміз, шынымен де отандық кәсіпкерлікке жасалып отырған орасан қолдау болмақ.

Президент пәрменімен келешегі көзделіп жасалған Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру бойын-ша жасалып жатқан жұмыстар жөнінде, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту бағы-тында атқарылып жатқан шара-лар туралы «Астана қаласының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Қайрат Елубаев өз ойын ортаға салды:

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді дамыту бойынша айқындаған жаңа эко-но микалық саясаты – шын мә-нінде Қазақстанның келешегіне бағытталған өте маңызды қадам. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді елі-міз дің экономикасын халықаралық қауымдастықпен байланысты-ру арқылы өз әлеуетімізді әлемдік жоғары деңгейге көтерудің жолы деп түсінемін. Осы ретте шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау білдіру жөніндегі бастамаларды қызу қолдаймын. Өйткені, Елбасымыз айтқандай, ШОБ ел экономикасының қазығына айналуы тиіс. Осы жер-де айта кетсек, мәселен, Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті қолдауға және несиелеуге бөлінген 100 миллиард теңге толығымен игерілген. Соның арқасында 5 мыңға жуық

жұмыс орындары ашылды. Бизнесті 10 жылға алты пайызбен несиелеу бұрын болмаған еді. Демек, елімізде кәсіпкерлікті жетілдіруге жағдай жасалып отыр. Енді, тек мемлекет тарапынан жасалып отырған осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, сол арқылы кәсіпкер өзіне де, еліне де игілігін жасауы керек.

Өз жұмысымыз жайлы айтар болсам, өткен 2014 жылы біздің қауымдастық «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Кәсіпкерліктің әлеуетін артты-ру» бағыты аясында қолданыстағы кәсіпкерлік ұйымдарға сервистік қызмет көрсетті. 100-ден ас-там бизнес-жоспарлар жасауға кө мек көрсетілді. ХҚК орталық-тарында, ірі сауда және бизнес ор талықтарында, базарларда көш пелі кеңес беру шаралары ұйымдастырылды. Кәсіпкерлік өкілдеріне арналған әдістемелер мен құжаттамалар үлгісі де сұра-нысқа ие болады. Бүгінгі таңда осы бағыттағы жұмыстарды «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жол дауы мен байланысты-рып жүргізуді қолға алдық. Ең бас тысы, кәсіпкерлер тарапынан біздің қызметімізге сұраныс бар. Яғни, шағын және орта бизнес өкілдерінің өз жұмысын оңтайлы жүргізуге деген қызығушылығы жоғары. Бұл дегеніміз кәсіпкерлік са ласы ел экономикасының түпқа-зығына айнала түскенін білдіреді. Жалпы айтқанда, біздің басты

қызметіміз – кәсіпкерге қолдау көр сету. Өйткені, елдің әлеуетін көрсететін сала болғандықтан

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауындағы көліктік-логисти-калық инфрақұрылымдарды дамы-ту мәселесі тікелей біздің ұжым-ның жұмысымен үндес келеді. Жолдаудағы мақсат-міндеттерді жүзеге асырудағы оқу орнының әлеуетіне келетін болсақ, оған біздің толық мүмкіндігіміз бар.

Айтар болсақ, 112 білікті оқыту шы қызмет ететін Көлік және коммуника-ция колледжі 14 мамандық бойынша темір жол, авто мобиль жолдары және коммуникация саласының ма-мандарын даярлайды. Бүгінде бізде жалпы саны 2440 студент білім алуда. Олардың 2085-і күндізгі бөлімде, ал 355-і сырт тай бөлімде оқиды. Елба-сымыз Назарбаев университетінде оқыған арнайы актілі дәрісінде: «Кез келген оқу орнының рейтінгісі оның түлектерінің жұмысқа орна-ласуымен анықталады» деген бола-тын. Осы жағынан алып қарағанда,

Зулфухар ҒАЙЫПОВ, Астана қаласы Көлік және

коммуникацияколледжінің директоры,

саяси ғылымдар докторы

түлектеріміздің жұмысқа орнала-суы 95 пайыз десек, қателеспейміз. Оның басты дәлелі – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы дуальдық оқыту жүйесі бойынша 2012 жылдың қараша айында жасалған үш жақты келісім. Келісімге сәйкес аталған компания біздің түлектерімізді жұмыспен толық қамтып отыр.

Екіншіден, оқу орны заманға керекті машинист, темір жол құры-лысы, автомобиль жолдарының құры лысы, темір жол саласы бойын-ша электрик, механик және басқа да мамандарды даярлайды. Негізінен, осы аталған мамандықтар бойынша жергілікті және республикалық бюджеттен мемлекеттік гранттар бөлінеді. Ал, мемлекеттік грант бөлудің бірден-бір критерийі – түлек тердің жұмысқа орналасуы мен әлеуметтік серіктестер тара-пынан жасалатын келісім шарт-

тар және олардың өндірістік практикадан өту базалары екенін ескерсек, бұл істер жақсы жолға қойылған. Әсіресе, «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу» мамандығына сұраныс жыл сайын артып келеді. Оған дәлел ретінде оқу орнына қабылдау кезіндегі конкурстың жоғары екендігін айту жеткілікті және «Қазақавтожол» АҚ арасындағы келісім-шарт тағы бар. Ал, темір жол мамандықтарына келетін болсақ, түлектеріміз осы салада ең жоғары сұранысқа ие болып отыр. Еліміз егемендігін алғалы бері, 2,5 мың шақырымға жуық жаңа темір жол магистраль-дары салынды. Мұндай көрсеткіш бұрынғы одақ көлеміндегі бірде-бір республикада жоқ. Бұдан басқа, 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесінде қала арасында қатынайтын жеңіл рельсті көліктердің іске қосылатынын ескер-сек, мұнда да колледж түлектері үшін жаңа жұмыс орындары жеткілікті

болады. Осының барлығы да кол-ледж ұжымының әлеуетінің жоғары екендігін дәлелдейді.

Мамандар даярлаудың ең бас-ты көрсеткіші – оқу орнының материалдық-техникалық базасы десек, бұл салада да қыруар шаруа-лар атқарылуда. Тек соңғы 2 жылда материалдық-техникалық база-ны жаңарту үшін жергілікті және республикалық бюджеттен 120 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Сол қаржыға Астана қа ла сын айтпағанда, республика дең гейінде баламасы жоқ, ең соңғы үлгідегі тренажерлар мен лабораториялар сатып алынды. Осының барлығы – колледждің білім сапасын арттыру үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар.

Түйіндеп айтқанда, біздің кол-ледж дің түлектері, яғни, жол-кө лік мамандары болашақта еліміз дің көліктік-логистикалық инфра құ-рылымдарын дамытуға үлес қосатын болады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

кә сіпкерлікке мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да қолдау қажет саналады».

Page 6: 2 (3207) 2015-01-10

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Иә-иә, есімде. Неге ұмытайын... Сенесіз бе, сенбейсіз бе, Мәке?! Тұре-кең маған әлі қасымызда жүргендей көрінеді. Құдды бір алыс сапарға, командировкаға кеткендей елестейді. Жүрегің де, көңілің де сенбейді-ау. Соңғы уақытта ойыма жиі оралады. Тіпті, күні кеше ғана есіме алғаным бар. Енді, міне, бүгін күтпеген жерден өзіңіз хабарласып тұрсыз. Аң-таңмын... – Сіздікі дұрыс... Жалған өмір-ай деп «аһ» ұратынымыз осындайдан болса керек. Тұрлығазы ағамен кездесіп, сөйлесіп, Алматыға шығарып салғаным күні кеше секілді. «Шелектің сұлбасы да көрінді. Алаңдамаңдар, бір-екі сағаттың айналасында Алматыға жетіп барамыз ғой... Құлжаның трассасына аман-сау ілінсек қиналмаспыз...» Қайдан білейік, соңғы тілдесуі екен. Іле-шала, артынша суық хабар жеткен. Есеңгіреп қалдық, төбемізден жай түскендей. Қайран өмір-ай, пәтуасыз!...

– Жан-дүниеңізді сеземін, Молот ба-уырым. Тура өлең жолдарында айтыла-тындай. «Қайран көңіл! Қайран өмір-ай, бағынбайсың. Сүйдіріп, күйдіріп жалт еткен сағымдайсың!...»

– Дәл өзі. Ғажап әсеріңізді қағазға түсіріп беріңізші тездетіп. Тұрлығазы аға туралы естеліктер жинағын шығар-мақпыз. Басты бұйымтайым да осы еді...

– Уақыт тығыздау ма, қалай? Жарай-ды, асығыстау болса да көңілде сайрап тұр...

***Қолыма калам ұстаған сәтте жана-

рымның алдына Тұрлығазы достың еңселі тұлғасы тұра қалады. Сол бәз-баяғы жайдары, мұңсыз қалпы. Жүзі де, көзі де жымыңдап әлдене айтқысы келгендей. Әншейінде жорғалай жөнелетін болат қаламұштың ұшына тесіліп, ақ параққа телміріп, мелшиіп

...Күтпеген телефон қайран қал-дырған. Бейтаныс замандастың пара-сатқа толы қоңыр үні құлақ түбінде жаңғырады-ай. Қаз-қалпында, әлі сөйлеп тұрғандай. Бір-бірімізді ерте-ден білетін жандарша тез шүйіркелесіп кеткенбіз.

