132 (3189) 2014-11-20

16
ǭǵDzǫǧǺʹǧ ² ʽǵDzǫǧǺ ǹǧʹǮȂdz 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 132 ÂÆÊÒÆμ 20 ĭÁÑÁÙÁ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -10°.. -8° -12°.. -10° LjʃǍLJDŽǑƼǎ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ೦˘ˬ˘˭˾˘˲˞˘೦ ˃ʽʿ ʹ Ϯϭ ˘೪ˬ˞ ೪˘ˬ˘ˬ˘˲ ˵˧ˣ˧˭˧ˮ˟ ˟ˮ˞˧ ˬ˟˭˞˟˛˧ ೪˘ˬ˘ˬ˘˲˞೮ ˞˘˭˶ ˙˘೦˞˘˲ˮ ˮ˟˭˧ ˙˘೪ˬ˘˱ ೪˯˲˵ˮ˞ ˢ˘˳˘˥˵ˮ ʤˌͲ˵˘೦ ˤˮ˵˟ˬˬ˟˪˵˶˘ˬ˞೪ ೪˘˶˭˞˘˳˵೪ ˹˯˲˶˭ˮ೮ ˙˘೦˘˳ ʹ ˙ˬ ʫˮ˞˧ ˟ˬ˯˲˞˘ ˪˟ˬ˟˳˧ ˢˬ˞˘ˮ ˙˘˳˵˘˱ ˃ʽʿͲϳ ˘೪ˬ˞ ೪˘ˬ˘ˬ˘˲˞೮ ೪˘˵˘˲ˮ˘ ˟ˮ˶˛˟ ˭˵ˬ˭˘೪ ʥˬ ˵˶˲˘ˬ ˪˟˾˟ ʤ˳˵˘ˮ˘ /ÄÄÊòã®ÊÄÝ ʤ ˥˭˞˘˳˵˲˶˭˟ˮ ˵˪˟ˮ ^ÃÙã ÝãÄ ϮϬϭϰ /s ˪˯ˮ˹˟˲˟ˮ˻ˤ˳ ˘˳ˮ˞˘ ˘˥˵ˬ˞ ʤˬ೪˘ˬ ˢˤˮ೦˘ ˀ ˱˲˟˭˟˲Ͳ˭ˤˮˤ˳˵˲˧ ʶഉ˲˧˭ ʺഉ˳˧˭˯˚ ˢഉˮ˟ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ഉ˪˧˭˧ ˞˧ˬ˙˟˪ ʮ˘೪˳˙˟˪˯˚ ೪˘˵˳˱ ˳ˣ ˳˥ˬ˟˞˧ ×ħĨĖģĖģıģ ĖĠıġĚı ĖĚıĢĚĖĦı Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Ермек Оспановтың айтуынша, елорданың құрылыс нысандарында өндірістік жарақат өршіп барады. Жыл басынан бері қала кәсіпорындарында 108 қайғылы оқиға тіркелсе, оның 34-і өліммен аяқталған. Жазатайым жағдайлар салдарынан 118 адам зар- дап шегіп, оның 84-і ауыр жарақат алған. Осындай оқиғалардың 95 пайызы құрылыс алаңдарында орын алуда. Ағымдағы жылдың басынан бері аталмыш басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 1884 өтініш келіп түскенін, олардың 1859-ы қаралып, 25-і қаралу үстінде екенін баяндаған басқарма басшысы өтініш білдірген 450 адамға еңбек заңдылықтары мен еңбек қорғау мәселелері бойынша ауызша кеңес берілгенін жеткізді. (Жалғасы 2-бетте) ˘ˬ˘ˬ೪ ˭ഉ˳ˬˤ˺˘˵˵೮ ˣ˘೮˞ˬ೪ ೪೪೪ ˵ഉ˲˵˧˙˧ ˢഉˮ˟ ˢ˲˵˾ˬ೪˱˟ˮ ˢ˭˳ ˭ഉ˳˟ˬ˟ˬ˟˲˧ ˢˮ˧ˮ˞˟˛˧ ˵˲˘೪˵ ˪˯˭ˤ˳˳ˤ˳ˮ೮ ˪˟ˣ˟˪˵˧ ˯˵˲Ͳ ˳ˮ˞˘ ʤ˳˵˘ˮ˘ ˪ഉ˳˧˱˯˲ˮ˞˘˲ˮ˞˘೦ ˟೮˙˟˪ ೪೪ˬ˘˲ˮ೮ ೪˯˲೦˘ˬ˶ ˭˟ˮ ˟೮˙˟˪ ೪˘˶˧˱˳˧ˣ˞˧˛˧ˮ ˢ˘೪˳˘˲˵˶ ˭ഉ˳˟ˬ˟ˬ˟˲˧ ˵˘ˬ೪ˬ˘ˮ˞ ĜÄ»°Ç°Èɼº° ½·Ç·Ě·É ĜÇÏ°Æ ÉĞÇ 4 6 11 ĥÎÆ̼ËÓ¼ħ ĥËÇÉÆļΠÆħÆÊÓËÆÎ ÂÁĩÈÜÅÁÎ ÂÁÒÓÁÔ ÁÌĩÁÎ kÍģħÄ¼Ì¼Ë ÆÌv à

description

АСТАНА АҚШАМЫ №132 (3189) 20 қараша

Transcript of 132 (3189) 2014-11-20

Page 1: 132 (3189) 2014-11-20

132 20

-10°.. -8°-12°.. -10°

Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Ермек Оспановтың айтуынша, елорданың құрылыс нысандарында өндірістік жарақат өршіп барады. Жыл басынан бері қала кәсіпорындарында 108 қайғылы оқиға тіркелсе, оның 34-і өліммен аяқталған. Жазатайым жағдайлар салдарынан 118 адам зар-дап шегіп, оның 84-і ауыр жарақат алған. Осындай оқиғалардың 95 пайызы құрылыс алаңдарында орын алуда.

Ағымдағы жылдың басынан бері аталмыш басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 1884 өтініш келіп түскенін, олардың 1859-ы қаралып, 25-і қаралу үстінде екенін баяндаған басқарма басшысы өтініш білдірген 450 адамға еңбек заңдылықтары мен еңбек қорғау мәселелері бойынша ауызша кеңес берілгенін жеткізді.

(Жалғасы 2-бетте)

4

6

11

Page 2: 132 (3189) 2014-11-20

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Тунис мемлекетінің тарихында тұңғыш рет президент сайлауына Канну Кальсум есімді мұсылман әйел өзін үміткер ретінде ұсынған. Ол Тунис сот жүйесінің жоғарғы органы болып саналатын Кассациялық сотта қызмет атқарады.

Volkswagen Golf тарихындағы ең жылдам әрі қуатты автокөлік келесі жылдан бастап сериялық өндірісте құрастырылмақ. Жаңа автокөліктің 100 км/сағатқа шаққандағы жылдамдық алуы 1 секундқа кеміп, 3,9 секундты құрайды.

Хакерлер Ақ үйдің электронды поштасына шабуыл жасап, ақпараттық жүйеге қауіп төндірген. Салдарынан АҚШ Мемлекеттік департаменті жүйенің жұмысын тексеріп, 14 қарашада пошта қызметін уақытша тоқтатып тастаған.

Компьютерлік ойындарды шығаратын «ЕА Canada» компаниясының та-нымал «FIFA 15» ойынына алғаш рет қазақстандық футболшы енгізілді. Ол – еліміздің ұлттық құрамасының және польшалық «Корона» командасының шабуылшысы Сергей Хижниченко.

(Басы 1-бетте)

Сонымен бірге биыл мемлекеттік инспекторлардың материалдары бойынша Астана қа ласындағы Ішкі істер департаменті Қазақстан Рес-публикасы Қылмыстық Кодексінің 152-бабына сәйкес 99 қылмыстық іс қозғаған. Өндірісте болған қайғылы оқиғалар дерегі бойынша 85 тексеру жүргізіліп, олардың сексен екісі процессуалдық шешім қабылдау үшін тәртіп қорғау орган-дарына жіберілген. Орын алған заң бұзушылықтар негізінде 41құрылыс нысанының материал дары сотқа жөнелтіліп, олардың жұ мысы тоқтатылды.

– Өндіріс орындарындағы оқыс оқиғалар, көбінесе, құрылыс алаң-дарында техника қауіпсіздігінің қара пайым ережелерін сақтамаудың салдарынан болады. Мұндай жара-қаттар мен адам өлімі – сол ұйымдар жетек шілерінің салғырттығы мен тәртіпті бетімен жіберуінің көрінісі, – дейді Е.Оспанов.

Өкініштісі сол, «Астана ЭКС-ПО-2017» көрме кешенінің құрылыс жұ мыстарын жүргізетін астаналық төрт құрылыс компаниясында да адам өлгені анықталып отыр. Атап айтсақ, осы жылдың он айында «BI GROUP» АҚ, «Базис» ҚК, «Sembol» және «MABETEX GROUP» компаниясында он төрт адам өлгені тіркелген. Бұл қаладағы барлық қайғылы оқиғалардың қырық пайызын құрайды. Әрине, алаң да-тарлық жағдай. Осыған орай, Ермек Сабырбекұлы алдағы айда «Астана ЭКСПО-2017» дирекциясымен бірлесе отырып, жоғарыда аттары аталған құрылыс компанияларының басшылары мен техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі инженерлерін шақырып, мәжіліс өткізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

– Көбіне жұмыс қауіпсіздігі та-лап тарының сақтамауға қатысты шикіліктер шағын және орта бизнес төңірегінен шығады. Себебі, ірі бизнес өкілдері өз имиджін бұз-бауға тырысады. Ал, біз Прези дент жариялаған мораторийге бай ла-нысты барлық орта және шағын

кә сіпкерлік субъектілерін тексере алмаймыз. Егер прокуратура өз-геріс енгізіп, тексеруге рұқсат ет се, бәлкім, жұмысшылардың жаза та йым жарақат алуы немесе еңбек ақы ны уақтылы төлемеу секілді заң бұ зу-шылықтардың алдын алуға болар еді, – дейді басқарма басшысы.

Тұрақты комиссияның төр ағасы Н.Мещеряковтің төраға лы ғымен өткен отырыста баянда машы Астанада жұмыс істеп жүр ген-дерімен, заң жүзінде басқа қалада тіркелген кәсіпорындарға қатыс ты қиындықтарға тоқталды. Мұндай мекемелерде жұмысшы мен жұмыс беруші арасында еңбек даулары туындаған кезде қалалық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқар ма-ның заң бойынша оларға тексеріс жүргізуге құқы жоқ. Мәселен, «Ал-тын ТЕТ» ЖШС-нің Астанадағы жұмысшыларынан 2014 жылдың мамыр айынан бері жалақысыз жүргендері жөнінде жазбаша өтініш

келіп түскен. Өкінішке орай, ком-пания Алматы қаласында тіркел-гендіктен, аталмыш басқарма оларға тексеріс жүргізе алмай отыр. Демек, қаптаған құрылыс фирмаларының қызметін өркениетті елдердегідей ретке келтіріп, уақыт созбай нақты заңдар мен міндеттер қабылдау

қажет. Бұл ретте елордадағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың біліктілігін көтеріп, жұмысын үйлесімді ұйымдастырған жөн. Е.Оспановтың айтуынша, бүгінгі таңда басқармада небәрі он инспектор жұмыс істейді. Бұл, әрине, Астанадай алып шаһарға аздық етеді.

Одан әрі сөз алған қалалық кә-сіп одақтар кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев осы мәселені қаузады. Жалпы, өндірістегі жа-рақаттар мен еңбек дауларына қа-тысты түрлі заң бұзушылықтардың алдын алу үшін ол келесі жылдың басында қаңтар айында Жұмыс берушілер форумын өткізуді, со-нымен бірге Еңбек инспекция сы жөніндегі басқарма, Жұмыс беру-шілердің бірлестігі және Кәсіп-одақтар орталығы бірлескен мемо-рандумға қол қоюлары керек деген ұсыныс білдірді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметінше, ағым-дағы жылдың қаңтар-қазан айларында елордада 23112,0 млн теңгеге қоғамдық тамақтандыру қызметі көрсетілді.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында «Абай» драмасы қойылды.

«Қазақстан» орталық концерт залында Досымжан Таңатаровтың «Отаным десем...» атты концерті өтеді. Басталуы: сағат 19.00

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық Орыс музыкалық драма театрында Ричард Баэрдің «Смешан-ные чувства» мелодрамасы қойылады.Басталуы: сағат 18:00

Page 3: 132 (3189) 2014-11-20

3www.astana-akshamy.kz

Шығарма ащы шиеленістерге толы салтанатты шерулер, билер мен ұрандар аясында өрбиді. Онда оқиғаның өріс алуы, адамдар тағдыры, олардың әр қырынан көрінуі – бәрі де қым-қиғаш әлем. ««Аиданы» операдан хабары жоқ адамның өзі түсінеді. Өйткені, оның музыкасы әдемі. Әуезді әнді тыңдағанда қойылымды жақсы көріп кетеді» дейді Аида рөлін сомдайтын Кристин Льюис.

«Тұсаукесердің дайындығына бір айдан астам уақыт кетті. Бұл қойылымда сахнаның барлық техникалық мүмкіндіктері іске қосылады» дейді мамандар. Бірінші және екінші акт кезіндегі көріністерде барлық артистер санаулы минут ішінде костюм, парик және гримдерін толығымен өзгертіп отырады. Күрделі әрі көп қабатты декорациялар театрдағы озық технологияның көмегімен пайда болып, әп-сәтте жоқ болып, көрерменді таң қалдырды. Шымылдықтың арғы жағында қызмет көрсететіндер саны сахнаға шығатын әртістермен бірдей дейді ұйымдастырушылар. Мамандар мұндай спектакльді әлемде бірнеше театр ғана қоя алатынын айтады.

Операның дирижерлік тізгіні – канадалық маэстро Кери-Линн Уилсонның қолында. Аида партиясын америкалық опера әншісі, сопрано Кристин Льюис, ал екінші құрамда жерлесіміз Жұпар Ғабдуллина сомдайды. Радамес – Вальтер Фраккаро, екінші күні – Густаво Пор-та, Амнерис – Екатерина Губанова (екінші және үшінші құрамда – Дина Хамзина, Марина Пруденская), Амонасро – Лука Сальси, екінші күні Альберто Газале шырқайды.

«Менің ұлғайған жасыма, ауа райының қолайсыздығына және ұзақ ұшуға байланысты «Астана Операдағы» тұсаукесерге келе алмаймын. Қойылым жаңа көрерменін тауып, қазақ театрының төрінде жаңа өмір бастап, мәңгіге орын алады деп үміттенемін. Астаналық өнер ордасына және жалпы қазақстандық көрерменге жылы лебізімді білдіргім келеді. Олар Италия операсының тұрақты тыңдарманы болатынына сенімдімін. «Аида» операсын еңбек жолымдағы ең үздік туындыларымның бірі деп са-наймын», – депті астаналықтарға алыстан сәлем жолдаған қоюшы режиссер Франко Дзеффирелли.

Еркежан СӘТІМБЕК

«Біз 2017 жылғы ЭКСПО көрмесіне өз отандастарымыздың арасынан шыққан өнертапқыштардың инновациялық жобаларын қосу мақсатында осын-дай байқау жарияладық. Бірнеше рет ұйымдастырылған кезеңдік іріктеулерде жеңімпаз деп танылған үздік туындылар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің Халықаралық сарапшылар қауымының назарына ұсынылады. Бұлар сондай-ақ, аталмыш көрме алаңының «Халықаралық практиктер» павильонына қойылатын

болады. Ал ел ішінен өнертапқыштарды табу мен олардың төл туындыларының патенттелуіне және жүзеге асырылу-ына, тіпті, қаржыландырылуына да қолымыздан келгенше көмектесетін боламыз», – деді ол.

Ол сондай-ақ, еліміздің епті кәсіп кер-лерін ЭКСПО-2017 жобаларына бел-сендірек қатысуға шақырды. «Бизнесті осы халықаралық көрмеге белсенді қатыстыру – Қазақстан Президентінің тапсырмасы. Сондықтан еліміздің

бизнесі «ЭКСПО-2017» шараларына құрылыс материалдары мен технология-ларды жеткізумен қатар, қызмет көрсету, инфрақұрылымды дамыту бағыттарында да қатыса алады» деді. ЭКСПО-2017 ке-шені құрылысын жалғастыруға бөлінген 25 млрд теңгеге Елбасының тапсырмасы бойынша алдағы жылы қосымша 40 млрд теңге беру жоспарланғанын еске салып өткен ол, бұл қаржы «Бәйтерек» АҚ арқылы жобаларды несиелендіруге бағытталатынын жеткізді.

Халықаралық студенттер күніне орайластырылған аталмыш шара Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Астанадағы 14 жоғары оқу орны мен 35 колледждің ең белсенді жастары шақырылды. Олар – ҰБТ-дан жоғары ұпай жинағандар, ректор грантына ие болғандар және халықаралық білім, спорт, өнер сайыстарында жеңіске жет-кен 1-курс студенттері.

«Студенттік билет – мектептен шыққан жас түлектің жаңа белесі. Осы белеске шыққан адам ең керек білімді санасына тоқиды, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Жас дарындардың бойындағы шығармашылық қабілеттерді жетілдіру мақсатымен бүгінгі мерекелік концертте биылғы «Жастар жалыны» фестивалінің үздіктері де өнер көрсетеді» деді Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков.

Екі мыңға жуық студент жиналған осы кеште «Бәйтерек», «Меломен» және «Формат» тобы, Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов, Серік Ибрагимов, ағайынды Жүгінісовтер сынды бірқатар эстрада жұлдыздары ән шырқап, жастарға студенттік билет пен естелік ретінде жасалған статуэтка-ларды табыстады.

Мәдина ЖАҚЫП

«iTys» орыс және ағылшын тілдерінде ғана емес, ең бастысы, қазақ әліпбиінің барлық әріптерін пайдаланып, мемлекеттік тілде ха-бар алмасуға болатындығымен ерекшеленеді. Бұл оны қазіргі кезде қолданыста жүрген белгілі мессенджерлерден даралап, әрбір қазақстандыққа арналған, толықтай ұлттық ІТ-өнім ретінде таныта алады. Жаңа отандық өнім қазақ тілін қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық ортаға бейімдеу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген міндеттерге толығымен сай келеді» деді басқосуда Азат Шәуеев. Оның айтуынша, «iTys» қосымшасының ең басты ерекшелігі – оның ұлттық мәнерде айшықталған, мемлекеттік тілде қолдануға болатын эксклюзивті интерфейсі мен мәзірі.

«Мобильдік қосымшадағы барлық смай-ликтер қазақтың ұлттық нақышында жасалған. Сонымен қатар, мұның тағы бір маңызды қыры – басқа мессенджерлер сияқты қолдану үшін төлем талап етпейді. Кез келген адам оны «iTys.kz» сайтынан тегін жүктеп алып, тегін қолдана алады. Осының барлығы хабар алмасуға арналған тұңғыш қазақстандық мобильді қосымша – «iTys»-ты тек тартымды,

қызықты етіп қоймай, Қазақстанның кез келген тұрғыны үшін мейлінше қолжетімді етеді» деді А.Шәуеев жиын барысында.