– Жәке, сіз мені танымайсыз... Ал мен өзіңізді қөрмесем де, шығарма-ларыңызды бір кісідей білемін... «Сен білесің бе?», «Зерегіңіз» бен «Танымыңыз» біздің оқушылардың қолында жүр...

Сәлемін үзіп-үзіп жеткізген оның сөзін бөлгім келіп, әлденеше рет шы-рай білдіргем. Ол өз ойын толық ай тып-тауысқанша асыққан. Менің ыңғайсыздық танытқанымды елер емес.

– Рахмет. Көп рахмет! - дедім ілкі мезеттік бөгелістің арасында жөткірің-кіреп.

– Кешірерсіз. Кім боласыз, қай жақ-тан хабарласып жатырсыз?

– Әлгінде есімімді айтқан сықылды едім. Аты-жөнім – Молот Мұсаұлы. Панфиловтан звондап тұрмын, Жар-кенттен. Тұрлығазы досыңыздың қайтқанына бір жыл боп қапты. Өткен күні қаңтардың он жетісі еді ғой...

қатуланып, шүйіле түскен, сөзімен де, ісімен де шешіле кіріскен Шерағаң журналистік ортаның оты мен шоғын қатар үрледі. «Әділеттің ақ жолынан аттамаңдар! Тек ақиқатты, шындықты жазыңдар! Әрине, ұлтымыздың мақсат-мүддесі тұрғысынан. Қазақ өз елінде отырып, мүсәпір күй кешпеуі тиіс!...» Аз уақыттың ішінде жоғарыға жалтақтап, жасып қалған журналист ағайындардың жалы күжірейіп шыға келген. Осыдай серпінді сәтте бүкіл шығармашылық ұжымды кабинетіне жинаған редакторымыз:

– Әңгіме қысқа, - деді орнынан көтеріліп. – Соңғы аптадағы нөмірлерді оқырмандар мақтап жатыр. Үлкен үй де, министрлік те жылы қабылдауда. Тың ізденістеріңіз ұнайды дейді. Мен білсем жаңалықтың көкесі әлі алда. Өткір, оқылатын материалдар қажет. Құр даңғаза мен мақтауға ешкім зәру емес. Сын керек. Тек осы талапты дұрыс түсініңдер. Қазір жұмыстың аяғына таман Орталық Комитеттен, завотдел Қуаныш Сұлтанов біздің редакцияға кіріп шықпақшы. Журналистердің отырған жерін көріп, таныспақ. Ең негізгі жұмысы, өздерің әзірлеп жатқан мерекелік нөмірдің жай-жапсарын, әр беттің макетіне шейін өз көзімен көрмекші. Типографияға бас сұғады... Цехқа барады... Спецнөміріміз ұнасын делік... Кәне, бәрің де орындарыңда болыңдар...

Қатулана, бұйыра сөйлеген басты-ғымыз пікірін тұманды күмәнға жал-ғаған. Оның да жөні бар. Өткен жетіде кіші форматта жиырма төрт бет боп дайындалған мерейтойлық арнаулы нөмірдің полосаларын редколле-гия мүшелерімен бірге алдын ала асықпай қарап шыққан Шерағаң өз ескертпелерін түйіп-түйіп жеткізіп, екі-үш материалды алып тастаған.

міндеттер тұр. Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы саналатын мүйізі қарағайдай газеттеріңіздің беделі төмендеп кеткені шындық. Оны жа-сыра алмаймыз. Жалтақсыздар... «Өгіз өлмес, арба сынбас» сипама сын абырой әпермейді. Мінеки, сондықтан да Шерағаңа үлкен қолқа артып, тыңнан түрен салуды өтініп отырмыз. Қалың көпшілік сүйсініп оқитын га-зет жасауларыңыз керек. Алғашқы ұш қын дары байқалады. Әрине, уақыт ерте. Ең бастысы, бірігіп, ынтымақтаса құлшынып еңбек етулеріңіз тиіс. Өздеріңізбен жүздескенде айтпағым осы...

Редакторымыз Шерхан Мұртаза бастаған арнаулы нөмірге жауапты топ іле-шала іргедегі баспаханаға бет тедік. Сарбас Ақтаев, Мыңбай Іле сов, Ержұман Смайылов, Совет Шиманбаев, Сиез Бәсібеков, Жанұзақ Әбдіқұлов – редактораттың мүшелері, бөлім меңгерушілері, секретариаттың өкілдері, суретші мен фотограф де-гендей. Ұбап-шұбап екінші қабаттағы журналдар қатталып-беттелетін спец-цехтың есігін ашқанымызда, біз дің қатарымызды және бір топ толық-тырған. Даңғарадай зәулім залдың төрінде тағатсыздана күткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің газет-журналдар баспаханасының басшылары дабырласа қарсы алған.

Екі иығына екі кісі отыратындай еңгезердей директор ағамыз Әнуар Тілеулесовті қаумалай қоршаған кіл сайдың тасындай іріктелген орыс-қазақ ағайындардың бәрі таныс. Бас директордың орынбасарлары, терім, беттеу, ротация, цинкография, бояу т.б. цехтар мен ауысым бастықтары. Шетінен ілтипатты ізетпен бас шұл-ғысып жатыр. Осынау жайсаңдар мен марқасқалар сапында Тұрлығазы

таза...». «Жо-о-ға, әлі талай кездесеміз емес пе. Жұтқан ауамыз, жүрген жеріміз бір ғой...» Мінеки, содан бері де жылдар жылдарға ұласқан. Еңбек жолын алып зауыт – баспахананың қарапайым жұмысшысы болып бас-таған Тұрлығазы дос механик, ауысым бастығы, цех меңгерушісі, инженер, басқарма бастығы секілді лауазымды биік баспалдақтармен өрледі. Білікті де білімді маман ретінде бірден көзге түс-ті. Қазір де міне ол баспахана басшы-ларының ортасында, иық тіресіп тұр.

Бас-аяғы есік пен төрдей ғаламат ста-нокты (о кезде бүгінгідей түрлі- түрлі компьютерлер қай-д-а!) дөңге ле не қоршай жайғасқан мамандар кезегімен түсіндірме берді. Арнаулы нөмірдің материалдарын көріп, мазмұнымен мұқият танысқан Қуаныш Сұлтанов газеттің полиграфиялық жағынан за ман талабына сай тұңғыш рет төрт-бес бояумен, офсеттік тәсілмен қалай орындала тынын жан-жақты сұрастырған. Мәс кеу ден полиграфия институтын біті ріп келген Тұрекең де реті келгенде өз тәжірибесімен бөліскені есте. Несіне жасырайық, ол уақытта қазақ жігіттерінің ара-сынан мұндай сирек мамандықты меңгергендер өте аз еді. Жоқтың қасында.

Қабат-қабат, жып-жылтыр пленка-ларға тесіле үңілген редакторымыз Мыңбай екеумізді қасына шақырған.

– Бүкіл беттердегі колонцифрларды дереу өзгертіңдер. «Декабрь» де-ген сөздерді тегіс «желтоқсан» деп қазақшалаңдар, – деді Шерағаң қо-лын дағы қызыл қарындашпен астын сызып. – Ертеңнен бастап ай аттарын қазақша жаза бастаймыз. Естеріңде болсын... Кімнен қорқамыз? Осыған да Кремльден рұқсат сұрауымыз керек пе? А-а?...

баспа хананың атын да қазақшалаған жөн. Қашанғы партияның шылауында жүресіз. Мәселен, «Дәуір» баспахана-сы десек... Өмір де, тіршілік те өзгеріп жатыр емес пе...

– Әдемі атау екен! – Сәтті секілді: әрі қысқа, әрі нұсқа.– «Дәуір», «Дәуір» – дабылды,

айбынды естіледі.Жұрт шулап қоя берді.Ресмилеу кездесудің сықиған өн

бойына қан жүгіргендей, бәріміз де еркін тыныстағанбыз.

Жаныма жетіп келген Тұрлығазы қуанышын жасыра алмады.

– Шерағаңдай редактор жоқ қой. Мықты қазақ, – деді құлағымның түбіне сыбырлай.

Рас. Қуана білу де – адалдық ныша-ны. Ондай қасиет кез келген жанның пешенесіне бұйыра бермейтіні бар-шаға мәлім. Біздің Тұрлығазы дос сон-дай асыл азамат.

* * *Күйкі тіршіліктің жетегінде жүріп

көп нәрседен қол үзіп қалады екенсің. Бұл – өмірдің заңы. Әйтсе де, бұған жіті көңіл бөле бермейміз-ау. Бозым шағымыз, бүкіл алау жастығымыз редакция мен типография арасында өткеніне де енді ғана көзім сенген-дей. Бір қалыпты, ағын судай алға жыл жыған уақыт талай өзгерістерін жасапты. Жыныс тоғайдай сыңсыған достардың, ағеділ әріптестердің қатары да әжептеуір селдірегенге ұқсайды. За-ман өзгерген, қоғам құбылған. Әркім өз жолының арнасымен зырылдап жүр.

Күн көру, әрекет ету. Адам айтса, сенбес жай. Аласұрып ұмтылмасаң – далада қаласың. Ойлап отырсаң, қызық-ақ. Әсіресе, қаламымен талғажау өмірдің толқынын кешкен журналист ағайындардың бей-берекеті шыққаны

үн-түнсіз отырып қалыппын. Әсілі, ой ұйығына батып кеткен болуым керек. Миым да әлем-тапырық. Сан-саққа жетелеген сансыз сауалдардың ұшын ұстай алсамшы. «Ең алғаш рет мен оны қайда көріп ем?...», «Тұрлығазыны таныстырған кім еді, өзі?...», «ЦК-ның баспаханасында істесе, неге кездеспегенбіз?...». Шырмауық ойлар желісін тарқата алмай қиналғанымда көзіме тағы бір сурет көлбеңдеген.

Жадым жаңылмаса, сексен тоғы-зыншы жылдың суық желтоқсаны, шамасы оныншы-он бірінші жұлдызы. «Социалистік Қазақстанның» жетпіс жылдығы қарсаңындағы қауырт күндер. Сықиған, сықырлаған, сарғайған «СҚ»-ның («тоқырау кезеңі» деген-дей, о заманда осындай тіркес газет атына қоса жапсырылып айтылатын жағымсыз әдет) тізгінін Алаштың қайсар арысы Шерхан Мұртазаевтың (фамилиясын кейінірек өзгертті ғой) ұстағанына тұп-тура бір ай толған. Желтоқсанның ызғары әлі қарып тұр. Кремльдің кадры Колбиннен құтылғанымызға мәзбіз, әйтеуір. Оның үстіне әбден езіліп, азуынан айырылған үлкен ұжым еңсесін тіктей алмай қалғаны рас. Өткеннің ізіне ә дегеннен

«Жетпіс жылдық шежіреге араласты-рып қажеті жоқ. Кейінірек, әдеттегі нөмірлерге салармыз. Уақыт өте тығыз. Сонда да өйтіп-бүйтіп, дереу үш-төрт тәуір мақала ұйымдастыру керек. Мәселенки, мынадай тақырыптар төңірегінде: «Дербестік тізгіні өз қолымызға қашан тиеді?», «Ұлттық кадрларымыз қашанғы қағажу кө-реді?», «Оқырмандар не дейді, біз не дейміз?» тәрізді жұрт жүрегін сыздатқан жанайқай дүниелер қосқан жөн...» Табан астынан жазылған са-рап тамалық уытты материалдар қалың нөмірдің абыройын өркештендіре түскен. Шерағаң әлгінде осыны мең-зеген сықылды...

Дәл мезгілінде редакция табалды-рығын аттаған Қуаныш аға ұжым мүшелеріне жылы шырай танытып, қатар-қатар тізіліп тұрған жігіттердің қолдарын күлімдей қысып шыққан. Қанша айтқанмен жүрегі журналистер-ге жақын емес пе. Көңіліміз марқайып, әп-сәтте бойымызды бөлекше еркіндік билегені анық.

– Өтірік болмасын, барлығыңызды жыға танымасам да, газет бетіндегі аты-жөндеріңізді жақсы білемін. Сіздердің алдарыңызда ең жауапты, ең маңызды

Дуан беков те жүр. Бұрындары алып баспахананың әр-әр бұрышында ұшыраса қалғанда бас изесіп, асығыс-үсігіс өте шығатынбыз. Бір-бірімізді жете білмегендіктен. Кейінгі кездері тонның ішкі бауындай қас-қабақтан, емеуріннен-ақ ұғысатын ек. «Жылқы кісінескенше, кісі сөйлескенше» де мекші, екеумізді бұрынғыдан да жақындастырып жіберген Ырым дос Кененбаев болатын. Бірде ол бас инженердің кабинетінен шыға келген Тұрлығазыны ай-шайға қаратпай шап берді. «Мына Тұрекеңді білмейтін сияқтысың. Біздің Талдықорған об-лысынан, Панфиловтан. Жерлеспіз. Ал Тұрлығазы, түнеугүні өзіңе айтқан жігітім осы. Аты-жөні –Жа-нат Елшібеков, Қаратал ауданынан. Үшеуміз де түйдей құрдаспыз. Жанат екеуміз «Ленжаста» бірге істегенбіз, жақында «СҚ»-ға көркемдеу-безен-діру бөліміне ауысқан. Кәне, жүр кабинетіңе, жуып жіберейік...» Таныс-тыру соңын әзілге бұрған Ырымды қоштай жөнелген жаңа құрдас та қал жың шоғын көсей түскен. «Құр сөз болмасын, үшінші қабаттағы менің бөлмеме көтеріле беріңдер. Баспахана-да спирт көп. Станоктар жуатын, тап-

Ойға келмеген, ешкім күтпеген оқи ға. Жиналғандар елеңдесіп қалған. Шерағаңның тосын мінезіне үндемей үрпиісіп, аңырғандар да болды сол ме-зетте. Шалт ұсынысты қалт жібермеген Қуаныш ағаның қолдауы даусынан ап-анық аңғарылған:

– Дұрыс!Іле-шала Бас директор Әнуар Тілеу-

лесов тіл қатқан:– Шәке, жүрек жұтқан батыр-

сыз ғой! – Жан-жағына күле жанар жүгірткен. – Көзіңізге мақтағандық е м е с . С о ң ғ ы н ө м і р л е р і ң і з д е КПСС-ті «СОКП» деп, Бас Секре-тарды «Бас хатшы» деп, Москваны «Мәскеу» деп жаза бастадыңыздар. Оқып, көріп, риза боп жатырмыз. Бұл – керемет ерлік!

Жүріс-тұрысы да, сөз саптауы да, өзіндік көзқарасы да ірі, кесек Әнуар ағаның тұлғасы маған бұрынғысынан да зорайып асқақ шалынған.

Орынсыз қолпаштауды әсте жаны сүймейтін Шерағаңның әлгіндегі қабағы қайта жазылып, көңілді рай танытқан.

– Әнеке, пейіліңе рахмет! – деді денесін тіктеп, бар ықыласын аударып.

– Өзің басқарып отырған мына

Page 7: 2 (3207) 2015-01-10

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

көрнекті қаламгер Нұрлан Оразалин. Естелік-эссеміздің тағы бір дәйегі ре тінде осынау тәуелсіздіктің елең-алаңында Баспасөз министрлігінің ба-сына журналистердің ғана емес, барша қазақ зиялы қауымының ардақтысы саналатын Қуаныш Сұлтанов келген-ді. Жоғарыда сыр ғып шерткен қиын кезеңнің шырғалаңы министр аға мыз-дың есінде шығар. Дәл сол уақытта аяулы досымыз Тұрлығазы Дуанбек Баспасөз министрлігінде жауапты лауазымдық қызметті атқаратын. Бас-па хананың зәулім цехында ұшыраса кеткен ол бәз-баяғы байсал қалпын өзгертпеген күйінде:

– Хал нешік, құрдас? – деп жөн сұраған. – Жүздерің сынық бәріңнің де. Түсінемін. Кеше бастықтарың, Нұрланды айтам, министрге жолығып, біраз ренішін бүкпесіз білдірген сыңайлы. «Дүние не боп кетті өзі. Қағаз жоқ, пленка жоқ, тіпті, қызыл-жасыл бояу жоқ. Сұмдық емес пе?» деп қынжылғанын өз құлағыммен естідім. Ең бастысы, мерекелік нөмірлерің өте сәтті, мазмұны бай. Қуаныш ағаңа да ұнап жатыр. Нендей жағдайға болса да, сабырмен қараған дұрыс. Зәрулік, тапшылық қос өкпеден қысып-ақ тұр. Нарықка бейімделу керек. Әлі-ақ өз қолымыз өз аузымызға жетеді. Бола-шаққа тек сеніммен, үмітпен қарайық...

Иә, бүгінде бәрі ұмытылған. Кешегі жылан жалаған бос сөрелер лық толы. Тапшылықтың ізін шырақ алып іздесең таппайсың-ау. Газет-журналдар да ат-көпір. Қисапсыз. Беттері де қалың. Бұрқырап шығып жатыр, шығып жа-тыр. Үлгермейсің оқып. Есіме ертеңіне сенген, келешекті қателеспей болжай білген салмақты да, сабырлы Тұр-лыға зының көреген сөздері түскен. «Алдымызға тек сеніммен, үмітпен қарайықшы...»

***...Жоғарыда меңзегенімдей, күнде-

лікті тірлік ығымен көп достардан көз жазып қалдық. Жас ұлғайған сайын оларды түгендей бермейтініміз және рас. Ыстық ұядай көрінетін Алма тыдағы көкбазардың түбіндегі Баспасөз үйіне жайғасқан отызға тар-та газет-журнал мен іргесіндегі алып баспахана «Дәуірдің» де (кезінде Шерағаң армандаған атқа ие болған) жағдайы мәз емес. Жабылатын ре-дакциялар жабылып, тұралаған басы-лымдар нарықтың қысымына шыда-май, күнкөріс қамымен бас сауғалап жүр. Оның үстіне жұмыссыз қалған ағайындар Ақмолаға ағылған, ұлы көш ке ілескен. Сөйтіп бір-бірімізді бас па ханада бет қаттау цехтарында, газет басатын жерлерде, атшаптырым асханада жиі ұшырасатын біздер, шын мәнінде жетімсіреп қалғанбыз...