«iTys» жобасының тағы бір ерекшелігі – онда жеке хаттардың құпиялылығын сақтауға мүмкіндік беретін хабарламаларды автоматты түрде өшіру функциясы бар. Мұндай қызмет әлемдегі бірде-бір мессенджерде жоқ. Соны-мен қатар оны жетілдіруге әрбір қазақстандық өз үлесін қоса алатын халықтық мессенджер болып табылады.

Айта кеткен жөн, қазіргі таңда қосымшаны жүктеу «Android» операциялық жүйесі бар смартфондар үшін қолжетімді. Жобаны жасаушылар желтоқсан айында «iOC» плат-формасына шығуды көздеп отыр.

Асхат РАЙҚҰЛ

«i

Page 4: 132 (3189) 2014-11-20

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

туралы Қазақс тан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлт лидері Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идея-сы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүр мін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік ел» идеясы» деген едi.

Жалпы, «Мәңгілік ел» идеясы-ның үш негізден немесе үш тұғыр-дан тұрғаны анық. Біріншісі – Түр кі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіште-рін де) саяси акт – «ма ни фест» ре тінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы; екіншісі – әл-Фарабидің философиялық шығармасында идея-ның теория лық-философиялық тұр-ғы дан не гіз делуі және үшінші – Жү-сіп Бала сағұнның «Құтты білік» дидак тикалық дастанында құқықтық мемлекеттің негізгі қа ғи даларының, яғни, Ата заң іргетасының қалануы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы мен интеграциялық үдерістерін ны-ғай ту жолында көптеген идеялық және практикалық іс-шаралардың ұйыт қысы болып, бірталай маңызды істерді жүзеге асырғаны мәлім. Ал, «Мәңгілік ел» мұраты – бар-лық түркілердің бір тарихи кезең – VII ғасырда, бір шаңырақ ас-тында тұрғанда қабылданған және жарияланған идея еді. Енде ше, та-рих сынынан өткен бұл идея бүкіл Түркі дүниесі үшін ортақ және осы идея төңірегіне бірігу қазіргі жаһандану заманындағы түркі тектес халықтардың мұраты болары анық.

Көне түркі жазба ескерткіш-теріндегі саяси тұжырымдар, Əбу Насыр əл-Фарабидің «Қайы рым ды

Ұлттық идея мәселесі бүгін де бар лық посткеңестік мемле кет-тер үшін маңызды болып отыр. Бүгінде қоғамымызда «мем ле ке-ті міздің болашақ даму ба ғы ты на қатысты ұлттық идея мен мем-лекеттік идеология қан дай болуы тиіс?» деген пікірталас жүріп жатқандығын аңғаруға болады. Бұл

қала тұрғындарының көз қа растары» мен тағы бас қа əйгілі туын дыларының ой-идеялары, «Құт ты білік» дас та-нын дағы философиялық түйіндер, сая си-әлеу меттік болжамдар бір мəде ниет тің, бір өркениеттің, за-ман мен əлеуметтік жағдайдың ғана емес, біртектес ел-жұрт тіршілігі тұ тастырған бір дүниетанымның

же містері. Тарихи кезең мен мем-лекетшілдік сипаттарын білдіретін ұғымдар Күлтегін жырларында да, әл-Фарабидің философиялық шығар-маларында да және Жүсіп Баласағұн дастанында да бірдей кездесіп оты-рады.

Алғаш рет «Мәңгі ел» идеясы Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы Күлтегінге бағышталған бітіктаста түркі еліне жария етіл ген. Күлтегін ескерткішіндегі жазу дың сол жақ бетінде: «Өтікен жынысын-да отырсаң мәңгі ел тұтып отырар ең» деп айтылған. Тура осы сөздер Білге қаған ескерткішінің оң жақ бетінде қайталанған.

Ескерткіште «мәңгі ел» Өтікен-де, яғни, түркі мемлекетінің бас ордасымен бірге айтылған. «Қа ған», «қан», «хан» атауларының бір-бірімен тығыз байланысты екеніне кәсіби мамандар ерекше көңіл бөледі. В.Бангтың пікірінше: «йетікан» (жұл дыз атауы) сөзіндегі «кан» және «мәңгілік елдің» сақ талуын Түркі қағанатының аста насы – «Өтікенмен байла ныстырған Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштеріндегі («Өтікен қойнауында отырсаң мәңгі ел тұтып отырар ең») сөздің соңғы буыны «кен» ~ «кан» да осы. «Қан» сөзі батыс ғұндарда да болғанын таза, пәк патшайым есімді әйелі болғанынан байқауға болады. Атилланы Арықан (Арығ қан) деп те атаған. Атақты ақ ғұн әміршілерінің бірі Византия деректерінде Күн хан (V ғ. екінші жар тысы) деп көрсетіледі және «хан» сөзінің ғұндар дәуірінің өзін -де «ел» терминімен қатар қолда-нылғаны мәлім болып отыр. Асылы, түрікше екені бел гілі және кей жер атауларында кез десетін (мысалы, Хан балық, Хазар астанасы) бұл тер-мин түріктер исламды қабылдаған соң да қолданыстан түскен жоқ. Сөздің

ауқымды географиялық аймақта әр-түрлі мағынада қолданылғаны мәлім.

Белгілі бір дәрежеде «мәңгі» сөзі мен «ел» атауының мән-мағы-насында да сәйкестік бар. Мысалы, қазақта ескіден қалған, қазірде айтылып жүрген «Ел болайын де-сең...» деген аталы сөз бар. Бұл сөзді тереңінен ой лап қараса: «тұрақты» немесе «мәң гіге» ел-жұрт болайын десең... деген түсінікті аңғаруға бо-лады. Мысалы, Күлтегінмен заман-дас үш қағанның ақылшысы, кей жорықтарда қолбасшы да болған Тоныкөк бітіктасында «ел де ел бол-ды» деген тіркесінде «ел» сөзінің қайталануы елдің мәңгілік болуын мегзейді. Шыңғыс хан құрған им-перия да «мәңгі ел» атауын алды деген шындыққа жа қын көзқарастар бар. Шынында да, Шыңғыс хан құрған империяның негізін түбі бір түркі және моңғол ру-тайпалары құрғаны мәлім. Шың ғыс хан мемлекетінің астанасы етіп VIII ғасырдың басында Шығыс Түрік қағанатын «Мәңгі ел» деп жариялаған Күлтегін кесенесінің маңайындағы Қарақорымды (1220-1264) таңдауы да кездейсоқ емес. Бұл өңірді ертеде ғұндар, кейіннен түркілер мекендеген. 1206 жылы осы Қарақорымда өткен құ рыл -тай да Шыңғыс хан ежелгі түр кі-лер дің «Мәңгі ел» мемлекетін қал пына келтіру мақсатын көздеуі қи сын ға келеді. Кей ғалымдардың «моңғол» этнос атауы емес, ол «мәң гі ел» сөзінен пайда болды де-ген тұжырымының жаны бар. Осы сөздер қазіргі моңғол (ойрат) тілінде де сақталған. «Мөнх – мәңгі болу» делінген онда.

Сонымен, жоғарыда айтылған-дарды қорыта келгенде, «қаған», «хан», «ел», «мәңгі» сөздері ба-ба лар тарихында бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті, кейде синоним ре-

тінде қолданылғанын көруге болады.Л.Н.Гумилев өзінің Орхон-Енисей

ескерткіштеріне талдау жа сағанда руникалық жазулар эпи тафиялық емес, елге үндеу, яғни, манифестік си патта еке нін айтып: «Ұлы Дала бұл ес керткіштерде Қытаймен бірге емес, өзімен-өзі болуды манифест тү рінде жариялады» деп, тың пікірді білдірген болатын. «Үш жазудың мә тіндері де түркілердің барлық қо-ғам мүшелеріне үндеу тұрғысында айтылған, оның өзін де ештеңемен бүркемелемей, ха лықты сендіргісі ке леді. Ендеше, жазу – үндеу, ондағы берілген материал таңдап алынған. Мұндай жанрдың болуының өзі сөз дің түркі қоғамында нақты күш екендігін көрсетеді. Олай болса, да-мыған қоғам және қоғамдық пі кір де бар». О.Сүлейменов те пуб ли-цистиканы әлемдік тарихқа ес керт-кіштің кірі гуінің кезеңі ретінде, соны мен қатар, бұқаралық санаға ке ңінен тартылуы тұрғысынан қа-растырады. Ендеше, бұдан шы ғатын қорытынды: «Мәңгі ел» көне түркі жазба ескерткіштерінде Ұлы Түркі қағанаты мемлекетінің манифесі ре-тінде жария етілген.

Ежелгі түркілердің «Мәңгілік ел» идеясын теориялық-фило софиялық тұрғыдан негізін салып берген түр-кілердің көрнекті ойшылы, фи-лософы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) болды.

Әл-Фараби ежелгі грек фило со-фиясы мен Шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түр кі дүниесінің реалийлеріне сәй кес «Мәңгі ел» идеясының саяси-фи-лософиясының теориялық не гізде-месін «Қайырымды қала тұр ғын-да рының көзқарастары ту ра лы», «Азаматтық саясат», «Мем ле кет билеушінің нақыл сөз дері» шығар-маларында баян дайды... Сон дықтан,

бұл ардың бәрі қазіргі таңда түркі тілдес мемлекеттердің ұлттық құн-дылықтары ретінде саналуы тиіс.

Әл-Фараби заманында түркі жұр-тының қала-мемлекеттері басым болды.

Сондықтан Әл-Фарабидің «қала» түсінігін «мемлекет» тү сі ні гі мен сәй кес қарастыру орын ды. Өзінің «қайырымды» және «қайы рымсыз» қалалардың әр түрлі сипатын са-ралай келе, Әл-Фараби қо ғам ның жетілдірілген әлеуметтік құ р ылымын қайта жасады. Ол қала-мемлекеттің қоғамдық тұрмысының толық мінездемесін береді.

Орта ғасырда ұлан-ғайыр өл-кені алып жатқан Қарахан әуле-ті нің басқару тәртібін бел гілей-тін ережелер, сондай-ақ, қо-ғам мүшелерінің құқылары мен міндет терін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақ-сатымен Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Конституция қыз метін ат-қарған. Шығармада ел бас қару-дың, экономикалық-əлеу мет тік, тұр мысты, əс кери істі, т.б. ұйым-дастырудың, мемлекеттің əл-ау қа-тын жақ сар тудың ерекшеліктері су рет керлік-философиялық әдіппен баяндалады.

Шығармада елдегі, қоғамдағы ішкі тәртіпті халық мүддесіне, заңдылыққа негіздеп құру идеясы айқын көрініс береді. Осы идеялар негізінде бүгінгі Қазақстан өзінің ал дына қойған стра тегиялық, конс титуциялық мін -дет терін, яғни, «Қазақстан Рес-пуб ликасы өзін демократиялық, зайыр лы, құқықтық және әлеуметтік мем лекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен

Page 5: 132 (3189) 2014-11-20

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

бостандықтары» деген қағиданы ойдағыдай жүзеге асыра алады. Өйткені, әрбір этностың өзіндік төл саяси ой-санасы, саяси міндеті мен мүддесі болады. Мемлекеттік саяси құрылыста осы рухани фактор іске қосылса, билік пен халық арасында жа расымды қарым-қатынас қа-лып тасады. Билік пен халық ел тағ-ды ры шешілер сәттерде өздеріне ор тақ саяси құндылықтарды пайда-лана білсе, басқару жүйесінің жұ-мысы тиім ді бола түседі, халықтың мемлекетшілдігі күшейеді. Себебі, Конституцияда көрсетілгендей: «Мем ле кеттік биліктің бірден-бір бас тауы – халық».

Ж.Баласағұн халықты үш әлеу-меттік топқа бөле отыра бай лар-дың, орташалардың, кедей лердің ерекшеліктерін атап көр сетеді. Ха-лықтың күштісі, белдісі – байлар, одан кейінгі топ – орташалар. Мем-лекет тірегі, міне, осы орта топ. Сондықтан орта топтың көбеюіне, баюына мемлекет үнемі қамқорлық етуі қажет. Ал, кедейлерге сүйеу керек, қамқорлық керек. Сонда би-лік көмегімен кедейлер орташаға өтеді. Орта топ байыса – еліңнің байығаны деген ойды айшықтайды. «Құтты білік» мемлекеттік билікті заңмен реттеудің нақты қолданбалы жолдарын көрсетіп береді. Оның осы тұрғыдағы пікірлері мен ұсы-ныстарының маңызы мен құндылығы қазірде төмендеген жоқ. Әсіресе, Ж.Баласағұн еңбегіндегі елдегі заң-дардың бүкіл халыққа қызмет етуі және орта топтың мемлекеттің әлеу меттік тірегіне айналуы туралы идеялары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін өте маңызды. Бұл бағыт – қазіргі таңда «Мәңгілік ел» идеясын ұлттық идея ретінде жариялап отырған Елбасымыз Н.Назарбаевтың да ұста-нып отырған стратегиялық саясаты.

Сатай СЫЗДЫҚОВ, профессор,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Этносаралық

қатынастар және ҚХА толеранттығы орталығының

директоры

үмітпен күту үрдіске айналған. Келесі жылы үміткерлердің қатысу мүмкіндігін артты-ру үшін доданың форма-тын өзгерту керек» дейді. Қазылардың шешімі бойын-ша көп ұпай жинаған №66 мектеп-лицейдің оқушысы Ке же нева Баян байқаудың Гран-при иегері атанды. Қаты-сушылардың барлығына мақ-тау қағаздары мен бағалы сый-лықтар табысталды.

Бағлан ОРАЗАЛЫ

Шараға қатысушылар осы көрсетілім барысында Елбасы-мыз дың өмірінен һәм еңбек жолынан дерек беретін сирек бейнешежіре кадрларымен, фо-тосуреттермен және мұрағаттық құжат тармен танысуға мүмкіндік алды. Экскурсия қонақтары XX ғасырдың 60-70-жылдарындағы архивті парақтап, Қазақ КСР-нің республикалық баспасөздерінде жарияланған мақалаларды шо-лып шықты. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құрал дарына Тұңғыш Президент музейі ди-рек торының орынба сары, тарих ғылымының кан дидаты Күлайша Ақтаева мен полковник Мұрат Ағыбаев сұхбат берді. Әңгіме барысында тарихи деректер мен музей жұмысының құндылығы жайында ой қозғалды.

Өз тыңдаушысы мен оқыр-манын таппаса, біздің құнды мұраларымыз тарихи ма ңызға ие бола алмайды.

Бағлан ОРАЗАЛЫ

Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға арналған жиын-ды Астана қаласы Ішкі істер де-партаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әу бә кіров жүргізіп отырды. «Бұл – еліміздің әрі қарай даму бағы тын айқындайтын басты құжат болғандықтан, ондағы әр тапсырманы орындау – қоғамға артылған жүк. Біз де жан-жақты, тұрақты дамуды көздеген

стратегиялық құжаттағы бел гі-ленген межелерге жетуге үле-сімізді қосуымыз қажет» деді департамент бастығы. Амантай Акрамұлы Елбасы Жолдауында экономиканы, шағын және кә-сіпкерлікті, көлік-жол құрылы-сын дамытумен қоса, бей біт -шілік пен тұрақтылықты сақ -тау, патриотизмді дамыту мә-селесіне қатысты да көптеген жайттар айтылғанын атап өт-

ті. «Мемлекет басшысының «Отанды сүю – бабалардан ми-рас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұ мы сының түпкі мәні – осы!» дегенінде үлкен мән жа-тыр. Елордалық полицейлер қоғамның қауіпсіздігі мен бір-

Жыл сайын дәстүрлі түрде өт-кізіліп жүрген бұл сайысқа бағын сынау үшін 70-тен аса оқушы ұсыныс білдірген. Солардың ішінен тест сұрақтары мен эссе жазу конкурсы бойынша іріктеліп шыққан 15 талапкер ақтық кезеңде өз өнерлерін ортаға салды. Аталған іс-шараға білім және ғылым саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Алғашқы сөз кезегін алған Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық

орталығының директоры Шол-пан Қирабаева: «Еліміздің ертеңі кемелді, болашағы өрелі болу үшін әр оқушының интел-лектуал болуы қажет. Елбасы Жолдауын насихаттау үшін өткізіліп отырған шараның оқушыларға берері көп деп есептейміз» деген пікірі арқылы қатысушыларды жігерлендірді. Содан кейін Ұлыбритания жерінде білім алып, тәжірибе алмасу үшін берілетін жолдама-ны жеңіп алған өткен жылдың көшбасшысы Назгүл Дүйсембек

қатысушыларға сәттілік тіледі. Төрт турдан тұратын білім бәсекесінде әр оқушы өзінің ой ұшқырлығы мен ақыл тереңдігін танытты. Көрермендер залын-да ине шаншар жер қалмады. Әр мектептен достарына жанкүйер ретінде келген оқушылар қол дауларын аяма-ды. Сайыскерлерге берілген сұраққа оңай жауап беріп отырған жас көрермендерді де байқадық. Осы шараның ұйымдастырушылары болып табылатын «Астана дарыны» өңірлік-ғылыми практикалық орталығының директоры Май-ра Иманбаева: «Былтыр бұл бәсекеге 10 оқушы қатысса, биыл 15 оқушы келіп отыр. Көшбасшы болсам, білімімді дәлелдесем деген оқушылар қатары жыл сайын артып келеді. Президент күнін ерекше

лігін қамтамасыз етуде сақадай сай болуы тиіс. Біз Елбасы атап өткендей, бейбітшілікті күн сайынғы еңбегімізбен қор-ғауымыз керек» деді Амантай Әубәкіров.

Жиында Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Есім Тана-бер генов те көпшілік атынан Жолдауға қатысты пікірін білдірді. «Ұлт көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің алды мызға қойып отырған мін-деттері жылдан-жылға артып ке леді. Сондықтан еліміздің тәуел сіздігін нығайту жолында халықтың және сіз бен біздің істеп жатқан еңбектеріміздің барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуел-сіздіктің тұғырлылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жа-салуда. Осы жолда бәріміз ел-дің бізге деген сенімін ақтап, мақсаттарға жетеміз деп мен нық сенемін» деді ол.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Page 6: 132 (3189) 2014-11-20

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

(Басы 1-бетте)

Елордада 2011 жылдан бері қолға алынған «Смарт Астана» жобасы қала тіршілігін қамтамасыз ететін жүйелерді заманауи тех-нологиялармен жабдықтау, тұр-ғындардың қауіпсіздігін, жай-лы өмірін қамтамасыз етуімен ерекшеленіп келеді. Бас қаланың бет-бейнесін нағыз астаналық деңгейге жеткізу, сол арқылы әлемдегі үздік мегаполистердің біріне қосылуды ниет еткен тың жобалар алаңы биыл да жаңа бастамаларға, ұсыныс-пікірлерге толы болды. Конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Астананы жер шарындағы үздік шаһарлардың біріне айналдыру елорда қалыптасқалы Елбасы қойып отырған басты талап екенін атап өтті.

– Бүгінгі таңда әлемде қалаларды дамыту мәселесі алдыңғы қатарда тұр. Айталық, ХІХ ғасыр империя ғасыры болды. Ол кезеңде империя бүкіл ғаламшардың даму бағдарын айқындады. Ал ХХ ғасыр ұлттық мемлекет ғасырына айналды. Бұл кезеңде ұлттық мемлекеттің да-муы бірінші кезекте еді. Енді ХХІ ғасыр, өзіміз көріп отырғандай, қа-лалар дәуірі болып отыр. Яғни, әлем шаһарлары бір-бірімен жарысуда. Осынау көштен Астана да қалмай, бәсекеге қабілетті болуға ұмтылып отыр, – деді Премьер-министр.

Қала әкімі Әділбек Жақсыбеков Астана әлемнің интеллектуалды, инновациялық қалаларының бі-ріне айналатынына сенім білдірді. Әкімнің айтуынша, жас елорданың бұған мүмкіндігі көп. Әрі осыған байланысты көптеген кешенді ша ралар қолға алынып, қажетті р ес у р с тар д а қ а л ы п тас қ а н . Әділбек Жақсыбеков Астананы инновациялық бағытта дамыту мақсатында екі іргелі жоба жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті. «Бұл жобалар қала тіршілігіне заманауи реңк беруді көздейді. Ең бастысы, елордаға енгізіліп жат-қан тың жобалар әр тұрғынға қол-жетімді болады, олардың өмір сүру жайлылығын қамтамасыз етеді» деді Әділбек Рыскелдіұлы.

Қолға алынған жобалардың бірі – интеллектуалдық көліктік жүйе. Оның мақсаты – қаланың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері мен құ-рылымдарының жұмысын тиімді үйлестірудің заманауи тетігін құру, қоғамдық тәртіпті сақтаудың тиімді шараларын ұйымдастыру және төтенше жағдайлар кезінде шұғыл шешім қабылдау. Бүгінде бұл жүйе қаланың 6 көшесінде енгізілген.

Екінші іргелі жоба «Қауіпсіз қала» деп аталады. Осы жобаның ая-сында Астана көшелерінде 1 мыңнан

астам бейнекамера, 10-нан астам «ақылды бағдаршам» орнатылған. Әкімнің айтуынша, бұл жоба көлік кептелісін азайтуға ықпал еткен.

Сондай-ақ, Әділбек Рыскелдіұлы Астана қаласы ғаламшардағы «ТОП – 21» ақылды қалалардың тізіміне енгеніне тоқталып, бұл рейтингте Канаданың Торонто қаласы бірінші орында екенін жеткізді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананы әлемдік деңгейдегі барлық талаптарға сай келетін ақылды қала ретінде дамытуды тапсырғанын еске алған әкім Астана келешекте бұл тізімдегі алғашқы орындарды Торонто қаласымен бөлісуге үмітті екендігіне сенім білдірді.

Бұдан кейін қала әкімі мектеп оқушылары арасында өткен «Smart Astana балалары» атты сайыстың жеңімпаздарын марапаттады.

Конференция барысында «Smart Astana» - дамудың келешегі мен бет-алысы», «Қауіпсіз Астана», «ЭКС-ПО-2017» – тиімді инновациялық инфрақұрылым және «Астана – жоғары технологиялар қаласы» атты төрт тақырып талқыланды. Жиынға алыс-жақын шетелдерден ат арытқан қонақтар инновациялық технологиялар мен «Ақылды қала» жобалары жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Испанияның Сара-госа қаласы мэрінің орынбасары Джеронимо Бласко 2008 жылы өз елдерінде өткен «ЭКСПО» көрмесі жөнінде әңгімеледі. Испа-нияда өткен халықаралық шараға 5 миллионнан астам адам қатысқан

екен. Мәртебелі мейман ЭКСПО көрмесі өз елдеріне толағай та-быс әкелгенін жеткізді. «Әрине, әлемдік ірі шара болғандықтан кем-шіліктеріміз де болды. Астана біз жіберген қателіктерді қайталамас үшін тәжірибемізбен бөлісуге дайын быз. Көрме барысында, әсі-ресе, павильондарға айрықша назар аударуды ұсынар едік. Шара аяқ-талғаннан кейін бұл павильондар кәдеге жарайтын кешенге айналуы тиіс. Осы мәселені қазірден ойлас-тыру қажет» деді ол.

Бұдан кейін «Pricewaterhouse Coopers» кеңестік-аудиторлық

желілер консалтингі басқармасының басшысы Рахуль Гупта әлемдегі «ақылды қалаларды» дамыту қа-ғидаттары жөнінде айтты.

Ал «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Талғат Әшім «Ақылды Астана» бойынша елор-дада атқарылған шараларға кеңі-нен тоқталды. Оның айтуынша, «Ақылды Астана» жобасы шең-берінде қолға алынған жұмыстар алдымен тұрғындарға тиімді. Мы-салы, жоба аясында алғашында №54,64 мектептерде сынақтан өткен «Болашақтың мектебі» ата-аналарға балалары туралы қажетті

ақпаратты алуға, мектепке қашан кіріп-шыққанын білуге мүмкіндік берді. Бүгінде бұл жоба 17 мектепті қамтыған. Бұл – 38 мың оқушы деген сөз.

Сондай-ақ, «Ақылды Астана» а я с ы н д а қол д а н ы с қ а е н ге н «Е-жедел жәрдем» жобасы меди-циналық көліктерді заманауи ақпараттық-навигациялық кешен-дермен жабдықтап қана қоймай, жедел жәрдем қызметінің уақытын үнемдеп, шақырған жерге жеткізетін қысқа жолды анықтап беруге жол ашты. Тағы бір жоба – «Open Wi-Fi» елорда жұ ртшылығы мен қонақтарын тегін интернет желісімен қамтыған болатын.

Әлемдегі «ақылды қалалардың» даму моделімен инновациялық бо-лашаққа қадам басқан Астана келе-шекте де жаңашылдық бағытындағы жобаларды көбейте түсетін болады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

//////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

Page 7: 132 (3189) 2014-11-20

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Астана қ. «Фридом Финанс» АҚ-ның бөлімшесі: Сығанақ к-сі, 15-үй, «Визит» ТҮК, 10а-оф., телефон: +7.7172.55.80.67, +7.7172.566.924

Біздің әрқайсымыз өз капиталымызды арттырудың жолын іздейміз. Біз артық қаражатты түрлі заттарға жинаймыз. Олардың ішінде ең кеңінен тарағандары – банктік депозит, валюта сатып алу, яғни бағамдағы айырмашылықтан табыс алу мүмкіндігі және тағы басқалар.

Яғни, қомақты ақшаны салымға жұмсамай, жоғары пайыздарды алу тәсілі?! Акцияға қаражат жұмсау керемет нұсқа болып табылады. Адамдардың көбі қор нарығын үйренуді, оқудан өтуді, саудаласып көруді бастауда. Нарықтың дамуы үшін және жаңа акционерлердің – жеке тұлғалардың барынша көбі өздерін салымшы ретінде сезінуі үшін мемлекет «Халықтық IPO» бағдарламасын іске қосты. «Халықтық IPO» деген не?! Бұл – ірі мемлекеттік компаниялардың акция ларын, тек Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында сату. Қарапайым IPO-дан оның басты ерекшелігі – акцияларды бірінші кезекте тек сол елдің азаматтары ғана сатып ала алады. Сонымен қатар, жас ерекшілігі 18 немесе 60 жас болсын, табысыңыз, біліміңіз, қызмет салаңыз қандай екендігі маңызды емес. Сіз акцияларды кез келген сомаға сатып ала аласыз, бұл – сіз салым сала алатын еркін қаражат.

5 қарашадан 3 желтоқсанға дейін барлық қазақстандықтарда ең ірі «KEGOC» АҚ ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу мүмкіндігі бар. Акциялар нарықтың болжауларына кепілге алынған жеңілдіктермен сатылады және бір акцияның құны 505 теңгені құрайды. Сіз сатып ала алатын акциялардың ең кем мөлшері – 1 акция, ең көбі – 14 дана.

Егер, сіз «Халықтық IPO» туралы білгіңіз

келсе, Сіз Қазақстанның 12 қаласында күнделікті өтетін, «Фридом Финанс» ақысыз семинарлары-на қатыса аласыз. Егер сіз бағдарламаға қатысуға дайын болсаңыз, онда сізге брокерлік шартты жасау керек. Шотты ашу және акцияларды сатып алу үрдісі көп уақытты алмайды. Сіз Астана қ. «Фридом Финанс» компаниясының кеңсесіне ба-рып, тек бір құжат – жеке куәлікті беруіңіз керек. «Фридом Финанс» компаниясының қызметкері

сізге Орталық депозитарияда сізге шот ашады. Сіз кез келген банк арқылы ОД-де өз шотыңызға ақша салу және өзіңіздің брокеріңізге акцияларды сатып алу үшін бұйрық беру керек.

Сондай-ақ, «Халықтық IPO» бағдарла масына қатысу барысында сізде комиссияға көп шығын болмайды. Мысалға, егер сіз акцияны 20 000 теңге сомасына алғыңыз келсе, онда сіздің комиссияға шығыныңыз тек 103,8 теңгені құрайды.

Құрлықтың байрақты бәсекесінде ел на-мысын абыроймен қорғаған астаналық спортшылар туралы айтар болсақ, жүлдеге қол созған сайыпқырандардың бәрі Астана қаласында осыдан он екі жыл бұрын құрылған «Қайсар» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының мүшелері. Атал-мыш клубтың жүзу спорты бойынша жаттықтырушысы «Қайсар тұлға» сыйлы-ғымен екінші мәрте марапатталса, арбада отырып билеу бапкері Әлия Түсіпбекова да үздік жаттықтырушы атанды.

Азия ойындарында абсолютті рекорд жасаған да астаналық спортшы болды. Атап айтқанда, жүзу жарыстарында сынға түскен Әнуар Ахметов Азия ойындарының бес

айдынында жүзуден екі дүркін чемпион атанған Әлібек Уақпаев, жүлдегерлер қатары-нан көрінген Сиязбек Далиев пен Руслан Өтебалиев те арнайы сыйлыққа ие болды.

Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғаған астаналық бишілер де жақсы нәти-желерімен қуанта білді. Мәселен, арбамен билейтін Ардақ Отарбаев, Айдана Бегленова және Қарлығаш Тынабекова көрерменнің көзайымына айналды. Жеңіс тұғырынан көрінген бұл бишілер де «Қайсар тұлға» сыйлығын алды. Сондай-ақ, бірқатар аста на-лық спортшылар арнайы жүлделерге ие болды. Атап айтқанда, Руслан Өтебалиев «Спорт үміті», Ардақ Отарбаев «Паралимпиадалық спорттың медиалық тұлғасы», ал Қарлығаш Тынабекова «Параспорт аруы» атанды.

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына паралимпиадалық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғыс хат» табыс етілді.

– Біздің спортшылардың жеңісті нәтиже-лері – тек елордамыз ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де үлкен абырой. Спортшылар мен бапкерлердің атынан Астана қаласының әкімдігіне алғыс айтамын. Спортшылар олим-пиадалық лицензияларды да жеңіп алды. Рио-де Жанейрода өтетін Паралимпиадалық ойындарда да осындай үздік нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін, - дейді Аста на қаласындағы мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған «Қайсар» спорт клу-бының директоры Аллаберген Алдоңғаров.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар, үш рет Азиада рекордын жаңартты. Мұндай көрсеткішті бұған дейін бірде-бір спортшы бағындырған емес. Дүбірлі жарыстың жеңімпаздарын марапаттау барысында Әнуарға «Қайсар тұлға» сыйлығымен қатар жеңіл автокөлік тарту етілді. Инчхон

Бағдарламаның қатысушысы ретінде Сіздің мүмкіншіліктеріңіз:

құқылысыз.

«Халықтық IPO» бірінші кезеңінің қатысушылары қанша табыс тапты («КазТрансОйл» акцияларының иегерлері)?! Мы-салда қарап көрейік.

Егер, акционер өз акцияларын ұстап тұрса және қазіргі күнге дейін оларды сатпаса, онда ол келесі табы-сты алды:

Төленген дивидендтердің жалпы

теңгені құрады

КEGOC акцияларын неге сатып алу керек – тиімді және сенімді

2. Акционер ретінде Сіз дивидендтер аласыз. 3. Адамдар үйлерінде жарықты қосуды және күнделікті құралдарды

білдіреді.

гетикалық жүйесіне қаражат бөледі.

компанияла рындағы басшылық лауазымдарда үлкен тәжірибеге ие, ол қаражат салған жобаларды сауатты іске асыруға көмектеседі.

Page 8: 132 (3189) 2014-11-20

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Ж у ы р д а А қ т а у ғ а О р т а Азия елдерінің V халықаралық фестиваліне барып, екі бірдей олжа алып қайтыпсыздар. Құтты болсын!

– Р а х м е т ! Р а с ы н д а , б ұ л халықаралық театрлар фестивалі ж о ғ а р ы д е ң г е й д е ө т т і . О ғ а н Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Башқұртстаннан, Ре-сейден теа тр ұжымдары келіп қатысты. Қазақстанның атынан Астананың Жас-тар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры, Маңғыстаудағы Н.Жантөрин атындағы академиялық драма театр, Алматыдағы Өнер академиясының студенттері өнер көрсетті. Осы үлкен додада ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков қойған «Жалын жұтқан Жанна Д`арк» атты драма-сымен Қаллеки театры бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, ең үздік әйел бейнесін сомдағаны үшін Айнұр Бекмағамбетова жүлделі болды. Бұл – осы театрдың тарихында қалатын үлкен абырой, зор қуаныш.

– А т а л ғ а н ф е с т и в а л ь г е 9 шығармашылық ұжымы, ұзын саны 200-ден астам әртіс қатысқан екен. Фестивальден кейін не түйдіңіз? Театр өнері қайда бара жатыр екен?

– Бүгінгі күні өнердің басқа сала-ларымен, мысалы, балетпен, архитек-турамен, бейнелеу өнерімен, музыка саласымен, соның ішінде классикалық музыка өнерімен салыстырғанда қазақ драма театры кенжелеу келе жатыр екен.

– Оның себебі неде деп ойлайсыз?– Өйткені, осы уақытқа дейін

драма өнері тек қана ұлттық дүние деп есептелді. Екінші жағынан, бұл сала өнердің екінші сорты деп қаралды. Қазірге дейін театрға үлкен шенеуніктер келмейді. Аста-нада тұрып қазақ драма театрының қайда екенін білмейтін депутаттар, министрлер бар. Бұл – еліміздегі осы бір өнер саласына немқұрайлы қараушылықтың бір көрсеткіші. Ал театрға осы күнге дейін бір ғимарат салып бермей, үлкен өнер ұжымын қуықтай жерде ұстап отырғанымызды айтудың өзі ұят. Алайда, жуырда Парламент қабырғасында үлкен өнер қайраткерлері – Әшірбек Сығайды, Есмұхан Обаевты, сол секілді кино майталманы Рашид Нұғмановты шақырып алып, біздің депутаттарымыздың олармен кәсіби маман ретінде сұхбаттасуы бүгінгі осы театрға деген көзқарастың өзгере бастағаны шығар деп ой-лаймын. Бұл туралы осыдан бір жыл бұрын Мәжілістің әлеуметтік мәдени даму комитетін басқарған Дариға Назарбаеваның да жиын өткізгені есімізде. Мұның бәрі уақыт талабы екені түсінікті. Неге десеңіз, бүгінгі күні театрдың проблемалары жеткілікті.

– Атап айтқанда...– Ең алдымен, театрларда зама-

науи драматургиялардың аздығы байқалады. Екіншіден, театрларға жаңа буын, жас режиссерлердің барғысы келмейді. Әсіресе, жас ма-мандар облыстарға, аймақтарға баруға құлықты емес. Кезінде режиссер мамандығын бітіргендердің барлығы облыстарға жіберілетін. Сонда біраз еңбек сіңіріп, талантын ұштап, өз кәсіби келбетін қалыптастырып бас-тайтын еді. Мысалы, Жанат Хад-

жиев алғашқы қадамын Арқалық театрында жасады. Әлімбек Ораз-беков Талдықорған театрында, Ер-сайын Тәпенов Қарағанды, содан кейін Павлодардағы Маман Бай-серкенов, Қызылордадағы Есмұхан Обаев Семей қаласындағы театрда қызмет етті. Солардың барлығы өз кезінде облыстық театрлардың деңгейін көтерді. Әрі өздері де сонда шеберлігін шыңдады. Ал бүгінгі күні жас режиссерлердің барлығы Алматы мен Астананы маңайлайды. Оның да өзіндік себептері бар. Біріншіден, бұл екі қалада ақпарат құралдары, телеарна-лар бар, танылу оңай. Екінші жағынан, облыстарда бұрынғыдай баспанамен қамтамасыз етіп, жас мамандарға қарайласып жатқан ешкім жоқ. Актерларға, режиссерларға қамқор болып, театр қызметкерлеріне жағдай жасау қазір ұмытылып кетті. Облыс әкімдіктерінде өздерінің театрларында кімдер қызмет етіп, қойылымдарында қандай актерлер ойнайтынын да білмейтін қызметкерлер отыр. Сондықтан, жалпы көзқарасты өзгерту керек. Өнер адамдарын көзден таса қылмауға тырысуы-мыз қажет. Біз ел боламыз десек, өнерді, соның бір саласы теат-рды көтеруге тиіспіз. Өйткені, Чехов айтқандай, «тобырдан халық жасайтын – театр». Ал Ғабең бұл жайында «қас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» дейді. Сол мөлдір өнер – театрға біз қазір алакөзбен қарап отырмыз.

– Жуырда әлеуметтік желілерде бәзбіреудің «газет өледі» деген сөзі үшін журналистер қауымы шыныменен шамданып, тіпті пікір таластырып, екіге жарылып жатты. Алайда, велосипедтен кейін неше түрлі көлік, пойыз, тіпті ұшақ пайда болса да, алғашқы көлік құралдары қолданыстан кетпегені баршаға мәлім. Тіпті, Астанада соңғы жыл-дары велосипедпен жүретіндер қатары көбейіп келе жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды...

– Кезінде кино өнері пайда болғанда «театр енді болмайды» деп міңгірлегендер болған. Кейін телевидение дамып, кең тарала бастағанда киноны да өледі деп сәуегейсігендер табылды... Бірақ қазақта сөз бар: «Исаның жолы бір басқа, Мұсаның жолы бір басқа». Адамның қолындағы он саусақтың әрқайсысының өзінің орны, өз қызметі болатыны секілді, өнердің де әр саласының өз жолы, өз қызметі бар. Табиғат өлер, адам да өлер, бірақ өнер өлмейді. Өйткені, өнер – халықтың руханияты, халықтың жаны, халықтың жады.

– Д у л а т И с а б е к о в т і ң б і р шығармасын Англияның театры сахналамақ болғанда «Актриса» пьесасы ұсынылған екен. Бірақ пьесадағы «қазақ театрының б о л а ш а ғ ы ж о қ » , « қ а з а қ театрының ең соңғы көрермені болса, соған спектакль қойып беретін ең соңғы актер мен бола-мын» деп келетін жолдары үшін ағылшын театры бұл қойылымды сахналауды дұрыс деп таппапты. «Бұл спектакльде қазақтың ұлттық мәселесі қозғалыпты, оны біздің көрсеткеніміз жөн емес» десе ке-рек. Сұрайын дегенім, осы шыны-

Page 9: 132 (3189) 2014-11-20

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

мен қазақтың ғана ұлттық мәселесі ме? Театрдың болашағы туралы қауіп қазаққа ғана тән бе?