Сонымен біраздан бері хабар-ошар-сыз кеткен Тұрлығазымен Астанада қайта қауыштық. Наурыздың ақтүтек боранында редакцияға іздеп келген ол:

– Ассалаумағалейкүм, құрдас! Хал қалай? Сақылдаған сары аязға үйре-нетін түрің бар ма? – деп бір қап аязды алдына сала табалдырық аттаған. – Буып тұр, кемінде отыз градус бар шығар. Сендерді сынап жатқаны да...

Бет-аузын аяз сорған Тұрекеңнің өңі қып-қызыл. Құлақшынын, тонын шешіп, мұз моншақтарын қағып, жөн-жосық сұрасып жатыр.

– Өзіңіз қалайсыз? Целиноградтың ауа райына біршама бейімделгендей түріңіз байқалады.

– Астана, әйтпесе, Ақмола десеңші. Әуелде біз де Целиноград дей беретін-біз. Үйренген ауызда жазық жоқ. Тың өлкесінің орталығы әбден бітіп, тоз-тозы шығып қаусаған екен. Астананы дер кезінде ауыстырыпты. Әйтпесе...

– Иә-иә... Көшіп келгенімізге бір

айдай боп қалды. Бәрін де көріп-біліп жатырмыз ғой. Қазақтың иісі мүлдем сезілсейші. Редакцияның ауласына Наурыз мейрамы қарсаңында мына киіз үйді тігіп едік. Байқаған шығарсыз. Екі-үш күннен бергі көз аштырмай ұйтқып тұрған ақ боран аузы-мұрнын көрсетпей, белуардан басып тастады. Көктем мерекесін бас редакторымыз Ерағаңның (Смайыл) кабинетінде өйтіп-бүйтіп дірдектеп өткізген бол-дық. Бұл түрімен Астананың сірескен сүр қары шілдеде сөгілмесе де...

– Қой, Жәке, түңілме!.. Біздің екінші қысымыз... Аязы да, бораны да тамаша... Үйреніп-ақ кеттік... Шыдамағандары Алматыға кері көшіп жатыр...

– Алғашқы әсерімді айтып жатқаным ғой. Балалық шағымның ізі қалған Қараталдың жағасындағы, Балқаштың бойындағы балықшы ауылына ұқсай-тын секілді. Қысқы ауа райын айтамын да... Тұреке, өз жайыңды айтсайшы. Сол министрліктесіз бе?..

– Е-е, сөйтсеңші... Алланың кез кел-ген мезгілі, кез келген ауа райы жақсы. «Күннің жаманы кетеді, адамның жаманынан сақтасын» деуші ме еді үл кендер... Мен қазір баспадамын...

– Дұрыс, Тұреке!.. Баспа дейсіз бе?..– Жаңадан ашылған «Елорда»

дей тін баспаның директорымын. Осы уақытқа шейін тікелей газет-журналға қатысты шаруаларға аралассам, қазір тәуекелге бел буып кітаптар шығара бастадық. Полиграфист досың нағыз баспагер боп алды. Кәне, қандай кіта-бың бар. Жеделдетіп шығарып берейін әдемілеп...

– Рахмет! Ниетіңе, пиғылыңа ри-замын. Әзірге асықтырма. Жұрт сөз ғып жүрер. Астанаға келмей жатып, жерлесінің кітабын шығарды деп ілік іздер.

– Қойшы, көлеңкемізден қорқып... сонда жақсы кітап шығармауымыз

Көп туындылардың қалай дүниеге келгені жөнінен де жақсы хабардар-мын. Оның да себебі бар. Жаңадан ірге көтерген баспаның полиграфиялық-техникалық базасы әлдеқайда төмен-ді. Алматыдағы қалыптасқан, қай жағынан болсын тамыры тереңге кет-кен ежелгі баспалардың жағдайлары көш ілгері. Сөйтсе де, ол Астана мен Алматының арасына шапқыламай, қолдағы мүмкіндіктерді тиімді пайда-лануды көздеді. Бұрынғы облыстық баспахана жүйесіндегі полиграфиялық машиналар мен станоктарды, түрлі безендіру элементтерін орындайтын құрал-жабдықтарды, ең ақыры баспа өнімдеріне, оның ішінде, әсіресе, кітап мұқабаларына ойылып бедерленетін цинкографиялық қалыптардың жаңа технологиясын өндіріске батыл енгізу-дің бастамашысы болды. Жаңа лыққа құмар Тұрлығазы отандық баспа же тістіктерін ұдайы насихаттаумен бірге, әлемдегі ең үздік елдердің кітап шығарудағы тың ізденістеріне ден қойды. Үйренуден жалықпады. Бір елең етерлігі өзі игерген, өзі құлаған өнердің көкжиегін кеңейтуге қосқан үлесі мол. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дегенді бабаларымыз бекерге айтпаған. Мұны дер кезінде ескермегенімізді сездіргім келеді. Өйткені, республикалық, одақтық, халықаралық кітап жәрмеңкелері мен баспа өнімдерінің түрлі саласына орай ұйымдастырылған шаралардың басы-қасында танымал полиграфист-баспагер Тұрлығазы Дуанбектің тер төккені мәлім. Үйренуден шарша-майтын адам өз бойындағы жақсы қасиеттерді өзгелерге үйретуге бейім. Сондықтан да болса керек, кейінгі толқын баспагерлердің арасында біздің Тұрекеңді тәлімгер ұстаз санайтындар да жеткілікті. Еріксіз мерейленесің!

Баспа-полиграфия ісінің үздік қай-рат кері, асыл азамат Тұрлығазының мерейін асқақтатар ешкімге ұқсамай-тын, тек өзіне тән дара мінез-құлықтары жөнінде алдыңғы буын ағалардан талай мәрте естігенбіз. Шіркін-ай, бәрін бірдей көгендеп, шертіп шығу мүмкін емес. Тұрекеңнің өр тұлғасын сомдай түсу мақсатында Халық жазу-шылары Шерхан Мұртаза мен Фариза Оңғарсынованың лебіздерін түйіп жеткізгенді жөн көрдім.

«Елорда» баспасынан ең алғаш жарық көрген көркем туындының бірі – Шерағаңның «Ай мен Айша» романы. Жалтылдатып, жарқыратып шыққан кітаптың сүйінші данасын апа-рып беріп, үлкен қаламгерді қуантуды ойлаған Тұрлығазыға Шерхан аға қатты риза болыпты:

– Айналайын, Тұреке мына жақ-сы хабарыңа көп рахмет! Әрбір авто рың ның кітабы шыққан сайын, құлдыраңдап жүгіре берсе, баспа ди-ректорының өкшесінен не қалады?! Біз қазір өзіміз кіріп шығамыз. Саған, кітапты әзірлеген қызметкерлеріңе ризашылығымызды білдіргеніміз дұрыс шығар. Айтпақшы, баспаңның «Елорда» деген аты өте сәтті табыл-ған. Оқырманыңа сыйлар жақсы дүние-лерің мол болғай!..

Ал, тез арада, әрі күтпеген тұста үш томдығын қолына ұстатқанда Фариза апай жүрекжарды қуанышын елжірей жеткізіпті:

– Мына Тұрлығазыны танымай-мын, білмеймін. Сырттай сәлеміміз дұрыстау. Өзі біздің Батыстан да емес. Кітабымды шығарып берші деп өтінгем жоқ. Түнеугүні бір кез-дескенде «Апай, үш томдығыңыз таяуда жарық көреді» дегенде мүлдем сенбегем. Міне, мені өстіп ешкім қуант паған болар. Нағыз істің адамы екен. Жақсылығыңды халқың, елің ұмыт пайтын жігіт бол! Абыройың мен беделің жаңа баспаңның даңқын шы ғарсын...

Әңгіме тұздығына жарар мұндай штрихтар көп-ақ. Дарқан достың шара патын мен де көрдім. «Қош бол, теңіз...», «Таным», «Шығармалар жинағының бес томдығы» секілді кітаптарымды шығарып берді. Жалпы, егемендік қаламгерлердің «Елорда» баспасына, оның тізгінін ұстаған Тұрекеңе айтар алғысы шексіз-ау деп ойлаймын. Әділ Дүйсенбек, Сауыт бек Абдрахманов, Жанболат Аупбаев, Тілекқабыл Боранғалиұлы, Сүлеймен Мәмет, Берік Садыр т.б. жазушылардың негізгі де, басты кітап-тары өз оқырмандарына «Елорда» бас пасынан жол тартқаны баршаға мәшһүр.

Иә, Тұрлығазы шашқан шапағат шұғы ласы талай жүректерге нұр құй-ғаны даусыз.

Аяулы жары, сүйікті Сәбирасының қас-қабағына қараған, шаттыққа бө-лен ген балалары мен желкілдеген не ме релерінің панасы ғана емес, ол нағыз бүкіл әулеттің, туған-туыстың тірегі, дос-жаранның арқасүйер мықты бір діңгегі еді.

Иә, жолы жұмбақ жалғанның бес күндік қонағы жайында жүректер әркез сағынышпен соғады.