– Театр - тек қана өнер ордасы, өнер ошағы емес. Бұл тек қана қойылымын тамашалап, көңілді сергітіп, дем алып кететін жер емес. Театр – бұл бесік. Әсіресе, жастардың руханият бесігі. Кәдімгі бесікке сәби бір жасқа дейін ғана бөленетін болса, театр-бесікке өмір бақи бөленеді. Театр адамды өмір бақи тәрбиелейді. Өмір бақи адамды комедиямен күлдіріп, трагедиямен жылатады. Театр мешіт сияқты. Адам мешітке барған кезде рухани тазарып шығатын болса, театрда да тазара-ды. Яғни, бұл серпілетін, тазаратын, жаңаратын орын. Сонымен қатар, ол – саясат орны. Театр – идео-логия. Ондағы қойылымдар арқылы халықтың тағдыры, мінез-құлқы, образы, жағдайы танылады. Белгілі бір халық туралы, ел туралы пікір қалыптасады. Бірақ біз осы жағын қазір ұмытып жүрміз.

– Саясат демекші, соңғы жыл-дары қазақ театрларында тари-хи драмалар жиі қойылып жүр. Түркістандағы театр қойған «Хан Кененің соңғы күндері», А л м а т ы д а ғ ы М . Ә у е з о в т е а -тры сахналаған «Қазақтар», Қуанышбаев театрында сахнала-н ы п ж ү р г е н « К е н е с а р ы -Күнімжан», «Абылай ханның ар-маны», тағы басқа ел асыға күтетін туындыларды атауға болады. Осы жайлы не дейсіз?

– Бұл жаңағы сөзімнің жалғасы деп түсініңіз. Театр - тарихты жаңғыртатын, көрерменді, әсіресе жастарды ұлттық сезімге баулитын, па-триотизмге тәрбиелейтін жер. Қазір көпшілік кітап оқымайды. Баяғыдай

ұзақ-ұзақ романдар оқып, эпос жат-тап жүрген жастарды көрмейсің.

Журналистика, әдебиет, тіл саласының мамандары болма-

са, көпшіліктің жалпы кітап оқитын уақыты да шектеулі. Алайда, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» мен «Ләйлі- Мәжнүнді», «Қобыланды»

мен «Алпамыс батыр-ды», «Ер Тарғын» мен « Е д і г е н і » о қ ы м а й , «Қырық өтірікті» білмей, Қожанасыр м е н А л д а р к ө с е н і , Сүгір Ахметті білмей, жастардың ұлтжанды а з а м а т б о л у ы неғайбыл. Ал театр осы дүниелерді аз уақыттың

ішінде көптің санасына сіңіре алады. Театр сол жетіспей тұрған білім мен

танымның орнын толты-рады. Бүгінгі музыканың,

с а х н а н ы б е з е н д і р у т ә с і л д е р і н і ң , ә р т ү р л і

техникалық әрлеу мен монтаж-дау құралдарының арқасында

жаңағы ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды

қайтадан халықпен қауыштырады. Сондықтан, театрлардың тарихи

тақырыптарға баруы - заңдылық. Әлемде өз тарихын, өз мәдениетін, өз әдебиетін білмеген ұлт ұлт бо-лып қалыптаса алмайды. Біз әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіреміз десек, міндетті түрде тарихы-мызды жаңғыртып, оны театр арқылы да насихаттай түсуіміз қажет. Жалпы,

менің ойымша, біздің экономикамыз, біздің байлығымыз мәдениетіміз бен өнерімізбен қатар дамуы керек. Алда «ЭКСПО-2017» көрмесін өткіземіз деп отырмыз, сол шарада шет елдерден келген қонақтарға өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды көрсетуіміз керек.

– Сіз «Көшпенділер» фильмі түсіріліп жатқанда: «Болашақта қ а з а қ к и н о с ы н ы ң т а р и х ы «Көшпенділерге» дейін және «Көшпенділерден» кейін болып бөлінеді. Мен соған сенімдімін» деген едіңіз.

– О л р а с . « К ө ш п е н д і л е р » түсірілгенге дейін кино түсірудің жағдайы бізде басқаша болатын. Түсіру алаңындағы адамдарға жағдай жасау, оларға дұрыс тамақ беру мәселесін ешкім ойламайтын. Сонда қаланың сыртындағы кино түсіру алаңына ба-ратын 200-300 адам таңертең өзінің

«Біржан сал» түсіріліп бітті. Досхан Жолжақсынов енді «Құнанбайды» түсіруді қолға алып отыр. Бұл да біздің тарихымызға, кешегі өткен тұлғаларымызға басқаша көзқарас. О с ы у а қ ы т қ а д е й і н , м ы с а л ы Құнанбайға бай-феодалдық таптың өкілі ретінде ғана қарап келдік. Қазір қазақ қоғамына үлкен өркениет, оқу-білім, мәдениет алып келген тұлға, ағартушы ретінде қарап отырмыз. Бұл да сол «Көшпенділерден» кейінгі жетістік.

– Елбасы тарихи фильмдер түсіруді тапсырып отыр. Сіздің қолыңызға ерік берсе, не істер едіңіз?

– Қазір менің қолымда «Томирис» және «Зарина патшайым» деген екі сценарий тұр. Әрине, қаражат мәселесі шешілсе, мен бүгін-ақ сол киноны түсірер едім. Жалпы мен кез келген кезде дайынмын. Өйткені, ол сценарийлер өз қаламымнан туған және олардың деңгейі биік екеніне өзім сенімдімін.

– «Бізде тарихи фильм түсірілсе, жоқ жоңғармен шабысып жата-мыз» деп сынап жүргелі біраз бол-ды. Сіз не дейсіз?

– Ол кино тақырыбына байла-нысты. Біз үш ғасырға дейін жоңғар империясының табанында, солардың езгісінде болдық. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы сол тұста өтті. Қазақ хандығы да сондай қиын кезеңде құрылды. Біздің талай батырларымыз сол тұста қалыптасты. Талай тұлғалар сол күрес үстінде танылды. Ал сол тұлғалар, батырларымыз болмаса біз Алтайдан Атырауға дейінгі осынау кең -байтақ жерді алып қала алар ма едік? Ал сол ерлік, сол жауынгерлік болмаса біз 10 миллион ғана халқымызбен осылай мемлекет бола алар ма едік? Жер бетінде 40 миллион халқы бар, бірақ өз мемлекеті жоқ, өз туы, өз әнұраны, өз еркі жоқ, бодан халықтар аз емес қой. Біз бүгін сол ерлікті, ата-бабаларымыздың артықшылықтарын бағалай білуіміз керек. Сонда ғана ертеңге нық сеніммен қарайтын бо-ламыз.

– Жаңа театрдың да ағартушы-лық, идеологиялық қызметі барын айттық қой. Ал кино арқылы рухты көтеруге бола ма?

– Елбасының тапсырмасы бойын-ша, Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланғалы отыр. Жәнібек пен Керей қазақтың алғашқы хандары болғанын, «Жеті жарғы» біздің ата заңымыз болғанын айқындап, әлемге паш етуіміз керек. Әйтпесе, осы уақытқа дейін «қазақ мемлекеті болмаған, қазақ ел болмаған, хандығы болмаған» деген қауесет таратуға тырысып жүргендер бар. Егер қазақ бұрыннан ел болмаса, біз қайдан пайда болдық? Физика заңы бойынша: «бар зат жоғалмайды, жоқтан пайда болмайды». Ендеше, біз сонау сақ дәуірінен келе жатқан ұлы ұрпақтың өкіліміз. Ғұндар мен сақтардың ұрпағымыз. Осы жерді мекендеген, осы жерде әдебиеті мен мәдениеті қалыптасқан елміз біз. Соны күллі әлемге жеткізуіміз керек. Оның бірден-бір жолы – кино өнері.

– Қазақ киносы тоқыраудан бас көтеріп келеді. Бірақ қазіргі ізденіс, қалыптасу кезеңі қанша уақытқа дейін созылуы мүмкін?

– Кино өнері өткен ғасырдың 90-шы жлыдарынан кейін тоқырап қалған болатын. Қаржының жетіспеуі,

жұмысшыларға жалақы берілмеуі салдарынан «байтал түгіл бас қайғы» болып, кино жетімсіреп қалды. Бүгін бірақ еңсеміз көтерілді. Сондықтан ЭКСПО көрмесі алдында тарихи фильмдерімізді, сериалдарымыз-ды көптеп шығаруымыз қажет бо-лып отыр. Оған бүгінгі техникалық, шығармашылық мүмкіндігіміз жетеді. Бізге тек әрекет қана керек.

– С і з д і ң « Қ а й ы р л ы т а ң » , «Гүлнәз», «Ой жасын» атты по-вестер жазғаныңыз көпшілікке мәлім. Бірақ сіз ылғи да өзіңізді «жазушымын деп есептемеймін» дейсіз. Неге?

– Жазушы болу үшін басқа мамандықты қойып, жазушылықпен айналысу керек. Рас, мен осы режиссураға келгенге дейін поэзия, проза жаздым. Қазір де ара-тұра қолыма қалам алып, өлең жазып тұрамын. Бірақ кино мен прозаның айырмашылығын бағалай келгенде, кино - өте ауқымды, қанаты кең өнер. Киноны бүгін түсірсең, оны ертең бүкіл әлемге көрсете аласың. Ал про-за жанры – инемен құдық қазғандай дүние. Қандай құрбандықтарға барып, көз майыңды тауысып, шығармаңды жазғанменен оны шығарып, тарату оңай шаруа емес. Баспадан жарық көруі үшін қаражатын табасың. Оны басқа тілге аудару одан да үлкен еңбекті, уақытты, шығынды талап етеді. Одан да бөлек мәселе, бүгінгі Жазушылар одағында жеті жүзден астам жазушы бар. Олар менсіз де қазақ руханиятына өз үлесін қосып, менсіз де қазақ әдебиетін дамытып жатыр. Ал мен жазушы болмасам да қазақ өнеріне, қазақ руханияты мен мәдениетіне өзіндік үлесімді қосып жүрмін деп ойлаймын. Және солай екені хақ. Өйткені, менің бүгінгі баққан малым да, еккен егінім де, кәсібім де, нәсібім де – өнер. Соның ішіндегі кино және театр өнері.

– Сіз ректор да болдыңыз. Дирек-тор да болдыңыз. Өнер ордаларын басқардыңыз. Шығармашылық ұжымды басқарған ұнай ма, әлде таза шығармашылықпен айналысқан ұнай ма?

– Әрине, таза шығармашылықпен айналысқанға не жетсін?! Өйткені, ди-ректорларды, көркемдік жетекшілерді былай қойғанның өзінде, облыстарда, басқа жерлерде қызмет еткен үлкен-үлкен шенеуніктерді ел ұмытады. Өйткені, ол краннан аққан су сияқты. Бүгін бар, ертең жоқ. Бірақ әкімнің өзінің басқару қабілетіне, талантына, халыққа еткен қызметіне қарай өз абыройы, өз бағасы беріледі. Әрине, әкімдерде де әкім бар. Ақындарда да ақын бар. Сол секілді, мен де 90-шы жылдары, қиын-қыстау кезеңдерде Өнер академиясында ректор бол-дым. Сол тұста бұрын Қазақстанда болмаған он үш мамандықты аштым. Бүгінгі күнгі кинооператорлар, кино-режиссерлар, дыбыс операторлары, гриммерлер, кино сыншы мамандығы – осының бәрі бұрын Қазақстанда даярланбаған мамандықтар. Оларды бұрын Мәскеуде, сосын Ленинград-та ғана дайындайтын. Сондықтан,

мен сол қиын кезде бүгінгі күнмен шектелмей, ертеңді ойладым. Ертең кино өркендейді, қазақ киносы да көшке ілесетін болады, сол кезде мамандар тапшылығы тумасын деп ашқан мамандықтардың бүгінде ел жемісін жеп жатыр. Қазір Қазақстанда қаншама телеарналар бар, солардың бәрінде дарынды жастар қызмет етіп жүр. Сондықтан, мен өзім басшылықта болғанда да қазақ еліне қызмет еттім деп білемін.

Әрине, шығармашылықпен айна-лысу, ол – бақыт. Оның қуанышы да, жауапкершілігі де басқаша. Бірақ күнде бәйге бола бермейтіні, күнде шаба бермейтінің секілді, күнде кино түсіріле бермейді. Ол – қаржыға тірелетін мәселе. Сондықтан, мен кино түсірудің ортасында ұжымдарды басқардым. Қай басшылықта отырсам да, күйреп қалған мекемені түзеп, күйзеліске түскен шығармашылық ұжымының еңсесін көтеруге тырыс-тым. Мысалы, Ғабит Мүсірепов атындағы жастар және жасөспірімдер театрын тоғыз жылдай басқардым. Сонда сыртқа шықпаған, шет ел-дерге гастрольге барып көрмеген театр ұжымын Мәскеу қаласына, Түркменстанға, Түркияға, Кореяға, Қырғызстанға апардым. Соны-мен бірге, еліміздің барлық жерін аралаттым. Бұл керек нәрсе бола-тын. Өйткені, әртістердің көкжиегі кеңейеді. Әрі қазақ өнерін ел-жұртқа таныстыру болатын.

– Кейбір ағаларымыз шенеунік болғанда жазуды саябырсытады. Кейде шығармашылық бос кез-де ғана айналысатын ермегіміз сияқтанады. Бұл әдебиетке адалдық саналмайтын сияқты. Ал сіз үшін шығармашылық бірінші кезекті ме?

– Бірінші кезекте.– Бүгін, мысалы, министрліктің

портфелін ұсынар болса...– Жоқ, бармаймын. Неге десеңіз,

менен де жақсы министр бола-тын, менен де дарынды, менен де үлкен құлшыныспен қызмет ете алатын адам табылады. Бірақ мен түсіретін киноларды ол министрлер түсіре алмайды. Әрине, менің ал-дымда тұрған бірінші мәселе – ол тек қана шығармашылық. Мен осы жұмыстың үстінде отырып, өзімнің сценарилерімді жазып отырмын. Осы жұмыс үстінде отырып, болашақ қойылатын спектакльдерімнің қалай боларын ойластырып отырмын. Мен тек қана шығармашылықпен айналысқанда ғана өмір сүремін. Өйткені, шығармашылық елдің руха-ниятына, елдің көңіліне, елдің өміріне арналған дүние. Құдайдың кез келген адамға талант бермейтіні анық болса, кез келген қабілет иесі бойындағыны сарқып, еліне жұмсауға міндетті. Олардың миссиясы да сондай.

– Астананың театрына көркемдік жетекші болып келгеніңізге көп болған жоқ. Ең үлкен мақсатыңыз қандай?

– Мақсатым емес, арманым шығар: осы жерден қазақ театрына жаңа ғимараттың іргетасы қаланса, сол театрда алғашқылардың бірі болып спектакль қойсам деймін. Одан кейін осы театрды Қазақстандағы ғана емес, Еуразиялық кеңістіктегі ең алдыңғы театрға айналдырсам деймін.

Әңгімелескен: Нәзира БАЙЫРБЕК

бір құты айраны мен нанын ала жүретін еді. Әйтпесе кешке дейін аш қалатын. Ал, бүгін олай емес. Әрбір кино түсіру алаңында түскі асы, кешкі асы, күндізгі тіскебасары – бәрі қамтамасыз етіліп жүр. Одан басқа «Көшпенділерге» дейін «Қазақфильмнің» түсіру аппа-раттары басқаша болса, бүгінгі күні бәрі цифрға көшкен. Өркениетті елдер секілді барлық кино түсіру алаңында жақсы жағдай жасалған. Енді солай бо-лып қалады. Демек, менің сол тұстағы айтқаным келді.

– Демек, сіз әлгі сөзіңізді материалдық, әлеуметтік мәселеге қарата айттыңыз ба?

– Иә, әлеуметтік жағынан осы-лай болып отыр. Екінші жағы актер-лер қауымына бұрын немқұрайлы қарайтын. Қазір олай емес. Әртістерге арнайы көлік дайындап, қошеметтеп а л ы п ж ү р у д і ү й р е н д і к . Т і п т і , «Көшпенділер» түсіріліп жатқанда актерлердің бетіне күн түспесін деп, жанында қолшатыр ұстап жүргендер болды. Осы актерге деген құрмет, актерге деген қошемет қазір жалғасып отыр.

– Осы игіліктер өнердің дамуына септігін тигізе алды ма?

– Ә р и н е . Қ а з і р г і к ү н і с о л «Көшпенділердің» арқасында ғана «Жаужүрек мың бала» дүниеге келді.

Page 10: 132 (3189) 2014-11-20

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Сенім телефоны: 8-800-080-59-59 (жұмыс уақыты: 08:00-23:00)Алматы қаласындағы анықтама телефоны: 8(727)297-59-59 www.ripanda.ru

Жеңіл қозғалыс пен жеке белсен ді лі-гіңізді арттыру сіз ойлағандай қиын емес! Табиғи препарат «АРТРОЦИН» адам ағзасының буындарын жаңарту үшін ғалымдар жасап шығарған жүйелік әдіс бо-лып табылады. «АРТРОЦИН» – капсула, крем және гель түрінде жүретін кешендік препарат. Оларға ешқандай химиялық

АРТРОЦИН: АУРУ БУЫНДАРҒА АРНАЛҒАН

ШИПАЛЫ ӘРЕКЕТқоспа қосылмаған, бірыңғай табиғи өсімдік негізінде дайындалған.

«АРТРОЦИН» капсуласы буындарға пайдалы заттекті бөлу арқылы ағзаның жас кезіндегідей ширақ жұмыс жасауына көмектеседі. Ішкі буындық сұйықтық мо-лайып, қозғалу жеңілдей түседі. Шеміршек пен қосалқы талшықтар қайта қалпына

келеді. «АРТРОЦИН ФОРТЕ» кап-суласы остеопорозға негізделген. Оның құрамы кальций және D3 дәруменіне бай. «Форте» капсуласы сүйектің нәзік болып қалыптасуына тосқауыл болады.

және ауырсынуды басады. Сонымен бірге крем буынды табиғи заттектер-мен қамтамасыз етіп, зақымданудан қорғайды.

Тез арада ауырсынуды басу үшін «АРТРОЦИН» гелінің көмегі зор. Ол ауырып тұрған жерді қыздырып, жайсыздықты жояды. Гель буын аралығы мен бұлшық етті жұмыр етіп, ревматизмге қарсы әрекеттер жасай-ды. «АРТРОЦИН» жиынтығы – ол әрбір буынның саулығы!

Қаланың бір шетінде орналасқан белгілі тұрағы жоқ жандарға арналған орталыққа жету үшін жолай ұшырасқан көлікке қол көтердім. Апарып тастауға келісе кеткен көліктің жүргізушісіне ерекше мекеменің ме-кен-жайын айтқанымда, басынан кешкен бір оқиғаны есіне алған еді. «Адамның басына бермесін. Біздің ауылда атпалдай азамат бол-ды. Әскерден келіп үйленді, бала сүйді. Бір күндері араққа салынып, бәрінен айырылып, көз алдымызда «бомж» атанды. Жиырма жылдың көлемі болып қалған шығар кім біледі қайда жүргенін? Мүмкін, мынадай қара суықта бір жерде үсіп өлді ме екен?!» деп әңгімесін аяқтады. Қысқасы, адамның ішімдікке салы-нып, отбасынан береке кетіп, тұрағынан ай-

ырылып, ағайын-туыс тан ажырап, қаңғыбас болып кеткен жайы ешкімді таңырқата қоймағандай. Ал байғұс пенденің өмірі неге олай болды деген сұрағыма жүргізуші мар-дымды жауап бере алмады. Бәлкім, жиырма жыл бұрын «арақ» деген асқынған ауруды емдеп, тура жолға салуға ағайын-туыстың қауқары болмады ма екен, әлде қоғам безбүйректік көрсетті ме?! Осы ойлардың жетегімен Чехов көшесіндегі Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығының есігін қақтық...

Орталықтың аты айтып тұрғандай, бұл – белгілі тұрағы, айналысқан кәсібі, күн көрісіне де қаражаты жоқ бейшараларға әлеуметтік көмек көрсетуге арналған мекеме. 2001 жылғы 16 желтоқсанда Астана қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, қаладағы криминогендік-эпидемиялық, қоғамдық тәр тіп ті қамтамасыз ету мақсатында ашылған екен. Содан бері 8 650 адамға әлеуметтік көмек көрсетіліпті. Мүгедектер мен әйелдерге және ерлерге арналған жатақханадан тұратын екі қабатты үш ғимарат бөлек орналасқан. Осында 80 орындық асхана, өндірістік шеберхана жұмыс істейді. Мұнда ауланың, жата қханалардың тазалығы, шаруашылықтың бабы осы орта-лықтың тұрғындарының мой нында екен.

Дегенмен, штат бойынша ең бек ететін қыз-меткерлердің саны сексеннен асады. Бұлар – психолог, дәрігерлер, мейір бике, диспет-чер, күзетші және тағы басқа әлеу меттік қызметкерлер. Мемлекеттік мекеменің күн-делікті жұмыс барысымен директордың әлеу-меттік мәселелер бойынша орынбасары Ди-нара Шапинадан сұрап білдік.

– Мұнда түрлі тағдырлы жандар әртүрлі жолмен келіп жатады. Қыс басталғалы 180 адамға арналған күндізгі жай тегіс толықты. Алдағы аяздар әлі талай адамды осында алып келетіні анық. Беттері аяздан домбығып ісіп, суықтан дірдектеген жандар есік қағып тұрғанда қалай жаның ашымай-ды. Оларға ыстық тамақ беріп, жуындырып, алғашқы санитариялық-медициналық көмек көрсетіледі. Өз еркімен келетіндерден бөлек, белгілі тұрағы жоқ жандарды қалалық ау-руханалардан, Ішкі істер департаментінің

қабылдау бөлімшелерінен жеткізеді. Бізде 50 адамға арналған түнемелік орын да жұмыс істейді. Онда келгендер бір түнеп, ыстық ша-йын ішіп, әлденіп өз жөнімен кетеді. Яғни, жазда түнгі 9-дан таңғы 9-ға дейін, қысты күндері кешкі 6-дан таңғы 10-ға дейін осын-да бола алады. Жалпы, әлуеметтік стандарт бойынша өзге өңірден келген азаматтарды

ға денсаулығына байланысты мүгедектігін анықтап, тиісті төлем ақыларын алуға себепші болған екен. Әрине, қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтіндер жоқ емес, олардың арасында алаяқтардың тұзағына шырмалып, еріксіз осы жолға түскендері барын білдім.

Орталықта жаңа өмір бастауға тағы да мүм-кіндік беріледі. Тағдырының бұралаң сүр-леуімен осында келген жандардың 20 пайы-зы жұмысқа орнығып, нақты тұрағын тауып, «қаңғыбастық» өмірмен қош айтысады екен.

«Бір көргеннен ешкімге ашыла кетпейтін, өзін айыпты сезініп, оқшау жүретін «бомж-дар» іштегі шерін айтуға шорқақ келеді. Алайда, орталықтың психологтарымен әң-гіме лесе келе сырын ашып жатады» дейді мамандар. Психолог туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды талқылау не гізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұ-мылдыруға көмектеседі. Тығырықтан шығу

үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық әлеуетін көтеріп, өзіне деген сенімін ны-ғайту үшін мамандар барлық күшін салады. Өмірбаянындағы кез келген де ректі пайда-ланып, бұрындары тұрған же рін анықтап, ағайын-туысының хабарын біліп, олардың та-бысуына себепші болады. «Адасқанның айы-бы жоқ...» дегендей, көптен көз жазып қалған

келген жағына шығарып саламыз. Одан бөлек, туған-туыстарына іздеу салып, табыстырып жатамыз. Биылдың өзінде денсаулығында ауытқушылығы бар сегіз адамды өз отбасына табыс еттік, - дейді Динара Жанатқызы.

Мекеменің күнделікті тірлігімен таныса келе, мейірім мен кешірімнің мекені екен де-ген ойға келдім. Адам қайғысына түсіністікпен қарайтын, қандай адам болмасын көмек қо-лын созуға дайын жандармен сұхбаттастым.

Орталық ашылғалы бері жеке басын рас-тайтын құжатын жоғалтқан 1200 азаматқа куәліктерін рәсімдеуге жәрдемдескен, 140 адам ды қарттар үйіне орналастырып, 69 адам-

туыстары келіп, еліне алып кетіп жатады екен.Кездесудің соңында Жаннат Шапинаға

«қыз меттеріңіздің жақсы нәтижесі неде?» деп сұ рақ қойдым. Ол былай деді:

– Егер он адамның екеуінің өмірге құлшынысын оятып, аяғынан нық басып кетуіне себепші болсақ, жақсы нәтиже сол емес пе. Ал, қаңғыбастыққа дейін құлдырап кетсе де, сергелдең қалпынан серпіліп, жаңа өмір бастауға еркі мен күш-жігерін жинаған адам көзіне жас алып, ризалығын білдірсе, әлеуметтік қызметкердің еңбегіне одан артық баға бола ма!?

Айгүл УАЙСОВА

Жас келе буын аурулары нағыз қиындыққа айналады. Тіпті, қозғалыс кезінде ғана емес, жай кездері де жаныңызға батады. Ал біздің бойымызда қуат жетерлік! Немерелерімізді ойнатқымыз келеді, үй жұмыстарына да қолғабыс көрсетіп, керекті азық-түлікке жүгіріп бара салғымыз келіп тұрады. Алайда, буындарыңыз қақсап, не бүгілмей, не жазылмай тұрғанда ондай мүмкіндік қайдан болсын... Де-генмен, егер Сіз ауырсынудан құтылып, буын жүйесін қайта қалпына келтіргіңіз келсе, табиғи «АРТРОЦИН» препаратына жүгінгеніңіз жөн.

«АРТРОЦИН» кремі – тікелей тері арқылы буынның шеміршек тал шық та-рының қайта қалпына келуіне көмектесетін әмбебап құрал. Оның табиғи белсенді компоненттері қабыну, ісіну, қақсау

Дәріханалардан сұраныз!

Page 11: 132 (3189) 2014-11-20

11www.astana-akshamy.kz

«Тарихнаманың анасы – архео-логия» деген тәмсіл қай ғұламаның аузынан шыққаны тап қазір есімде жоқ. Әйтеуір, топырақ қабаты, қорым ақыры, қоныс табанында «араша» қалып, сан ғасырларды араға салып мына бізге жеткен бұлың-бұлың заманалардың жәдігерлерін іздеп табу, ізерлей қалпына келтіру оңай шаруа емес. Жазбаша түпнұсқалардан айырмашылығы – тарихи уақиғалар туралы куә-дүр әңгіме айтып, көзақы баян таратпағанымен, көместік мұ-нарындағы көне кезең, өткен тарих туралы ой-тұжырымдарға заттай айғақ тартады. Әсіресе, ой сауқатын таңбалап, тасқа қашап жазу машығы әлі шықпаған дәуірлерді немесе әліппе құрап, әріп ежелеп көрмеген халықтар тарихын тәпсірлеу үшін археология ерекше қаделі деген пікір қалыптасқан. Жазу машығы шамамен 5000 жылдай бұрын ойлап табылған, ал адамзат баласының оның алдындағы 2 миллиондай жылға пара-пар та-рихы тек осы «айғақшы ғылым» арқасында ғана белгілі болған дейді ғалымдар. Әйтсе де, сол ежелгі жазба ескерткіштердің өздері – мысыр иероглифтері, желілі грек жазбалары, бабыл саз тақташалары, көне түрік құйындары, т.б. археологиялық қазба жұмыстарының арқасында «аузымызға түскен жеміс» екенін қайда қоямыз. Тіпті, алысқа ат терлетпей-ақ, төл жазуымыздың тарихын көк түрік терден әріге, сақ дәуіріне дейін ысырып тастаған сына жазулы күміс тостағанды атақты Есік обасына қазба жұ-мыс тарын жүргізу барысында тапқан атақты археолог-маман Кемел Ақышев емес пе еді!?. Айтпақшы...

Әлемдік ғылым тарихындағы ең жарқын жиырма уақиғаның сана-тына іліккен, Д.Г.Мессершмидттің – 1722, Г.Шлиманның – 1869 және 1876, Г.Картердің – 1922, Т.Хейер-далдың 1947 жылдары ашқан жаңа-лықтарымен иық теңестіре ала-тын аса құнды археологиялық ол-жаны – әлмисақ абызы саналған «Алтын адамды» тауып, ғылыми дәлел демелерін түзу негізінде түп-нұсқасын қалпына келтіруге көз-майын сарыққан көрнекті ғалым, білікті маман, тарих ғылымының докторы, қазақ археология ғылы-мының негізін қалаушылардың бірі Кемел Ақышевтың туғанына биыл 90 жыл толды.

1924 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген

ол бесіктен белі шықпай жатқанда жетімдіктің тақсіретін тартып, жастық шағын екінші жаһандық соғыстың жалынына шарпытады. Қиындыққа болаттай суарылып, құрыштай шы-ныққан Кемел оқу-білімге құмар тып, алдына өрталап міндет қояды. Қан майданнан оралған бетте Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1950 жылы бітіріп шығады. Содан соң КСРО ҒА Археология институты Ленинград бөлімінің аспирантура-сында оқып, 1953 жылы Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды. Сту-дент кезінен археологиялық қазба жұмыстарынан қалмай, қайла-күрегін бөктере «дала кезіп» жүрген Кемел Ақышұлы тұрақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына табан тірейді. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, архео-

археологиялық реконструкция зерт-ханасын жасақтайды.

Отандық археология мектебінің негізін салып, күллі Еуразия кеңіс-тігіндегі, дүйім Орталық Азия өр-кениеті жүйесіндегі көне Қазақ стан-ның өзіндік орнын тың тұжырым, соны байламдарға негіздеген оның жарты ғасырға татырлық ғылыми ізденістері жолында сақ дәуірінен қалған жұрнақ – Бесшатыр оба-сы (б.з.б. VІ-V ғасырлар) мен ілкі қазақ тайпалары мәдениетінің зат-тай айғағы – Отырар қаласының (б.з. Х-ХІІ ғ.) табанын тауып, жәдігерліктерін әлемге танытуы өз алдына бір төбе болса керек. Әсіресе, ол жетекшілік еткен экспедиция мүшелері Есік қорғандарынан тау-ып алған теңдессіз олжа – «Алтын адам» жалпақ жаһан жұртшылығына қазақ елін танытып қана қойған жоқ,

санаткерлігінің бастауында тұрған сол «Алтын адам» киімін дегі сақ дәуіріне тән әр алуан әдіптегі ою-өрнектер мен бейнелі безендіру нақыштары қазіргі тәуелсіз тұрмыс, бостан бол мысымыздың ызық

нышандары, қастерлі бел гі-лері ретінде мемлекеттік рә-міздер бөлігіне еніп, шынайы мақтанышымызға айнал ға-нының өзі неге тұрады?!

Есейгеннен егде тартқан шағына дейін ерте және орта ғасырлар мәдениетін шұқ-шия зерттеп, Еуразия архео-логиясында жаңа ағым са-налатын сатылы-тұрпатты үрдістегі «дала өркениеті» тұжырымын дәйектеу мақ-са тында Қазақстанның да-ла лық аудандарындағы көне қалалардың ғылыми жіктемесін жасап, кезеңдік сатыларын анықтау қамымен жүргенде, дәлірегі, 1998 жылдың күзінде Кемел Ақышев басқарған археологиялық экспедиция

Астана қаласынан 5 шақырым жер дегі Бұзықты көлінің жаға ла уы-нан (Қорғалжын жолы бойынан) байырғы мекен – Бозоқ қаласының жұртын тапты. Келесі жылы қазба жұмыс тары басталып, бірегейлік си па тымен салынған Бозоқ қаласы – ежелгі Қазақстанның далалық жа-зықтарында да отырықшы тайпалар мекендеп, өркениетті тұрмыс кеш-кендігінің нақты дәлеліне жарады. Әсіресе, оның ерекше сәулеттік құрылымына: қоныс ендігінің үш бөліктен тұратынына, солтүстікте – тұрғын жайлар мен өндіріс шай-лалары, оңтүстік бөлігінде қорым орналасып, онда Алтын Орда зама-нының сорпа бетіне шыққан са-рабдал тұлғалары жерленгеніне, тіпті, шетел ғалымдары да айрықша назар аударды. Көненің көзіндей, өткеннің өзіндей осынау ғажайып орта ғасырлық мәдениет ескерткіші –

Бозоқ қаласының жұртынан табылған сәулет жұрнақтарын су шайып, жел үрлеп кетпес үшін қорық-музей ұйымдастыруға талаптанып, шеті мен шегі жоқтай кабинеттерді жағалай, ірілі-ұсақты шенеуніктердің алды-нан өтіп жүргенінде, 2003 жылы өзі дүниеден озды.

Міне, енді артына әр алуан ауқымда жазылған екі жүзден аса ғылыми еңбек, он бес іргелі моно графия қалдырған, аты-жөні «Қазақ стан-ның құрметті Алтын кітабына» енген атақты археолог-маман, та-рих ғылымының докторы Кемел Ақышұлының туға нына 90 жыл толып отыр. Бұл, шын мәнінде, дара тұлға, жеке бір әулеттің ғана емес, әлемге танылған отандық археоло-гия мектебінің, бүкіл қазақстандық ғылыми ортаның мерейлі тойы. Осыған орай бүгін Қазақстан Респу-бликасы Ұлттық музейінің №1 көрме залында археолог-ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылып, көзі тірісінде тапқан таңғажайып археологиялық олжалары, тұтынған заттары, фото-суреттер мен деректі материалдар қойылады. Ондағы мақсат – соғыс ардагері, көне тарихтың көкжиегін кеңейтуге ересен еңбек сіңірген ізденімпаз ғалымның аса бай мұрасы арқылы жас ұрпақ – жеткіншек буынның санасына елжандылық пен отаншылдық сәулесін түсіріп, табандылық пен талапшылдық рухы-на тәрбиелеу.

Сондай-ақ, осынау мерейтойлық шаралар аясында Қазақстанның бел-гілі ғалымдары – О.Ысмағұловтың, С.Жауымбаевтың, З.Самашевтің, М.Хабдулинаның, Ә.Төлеубаевтың, А .Бейсеновтің , В.Зайберттің , В.Варфоломеевтің және т.б. қаты-суымен дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.

Зина ШАДАЕВА, ҚР Ұлттық музейі Ақпараттық-

имидждік жұмыстар орталығының редакторы

логия, этнография институтының археология бөлімінің меңгерушісі, со-дан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп келіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде

әлемдік археология жәдігерліктерінің қатарын ерекше дерекпен байытып, еуроұйық пайымды малданған, «дала өркениеті» деген ұғымға жарты-лай тағылықтың, тұрпайылықтың тұғырындай қарайтын сыңарезу, астам көзқарастарға күйрете соққы бере білді. Ұлтымыздың сан ғасыр лық

Page 12: 132 (3189) 2014-11-20

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

29.09.2014

Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республи-касындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы 1-тармағы 2) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 45 «Астана ақшамы» және № 47 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):

1-тарауда: 1-тармақтың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«құрылыс салуды реттейтін сызықтар – қызыл және сары сызықтардан

немесе жер учаскесі шекарасынан шегіндіре отырып, ғимараттарды (құрылыстарды, құрылымдарды) орналастыру кезінде белгіленген құрылыс салу шекарасы;»;

1-тармақтың жиырма үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлама

– құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлайтын құжат (соның ішінде электронды құжат түрінде);»;

1-тармақ мынадай мазмұндағы ұғымдармен толықтырылсын:«жобалау ұзақтылығының нормативтік мерзімі – жобалау ұзақты-

лығының нормалары бойынша мемлекеттік нормативтік құжа ттармен айқындалатын жобалау мерзімдері;

құрылыс салу ұзақтылығының нормативтік мерзімі – құрылыс салу ұзақтылығының нормалары бойынша мемлекеттік нормативтік құжаттармен айқындалатын құрылыс салу мерзімдері;»;

3-тараудың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«6. Астана қаласының аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарының

барлық түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген үлгі бойынша оларды бастағанға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына хабарлама жіберген жағдайда жүзеге асырылады.»;

4-тарауда: 13-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«12) Осы қағидадаға сәйкес өтініш берушілермен берілетін өтініш-

тердің типтік үлгілерін, мамандандырылған сәулет ұйымымен жасасатын шарттардың типтік үлгілерін бекіту осы Қағиданың 12-тарауының 3-параграфына сәйкес»;

15-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;2-бөлімде:5, 6, 7, 8, 9, 10–тараулар мынадай редакцияда жазылсын:«5-тарау. Зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және жер

учаскелерінде жобалау

§ 1. Жобалау алдындағы кезең

16. Жеке және заңды тұлғалар объектіні салуға жер учаскесін беру үшін өтініш бергенге дейін болжанған жер учаскесінде зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және жобалау үшін Әкімдікке сәулет және қала құрылысы органымен бекітілген үлгі бойынша зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізуге және жобалауға рұқсат беру туралы өтініш береді.

Өтініште мыналар көрсетілуі тиіс: 1) құрылыс салуға болжанған объектінің сипаты; 2) сәулет және қала құрылысы органының интернет-ресурсынан

түбегейлі жоспарлау жобасының басып шығарылған бөлігінде жер учаскесінің орналасу орны;

3) объекті салу үшін қажетті жер учаскесін пайдалану мақсаты мен болжанған өлшемдері;

4) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайы мен телефоны, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

5) заңды тұлғалар үшін – ұйым атауы, басшының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және телефоны, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН).

Құжаттар топтамасы толық тапсырылмаған жағдайда өтініш өтінішті қараудан бас тартумен екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарылады.

17. Зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізуге және жобалауға рұқсат беру туралы өтініш бойынша Әкімдік қаулысын әзірлеу және рәсімдеу өтініш қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы органымен жүзеге асырылады.

Зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізуге және жобалауға рұқсат беру немесе бас тарту туралы Әкімдік қаулысының жобасы объектіні салу үшін жер учаскесін таңдау мүмкіндігі туралы сәулет және қала құрылысы органының қорытындысы және зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және жобалау мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы жер комиссиясының қорытындысы негізінде дайындалады.