Жанат ЕЛШІБЕК, жазушы, халықаралық «Алаш»

сыйлығының лауреаты

өтірік емес. Газеттер мен журналдар бірінен соң бірі жабылып, журна-листер топ-тобымен базар жағалап кетті. Топан тиражынан айырылған басылымдар жалақыны екі-үш айда әрең алып, қаламақы көзден бұл-бұл ұшты. Әңгімеміз дерексіз жалаң болма-сын, мүйізі қарағайдай «СҚ»-ның өзі төтеннен тиген дағдарыс тегеурініне шыдамай, шатқаяқтап қалды. Таралым күрт құлдилап, аптасына алты мәрте жарық көретін қазақ баспасөзінің қара шаңырағы әупірімдеп жетісіне екі-үш реттен зорға шыққанына куәміз. Оны айтасыз, газеттің 75 жылдығына арнап, тапжылмастан үш-төрт ай бойы тер төккен арнаулы отыз екі бет тік толстушканы баспаханалық бояудың мүлдем болмағандығынан қап-қара күйінде шығардық. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де ақиқат осы, шындық осы! Дөңгелек даталар 70 пен 75-тің арасындағы айналдырған бес жыл әкелген өзгерістерді былайша бей-нелеу ге болар еді. Газет аты жетпіс жылғы жамауы «Социалистіктен» құтылып, бұл кезде «Егемен Қазақ-стан» аталатын. Бояусыз жарық көр ген мерекелік нөмірдің ұрандай естілер шапкасы – Алаштың азат басылымы 75 жаста. Бас редакторы –

керек пе?! Аты-жөніңді халқың біледі. Сен жалғыз Талдықорған облысының маң дайы на ғана таңбаланбаған шығар-сың. Ең жек көретінім жерге, руға, жүзге бөлінушілік. Суқаным сүймейді. Құдайшылығын айтшы өзің, «Осы, сен қай ел боласың деп сұрадым ба?»

– Рас! Сөзіңнің негізі бар. Досым-ау, жұрттың бәрі өзіңдей болса, шіркін!..

Соғыстан соңғы жылдардың төлі, мамырдың рахман шуағында шы-рыл дап жарық дүние есігін ашқан ұрпақтың жұлдыздарын Жарату-шының өзі бөлекше жаратқан. Сәуе-гейлік жасамай-ақ қояйын, Тұрлығазы құрдастың жұлдызы тым биіктен жарқыраса керек. Ғажабы сол, оның сәулесі еш көмескі тартпайды, керісін-ше ойға алған сайын әр қырынан нұр ланып шалынады. Ол шұғыла ша ңырақ үстінде, бала-шағасының көзінде, ағайын-туыстың жүрегінде һәм біз секілді дос-жаранның жа-дында бұрынғыдан бетер арайланып көрінетіні сөзсіз.

Дәлел керек пе. Айтайын. Тұр лыға-зының «Елорда» баспасы төңіре-гіндегі сырды ширатайыншы. По-лиграфия-баспа ісін әуелден жетік мең герген Тұрлығазы шығарған кітап-тары көз алдымда сайрап-ақ тұр. Баспагер Т.Дуанбек, жазушылар Д.Досжан және Ж.Елшібекпен бірге

Page 8: 2 (3207) 2015-01-10

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Әд

ілбе

к Ж

АПА

Қ

,

*

,

*

Астананың қоғамдық көлік жүйесі басқа қалаларға қарағанда оқ бойы озық тұру керек. Алайда, жақында автобусқа мінген кезімде қызмет көрсету деңгейі сол баяғы нашар күйінде қалғанына көзім жетті. Мы-салы, біздің аялдамамыз «Дос-тар 2» – №8 бағдардың ең соңғы нүктесі. Біздің ауданнан орталыққа қатынайтын жалғыз автобус екеніне қарамастан, құдды Қытайдан тартқан керуен күткендей зарыға тосатыны-

мызды қайтейін. Сізден сұрарым, ең соңғы аялдамадан сол жағалауға және Кенесары көшесі бағытына қосымша екі бағдар шығарудың реті болмас па? Тіпті, бізге ең жақын де-ген №7 емхана аялдамасынан да сол жағалауға №41 бағдардан басқасы жүрмейді. Ал, таяуда іске қосылған №52 экспресс-бағдар сағат 07:00-11:00 және 16:00-20:00 аралығында ғана үздік-создық қызмет көрсетеді.

Лиза ЖАНБОСЫНОВА

Бес-алты жыл болды, бассүйегімнің оң жағы, жұтқыншағым, мойын тұсым, жауырыным құрысып ауырады. Емханадағы дәрігерлер дәл диагнозын айта алмаған соң, ақылы негізде тексерілуге тура келді. Осынша уақыт ішінде 15 рет МРТ жасаттым. Невропатологқа бардым, ол лорға сілтеді, лор да маңдытпай жақсүйек-бет ауруларын емдейтін дәрігерге жіберді.

Әбден шығындалдым. Соңғы рет невропатолог Белоцерковскийдің қабыл дауында болдым. Оның айтуынша, менің омыртқамда, жұтқыншағымда не-

месе миымда әлдебір ісік болуы мүмкін, сондықтан контрастілі ангиорежимде үш ағзама бірдей МРТ жасау керек. Қалтамды көтермейтінін білдім де, учаскелік дәрігерден квота сұраған едім. Емхананың бас дәрігерінің орынбасары: «Мұндай квотаны тек мүгедектерге ғана береміз» деді. Дерт меңдесе, дегбі-рің қашады екен. Өзім пәтер жалдап тұрамын, жалғыз қызымды қалай жетілдірсем деп жүргенде көлде нең жабысқан кеселден құтылуға қаражат мұршам болмай тұрғаны рас. Көмек сұраған себебім сол.

Жұлдыз ҚАЛИҚЫЗЫ

Еңбек заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мем-лекеттік мекемелер ұжымының 3% мөлшерінде жұмысқа қабілетті мүгедектерге квота қамтамасыз етуі тиіс. Астана бойынша жұмысқа орналастырылған мүгедектердің арнайы статистикасы жүргізіле ме? Қайдан қарауға болады?

Жан

Мен тұрғылықты мекен-жай бойын-ша Астанада тір-келгем. Алты ай-лық жастар прак-ти касын Тараз қа-ла сында өткізгім ке леді. Ол мүмкін бе?

Жанерке

Өтініш 2014 жылдың 29 желтоқсанында түсіп, 4 күнде жауап берілді.

Сауал 2014 жыл дың 24 жел тоқ-санында жолданды

Сауал 2014 жылдың 22 желтоқсанында жолданып, 10 күнде жауап берілді

Өтініш 2014 жылдың 18 желтоқсанында жолданып, 13 күнде жауап берілді.

Өтініш 5 қаңтарда түсіп, 1 күнде жауап берілді

Таха Хусейін көшесіндегі 1-үйдің кіреберіс-теріндегі қоқыс жәшіктері (алтау еді) үшті-күйлі жоқ. Біздің үйге келісімшарт бойынша қызмет көрсететін «Берекелі шаңырақ» ЖШС баяндалған жағдайды түсіндіруден бас тартып отыр. Қолсозым жерде қоқыс тастайтын орын болмағаннан кейін, ерінгендер есік алдын бүлдірмегенде қайтсін. СЭС талабы бойынша күл-қоқыр салатын жәшік әр 25 метр сайын тұруы керек. Сондықтан тұрғындар та-лабын орындауға құлықсыз басқарушы компанияны жауапкершілікке шақыруыңызды өтінеміз.

Данияр МҰҚАТОВ

*

Page 9: 2 (3207) 2015-01-10

9www.astana-akshamy.kz

Қазақтың маңдайына б і т к е н ж а р қ ы н жұлдызы, ҚазКСР

еңбек сіңірген өнер қай-раткері, актриса, суретші Гүлфайруз Ысмайылова ортамызда жүргенде биыл 85 жасқа келер еді...

Өнердегі ерен еңбегі үшін «Құрмет белгісі», « Х а лықтар достығы», «Парасат» ордендерімен және «Тарлан» сыйлы-ғымен марапатталған су-ретші қызын қазақ халқы әсте ұмытпақ емес. Соның белгісі ретінде жуырда ел-ор дадағы «Астана» ұлт тық сурет галереясында өнер иесінің туған күніне орай «Өткенді шолу: Гүлфайруз Ыс майылованың шығар-машылығы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді га-л е р е я б а с ш ы л ы ғ ы н ы ң қол дауымен Өнер тари-х ы жөнін дегі ғылыми-шығармашылық ла бо ра-то р и я ұ й ы м д ас т ы рд ы . Кеш қонақ тары ретінде а т а л ғ а н і с - ш а р а ғ а Г.Ысмайылованың ұлы суретші В.Си доркин, мем-лекет қайраткері, жазушы-драматург А .Жағанова, «Астана Опера» театры м у з е й і н і ң д и р е к т о р ы А.Хусаинова, ҚР Халық әртісі Қ.Қалиламбекова, жоғары оқу орындарының

оқыт ушылары мен ст у-денттері, өнертану сала-сы ның қызметкерлері қа-тысты. Кеште «Астана» ұлт тық сурет галереясының б і р і н ш і о р ы н б а с а р ы Г. До с м ұ х ам б е то в а с у-ретші Г.Ысмайылованың Қазақстан тарихына, қазақ өнеріне қосқан үлесі туралы баяндады.