18. Әкімдік қаулысынан үзінді өтініш берушіге оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.

19. Сәулет және қала құрылысы органы объектіні зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізуге және жобалауға рұқсат беру туралы Әкімдік қаулысын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құрылыс салушымен жасау үшін тараптардың міндеттері, жұмыстарды орындау кестесі мен мерзімдері белгіленетін зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және жобалау талаптары туралы шарт дайындайды.

20. Объектіні зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және жобалау осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте, осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы Әкімдік қаулысымен және кестемен қатаң сәйкестікте жобалау ұзақтылығының нормативтік мерзімдері ішінде жүзеге асырылады. Әкімдік қаулысының талаптарын немесе кестемен белгіленген мерзімдердің кез-келген бұзылуы қаулыны жою және бір жақты тәртіпте сәулет және қала құрылысы жөніндегі органмен зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және жобалау талаптары туралы шартты бұзу үшін негіз болып табылады.

21. Зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізуге және жобалауға рұқсат беру туралы Әкімдіктің қаулысы және зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және жобалау талаптары туралы шарт зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізуге және осы Қағидаларда басқалары қарастырылмаса, белгіленген объектіні жобалауға арналған тапсырыс беруші тапсырмасын жасау үшін негіз болып табылады.

22. Өтініш берушінің жеке меншік немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерінде объекті салу барысында объекті салуға мүдделі тұлғалар Әкімдікке сәулет және қала құрылысы органымен бекітілген үлгі бойынша сәулет және қала құрылысы органы арқылы тиісті өтініш береді. Өтінішті қарау Әкімдікпен жобалауға рұқсат беру туралы (құрылыс салудың

бастапқы кезеңі) қаулы қабылдаумен осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

23. Жобалауға тапсырманы тапсырыс беруші не оның уәкілетті тұлғасы (құрылыс салушы) жасайды және тапсырыс беруші оны бекітеді. Жобалауға тапсырма жобалау алдындағы және/немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Жобалауға тапсыр-ма объектінің талап етілетін өлшемдерін, өзге де бастапқы деректерін қамту тиіс.

24. Инженерлік және коммуналдық қамсыздандыру көздеріне қосылуға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттар сәулет және қала құрылысы органымен әзірленеді және халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚО) арқылы беріледі.

25. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға арналған өтінішті тапсырыс беруші сәулет және қала құрылысы органына береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

1) зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізуге және жобалауға жергілікті атқарушы органның шешімі немесе қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін - қолданыстағы объектілерді өзгертуге жергілікті атқарушы органның берген рұқсаты;

2) жобалауға бекітілген тапсырма. 26. Сәулет және қала құрылысы органы жобаланып отырған құрылыс

объектісіне бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын дайындауды және мүдделі мемлекеттік органдармен және пайдаланушы ұйымдармен келісуді қамтамасыз етеді, аталған құжаттамада мыналар көрсетіледі:

болжанатын жер учаскенің орналасқан жері;ғимараттың, көлік үшін тұрақтардың және өзге де бөліктердің ауданын

көрсетумен бөлінген аумақтың ауданы;түбегейлі жоспарлау және аумақ құрылысы мен іргелес учаскелерге

дейін арақашықтың жобаларына сәйкес учаскенің жобалық шекарасы;болжанатын жер учаскелерін мақсатты пайдалану;жер учаскелерін инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым

объектілерімен қамтамасыз ету;жер учаскесіне құқық түрі, ауыртпашылықтар, сервитуттер (жер

учаскесінің болуы кезінде). 27. Зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және жобалау жөніндегі

бастапқы-рұқсат беретін құжаттарды әзірлеу мамандандырылған сәулет ұйымымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

28. Сәулет және қала құрылысы органы келесі жұмыс күнінен кешіктірмей сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды алуға тапсырма алғаннан кейін инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге құжаттарды қоса берумен техникалық шарттарды алуға сұраным жібереді.

29. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілер сұраным алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы органына өлшемдер мен қосу орындарын көрсетумен техникалық шарттарды немесе оларды беруден негізделген бас тартуды жібереді.

30. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерден техникалық шарттарды алуды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорын пайдаланумен сәулет және қала құрылысы органы жүзеге асырады.

31. Сәулет және қала құрылысы органы өтініш түскен кезде он бес жұмыс күн ішінде инженерлік желілердің трасса сызбасын береді.

32. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, объектілерді жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды беруге арналған өтінішті қарау мерзімі сәулет және қала құрылысы органына ХҚО-нан өтініш келіп түскен сәттен бастап сегіз жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Тұрғын ғимараттың орын-жайын немесе бөліктерін өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге бастапқы деректер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру үшін сәулет және қала құрылысы органының өтініш берушілер ұсынған құжаттарды қарау мерзімі (немесе оларды беруден себепті бас тартуды) өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттарды ресімдеу және беру мерзімдері мынадай объектілер бойынша өтініш берілген сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды:

1) электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;2) тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;3) қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік

кәсіпорындары;4) елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін

гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);5) елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құры-

лыстар:оларға қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыр-

жолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық

байланыс желілері;оларға қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды

қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары.

33. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы табиғи-ауа райлық, сейсмикалық және қала құрылысы жағдайын ескерумен түрлі мақсаттағы объектілерді жобалау, сондай-ақ сәулеттік шешім, қасбеттер мен ішкі орын-жайларды, төбе төсемі мен шатыр орын-жайларын қазіргі заманғы құрылыс және әрлеу материалдарын қолданумен әрлеу, төбе жабындары мен объектіге жапсарлас аумақтан атмосфералық құбылыстардың су қашыртқы жүйесін өндіру, көшелер мен аумақтың өту бөліктерінің жабындысын төсеу, шағын сәулет нысандары, жарнама және жарнама алаңының тұжырымдамасын сақтау, тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру мен жарық түсіру жөніндегі жалпы ұсынымдарды және Астана қаласына арналған қала құрылысы регламенттеріне сәйкес басқа да ережелерді қамтиды.

34. Жаңа объектіні салу немесе қолданыстағыны қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту, қалпына келтіру) үшін жер учаскесін бөлу (қосып беру) талап етілмеген жағдайда, сондай-ақ осы мақсаттар үшін инженерлік пен коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосылу немесе жүктемені ұлғайту қажеттілігі болмаса, сәулет-жоспарлау тапсырмасында тиісті жазба жасалады.

35. Жаңа құрылыс (қолданыстағы объектіні өзгерту) жобасына сараптама жүргізу қажеттілігі немесе қажеттіліктің болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес сәулет-жоспарлау тап-сырмасында көрсетіледі.

36. Сәулет-жобалау тапсырмасы және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.

37. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы заңсыз салынған немесе салынып жатқан объектілерге қатысты берілмейді.

38. Берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы жобаны әзірлеуге арнал-ған рұқсат беретін құжат болып табылады.

39. Сәулет және қала құрылысы органы ұсынылған жобада ескерту-лер мен бұзылымдар болмаған жағдайда жобаны берген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде құрылыс салудың нобай жобасын қарастырады және бекітеді.

40. Сәулет және қала құрылысы органы құрылыс салушының қала құрылысы кеңесін өткізу туралы өтініші түскеннен кейін он жұмыс күні ішінде қала құрылысы кеңесін өткізуді ұйымдастырады.

41. Бөлу жоспарын бекіту құрылыс салушының тиісті өтініші түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы орга-нымен жүзеге асырылады.

42. Жаңа құрылыстың (қолданыстағы объектіні өзгерту) жоба-сына сараптама жүргізу қажет болса, мұндай сараптама «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

§ 2. Астана қаласының аумағында құрылыс объектілері мен объектілерді қайта жаңартуды жобалау

43. Жобалау құжаттамасын әзірлеу осындай жұмыс түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындайды.

44. Жобалау құжаттамасында қауіпті (зиянды) табиғи және техногендік, антропогендік құбылыстар мен процестердің әсерінен тұрғындар, аумақтар мен елді мекендер қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды орындау бойынша шаралар көрсетілу тиіс.

45. Қолданыстағы (пайдаланудағы) объектілерге енгізілетін өзгерістер жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында ғимараттың орын-жайларын немесе өзге де бөліктерін өзгерту жөніндегі жұмыстар барысында да, өзгертілген объектіні кейіннен пайдалануда да басқа меншік иелерінің мүддесін қозғайтын жобалық шешімдердің бар болуы немесе жоқтығы туралы мәліметтерді көрсету тиіс.

Егер орын-жайлардың (тұрғын үй бөліктерінің) жоспарлы қайта жаңартылуы (қайта жоспарлануы, қайта жабдықталуы) немесе орын-жай-лар шекарасын ауыстыру басқа меншік иелерінің (қос меншік иелерінің) мүдделерін қозғаса, жобаға олардың осы өзгерістерге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса берілуі тиіс.

Әзірленген жоспар сәулет-жоспарлау тапсырмасының негізгі та-лаптары мен ұсынымдарына сәйкес болуы тиіс. Жобалау әзірлемелері сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқыған жағдайда құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жобаны сараптамаға бергенге дейін (сараптама жүргізу қажет болса) оларды сәулет және қала құрылысы органымен түпкілікті келіседі.

46. Астана қаласында объектіні жобалау кезінде ғимараттар мен орын-жайлардың сәулетінде, сондай-ақ құрылыс жүргізуді ұйымдастыруда мәдениет пен дәстүрлердің ұлттық ерекшеліктерін ескеру қажет.

47. Қалалық жасыл қорды құру, сақтау мен көбейту мақсатында объектілерді жобалау мен салу кезінде объектіні салуға берілген жер учаскесі ауданының кемінде 20% аумақты көгалдандырды қарастыру керек.

48. Құрылыс салушы (тапсырыс беруші) өз қаражаты есебінен салған объектілер бойынша жобалардың сараптамасын тиісті аттестаты бар сарапшылар жүзеге асырады.

49. Мемлекеттік инвестициялардың есебінен немесе олардың қатысуымен көтерілетін объектілер, сондай-ақ қауіптілігі ықтимал және техникалық күрделі объектілер бойынша әзірленген жобалар мемлекеттік сараптамадан өтуге жатады.

50. Қала құрылысы тәртібін, жобалаудың тиісті сапасын сақтау, Астана қаласының Бас жоспарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы және Астана қаласының аумағын қала құрылыстық игеру кезінде мемлекеттік нормативтерді іске асыруды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс салушы (тапсырыс беруші) жобалау құжаттамасын бекіткенге дейін оның Астана қаласының Бас жоспарын әзірлеушілермен (авторлармен) қала құрылысы регламенттері мен түбегейлі жоспарлау жобасының жоспарына сәйкес болу бөлігінде келісілуін қамтамасыз етеді.

51. Құрылыс жобалары және басқа да жобалау құжаттамасы сараптаманың оң қорытындысымен және Астана қаласының Бас жоспа-рын әзірлеушілердің (авторлардың) келісімімен бірге келісу үшін сәулет және қала құрылысы органына ұсынылады. Сәулет және қала құрылысы органы ұсынылған құжаттарды келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде келіседі.

52. Жобаны сәулет және қала құрылысы органы келіскен (оң қоры-тынды) жағдайда жобаны құрылыс салушы (тапсырыс беруші) бекітеді.

53. Жоба құрылыс нормаларынан, сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптары мен ұсынымдарынан ауытқуы жағдайында жоба ескерту-лермен пысықтауға қайтарылады. Жобаны қайта қарау осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

54. Көппәтерлі тұрғын үйлерді, ірі сауда және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде қоса салынған, жапсарланған және/немесе жер асты гараждары мен автопаркингтерді қарастыру қажет.

55. Елді мекендерді жобалау, тұрғын аудандарды қалыптастыру, қайта игеріліп және қайта жаңартылып жатқан аумақтарды және басқа да елді-мекендерді абаттандыру кезінде тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен орын-жайларға мүгедектердің қолжетімділігі қамтамасыз етілуі тиіс. Тұрғын үй құрылыстары шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелерінің және еңбек ұсыну объектілерінің жанында орналасқан уақытша тұрақтарды жобалау кезінде мүгедектердің жеке автокөлік құралдары үшін орын қарастырылуы тиіс.

56. Сәулет және қала құрылысы органымен келісілген және құрылыс салушымен (тапсырыс берушімен) бекітілген жоба осы Қағиданың 7-тарауында белгіленген тәртіпте объектіні салу, немесе құрылыс салушы-да (тапсырыс берушіде) тиісті нысаналы мақсатымен жер учаскесі болған жағдайда осы Қағидада белгіленген тәртіпте құрылысты бастау үшін жер учаскелерін беруге арналған өтініш беру үшін негіз болып табылады.

§ 3. Жеке тұрғын үй (үй-жайлық) және шағын қабатты құрылыстарын жобалау ерекшеліктері

57. Жеке тұрғын (үй-жайлық) құрылыстарға үй-жайлық (коттедждік) және қоршалған құрылыс жатады, онда әрбір тұрғын үйдің (пәтер) өз үй-жайлық жер учаскесі болады.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру нормалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгіленеді.

58. Жеке тұрғын үйді жобалау мен салу сәулет-жоспарлау тапсыр-масына, құрылыс нормаларына және осы Қағидаға сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

59. Жеке шағын қабатты құрылыс ауданында:1) әлеуметтік-тұрмыстық маңызы бар объектілерді орналастыру

үшін аумақ қалдырылу; 2) көше-жол желісі мен инженерлік инфрақұрылымды қарқынды

салу жүзеге асырылу тиіс. 60. Инженерлік жабдық орталық қалалық жүйелерге қосылуды

да, жергілікті және орамдық дербес құрылыстарды жайғастыруды да көздеу тиіс.

61. Жеке тұрғын үйді жобалау Әкімдіктің жобалауға рұқсат беру туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

§ 4. Астана қаласының аумағында инженерлік желілермен құрылыстарды жобалау ерекшеліктері

62. Объектілердің қызмет етуін қамтамасыз ететін таратушы және алаңішілік инженерлік желілерді, сондай-ақ ғимараттар мен орын-жайлардың желілерін жобалау ұзындығына қарамастан қаланың инженерлік қызметтерінің техникалық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде сәулет және қала құрылысы органы берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте, электрмен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, суық және ыстық сумен жабдықтаудың инженерлік коммуникацияларын әрбір пәтерге енгізу қаланың инженерлік қызметтерінің бекіту арматурасы мен есептеу құралдарына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үйдің жалпы пайдалану орындарында қарастыру қажет.

63. Инженерлік желілер мен құрылыстарды жобалауды тиісті лицен-зиясы бар жобалау ұйымдары немесе жеке тұлғалар сәулет және қала құрылысы органы берген трасса сызбаларының негізінде жүзеге асырыла-ды. Инженерлік желілердің трасса сызбалары сәулет және қала құрылысы органымен өтініш түскен күннен бастап он бес күн ішінде беріледі.

64. Инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары барлық саты мен түрлерінде координаттардың қалалық жүйесіндегі 1:500 масштабта, биіктіктің Балттық жүйесіндегі толыққанды және түзетілген топографиялық түсірілімде (6 айдан артық емес мерзімге жарамды) орын-далу тиіс. Инженерлік желілер мен құрылыстардың әзірленген жобалары міндетті түрде сараптамадан өтеді. Сараптамадан кейін жоба сәулет және қала құрылысы органына келісуге жіберіледі. Сәулет және қала құрылысы органының инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары келіп түскен мезеттен жеті жұмыс күні ішінде келісіледі және бір жыл ішінде күшінде болады. Инженерлік құрылыстардың жобалары (сорғы, қосалқы станциялар және басқа да объектілер) міндетті түрде мемлекеттік сарапта-мадан өтеді. Іздестіру материалдары (техникалық есебі бар топографиялық түсірілім) Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының арнайы бөліміне тапсырылады.

65. Жобалау құжаттамасын әзірлеу, магистралдық коммуникациялар-ды, инженерлік инфрақұрылымның бас құрылыстарын салу, пайдалану мен кейіннен қайта өңдеу кезінде, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде іргелес аумақтардың мүдделерін ескеретін және аумақтар мен тұрғындарға қауіпті (зиянды) құбылыстар мен процестердің әсер ету мүмкіндігін жоятын шешімдер қабылдану тиіс.

66. Жобаланған инженерлік желілер мен құрылыстар Астана қала-сының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізілуге жатады.

6-тарау. Тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)

67. Қосымша жер учаскесінің бөлінісін (аумақты кесу) немсесе оның нысаналы мақсатын өзгертуді қажет ететін ғимараттар мен тұрғын үйлердің тұрғын және тұрғын емес орын-жайларын қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) барысында құрылыс салушы (тапсырыс беруші) сәулет және қала құрылысы органымен белгіленген нысан бойын-ша зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және қайта жаңартуды (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобалауға рұқсат алу үшін Әкімдікке өтініш береді. Өтініш уәкілетті органға берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қаралады. Жобалау әкімдіктің қайта жаңартуды (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобалауға рұқсат беру туралы қаулысы мен сәулет және қала құрылысы органымен берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.

68. Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақты қосып беруді) немесе оның нысаналы мақсатын өзгертуді талап етпейтін ғимараттар мен тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес орын-жайлары қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде орын-жайдың меншік иесі болып табылатын құрылыс салушы (тапсырыс беруші) сәулет және қала құрылысы органынан жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасын алады.

69. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен қолданыстағы нормативтер бойынша әзірленген жобалау құжаттамасы жоба бойынша сараптаманың қоры тындысымен сәулет және қала құрылысы органының келісуіне жатады.

70. Қосымша жер учаскесінің бөлінісін (аумақты кесу) немесе оның нысаналы мақсатын өзгертуді қажет ететін қайта жаңарту (қайта жоспар-лау, қайта жабдықтау) барысында құрылыс салушы (тапсырыс беруші) осы Қағиданың 68-тармағында белгіленген тәртіпте жобалау құжаттамасын келіскеннен кейін оған жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе қосымша жер учаскесін беру үшін әкімдікке жолығады. Өтінішке көршілес орын-жайлардың меншік иелерінің және кондоминиум қатысушыларының нотариалды куәландырылған келісімі қоса ұсынылады. Әкімдік оң жақты шешім шығарған жағдайда құрылыс салушы (тапсырыс беруші) Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатын алады.

71. Тұрғын ғимаратындағы тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды, сондай-ақ оның өзге де жекелеген бөліктерін өзгертуге мүдделі және Әкімнің тиісті шешімі бар тұлғалар тиісті құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін МСҚБО-ға өтінішпен жүгінеді.

Өтінішке мыналар қоса беріледі:1) қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат алу үшін өтінішке

өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгілеуі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не объектінің меншік иесінің (меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса беріледі;

2) тиісті жергілікті сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалған болжанып отырған өзгерістер жобасы (нобайы).

72. Объектінің конструкциялары мен функционалдық (нысана-лы) мақсатын өзгертусіз жер учаскесінің (аумақтың, тас жолының) қолданыстағы шекарасында жүзеге асырылатын пайдаланудағы тұрғын үй ғимараттарындағы орын-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алмаусыз Әкімдіктің тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.

73. Қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беруден бас тарту:

1) өтініш берушінің өзгертілетін объектіге тиісті меншік құқығы не өтініште көрсетілген ғимараттың орын-жайын немесе бөлігін өзгертуге меншік иесінің (қос меншік иесінің), сондай-ақ, аталған өзгерістер мүдделерін қозғайтын өзге де орын-жайлардың меншік иелерінің нота-риалды куәландырылған жазбаша келісімі болмау;

2) жобаланған өзгеріс орын-жайды нормативтік құқықтық актілермен немесе нормативтік техникалық құжатармен тыйым салынған немесе шектелген қызмет түрлері үшін пайдалануды көздеу;

3) өзгерту жобасының техникалық талаптарға немесе мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес болмау жағдайларында өтініш берген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Дәлелді бас тарту өтініш иесіне жазбаша түрде өтініш иесінің құжаттары сай келмейтін нақты нормативтік құқықтық актілер және (не-месе) нормативтік техникалық құжаттар көрсетіліп беріледі.

Өтініш беруші рұқсат беруден дәлелді бас тартуға негіз болған кемшіліктерді жойған кезінде қайта берілген өтініш жалпы негізде қаралады.

74. Қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағанға дейін құрылыс салушы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына оларды бастағанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарлама береді.

75. Ғимараттар мен тұрғын үйлердегі тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды қайта жаңарту (қайта жабдықтау, қайта жобалау) аяқталғаннан соң объект Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қабылдау комиссиясымен немесе қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылдауға жатады.

Объекті пайдалануға қабылданғаннан кейін орын-жайдың меншік иесі болып табылатын құрылыс салушы (өтініш иесі) сәулет және қала құрылысы органына объектінің мекен-жайына өзгеріс енгізу үшін сәйкестендіру және құқық куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

Жер учаскесі бөлінген (аумақты кесу) жағдайда орын-жайдың меншік иесі болып табылатын құрылыс салушы (тапсырыс беруші) объектіні пайдалануға қабылдауға дейін Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорына енгізуге жататын қағаз

Page 13: 132 (3189) 2014-11-20

13www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

және электронды жеткізгіштерде сәулет және қала құрылысы орга-нына атқарушылық топографиялық түсірілімге тапсырыс береді және тапсырады.

76. Мынадай жапсаржайларды салуға жол берілмейді:1) жалпы пайдаланымдағы және «қызыл сызық» шегінен шыға-

тын және инженерлік желілерді иеліктен шығару аймағындағы кон до миниумдардың жалпы үлестік меншік жерлерінде кәсіпкерлік объектілеріне сөрелері бар кіру топтарын;

2) жасыл екпелерге арналған учаскелерде орын-жайлар;3) аула, орамішілік аумақтарды қысқарту есебінен. 77. Автопаркингтерді автокөлік құралдарын орналастыру мақсатында

пайдаланбау үшін қайта жаңартуға (қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға) жол берілмейді.

7-тарау. Жер учаскелеріне құқық беру барысындағы рұқсаттама ресімдері

§ 1. Объектілер салу үшін жер учаскелерін берудің жалпы тәртібі

78. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіне немесе жер пайдалануға мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылыс салу үшін жер учаскелеріне құқық беру кезінде тиісті шарт-тарда жер учаскесін берудің мынадай талаптары көзделеді:

1) инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу (заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда);

2) жылжымайтын мүлік объектілерін салу мерзімдерін сақтау;3) жалпы пайдаланымдағы аумақты абаттандыру.Жер учаскесіне құқықтардың басқа тұлғаға ауысу жағдайында

көрсетілген талаптар сақталып қалады. 79. Жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын

алуда мүдделі жеке және заңды тұлғалар Әкімдікке өтініш (өтінім) береді.Өтініште мыналар көрсетілу тиіс:1) жер учаскесін пайдалану мақсаты;2) оның болжамды көлемі;3) орналасқан жері;4) сұратылған пайдалану құқығы;5) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар

болса), мекен-жайы мен телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) не жеке сәйкестендіру (ЖСН);

6) заңды тұлғалар үшін – ұйым атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы мен телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) не бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН).

80. Қазақстан Республикасы Жер кодексі 44-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайда жеке және заңды тұлғалар меншік иесі шығындарына өтемақы төлеу талаптары туралы жылжымайтын мүлік иелерінің әрқайсысымен жасасқан шартты ұсынады. Шартта қолданыстағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, жасыл көшеттерді көшірудің нақты шарттары мен көшіру мерзімдері, жылжымайтын мүлікті бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу бойынша құрылыс салушының міндеттері көрсетіледі.

81. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш Әкімдікке түскен сәттен бастап он бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады.

82. Мүдделі тұлғаның жер учаскесін беру туралы өтініші (өтінімі) Әкімдікте тіркелгеннен кейін жер қатынастары жөніндегі органға және кейіннен сәулет және қала құрылысы органына өтінішті (өтінімді) қанағаттандыру мүмкіндігін (жер учаскесін алдын ала таңдауға) анықтау үшін жіберіледі.

83. Жер учаскесіне құқық беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін өтініш беруші қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі орган екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне өтінішті қараудан жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.

84. Сәулет және қала құрылысы органы мамандандырылған сәулет ұйымы арқылы объектіні салу үшін жер учаскесін беру туралы өтініш, осы Қағидалардың 5-тарауында қарастырылған әрекеттерді жүзеге асыру кезінде алынған материалдар мен өтінішке қосымшалар негізінде жер учаскесіне таңдау жасайды.

85. Сәулет және қала құрылысы органы 10 (он) жұмыс күнінен аспай-тын мерзімде жер учаскесін таңдау актісін әзірлейді, қарастырады, келіседі және жер қатынастары жөніндегі органға объекті құрылысы және аталған нысаналы мақсат бойынша сұратылған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды береді.

86. Әкімдік, егер құрылыс салушы (инвестор):құрылыс жүргізуге берілген жер учаскесінен бас тартса;жер учаскесіне құқық беру туралы қаулыдан туындайтын

міндеттемелерді орындау мерзімін екі айдан астам бұзса, жер учаскесін алуға өтініш берген өзге өтініш берушіге жер учаскесін бере алады.

87. Жер қатынастары жөніндегі орган сұралған жер учаскесі жөніндегі материалдарды дайындайды және жер комиссиясының кезекті отырысына қарау үшін енгізеді.

88. Жер комиссиясы ұсынылған материалдарды қарап, жер учаскесіне өтініште көрсетілген құқықты беру мүмкіндігі не беруден бас тарту туралы қорытынды береді.

89. Жер комиссиясының қорытындысы аумақтық аймақтандыру не-месе жер учаскесіне алдын-ала таңдау беруге (жер учаскесін объектілер салу үшін сұраған жағдайда) сәйкес аталған нысаналы мақсат бойынша сұралған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комис-сиясына түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде екі данада хаттамалық шешім түрінде жасалады.

Комиссия оң қорытынды қабылдаған жағдайда оның бір данасы бес жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін өтініш иесіне тапсырылады.

90. Жер комиссиясының хаттамасынан үзінді-көшірме алғаннан кейін өтініш иесі жерге орналастыру жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны бекіту үшін жер қатынастары жөніндегі органға тапсырады.

91. Жер қатынастары жөніндегі орган жерге орналастыру жобасын бекіткеннен кейін кейін бес жұмыс күні ішінде Әкімдіктің сұралған жер учаскесіне тиісті құқық беру (беруден бас тарту) туралы қаулы жобасын әзірлейді және оны Әкімге бекітуге енгізеді. Жер учаскесін беруден бас тарту Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Жер учаскесін беруден бас тартылған жағдайда Әкімдік қаулысынан көшірме қаулы қабылданған күннен бастап жеті күн ішінде өтініш берушіге жіберіледі.

92. Жер қатынастары жөніндегі орган әкімдіктің жер учаскесін беру туралы қаулысы қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтініш берушімен жер учаскесін сату сатып алу немесе уақытша жер пайдалану шартын жасайды.

93. Сәйкестендіру құжаты өтініш беруші жер учаскесі үшін салық органы растаған төлем жүргізгеннен, ауыл шаруашылығы немесе орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтегеннен (ауыл шаруашлығы жерлерін немесе орман қоры жерлерін беру жағдайында) кейін тіркеу журналына оған қол қоюмен беріледі.

94. Сәулет және қала құрылысы органы Әкімдіктің құрылыс салу үшін жер учаскесін беру туралы қаулысынан үзінді көшірме келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күннен аспайтын мерзімде құрылыс салушымен бекіту үшін келесі талаптар анықталған жер учаскесін игеру шартын дайындайды:

1) шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын игеру кестесіне сәйкес жер учаскесін игеру мерзімі;

2) жер учаскесін игеру кестесіне сәйкес аралық бақылау мерзімі;3) құрылыс салушы жер учаскесін игеру кестесін орындамаған

жағдайда одан жер учаскесін (пайдалану құқығын) алып қою шарттары сияқты талаптар белгіленеді;

4) жер учаскесін игеру кестесі.95. Жер учаскесіне құқықтың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы

міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

§ 2. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін мәжбүрлепалып қоюдың ерекшеліктері

96. Әкімдік алып қою шартымен жер учаскесін беру туралы қаулыны

қабылдағаннан кейін өтініш берушілер мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы өтінішпен Әкімдікке жүгінеді.

Осы өтініштер Әкімдікте тіркелгеннен кейін мемлекеттік жер када-стрын жүргізу жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынмен бірлесіп жерге орналастыру жобасын және Әкімдіктің тиісті қаулы жоба-сын дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін жер қатынастары жөніндегі органға жіберіледі.

97. Жер учаскесін мемлекет мұқтажына алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде жерге орналастыру жобасына жер учаскелері иелері мен жер пайдаланушылардың (жалға алушылар) алынып қоятын жер түрлеріне байланысты ауыл шаруашылық және орман шаруашылық шығындары қоса ұсынылады.

98. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Әкімдік қаулысының жобасында:

1) қаржыландыру, алып қою рәсімдерін жүзеге асыру, рұқсатсыз құрылыс жүргізуге жол бермеу, меншік иелерін немесе жер пайдаланушы-ларды хабардар ету және оларға өтемақы төлеу үшін жауапты мемлекеттік органдардың атауы;

2) алып қоюға жататын жер учаскелерінің сәйкестендіту сипаттама-лары (кадастрлық нөмірі, орналасу жері, ауданы, құқық түрі, нысаналы мақсаты) туралы материалдар және бөлінген жер шекарасындағы алынып қойылатын жер учаскелерінің орналасу сызбасы көрсетіледі.

99. Алынып қойылатын жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті бұзу тіркеу органында бағдарлама әкімшісі жер учаскесіне құқықты тіркегеннен кейін МСҚБО берген рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

100. Алынып қойылатын жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті бұзу құрылыс салушының (инвестордың), Астана қаласы тиісті ауданы әкімдігінің, қажет болған жағдайда инженерлік желілер қарамағындағы кәсіпорындардың және санэпидемқадағалау органының өкілі қол қоятын актіні міндетті ресімдеумен жүзеге асырылады.

§ 3. Құрылыс жүргізу кезінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібінің ерекшеліктері

101. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш Әкімдікке тапсырылады.

102. Мүдделі тұлғаның жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініші (өтінімі) Әкімдікте тіркелгеннен кейін жер қатынастары жөніндегі органға және кейіннен жобалауға рұқсат болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органына бекітілген қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін анықтау үшін жіберіледі.

103. Сәулет және қала құрылысы органы өтініш келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі органға сұратылған нысаналы мақсаттың қала құрылысы құжаттамасына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы қорытындыны жібереді.

104. Жер қатынастары жөніндегі орган сәулет және қала құрылысы органының қорытындысын алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде жер учаскесі жөнінде материалдарды дайындайды және оларды жер комиссиясының қарауына енгізеді.

105. Жер комиссиясы жер учаскесінің сұратылған нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

106. Жер қатынастары жөніндегі орган жер комиссиясының хатта-масына қол қойылғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде әкімдіктің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту не өзгертуге рұқсат беруден бас тарту туралы тиісті қаулы жобасын дайындайды және оны Әкімдікке бекітуге енгізеді.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Бас тарту жағдайында Әкімдік қаулысынан көшірме өтініш берушіге қаулы қабылданған күннен бастап жеті күн ішінде жіберіледі.

107. Жеке тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскелері тек қана жеке тұрғын үй құрылысына байланысты мақсат үшін пайдалануға жатады.

108. Әкімдік нысаналы мақсатты өзгерту туралы қаулысын қабылдаған жағдайда жер қатынастары жөніндегі орган мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп Әкімдіктің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде өзгертілген нысаналы мақсатымен жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қайта ресімдейді және оны береді.

8-тарау. Жер учаскелерін пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары

109. Бекітілген Астана қаласының Бас жоспары аумақтық және қала құрылысы дамуының талаптарын белгілейтін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады. Қала құрылысы құжаттамасының басқа түрлерін (түбегейлі жоспарлау жобалары, құрылыс жүргізу жобалары, инженерлік желілерді дамыту сызбалары) Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес Астана қаласының бас сәулетшісімен келісім бойынша әзірленеді және Әкімдік қаулысымен бекітіледі.

Бекітілген қала құрылысы құжаттамасы Астана қаласының қала құрылысы қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті.

Қала құрылысы жағдайларының өзгеруіне жедел жауап беру мақсатында кейіннен Әкімдіктің қаулысымен бекітумен Астана қаласының бас сәулетшісімен бекітілген қала құрылысы құжаттамасына өзгерістер енгізуге жол беріледі.

110. Жер учаскелері құрылыс жүргізу үшін берілген кезінде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекітілген Бас жоспардың, түбегейлі жоспарлау мен құрылыс жүргізу, қала құрылысын бөлу жобаларының, сондай-ақ осы Қағиданың негізінде белгіленеді.

111. Астана қаласының аумағында құрылыс жүргізу үшін жеке не-месе заңды тұлғалардың жер учаскелерін (коммуникацияларды салуды, аумақтың инженерлік дайындығын, абаттандыруды, көгалдандыру мен жер учаскесін жайғастырудың басқа түрлерін қоса алғанда) осы Қағидаға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдалану.

112. Жер учаскелерінде құрылыс салу бекітілген қала құрылыстық құжаттамамен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

113. Астана қаласының аумағындағы құрылыстың жай-күйі туралы өзекті ақпарат қалыптастыру мақсатында жаңаруы мен өзгеруі тұрақты негізде жүзеге асырылатын кезекші топографиялық жоспар жүргізіледі. Кезекші жоспарды жүргізуді мамандандырылған сәулет ұйымы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

114. Жер учаскелерін бөлу немесе олардың шекаралары мен көлемдерін өзгерту қызыл сызықты, құрылыс жүргізуді реттеу шегін және қала құрылысы регламенттерінің талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлік объектілерін бөлу жағдайында дербес жылжымай-тын мүлік объектілері ретінде олардың қызмет етуі үшін жағдай жасалады.

115. Жер қатынастары жөніндегі орган жер учаскесінің бөлінетіндігін сәулет және қала құрылысы органымен келіседі.

9-тарау. Тұрғын аумағында құрылыс жүргізу

116. Тұрғын аумағында құрылыс жүргізу бекітілген қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттама негізінде жүзеге асырылады.

117. Тұрғын аумақтарын жобалау және тұрғын үйлерді орналастыру кезінде үйлер мен олар орналасқан жер учаскелерін ұстау мен оларға қызмет көрсету мақсатында кейіннен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын және тұрғын емес орын-жайлары меншік иелерінің кондоминиумын құру мүмкіндігін көздеу қажет.

118. Көппәтерлі тұрғын үйлердің кешендерін жобалау кезінде экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарды ескерумен үстінде балалардың ойын, спорт және шаруашылық алаңдарын жайғастырумен автопаркинг, гараж бен инженерлік жабдық қондырғыларын орналастыру үшін жер асты кеңістігін мүмкіндігінше барынша пайдалану қажет.

119. Аула кеңістігінің бөліктерін жайғастыру жөнінде талап етілген аудан есебі сәулет-жоспарлау тапсырмасына және қолданыстағы норма-тивтерге сәйкес орындалады.

10-тарау. Астана қаласының маңындағы аймаққа енгізілген аумақта құрылыс жүргізу

120. Астана қаласының қала маңындағы аймағына енгізілген жерлер Астана қаласының қала маңындағы аймақ аумағын қала құрылысы дамытудың бекітілген жобасы негізінде пайдаланылады.

121. Әкімдіктің Ақмола облысының әкімдігімен Астана қаласының Бас жоспарына бұрын бекітілген жоспарлау мен құрылыс жүргізу, аумақтың жер-шаруашылық құрылымы, жерлерді бөлу сызбалары жобаларының және аумағы Астана қаласының қала маңындағы аймағына кіретін елді мекендердің өзге де қала құрылысы құжаттамасының сәйкестігін анықтау жөніндегі өзара іс-қимылы «Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жердің пайдалану ережесi мен режимiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы №1269 қаулысымен реттеледі.

122. Қала маңындағы аймақтың жерлерін бөлу осындай аумақты пайдаланудың мақсатты режимін анықтау үшін жүзеге асырылады. Қала маңындағы аймақтың жерлерін бөлу кезінде қала маңындағы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды дамыту аймағы, ерекше қала құрылысын реттеу, орман, орман саябақтары және қорғау мен санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын басқа да жасыл желектер өсетін жасыл аймақтар болып бөлінуі мүмкін.

123. Елді мекендерде жерлерді аймақтандыру жер учаскелеріне арналған төлемнің базалық ставкасына баға белгілейтін аймақтар ше-карасы мен түзеу коэффициенттерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

124. Жасыл аймақтар жерлері халық демалатын орын болып табылады және мәдени-сауықтыру, оңалту мен туристік мақсаттарда пайдаланылады. Мұндай жерлерде жасыл аймақтарының қорғау, санитарлық-гигиеналық функцияларына және халық демалуын ұйымдастыру мақсаттарына сай келмейтін құрылыстар мен орын-жайларды салуға жол берілмейді.

125. Ерекше қала құрылысы реттеу аймағына жататын жерлер Астана қаласын дамыту, оның инженерлік пен көлік инфрақұрылымының қалыпты қызмет етуі үшін қажетті құрылыстарды орналастыру мен салу үшін резервті аумақ болып табылады.