В.Сидоркин бүгінде ана-сының ел құр метіне бө-леніп, еңбегінің еленгенін мақтанышпен айтты.

Гүлфайруз Ысмайыло-ваны қазақтың маңдайына біткен алтын жұлдызға ба-лаған жазушы-драматург А.Жағанова: «Гүлфайруз Ысмайылова өте талантты, сұлу да қарапайым әрі өмірде жолы болған адам. Себебі, Е.Сидоркиндей дарынды өмірлік серігін кездестірді. Сидоркин де өзіндік өрнегі бар ерекше өнер иесі еді. Оның гравюраларындағы қазақи нақыштағы туынды-лары таңдай қақтырады» деп, өнерлі отбасының ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы м е н жастарға берер тәліміне е р е к ш е т о қ т а л д ы . Сондай-ақ, қазіргі қазақ өнерінің жағдайын, рухани байлықсыз материалдық игіліктің бос екендігін, болашақта суретшілердің туындыларын ғана емес, туындылармен қатар жеке

тұлғаларын да ғылыми тұр-ғыда зерттеу керек екендігін ескертті.

Қ Р Х а л ы қ ә р т і с і Қ . Қ а л и л а м б е к о в а Г.Ысмайыловамен алғаш кездескен сәт ін, Абай атындағы Опера және балет театрында қызметтес болған жылдарын еске алды.

«Астана Опера» театры м у з е й і н і ң д и р е к т о р ы А.Хусаинова Қазақстан та-рихындағы тұңғыш әйел суретшінің бел гілі адам-дар дың портреттерін жасау ше берлігіне тоқталды.

Дөңгелек үстелге қаты су-шылар Г.Ысмайылованың шығармашылығына ар-налған мақалалар жинағын жария лап, болашақта ме-рейтойын мемле кет тік дең гейде өткізу, сондай-а қ , ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ ерек шелігін дипломдық және ма гистрлік жұмыс-тардың, докторлық дис -сертациялардың тақы ры-бына арқау ет у т у ралы ұсыныстарын ортаға салды.

Кеш соңында қала өнер-паздарының қатысуымен өткен арнаулы концертке ұласты.

Мәншүк МАМЕДОВА,«Астана» ұлттық сурет галереясының ғылыми

қызметкері

– Бахадыр, кино өне ріне қалай келдің?

– Кездейсоқ. Ол кезде актерлік білі-мім жоқ еді, ешқандай кастингке де қатыспадым. Бір жерде танымал түрік режиссері Осман Сынавпен кездесіп қалдым. Өзі түсіріп жатқан сериалға шақырды. Осылайша кино өнеріне қадам бастым.

– Оған дейін немен айналысқан едің?– Тері илеу - Ыстамбұл қазақтарының

кәсібі. Біз де сонымен нәпақа айырып жүрдік.

– Отбасыңда өнерге ден қойғандар бар ма еді?

– Жоқ. Жалғыз анам – зейнеткер. Актерлікке бұрыннан қызығушы едім, інім екеуіміз бала кезімізде өзімізше көрген фильмдерімізді сала тын быз. Ал, Түркия қазақ тарынан марқұм Мұстафа Өзтүрік пен әкесінің бір неше фильмге түскенін білемін.

– Сені алғаш рет 2003 жылы, студент кезімде танымал фильмі «G.O.R.A-да» көрдім. Сол кезден бері ылғи қы тай, жапондардың рөл дерінде ойнаудасың. Қашан «қазақ бо ласың»?

– Иә, бірнеше фильм және сериалдарда шығыс азиялық тұрпаттағы рөлдер тиіп жүр. Атажұртымда түсірілген «Жау жүрек мың бала» фильмінде де жоңғар болып ойнадым.

Шамасы, өзім фильм түсіріп, өзіме-өзім қазақ рөлін беретін шығармын.

– Ондай жоспар бар ма?– Алдағы жазда сондай бір істі қолға

алу ойда бар. Қазір сценарийін жазып жатырмыз. Экшн-комедия болмақ.

– Жалпы, комедиялық фильмдерде ойнайтын сияқтысың.

– Көбіне солай. Бірақ, Кенан Имирза-лыоғлымен бірге түскен «Alacakaranlık» жанры жағынан шытырман-экшн еді.

– Сені Түркияда танымал қылған қай фильм?

– «G.O.R.A». Осы фильм нен кейін кино өне ріне біржола бет бұр дым. Тіпті, кино саласын дағы ізашарым болды десем, қателеспеймін.

– Arash-тың «Donya» әнінің клипіне қалай түстің?

– Ол клипте жапон ма фия сын ойна-дым ғой. Түсілім жұмыстары Түр кияда жүргізілді. Бұрын бірге жұмыс істеген топ түсірген еді. Көрермен ал дында қалыптасқан қиық көз типажымды лайық көрсе керек, жігіттер мені сол ысқаяқ қудың образында ойнауға шақырды.

– Қазақстанға жиі келіп тұрасың ба?– Кино саласында Қа зақстанда да дос-

тарым бар. Жиі болмағанмен, ара-тұра ат ізін салып тұрамын. Астана ұнайды, өте әдемі қала. Түр кияда қолымнан келгенше Қа зақстанды және қазақ тар ды жарнама-лап жүрмін деп ойлаймын.

– Ж а қ ы н д а ең б ек те р і ң ү ш і н Түркияның бір уни верситетінде ар-наулы сыйлық алыпсың. Сол ту ралы айта кетсең?

– Кыршехир қала сын дағы Ахи Эвран уни вер ситетінде Түркі әлемі қа уым-дас тығының «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығын Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жан сейіт Түймебаев табыс етті.

– Сұхбатыңа рахмет, ойлағаның орындала берсін!

Арнайы «Астана ақшамы» үшін Аршат ОРАЗОВ

Page 10: 2 (3207) 2015-01-10

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

30.12.2014

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту тура-лы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2015 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Тиісті қаржылық жылға осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік-пайдалы бағыты бар және жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) өтінімдер берген ұйымдар мен кәсіпорындар Тізбеге енгізуге жатады.

2. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері Басқармамен бірлесіп 2015 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.

3. Ақылы қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты:өтініш берген жұмыс орындары қажеттілігі санында – 3310 адамға;бекітілген жұмыс орындары қажеттілігі санында – 1375 адамға

белгілесін. 4. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылатын жұмыссыздарға

еңбекақы төлемі Астана қаласының 2015 жылға арналған бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде ең төменгі еңбекақыдан екіден артық емес көлемінде нақты орындалған жұмыс көлемі үшін жергілікті бюджет қаражатынан жүргізілсін.

Ұйымдар мен кәсіпорындар атқарылған жұмыстың санына, сапасы мен күрделілігіне байланысты өз қаражаты есебінен жұмыссыздарға нақты

атқарылған жұмысқа қосымша үстемеақы белгілеуге құқылы.5. Басқарма:халықты, сондай-ақ қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық

жұмыстардың ұйымдастырылуы, өткізілуі және олардың төлем тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;

осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын жүргізсін.

6. Астана қаласы әкімдігінің: «2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»

2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 158-2106 (Нормативтiк-құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2013 жылғы 27 желтоқсанда № 798 болып тiркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 154 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 147 нөмірінде жарияланған);

«2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 158-2106 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 158-638 (Нормативтiк-құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2014 жылғы 20 мамырда № 813 болып тiркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2014 жылғы 24 мамырдағы № 56 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2014 жылғы 24 мамырдағы № 55 нөмірінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орын-басары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бас-тап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «30» желтоқсандағы

№158-2200 қаулысына қосымша

Р/с№

Кәсіпорындардың, ұйымдардың атауы Жұмыс түрлері Көлемі мен нақты

жағдайлары

Қаржы-ландыру

көзі1 2 3 4 5

1. «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы Алматы аудандық филиалы

Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. Әртүрлi құжаттарды өңдеу бой-ынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет

2. «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана калалық филиалы

3. Астана қаласының «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қалалық басқармасының филиалы

Әртүрлi құжаттарды және басқаларды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» РМҚК Астана қалалық филиалы

5. «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК

6. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана қаласы Коммуналдық меншік қоры» МКК

Саябақ аумағын және басқаларды абаттандыру және экологиялық тазартуға қатысу

7. Астана қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК Әртүрлi құжаттарды өңдеу бой-ынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету

8. Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК

Инъекциялық есiрткi құралдарын тұтынушылар арасында алдын алу жұмыстарын жүргiзуге көмек көрсету

9. Астана қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК

Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. Әртүрлi құжаттарды өңдеу бой-ынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек, әлеуметтік қызмет көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет

10. Астана қаласы Білім басқармасының «№ 23 «Алтын бесік» балабақшасы» МКҚК

11. Астана қаласы Білім басқармасының «Астана қаласының № 65 мектеп гимназиясы» ММ

12. «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. Әртүрлi құжаттарды өңдеу бой-ынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

13. «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ14. «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» ММ15. «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» ММ16. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи моно-

полияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ

17. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті» ММ

Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. Әртүрлi құжаттарды өңдеу бой-ынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет

18. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ

19. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті» РММ

20. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Аста-на қаласы бойынша департаменті» РММ

21. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ

22. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статисти-ка комитеті Астана қаласының Статистика департаменті» РММ

23. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ

Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. Әртүрлi құжаттарды өңдеу бой-ынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет

24. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

25. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

26. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті» ММ

27. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» РММ

28. «Астана қаласы Ішкі істер департаменті «Алматы» ауданының Ішкі істер басқармасы» ММ

29. «Астана қаласы Ішкі істер департаменті «Сарыарқа» ауданының Ішкі істер басқармасы» ММ

30. «Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Есіл» ауданының Ішкі істер басқармасы» ММ

Әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санаттағы деректер қорын жүргізу және сүйемелдеу бойынша техникалық жұмыстарды атқаруға көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет

31. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ32. «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ33. «Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ34. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы» ММ 35. «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ36. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ37. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы

«Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы» ММ38. «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ39. «Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ40. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет-

теу басқармасы» ММ41. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

басқармасы» ММӘлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санаттағы деректер қорын жүргізу және сүйемелдеу бойынша техникалық жұмыстарды атқаруға көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет

42. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ43. «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» ММ44. «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ45. «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ46. «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ47. «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ48. «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ49. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және

ғылым саласындағы бақылау комитеті» ММ 50. «Астана қаласының прокуратурасы» ММ51. «Астана қаласы «Алматы» ауданының прокуратурасы» ММ52. Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы ММ53. Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасы ММ54. Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы Қоғамдық науқандарды

ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету.

Әртүрлi құжаттарды өңдеу бой-ынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет55. Астана қаласы әкімдігінің «Балалар психоневрологиялық медициналық-

әлеуметтік мекемесі» КММ56. Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ57. Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған

медициналық- әлеуметтік мекемесі» КММ

58. «Апогей» ПИК Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына қала аумағын жинастыруға, тұрғын үйді жөндеуге және қайта жөндеуге қатысуға, аймақты экологиялық сауықтыруға көмек (көгалдандыру және абаттандыру) және басқалар

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет59. «Восточный» ПИК

60. «Дельта» ПИК61. «Жарық» ПИК62. «Каскад» ПИК63. «АрайлыҚоныс» ПИК64. «Лада» ПИК65. «Майский»ПИК66. «Молодежный-2» ПИК67. «Нұргүл» ПИК68. «Сұнқар» ПИК69. «Электрон» ПИК70. «Элерон» ПИК71. «Гүлдер» ПИК (Ү)72. «Жазира» ПИК (Ү)73. «Радуга» ПИК (Ү)74. «Бриз» ПИК және ТЕҮ Тұрғын үй- коммуналдық

шаруашылық ұйымдарына қала аумағын жинастыруға, тұрғын үйді жөндеуге және қайта жөндеуге қатысуға, аймақты экологиялық сауықтыруға көмек (көгалдандыру және абаттандыру) және басқалар

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет75. «Диалог» ПИК және ТЕҮ

76. «Зодиак» ПИК және ТЕҮ77. «Колосок-2» ПИК және ТЕҮ78. «Кыпшак» ПИК және ТЕҮ79. «Мирный» ПИК және ТЕҮ80. «Новое время» ПИК және ТЕҮ81. «Саят» ПИК және ТЕҮ82. «Уют-2008» ПИК және ТЕҮ83. «Болашақ-Сарыарқа» ПИК84. «Жағалау» ПИК85. «Эдельвейс- К» ПИК86. «Ажол-1» ПИК (П)87. «Ақ-бұлақ-А» ПИК (П)88. «Алтай» ПИК (П)89. «Астана-1» ПИК (П)90. «Березка» ПИК (П)91. «ДОС» ПИК (П)92. «Орион» ПИК (П)93. «Ер намыс» ПИК (П)94. «Жастар-Гермес» ПИК (П)95. «Қамқор» ПИК (П)96. «Космос» ПИК (П)97. «Мечта» ПИК (П)98. «Максат» ПИК (П)99. «Первомайский» ПИК (П)100. «Практик» ПИК (П) Тұрғынүй -коммуналдық

шаруашылық ұйымдарына қала аумағын жинастыруға, тұрғын үйді жөндеуге және қайта жөндеуге қатысуға, аймақты экологиялық сауықтыруға көмек (көгалдандыру және абаттандыру) және басқалар

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет101. «Скиф» ПИК (П)

102. «Студенческий» ПИК (П)103. «Тайфун» ПИК (П)104. «Тұлпар» ПИК (П)105. «Тұлпар- 3» ПИК (П)106. «Түркістан» ПИК (П)107. «Тархан Шаңырақ» ПИК108. «Центр» ПИК (П)109. «Энергетик» ПИК (П)110. «Юпитер» ПИК (П)111. «Байтерек 2010» ПИК112. «Азат Шаңырағы» ПИК (П)113. «Нұр-Жеңіс кz.2008» ПИК114. «Улан-Астана» ПИК (П)115. «Лотос» ПИК (Ү)116. «Надежда-1» ПИК 117. «Надежда» ПИК 118. «Шырақ» ПИК119. «Бірлік-А ПИК (Ү) қауымдастығы» ЗТБ120. «Имидж.kz» жастар ҚБ Қоғамдық науқандарды, мүгедек-

балаларға қайырымдылық іс-шараларды және басқалардыұйымдастыруға және өткiзуге көмек көрсету, қоғамдық пiкiр сұрастыру,

әртүрлi құжаттарды өңдеу бойын-ша техникалық жұмыстар

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет121. «SOS Астана балалар ауылы»мемлекеттік емес білім беру мекемесі

122. «Ардагер» ҚБ123. «Ассоциация Қазақстан әйелдері» ҚБ124. «ЖасНұр» саңыраулар ассоциациясы» ҚБ125. «Шамшырақ» соқырлардың ерікті қоғамы» ҚБ126. «Жас жүрек» ҚБ127. «Дос» Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектерінің ҚБ 128. «Тұтынушылар лигасы» ҚБ129. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» ҚБ130. «Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ131. «Астана қаласының Жастар мәслихаты» ҚБ 132. «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» ҚБ133. «Қоғамдық жастар қозғалысы «Қарсы» ҚБ134. «Астана қаласының әйелдер лигасы» ҚБ135. «ОкеанАрт» Арт-терапия шығармашылық орталығы» ҚБ136. «Астана қаласы-балалары бар мүгедек-аналар қоғамы» ҚБ 137. «Тұрғын-үй құқығы» ҚБ138. «Астана қаласындағы Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері

одағы» ҚБҚоғамдық науқандарды, мүгедек, мүгедек- балалар үшiн қайырымдылық iс-шараларын және т.б. ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету

5 күндік жұмыс апта-сына 8 сағат-тан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет

139. «Қолдау-бастамаларды қолдау жөніндегі орталық» ҚБ140. «Тәуелсіздік Территориясы» ҚБ141. «Астананың жаңа толқыны» ҚБ142. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түлектерінің

ассоциациясы» ҚБ 143. «АСТ Астана социальных технологий» ҚБ144. «Әлем әйелдерінің достығы орталығы» ҚБ

Page 11: 2 (3207) 2015-01-10

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

244-060 244-061

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

145. «НұрӘлемҚазақстан» ҚҚҚ146. «Ақмола көп балалы отбасылар» ҚБ147. «Аяла» ҚК148. «БАЛАМ-АЙ» мүгедек-балаларды қолдау қайырымдылық қоры» ҚК 149. Қайырымдылық ұйым «Мейірімділік-М» ҚК150. «Ақталушылық технологиялар және тұжырымдамалар» ҚК151. «Сараптама және инновация орталығы» ҚК152. «Үнсізәлем» («Безмолвный мир») ҚК153. «Бірге Бол» ҚК154. «Қоғамдықты дамыту орталығы» ҚК155. «Право» ҚК156. «Аспан арыстаны» қайырымдылық қоры» ҚК157. «Астана қаласындағы Қазақстанның балалар қоры» ҚК Қоғамдық науқандарды,

мүгедек, мүгедек- балалар үшiн қайырымдылық iс-шараларын және т.б. ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет158. «Астана қаласының Азаматтық Альянсы» ЗТБ

159. «Форум НКО Астаны» ЗТБ160. «Шанырақ» РҚБ161. «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Есіл аудандық филиалы 162. «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы» Қоғамдық

бірлестігінің Астана қаласы бойынша Филиалы 163. «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы

«Нұр» филиалы164. Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің

«Бірлік» филиалы 165. «ЖАН» мүгедектер құқығы жөніндегі азиялық қоғамы» қоғамдық

бірлестігінің Астана қалалық филиалы 166. «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы Сарыарқа

аудандық филиалы167. «Центр поддержки НПО-АСТАНА» ЖҚ168. «Жақсылық Әлемі» жеке қоры169. «Корғау-Астана» ЖҚ170. «Болашақ» мүгедектігі бар кәсіпкерлерге жәрдемдесуді ұйымдастыру

қоры» ЖҚ171. «Тұмар Мунай Ресурс» ЖШС Қоғамдық науқандарды

ұйымдастыруға және өткiзуге, қоғамдық пiкiр сұрастыру,әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет172. «Прима-Пласт» ЖШС