125-1. Ерекше қала құрылысы реттеу аймағында құрылыс жүргізу көрсетілген аймақта орналасқан, Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органы келіскен елді мекендердің бас жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

125-2. Жеке және заңды тұлғаларға ерекше қала құрылысы реттеу аймағынан жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруді неме-се олардың нысаналы мақсатын өзгертуді заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

11-тарауда: 1 параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:«§ 1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу126. Орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының қала

құрылысы регламентіне, мемлекеттік стандарттар мен нормативтерге сәйкестігін бақылау мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органымен жүзеге асырылады.»;

127-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«127. Құрылыс алаңы МСҚБО-ға құрылыс-монтаждау жұмыстарын

жүргізуді бастау туралы хабарлама жіберген кезден бастап құрылыс салушының қарамағында болады.»;

145-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) МСҚБО-ға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау

туралы хабарлама жіберу;»; 153-3 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«1) МСҚБО құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау

туралы хабарламасы;»; 160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«160. Эстетикалық сәулет бейнесін сақтау және көшелерді тиісті

санитарлық жағдайда ұстау мақсатында уақытша объектілерді орнала-стыру осы Қағидаларға қоса ұсынылған сызбаларға сәйкес Әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда жүргізіледі.»;

173-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«8) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы

хабарлама көшірмесі (жаңа инженерлік желілер мен құрылыстарды салу кезінде).».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихатысессиясының төрағасы З. Шибкенов

Астана қаласы мәслихатының хатшысы С. Есілов

КЕЛІСІЛДІ:«Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ (СжҚҚБ) басшысы В. Силецкий

«Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ (ҚБ) басшысы В. Лютов

18.11.2014

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 нау рыздағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республи-касы Жоғарғы Сотының аппараты) Астана қалалық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және аудандық сот ғимаратын жобалау мен салу үшін берілген, Сарыарқа даңғылы мен Кенеса-ры көшесінің қиылысы ауданында орналасқан жалпы ауданы 0,7587 га жер учаскесі 2015 жылғы 20 ақпаннан 2016 жылғы 20 ақпанға дейін сатып алу жолымен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын.

2. «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында

жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, меншік иелеріне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жаз-баша хабарлама жолдасын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, сондай-ақ осы қаулыдан туындай-тын басқа да әрекеттерді орындасын.

3. Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.

4. Меншік иелері алдағы уақытта жүргізілетін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде Астана қала-сының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.

5. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

Р/с№

Меншік иелері Жер учаскесінің кадастрлық

нөмірі

Жер учас-

кесінің ауданы

(га)

Алып қойы-латын

жер учас-

кесініңауданы

(га)

Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учас-кесінің

нысаналы мақсаты

Құқығы

1 2 3 4 5 6 7 81. «Euro Conti

Construction» ЖШС21-319-021-012 0,0640 0,0357 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы,

Кенесары көшесі, №7/1 үйТұрғын үйді

пайдалануОртақ үлестік меншік

2. «Альянсстройинвест» ЖШС

21-319-021-060 0,0018 0,0002 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 26 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

3. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-143 0,1041 0,0972 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Колхозная көшесі, №42/1 үй

Тұрғын үйді пайдалану

Ортақ үлестік меншік

4. Сырбу Ольга Дмитриевна

21-319-021-240 0,0600 0,0008 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Кенесары көшесі, № 41 үй

Тұрғын үйді пайдалану

Жеке меншік

5. «Пәтер бюросы» АҚ 21-319-021-289 0,0600 0,0062 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Кенесары көшесі, №7/4 үй

Тұрғын үйді пайдалану

Ортақ үлестік меншік

6. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-295 0,0867 0,0484 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Кенесары көшесі, № 7 үй

Тұрғын үйді пайдалану

Жеке меншік

7. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-298 0,0600 0,0319 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Кенесары көшесі, № 33 үй

Тұрғын үйді пайдалану

Жеке меншік

8. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-301 0,00186 0,00186 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 47 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

9. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-302 0,0018 0,0018 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 49 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

10. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-303 0,0019 0,0019 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 16 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

11. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-304 0,00189 0,00114 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 64 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

12. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-307 0,0018 0,0018 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 48 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

13. «Альянсстройинвест» ЖШС

21-319-021-313 0,00201 0,0009 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 65 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

14. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-319 0,00192 0,00192 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 19 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «18» қарашадағы

№ 197-1914 қаулысына қосымша

Page 14: 132 (3189) 2014-11-20

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

15. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-347 0,0500 0,0357 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Колхозная көшесі, № 46 үй

Тұрғын үйді пайдалану

Жеке меншік

16. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-358 0,1292 0,1038 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Кенесары көшесі, № 37б үй

Тұрғын үйді пайдалану

Ортақ үлестік меншік

17. «Euro Conti Construction» ЖШС, «Пәтер бюросы» АҚ

21-319-021-447 0,0600 0,0132 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Кенесары көшесі, № 7/7 үй

Тұрғын үйді пайдалану

Ортақ үлестік меншік

18. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-497 0,0439 0,0439 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Кенесары көшесі, № 7/5 үй

Тұрғын үйді пайдалану

Жеке меншік

19. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-504 0,0407 0,0279 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Кенесары көшесі, № 7/3 үй

Тұрғын үйді пайдалану

Жеке меншік

20. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-565 0,0600 0,0538 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Колхозная көшесі, № 44 үй

Тұрғын үйді пайдалану

Жеке меншік

21. «Альянсстройинвест» ЖШС

21-319-021-625 0,00216 0,0003 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 13 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

22. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-626 0,0018 0,0018 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 14 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

23. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-627 0,00186 0,00186 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 15 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

24. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-628 0,0021 0,0021 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 3 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

25. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-630 0,0018 0,0018 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 20 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

26. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-631 0,0019 0,0019 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 21 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

27. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-632 0,0019 0,0019 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 22 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

28. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-633 0,0018 0,0018 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, гаражный кооператив Строитель, № 23 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

29. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-634 0,00192 0,00192 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 24 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

30. «Альянсстройинвест» ЖШС

21-319-021-655 0,0018 0,00034 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 46 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

31. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-656 0,0018 0,0018 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 50 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

32. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-657 0,0021 0,0021 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 51 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

33. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-658 0,0018 0,0004 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 53 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

34. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-660 0,0018 0,00062 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 55 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

35. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-661 0,0189 0,0108 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 63 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

36. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-664 0,0189 0,0009 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 58 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

37. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-665 0,0018 0,0009 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 59 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

38. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-667 0,0017 0,00084 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 61 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

39. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-716 0,0575 0,0575 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Кенесары көшесі, № 7/8 үй

Тұрғын үйді пайдалану

Жеке меншік

40. «Euro Conti Construction» ЖШС

21-319-021-766 0,00243 0,00243 Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, «Строитель» гараж кооперативі, № 122 гараж

Гаражды пайдалану

Жеке меншік

18.11.2014

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Елорда даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін жобалау мен салу үшін берілген, № 37 (жобалық атауы) және Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан жалпы ауданы 1,7236 га жер учаскесі 2015 жылғы 20 ақпаннан 2016 жылғы 20 ақпанға дейін сатып алу жолымен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын.

2. «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күн мерзімінен кешіктірмей,

меншік иесі мен жер пайдаланушыға мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі және басқа да жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да әрекеттерді орындасын.

3. Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.

4. Меншік иесі мен жер пайдаланушы алдағы уақытта жүргізілетін мәж-бүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде Астана қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.

5. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, елді мекендерді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының нормалары мен талап-тары сақталған жағдайда, елді мекендердің жері санатынан мемлекеттік меншіктегі жалпы ауданы 4,0508 га жер учаскелері қоса беріліп отырған

18.11.2014

сызба мен қосымшаға сәйкес жиырма жылға дейінгі мерзімге резервке қойылсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

Р/с№

Жер учаскесінің ауданы

(га)

Жер учаскесінің орналасқан жері

1. 2,9366 Астана қаласы, № 101 (жобалық атауы) көше ауданы2. 0,5579 Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысы ауданы3. 0,5563 Астана қаласы, Сауран және № Е357 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысы ауданы

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «18» қарашадағы

№ 197-1916 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында қараусыз иттер мен

мысықтарды аулау және жою ережесі мақұлдансын және Астана қаласы мәслихатының қарауына жіберілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.

Әкім Ә. Жақсыбеков

1. Жалпы бөлім1. Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 және 311 бап-тарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6 бабы 2-2 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 32 бабы 1 тармағының 23 тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Астана қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың осы қағидасы (бұдан әрі – Ереже) Астана қаласының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың тәртібін анықтайды.

3. Осы Ереже барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – Иелер) қолданылады.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, уақытша ұстауды, тасымалдауды және жоюды Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана ветсервис» мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жүзеге асырады.

5. Осы Ереже қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, сондай-ақ олардың кімге тиесілі екені анықталғанға дейін уақытша ұстау оқшаулағышына тасымалдау бойынша жұмыстарының талаптарын (ветеринариялық, санитариялық-гигиеналық, техникалық) белгілейді. Сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар жоюға жатады.

2. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау тәртібі6. Аулау қараусыз иттер мен мысықтардың санын азайту мақсатында

жүргізіледі, азаматтардың денсаулығына, мүлкіне Заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға сонымен қатар жануардың өзіне зақым келтірмеу керек.

7. Аулау Кәсіпорынның қараусыз иттер мен мысықтарды аулау жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Аулаушы қызметкерлер ауланған иттер мен мысықтарды өзіне қалдыруға немесе басқа тұлғаларға беруге жол берілмейді.

8. Қоғамдық орындарда (көшелердегі, аулаларда, саябақтарда және тағыда басқа орындарда) жауапты тұлғаның жетегінсіз жүрген кәсіпорындар мен мекемелердің жанында байлауда қалдырған иттер мен мысықтардан басқа барлығы ауланады.

9. Кәсіпорын аулауды жүргізу қызметіне қажетті құрылғалармен, аулауға қажетті құрал-саймандармен, жансыздандыратын және тасы-малдайтын заттармен жабдықталған болуы тиіс.

10. Кәсіпорын аулауды жүргізетін қызметкерлерін жеке басын қорғайтын құралдармен жабдықтауы тиіс және түсіндіру жүргізеді. Оларға қараусыз иттер мен мысықтарды аулауға құқық беретін, азаматтардың талабы бойынша көрсететін куәлік береді.

11. Аулау жұмыстарына, медициналық тексеруден өткен, құтырыққа қарсы дауалау екпесін алған, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмаған азаматтар жіберіледі.

12. Аулауда рұқсат етілген құралдарға: құрық, арнайы сертифи-каты бар уақытша жансыздандыратын препараттарды қолданатын ( жануардың салмағына сәйкес дозаланған) пневматикалық қару, торлар, тор-қақпандар және басқа да жануарларды аулау кезінде олардың өлуіне әкеліп соқтырмайтын құралдар.

13. Ауланған қараусыз иттер мен мысықтар уақытша ұстау оқшаулау орнына жеткізіледі, иесін анықтағанға дейін күнтізбе бойынша 3 – күн

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «__» _________

№ _____ қаулысынақосымша

ұсталады. Ауланған жануар туалы ақпарат Кәсіпорынның интернет – ресурсында жарияланады.

3. Қараусыз иттер мен мысықтарды уақытша оқшаулау орнында ұстау Ережесі

14. Уақытша ұстау оқшаулау орнында ауланған қараусыз иттер мен мысықтарды клиникалық зерттеу, тіркеу жүргізіледі. Арнайы журналға келесі деректер енгізіледі: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, ажырату белгілері.

15. Ауланған қараусыз иттер мен мысықтар темір торларға орнала-стырылады. Ауланған қараусыз иттер мен мысықтарды қажетті деңгейде күтеді азықтандырады, торларда күнделікті механикалық тазалау дезин-фекция жүргізіледі.

4. Иттер мен мысықтарды қайтару Ережесі16. Жануарларды қайтару Кәсіпорынның белгілеген тәртібін

сақтағанда жүргізіледі.17. Иелер өтініш жасаған кезде келесі құжаттарды көрсетуі тиіс: жеке

басының төлқұжаты, жануардың ветеринариялық паспорты, жануарды ұстауға кеткен шығындарды төлегендігі туралы өтініш.

5. Қараусыз иттер мен мысықтарды оқшаулауорнына тасымалдау

18. Ауланған қараусыз иттер мен мысықтарды тасымалдау техни калық бұзылмаған, арнайы темір торлармен жабдықталған, Кәсіпорынның белгісі және телефоны бар автокөлікпен (бұдан әрі - арнайы автокөлік) жүргізіледі.

19. Арнайы автокөлік қааусыз иттер мен мысықтарды аулауға, өлген жануарлардың өліктерін жинауға қажетті құралдармен жабдықталған болуы тиіс.

20. Ауланған қараусыз иттер мен мысықтарды тасымалдау жануарларға зақым келтірмейтін тәсілдермен жүргізіледі.

21. Күнделікті аулау жұмыстарының соңында арнайы автокөлікке және құралдар мен темір торларға санитариялық тазалау мен дезин-фекция жасалады.

6. Қараусыз иттер мен мысықтарды жою тәртібі22. Сұраныс болмаған жануарлар Қазақстан Республикасында

тиым салынбаған медикаментоздық, препараттарды қолдану жолмен жансыздандырылады.

23. Қараусыз жануарлардың өліктерін жою өлексе жағатын пеш қойылған Кәсіпорынның өндірістік базасында жүзеге асады.

24. Құралдар мен аумақ ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес ұсталады.

25. Мал көмінділерінен басқа белгіленбеген орындарда жануарлардың өліктерін (қалдықтарын) көмуге, лақтыруға жол берілмейді. Қажет болған жағдайда иттер мен мысықтардың өліктері (қалдықтары) жою үшін аулаумен айналысатын Кәсіпорынға берілуі мүмкін.

7. Осы Ережені бұзғандағы жауапкершілік26. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық

туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнің 311-бабына сәйкес жауапкершілікте болады.

Р/с№

Жер учаскесінің кадастрлық

нөмірі

Меншік иелері мен жер

пайдаланушылар

Жер учас-

кесінің ауданы

(га)

Алып қойы-латын

жер учас-

кесінің ауданы

(га)

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Құқығы

1. 21-320-128-699 «СУСАМЫР» ЖШС

0,0533 0,0533 Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, № 62/1

Автожанармай құю станциясын және шағын маркетті пайдалану

Жеке меншік

2. 21-320-128-553 «Картоп және көкөніс» ЖШС

0,4490 0,3341 Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Заречное тұрғын алабы, № 44 көше, № 2 үй, № 1 ғимарат

Автожанармай құю станциясын және автожанармай құю станциясының қоймасын пайдалану

Жалдау

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «18» қарашадағы

№ 197-1915 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына және «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 843 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

Page 15: 132 (3189) 2014-11-20

15www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

1. Жалпы ережелер

1. «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – қызмет беруші) Қазақстан Республи-касы Үкіметінің 31 шілдедегі № 843 қаулысымен бекітілген «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының сәйкес көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті

алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» № 843 қаулысымен бекітілген «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушымен (не сенімхат бойынша оның өкілімен) ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушімен Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінімдерді және құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 15 (он бес) минуттан артық емес. Нәтижесі – құжаттарды толық көлемде қабылданған құжаттар туралы талонды беру;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгіленген құжаттарды ведомствоаралық комиссиямен (бұдан әрі – ВАК) көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын тексеруі – 6 (алты) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – әрбір тұқым өсіру шаруашылығына (бұдан әрі – тұқымшар) және тұқым тұтынушыға алдын ала квоталарды қалыптастыру;

3) қызмет беруші алдын ала квоталарды бекітеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – алдын ала бекітілген квоталар;

4) көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тексереді, әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды, және қала бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – бекітілген квоталар және қала бойынша жиынтық акті;

5) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «__» __________

№ ____________ қаулысыменбекітілген

үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – төлем есепшоттарының тізілімі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) қызмет берушінің кеңсесі;2) ВАК;3) көрсетілетін қызметті беруші;4) аумақтық қазынашылық бөлімшесі.7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,

құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушімен Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінімдерді және құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 15 (он бес) минуттан артық емес;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгіленген құжаттарды ВАК-мен көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын тексеруі – 6 (алты) жұмыс күні ішінде;

3) қызмет беруші алдын ала квоталарды бекітеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

4) көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тексереді, әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды, және қала бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

5) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық си-паттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін

қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

10. Осы «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.

№ р/с

Учаскенің меншік иесі Орналасқан орны Нысаналы мақсаты

Кадастрлық нөмірі

Есепке қойылған

күні

1 Холмецкая Полина Петровна «№ 55 СМУ Казэлеватормельмон-таж» б/с, 32-учаске

бағбандық жүргізу 21-318-087-811

2014 жылғы 6 тамыз

2 Ивашкина Светлана Николаевна «Энергетик» б/с, Центральная к-сі, 25-учаске

бағбандық жүргізу 21-318-088-042

3 Филипова Надежда Владимировна «Энергетик» б/с, 38-учаске бағбандық жүргізу 21-318-088-129

4 Темникова Зинаида Александровна «Приборист» б/с, 244- учаске бағбандық жүргізу 21-320-108-161 2014 жылғы 12 қыркүйек

Барлығы: 4 учаске

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы бойынша осындай мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығы туындағанға дейін меншік иесі өзіне тиесілі жылжымайтын затты иесі жоқ зат ретінде есептен шығару туралы өтініш жасауға және оны өзінің іс жүзіндегі иелігіне қайта алуға құқылы. Осы ақпараттық хабарлама бойынша туындаған барлық сұрақтар бойынша мүдделі тұлғалар Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 43-үй мекен-жайында орналасқан «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» ММ, 205-каб. (немесе тел. 31-61-58) жүгіне алады.

Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 82-бабы және Азаматтық кодексінің 242-бабы бойынша төмендегі санамаланған жер учаскелері иесіз мүлік ретінде есепке қойылғандығын хабарлайды.

Бас редакторлар клубы белгілі жазушы, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының бас редакторы

Қоғабай Сарсекеевтіңмезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарын-да мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтіз-белік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім Ә. Жақсыбеков

«Элиталық тұқымдарды субсидиялау»мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне1-қосымша

9-

-

,

,

«Элиталық тұқымдарды субсидиялау»мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне2-қосымша

9-

- 15 ( )

– 3 ( )

, ,

– 3 ( ) , ,

– 5 ( )

– 3 ( )

«Астанателеком» қалалық телекомму-никация орталығы «Digital TV» ЖШС мен «Қазақтелеком» АҚ желілерінің біріктірілуіне бай ланысты, аналогты теледидар қызметі үшін шартты қайта жа-сасуларыңыз қажет екенін назарларыңызға жеткізеді.

Ол үшін мына мекен жайлар бойын-

ша орналасқан қызмет көрсету желісі пунктілеріне келулеріңіз қажет:

М.Әуезов к-сі, 16-үй;Жирентаев к-сі,11-үй;Сығанақ к-сі, 18-үй;Кенесары к-сі, 55-үй.

Ізгі ниетпен, Сіздің Қазақтелекомыңыз!

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Астана қаласының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Қауымдастығы» ЗТБ «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерліктің әлеуетін арттырудың» төртінші бағыты аясында кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қызмет көрсету бойынша жобаны жүзеге асыруды бастады.

Сіздерді маркетинг мәселелері бойынша күн сайын (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін тегін кеңес алуға шақырамыз.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 3, 4-қабат, 404-офис (оң жағалау, бұрынғы Манас көшесі).

Толық мағлұмат және кеңес алуға алдын ала жазылу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 360008, 360009.

Кәсіпкерлерге тегін кеңес беріледіҚұрметті кәсіпкерлер!

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды: Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері – 1 орын; Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету секторының сарапшысы – 1 орын; Музей педагогикасы орталығының кіші ғылыми қызметкері – 1 орын; Бухгалтерлік есеп және есептілік қызметінің жетекшісі – 1 орын және сарапшысы – 1 орын; зал қараушы – 2 орын.

Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Анықтама үшін телефон: 75-11-95.

Page 16: 132 (3189) 2014-11-20

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]