173. «Қазақстан құбыр зауыты» ЖШС174. «Тауелсіздік-Д» ЖШС175. «Marden Realty» ЖШС176. «Damu Industry» ЖШС177. «Матрешка» ЖШС178. С.Сейфуллин атындағы «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ 179. «LomuanG» ЖШС180. «Bon Voyage Travel Center» ЖШС181. «KazTranslation» ЖШС182. «СК Керемет» ЖШС183. «Өрлеу Travel» ЖК184. «Санжар» ЖК185. «Евразия» ЖК186. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК

Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, қоғамдық пiкiр сұрастыру,әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуде көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні

Жергілікті бюджет

187. «Астана Жастары» КММ188. «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы Есіл

аудандық филиалы189. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери басқармасы» ММ 190. «Елордалық жұмыс берушілер одағы» заңды қоғамдық бірлестігі191. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Астана қаласының

Әділет басқармасы» РММ 192. «Жайнар-777» ЖШС193. «Центр юридических услуг-Астана» ЖҚ194. «Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» ММ195. «Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» ММ

Ескерту:аббревиатуралардың толық жазылуы:ММ – Мемлекеттік мекемесіШЖҚ МКК – Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорныМКҚК – Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны КММ – Коммуналдық мемлекеттік мекемеПИК – пәтериелерiнiң кооперативi ПИК(К) – пәтер және үй-жайлар иелерiнiң кооперативiПИК және ТЕҮ – пәтер иелерiнiң кооперативi және тұрғын емес үй-жайларҮИК – үй-жайлар иелерiнiң кооперативi УИК (П) – пәтерлер және үй-жайлар иелерінің кооперативіҚБ – Қоғамдық бірлестігіҚҚҚ – Қоғамдық қайырымдылық қорыҚҚ – Қоғамдық қорыЗТБ – Заңды тұлғалар бірлестігіШЖҚ РКК – Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық коммуналдық мекемесіРҚБ – Республикалық қоғамдық бірлестігіРММ – Республикалық мемлекеттік мекемесіРМҚК – Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныЖҚ – Жеке қорыЖШС– Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіЖК – Жеке кәсіпорынАҚ – Акционерлік қоғамы

1) Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маманы-заңгер (D-О-4 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күту демалысында болу кезеңіне). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Респуб-ли касының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Басқарманың құзіретіне жататын Әкімнің және Әкімдіктің актілерінің жобаларын дайындау, Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, кейіннен оларды сот органдарына беру, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, діни бірлестіктердің қызметі мен оларды құру және конфессияаралық келісімді, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге ұсыныстар енгізу, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу, Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Гумани-тарлық білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім беру саласындағы жоғары білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда гуманитарлық білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім беру саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

2) Мониторинг және талдау, ақпараттық-ағарту-шылық жұмыс бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бір-лік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Толеранттық және конфессияаралық келісімді нығайту саласында ақпараттық-насихаттық шараларды жүзеге асыру, өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған мониторинг жүргізу, діни әдебиеттерді, діни мақсаттағы заттарды зерделеу және талдау, діни бірлестіктердің, діни білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру саласындағы үдерістер мен нәтижелерін жинақтап қорыту және талдау, жан-жақты және объективті зерделеу, діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету. Басқарма және Басқарма бөлімдерінің қызметі туралы айлық, тоқсандық, жылдық есептер мен ақпараттық анықтамаларды жинақтау және дайындау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Гумани-тарлық білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім беру саласындағы жоғары білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда гуманитарлық білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім беру саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қыз-метін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (не-месе нотариалдық куәландырылған сертификат көшiрмесi).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс

өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияла-нымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электрон-ды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру БАҚ-та («Астана ақшамы», «Вечерняя Астана») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 33 үй, 1 қабат, № 111 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс ко-миссиясы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабар-ландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 33 үй, 1 қабат, № 111 кабинет) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына бір жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персо-налды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазы-мына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-O-4 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Кон-ституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес, «Астана-Энергия» АҚ Астана қаласының жылу энергиясын тұтынушыларына 2015 жылдың 31 наурызына дейін жылу энергиясын өндіру бойынша реттелетін қызметке ҚҚС-сыз 1 238 теңге/Гкал көлемінде тарифінің ұзаруы жөнінде хабарлайды, 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап ҚҚС-сыз 1 484 теңге/Гкал көлеміндегі тариф енгізіледі.

Согласно приказа Департамента Комитета Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий по городу Астане № 45-ОД от 31 декабря 2014 года АО «Астана-Энергия» уведомляет потребителей тепловой энергии города Астаны о продлении тарифа на регулируемую услугу по производству тепловой энергии в размере 1 238 тенге/Гкал без НДС по 31 марта 2015 года., с 1 апреля 2015 года вводится тариф в размере 1 484 тенге/Гкал без НДС.

Page 12: 2 (3207) 2015-01-10

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қа з а қ ұ л т т ы қ ө н е р университетінің про-ф е с с о р ы , п е д а г о г и -к а ғ ы л ы м ы н ы ң д о к -

торы Айгүл Күлбекова балеттің б е з е н д і р і л у і н і ң к ө р к е м д і г і т а м с а н д ы р ғ а н ы н , к о с т ю м -дер, түстер, жарық, декорация-лар үйлесім тауып, көрерменнің қ а б ы л д а у қ а б і л е т і н е с е л е й түскенін, қоюшы суретшілер - Со-фья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов хореографтың идеясын толыққанды жүзеге асырғанын айтады.

Ө н е р т а н у д о к т о р ы , П . И . Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының профес-соры Елена Долинская болса, әр кейіпкердің қимылы хореогра-фия тілімен сәйкес түскенін атап өтті. «Қарагөз пластикасының жұмсақтығы, әсіресе, адажио, балеттің лирикалық шарықтау ш е г і н д е а й р ы қ ш а к ө р і н е д і . Н а р ш а – Қ а р а г ө з – С ы р ы м үштігінде ер кейіпкерлердің жеке хореографиялық бояуын қанық

шығарды. Қарагөздің әжесі Мөржан мінезі күрделі, алай-да, ата-баба дәстүрін берік ұстанған кейіпкер ретінде көзге түседі» дейді ресейлік маман.

Атап өтейік, балеттің музыкалық редакциясын «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов жасаса, балетті Алма-

ты хореографиялық училищесінің түлегі, ұзақ жылдар бойы Мәскеуде жұмыс істеп, 1988 жылы Ресей аста-насында В. Усманов хореография те-атрын құрған Вакиль Усманов қойды.

«АҚҚУ КоЛІН» КоРІҢІЗДЕР

»Н»

Әлемдік музыка жауһарларының қатарына кіретін бұл балетте зұлым күштердің әсерінен құсқа айналған ару туралы баяндалады. Туындыда Зигфрид

ханзада Одеттаның құтқарушысы бола-ды. Алайда, оның байқаусызда жасаған опасыздығы қасіретке

толы күнәға айналады. Хан-зада сарайындағы бал кешіне

нәзік Одеттаға қатты ұқсас, зұлым әрі еліктіргіш Одиллия келеді. Зигфрид адалдық антын бұзғанымен Одеттаға де-ген махаббатынан айнымайды. Соңында жіберілген қателігін түсініп, Ротбардқа қарсы күреседі. Қойылымда бас пар-тияны Әйгерім Бекетаева мен Таир Гатауовтың және Гауһар Усина мен Еркін Рахметуллаевтың жұптары ой-найды.

Театрдың камералық залының сахнасына шыққан ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жаннат Бақтай пен Дина Хамзина, халықаралық конкурстардың лауреаттары Мейір Байнешов, Евгений Чайников және Германияның Эссен қаласындағы Aalto-Musiktheater солисі, концертке арнайы шақыртылған Бауыржан Әндіржанов жеке дара да, дуэт құрып та түрлі стильдегі әр дәуірдің арияларын, шетелдік, қазақ және орыс композиторларының шығармаларын шырқады.

Орындалған туындылардың арасында Моцарттың «Фигароның тойы» операсынан үшінші ария, осы автордың «Дон Жуан» операсындағы Дон Жуан мен Церлинаның, Г. Доницеттидің «Махаббат сусыны» операсындағы дәрігер Дулькамара мен Немориноның, «Сиқырлы флейта» операсындағы Папагено мен Папагенаның дуэттері, т.б. болды.

Концерттің авторы, театрдың бас концертмейстері Елена Сахно репертуары бай музыканттармен жұмыс жасаған қашан да қуантатынын айтты. «Бұл кеште орындалған музыкалық туындылардың дені Қазақстанда сирек орындалады, ал кейбірі «Астана Опера» сахнасында алғаш рет шырқалды. Бұған мысалы, Р.Щедриннің «Варвараның әнін», «Абай» операсынан Айдардың ариясын, Руджеро Леонкаваллоның «Сайқымазақтар» операсындағы Канио ариясын, сондай-ақ П.И. Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі» операсынан Томскийдің көрінісі мен балладасын жатқызуға болады» дейді ол.

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ам

анға

ли Қ

АЛЖ

АНО

В